Ундевит (Марбиофарм ОАО)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Ундевит
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Драже
Құрамы
Бір драженің құрамында
белсенді заттар: ретинол пальмитаты 1,817 мг (3300 ХБ)
α-токоферол ацетаты 10 мг
тиамин гидрохлориді 2 мг
рибофлавин 2 мг
пиридоксин гидрохлориді 3 мг
цианокобаламин 2 мкг
аскорбин қышқылы 75 мг
никотинамид 20 мг
фолий қышқылы 0,07 мг
рутозид (рутин) 10 мг
кальций пантотенаты 3 мг
қосымша заттар: бидай ұны, крахмал сірнесі, тальк, күнбағыс майы (күнбағыс майы), қант (сахароза), ара балауызы, бұрыш жалбызы майы (ректификацияланған жалбыз эфир майы).
Сипаттамасы
Пішіні шар тәріздес, бояуы жағынан біркелкі, өзіне тән иісі бар сарғыш-қызыл сары түсті драже
Фармакотерапиялық тобы
Витаминдер. Поливитаминдер
АТХ коды А11ВА
Фармакологиялық қасиеттері
Құрамында метаболикалық үдерістердің маңызды факторлары болып табылатын витаминдер кешені бар біріктірілген препарат.
Ретинол пальмитаты терінің, шырышты қабықтардың, көздің қалыпты қызметін қамтамасыз етеді.
Тиамин гидрохлориді коэнзим ретінде көмірсу алмасуына, жүйке жүйесінің қызметіне қатысады.
Рибофлавин – жасушалық тыныс алу мен көру арқылы қабылдау үдерісінің маңызды катализаторы.
Пиридоксин гидрохлориді коэнзим ретінде ақуыз алмасуы мен нейромедиаторлар синтезіне қатысады.
Цианокобаламин нуклеотидтер синтезіне қатысады, қалыпты өсудің, қан түзілуі мен эпителий жасушалары дамуының маңызды факторы саналады; фолий қышқылы метаболизмі мен миелин синтезі үшін қажет.
Никотинамид тіндердің тыныс алуы, май және көмірсу алмасуы үдерістеріне қатысады.
Аскорбин қышқылы коллаген синтезін қамтамасыз етеді; шеміршек, сүйек, тістің құрылымы мен қызметін қалыптастыруға және демеп тұруға қатысады; гемоглобиннің түзілуіне, эритроциттердің жетілуіне әсер етеді.
Кальций пантотенаты А коэнзимінің құрамдас бөлігі ретінде ацетилдеу және тотығу үдерісінде маңызды рөл атқарады; эпителий мен эндотелийдің құралуына, регенерациясына ықпал етеді.
Фолий қышқылы амин қышқылдарының, нуклеотидтердің, нуклеин қышқылдарының синтезіне қатысады; қалыпты эритропоэз үшін қажет.
α-Токоферол ацетаты антиоксидантты қасиеттерге ие, эритроциттер тұрақтылығын ұстап тұрады, гемолизден сақтандырады; жыныс бездерінің, жүйке және бұлшықет тіндерінің қызметіне жағымды әсер етеді.
Рутозид тотығу-тотықсыздану үдерістеріне қатысады, антиоксидантты қасиеттерге ие, тотығудың алдын алып, тіндерде аскорбин қышқылының жинақталуына ықпал етеді.
Қолданылуы
- гиповитаминоздардың алдын алуда және емдеуде
- егде жастағы және қарт кісілерде зат алмасуды жақсарту үшін
- антибиотиктерді қолданғанда
- өткерген аурулардан кейінгі сауығу кезеңінде
- дене және ақыл-ой жүктемелері жоғары болғанда
Қолдану тәсілі және дозалары
«Ундевит» дражесін тамақтанудан кейін ішке тағайындайды. Гиповитаминоздың алдын алу үшін ересектерге күніне 1 дражеден ұсынылады. Сауығу кезеңінде, зат алмасуды жақсарту үшін егде жастағы және қарт кісілерге, дене және ақыл-ой жүктемелері жоғары болғанда тәулігіне 2-3 дражеден. Емдеу курсы 20-30 күн. Курстар арасындағы үзілістер 1-3 ай. Қайталау курстары дәрігердің ұсынымы бойынша.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- сақтықпен: бауырдың ауыр зақымдануы, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы
- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы немесе галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға.
Басқа дәрілермен өзара әрекеттесуі
Артық дозалануды болдырмас үшін басқа поливитаминді кешендермен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.
Айрықша нұсқаулар
Несептің сары түске боялуы мүмкін, мұның зияны жоқ және бұл препарат құрамында рибофлавиннің болуымен түсіндіріледі.
Жүктілік және лактация
Жүктілік кезінде тәуліктік дозаны жүктілік мерзіміне байланысты дәрігердің ұсынымы бойынша анықтайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жоқ
Артық дозалануы
А гипервитаминозының симптомдары: диарея, көрудің бұзылуы, оссалгия, бас ауыру, тәбеттің төмендеуі, алопеция, гастралгия, шаршағыштықтың жоғарылауы, құсу, анемия, гепатоспленомегалия, субпериостальді қан құйылу, сүйек эпифиздерінің мерзімінен ерте жабылуы.
В6 гипервитаминозының симптомдары: атаксия, шеткергі невропатия.
Емі: симптоматикалық, препаратты тоқтату.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Полимер материалдан жасалған банкіде 50 дражеден. 1 банкіден медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған. Полимер материалдан жасалған банкілердің медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың бірдей санымен бірге гофрланған картон қорапқа салынуына жол беріледі.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
1 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Марбиофарм»ААҚ
Ресей Федерациясы, 424006, Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола қ.,
К.Маркс к-сі, 121.
Тел.: (8362) 42-03-12, факс: (8362) 45-00-00
e-mail: marbiopharm@marbiopharm.ru
Тіркеу куәлігінің иесі
«Марбиофарм»ААҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Марбиофарм»ААҚ
Ресей Федерациясы, 424006, Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола қ.,
К.Маркс к-сі, 121.
Тел.: (8362) 42-03-12, факс: (8362) 45-00-00
e-mail: marbiopharm@marbiopharm.ru