Ультрацезин

МНН: Пирацетам, Циннаризин
Производитель: Минскинтеркапс УП
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие психостимуляторы и ноотропные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019422
Информация о регистрации в РК: 21.05.2018 - 21.05.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Ультрацезин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамындабелсенді заттар: пирацетам - 400 мг, циннаризин - 25 мг,

қосымша заттар: кальций стеараты, негізгі магний карбонаты,

қабығының құрамы: желатин, глицерин, тазартылған су, титанның қостотығы Е-171, натрий лаурилсульфаты.

Сипаттамасы

Цилиндр пішінді, ұштары жартылай сфера тәрізді ақ түсті, қатты желатинді капсулалар № 0. Капсулалардың ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған препараттар. Психоаналептиктер. Психостимуляторлар және ноотроптар. Психостимуляторлар және басқа ноотроптар

АТХ коды N06BX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Асқазан-ішек жолынан жылдам және толық сіңіріледі. Циннаризиннің плазмадағы ең жоғарғы концентрациясы 1-4 сағаттан соң, пирацетамның ең жоғарғы концентрациясы – 2-6 сағаттан соң байқалады.

Таралуы

Циннаризиннің жоғары концентрациясы 1-4 сағаттан соң бауырда, бүйректе, жүректе, өкпеде, көкбауыр мен мида байқалады. Циннаризин плазма ақуыздарымен 91%-ға байланысады. Пирацетам өмірлік маңызы бар барлық ағзаларға жылдам таралады. Ол гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді және көбінесе ми қыртысы мен мишықтың сұр затында, сондай-ақ, nucleus caudatus (құйрықты ядрода), hippocampus (гиппокампта), corpus medianum, geniculus lateralis және plexus choroidalis (хороидальді өрімде) концентрацияланады.

Шығарылуы

Пирацетам несеппен өзгеріссіз күйде, шамамен 30 сағат ішінде шығарылады. Циннаризиннің 60%-ы өзгеріссіз күйінде нәжіспен, қалған бөлігі – метаболиттері түрінде несеппен, шамамен 5 сағат ішінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Ультрацезин – гипоксияға қарсы және тамырды кеңейтетін, ми қанайналымы мен ми метаболизмін жақсартатын айқын әсері бар біріктірілген (пирацетам + циннаризин) ноотроптық препарат.

Пирацетам мидың алмасу үдерістеріне оң әсер беретін ноотроптық заттар класына жатады. Ол ми тініндегі АТФ концентрациясын жоғарылатады, рибонуклеин қышқылы мен фосфолипидтердің биосинтезін күшейтеді, гликолиздік үдерістерді стимуляциялайды, глюкозаның утилизациясын күшейтеді. Пирацетам мидың интегративтік қызметін жақсартады, жады консолидациясына ықпал етеді, миішілік гипоксияның алуан түрлерінде қорғағыш әсер береді, оқып-үйрену үдерісін жеңілдетеді.

Циннаризин мидағы, шеткері және коронарлық қанайналымды және микроциркуляцияны жақсартады, эритроциттердің деформацияға қабілеттілігін арттырады, қан тұтқырлығының жоғарылығын азайтады және тіндердің гипоксияға төзімділігін арттырады.

Сонымен қатар ол қан жүретін тамырларға спазмолитиктік әсер береді, олардың тамырды тарылтатын биогендік заттарға (адреналин, норадреналин, вазопрессин, ангиотензин) реакциясын азайтады, ми қантамырларына СО2 әсерін күшейтеді. Жүйелі артериялық қысымға, жүректің жиырылу жиілігіне, жүректің жиырылғыштығы мен өткізгіштігіне циннаризин айтарлықтай әсер етпейді.

Циннаризин орташа антигистаминдік белсенділікке ие, вестибулярлық аппараттың қозғыштығын азайтады (нистагмды бәсеңдетеді).

Циннаризиннің фармакологиялық қасиеттеріне оның жарғақшалық кальций өзекшелерін бөгеу қабілеті елеулі дәрежеде түрткі болады. Ол жасушаларға кальций иондарының түсуін тежейді және олардың плазмолеммалар депосындағы мөлшерін азайтады.

Пирацетам мен циннаризинді біріктірген кезде екі компонент те уыттылықтың артуынсыз, бір-бірін өзара күшейтеді, өйткені біріктірілімінің уыттылығы жекелеген компоненттерінің уыттылығынан аспайды.

Екі компонент те бір-бірінің әсерін өзара күшейтеді. Препараттың орталық жүйке жүйесіне әсер етуіне қатысты, циннаризиннің тыныштандыратын әсері басым түседі. Біріктірілімінің уыттылығы жекелеген компоненттерінің уыттылығынан аспайды. Емдік әсері 1-6 сағаттан соң білінеді.

Қолданылуы

- ми қанайналымының бұзылуларында: ми қантамырларының атеросклерозында,ишемиялық және геморрагиялық инсульттерден кейінгі қалпына келу кезеңінде, бассүйек-ми жарақаттарынан кейін

- жадының бұзылуы мен басқа когнитивтік функциялардың басымдығымен немесе эмоционалдық ерік-жігер бұзылуларымен жүретін психоорганикалық синдромда

- генезі әр түрлі энцефалопатияларда

- генезі әр түрлі лабиринтопатияларда (бас айналуы, құлақтағы шуыл, жүрек айнуы, құсу, нистагм)

- Меньер синдромында

- кинетоздар мен бас сақинасының профилактикасы үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Емдеу курсының ұзақтығы мен препараттың дозасын емдеуші дәрігер әр пациент үшін аурудың сипатына және пациенттің тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты жекелей белгілейді.

Ересектерге препаратты аурудың ауырлығына байланысты 1-3 ай бойы тәулігіне 3 рет, тамақтан кейін 1-2 капсуладан тағайындайды.

Ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 6 капсула.

6 жастан асқан балаларға тәулігіне 1-2 рет, тамақтан кейін 1-2 капсуладан тағайындайды.

Препаратты 3 айдан артық қабылдауға болмайды!

Жылына 2 - 3 курсын жүргізуге болады.

Препаратты қабылдауды, әсіресе, егер ол бір рет тағайындалса, өткізіп алмаған дұрыс. Егер мұндай жағдай орын алса, капсуланы тез арада қабылдау керек, алайда егер, келесі қабылдаудың уақыты келіп қалса, өткізіп алынған дозасын қабылдамау керек.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакцияларының туындау жиілігі былайша бағаланады: "өте жиі" - > 1/10, "жиі" – > 1/100 - < 1/10 дейін, "кейде" – > 1/1000 - < 1/100 дейін, "сирек" – > 1/10000 - < 1/1000 дейін, "өте сирек" - < 1/10000.

Сирек

– бөртпе, қышыну, фотосезімталдық

Кейде

– эпигастрийдің ауыруы, диспепсия, жүрек айнуы, құсу

– бас ауыруы, ауыздың құрғауы, ашушаңдық

– аяқ-қолдардың треморы, бұлшықет тонусының жоғарылауы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бауырдың және/немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

- паркинсонизм

- геморрагиялық инсульт

- жүктілік және лактация

- ажитациямен жүретін депрессия

- 6 жасқа дейінгі балаларға.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ультрацезинменен бір мезгілде қолданғанда ұйықтататын және тыныштандыратын препараттардың, трициклдық антидепрессанттардың, ноотроптық және гипотензиялық дәрілердің, сондай-ақ, этанолдың әсері күшеюі мүмкін.

Бір мезгілде қолданылғанда вазодилататорлар Ультрацезиннің әсерін күшейтеді, ал гипертензиялық дәрілер оны азайтады.

Егде тартқан адамдар мен кәрілерде Ультрацезин жүрек қыспасына қарсы препараттардың әсерін күшейтеді. Нитроглицериннің қажеттілігін төмендетеді.

Қалқанша без гормондары препараттарымен, пероральді антикоагулянттармен бірге сақтықпен тағайындау керек.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты көзішілік қысым жоғарылаған кезде, Паркинсон ауруы бар, бауыр және бүйрек аурулары бар науқастарға сақтықпен тағайындайды (зертханалық көрсеткіштерді жүйелі түрде бақылау қажет).

Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінде (креатинин Cl <60 мл/мин) дозасын төмендету немесе препаратты қабылдаулардың аралығын ұзарту қажет.

Ультрацезинді әсіресе, дәрігер пирацетам мен циннаризинді бір мезгілде тағайындаған жағдайларда қолданған қолайлы – екі капсуланың орнына біреуін ғана қабылдау керек болады.

Бауыр функциясының бұзылуы бар адамдарда бауыр ферменттерінің мөлшерін бақылау қажет.

Ультрацезиннің құрамына циннаризин кіретіндіктен, препарат спортшыларда допинг – тест жүргізу кезінде оң реакция тудыруы мүмкін.

Пирацетаммен емдеу науқаста ширығу мен ұйқысыздықты туғызған жағдайларда, Ультрацезин монотерапия таңдау препараты болып табылады.

Кортикальді миоклониясы бар науқастарды емдеуде емдеудің күрт тоқтатылуын болдырмау керек (ұстамалардың қайта басталу қаупі бар).

Жағымсыз құбылыстарының дамуы көбінесе психикалық бұзылыстары бар пациенттерге тән екендігін ескеру керек. Коронарлық жеткіліксіздіктің өршуі сырқаты ауыр науқастарда жиі туындайды; ондай жағдайларда дозасын төмендету немесе емдеуді тоқтату керек.

Циннаризиннің антигистаминдік белсенділігі салдарынан дәрілік зат, Ультрацезинді қабылдағаннан кейін 4 күн ішінде жүргізілген терінің аллергиялық сынамаларының нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.

Дәрілік зат гемостаз бұзылулары, хирургиялық араласымдар, қан кетулер кезінде сақтықпен қолданылады.

Препарат ОЖЖ бәсеңдететін дәрілердің (соның ішінде, этанолдың) әсерін күшейтеді. Емделу кезінде алкогольдің қолданылуын болдырмау керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде қолдану ұсынылмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: абдоминальді ауыру, қан аралас диарея, балаларда қозу реакциялары – ұйқысыздық, ашушаңдық, мазасыздық, эйфория, тремор басым болады, сирек – шым-шытырық түстер, елестеулер, құрысулар.

Емі: құсуды индукциялау, асқазанды шаю, симптоматикалық ем, гемодиализ (тиімділігі 50-60 %). Арнайы антидоты жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

6 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Минскинтеркапс» УК, Беларусь Республикасы,

220075, Минск қ., а/ж 112, Инженерная к-сі, 26 үй

Тел./факс (+ 37517) 344-18-66

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Минскинтеркапс» УК, Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Private Clinic Farmaceuticals & Technologies» ЖШС

ҚР, Алматы қ., Самал-2, 58А үй, 11 қабат

Тел. (+727)2668415

E-mail: info@privateCPT.kz

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

ҚР, Алматы қ., Байзақов к-сі, 116 үй, 35 пәтер

Тел. 8-777-324-23-37

E-mail: al.rakhmetova@ yandex.kz

Прикрепленные файлы

Ультрацезин_рус.docx 0.04 кб
Ультрацезин_каз.doc 0.08 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту