Улкарил® 200

МНН: Ацикловир
Производитель: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Aciclovir
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018845
Информация о регистрации в РК: 02.11.2016 - 02.11.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 18.79 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

УЛКАРИЛ® 200

УЛКАРИЛ® 400

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ацикловир

Дәрілік түрі

200 мг, 400 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - ацикловир 200 мг, 400 мг,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, А типті натрий крахмалы гликоляты (эксплотаб), жүгері крахмалы, магний стеараты

Сипаттамасы

Улкарил® 200: ақ түсті, дөңгелек, екі жақ беті дөңес таблеткалар.Улкарил® 400: ақ түсті, дөңгелек, екі жақ беті дөңес, бір бетінде сызығы бар, басқа бетінде «NOBEL» таңбаланған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Вирусқа қарсы тікелей әсер ететін препараттар. Нуклеозидтер және нуклеотидтер.

АТЖ коды J05AB01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағанда , ас қабылдауға байланыссыз, ацикловир асқазан ішек жолдарынан ішінара (20%) сіңеді. Қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы 1,5 – 2 сағаттан кейін анықталады.

Ацикловир гематоэнцефалдық және плацентарлық бөгет арқылы өтеді, емшек сүтімен бөлінеді. Ацикловирдің жұлын-ми сұйықтығындағы концентрациясы оның плазмадағы концентрациясының 50 % құрайды. Ацикловир қан плазмасы ақуыздарымен елеусіз дәрежеде байланысады (9 - 33 %), сондықтан ақуыздармен байланысқан бөліктерден ығыстыру арқылы пайда болатын дәрілік әрекеттесулер ықтималдығы аз.

Бауыр арқылы аз метаболизденеді, ацикловирдің негізгі метаболиті 9-карбоксиметоксиметилгуанин болып табылады, ол несепте енгізілген препарат дозасының 10–15% жуығын құрайды.

Ішке қабылдағанда ацикловир (Т½) жартылай шығарылу кезеңі 4 сағатқа жуықты құрайды.

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде ацикловирдің T1/2

орташа алғанда 19,5 сағатты құрайды, ал гемодиализ жүргізгенде ацикловирдің Т½ -5,7 сағат, ал плазмадағы ацикловирдің концентрациясы шамамен 60% төмендейді.

Препараттың үлкен бөлігі бүйрекпен өзгермеген түрде шығарылады. Ацикловирдің бүйрек клиренсі креатинин

клиренсінен елеулі түрде жоғары, бұл ацикловирдің шығарылуы тек шумақтық сүзілу арқылы ғана емес, өзекшелік сөлініс жолымен шығарылғанын да айғақтайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде қарапайым герпес вирусынан туындаған жұқпаларды емдеу мен алдын алу мақсатында ұсынылатын дозада ацикловирді ішке қабылдау препараттың анықталған қауіпсіздік деңгейінен асатын концентрацияға дейін жинақталуына жеткізбейді.

Фармакодинамикасы

УЛКАРИЛ® тимидин нуклеозидінің синтетикалық аналогы болып табылады. Вирусты жұқтырған жасушалардың тимидинкиназасы ацикловирді моно-, ди- және трифосфатқа тізбектелген реакциялар арқылы белсенді өзгертеді. Ацикловир трифосфат вирустың ДНҚ-ғы дезоксигуанозиннің орнына тұрып, соңғының ДНҚ-полимеразасын тежеп, ондағы репликация үдерісін бәсеңсітеді. Герпес кезінде ацикловир жаңа бөртпенің пайда болуының алдын алады, терінің диссеминация және висцеральді асқыну ықтималдығын төмендетеді, қабықтардың пайда болуын жылдамдатады. Белдемелі герпестің жедел фазасындағы ауыру сезімін төмендетуге көмектеседі. Препараттың ерекшелігі және едәуір жоғары іріктеулі әсері оның герпес вирусы жұққан жасушаларда жинақталуының басымдылығына байланысты. Ацикловирдің қарапайым герпес вирусына қарсы белсенділігі (1 типтегі) цитарабиннен екі есе, идоксуридиннен-10 есе, трифлуоротимидиннен – 15 есе және видарабиннан -160 есе жоғары. 1 және 2 типтегі қарапайым герпес вирусына (Herpes simplex (VHS)), желшешек және белдемелі теміреткі вирустарына (Varicella zoster (VZV)), Эпштейн-Барр вирусына жоғары белсенділік танытады. Цитомегаловируске орташа белсенділік танытады.

Қолданылуы

- қарапайым герпес вирусы туындатқан тері және шырышты қабықтың

жұқпалары, бірінші және қайталанған генитальдік герпесті қоса

алғанда

- қалыпты иммундық статусқа ие және иммундық тапшылығы бар

емделушілерде қарапайым герпес вирусынан туындаған жұқпалы

аурулардың қайталануының алдын алуда

- желшешекте

- Varicella zoster вирусы туындатқан белдемелі теміреткіде

- сүйек кемігі трансплантациясынан кейін

цитомегаловирустық жұқпалы аурулардың алдын алуда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге

Қарапайым герпес вирусы туындатқан жұқпаларды емдеу

Препараттың ұсынылған дозасы 200 мг-дан тәулігіне 5 рет әр 4 сағат сайын, түнгі ұйқы кезеңін қоспағанда. Әдеттегі емдеу курсы 5 күн, емдеу уақыты бірінші ауыр жұқпалар болған жағдайда созылуы мүмкін.

Айқын иммундық тапшылық кезінде (мысалы, сүйек кемігі трансплантациясы) немесе ішектен сіңу бұзылғанда препараттың ішке қабылданатын дозасы тәулігіне 5 рет 400 мг-ға дейін ұлғайтылуы мүмкін. Емді жұқпа туындаған соң мүмкіндігінше кешіктірмей бастау керек.

Ауру қайталанған жағдайда, препаратты продромалды кезеңде немесе бөртпенің бірінші элементтері пайда болған кезде тағайындау ұсынылады.

Қарапайым герпес вирусы туындатқан жұқпалы аурулардың қайталануының алдын алуға препараттың иммундық статусы қалыпты емделушілерге ұсынылатын доза 200 мг тәулігіне 4 рет (әрбір 6 сағат сайын), немесе емдеудің басқа схемасы – 400 мг тәулігіне 2 рет (әрбір 12 сағат сайын) құрайды. Кейбір жағдайларда төменірек дозада қолданылғанда әсері тиімді болады, УЛКАРИЛ®- 200 мг тәулігіне 3 рет (әрбір 8 сағат сайын) немесе тәулігіне 2 рет (әрбір 12 сағат сайын), болмаса бір реттік қосынды тәуліктік дозасы – 800 мг.

Препаратпен емдеуде аурудың мүмкін болатын өзгерістерін айқындау үшін 6 - 12 айлық үзіліс жасалуы керек.

Қарапайым герпес вирусы туындататын жұқпалы аурулардың алдын алуға иммундық тапшылығы бар емделушілерде УЛКАРИЛ® ұсынылған дозасы - 200 мг тәулігіне 4 рет (әрбір 6 сағат сайын). Айқын иммундық тапшылық жағдайында (мысалы, сүйек кемігі трансплантациясынан кейін) немесе ішектен сіңу бұзылғанда дозаны тәулігіне УЛКАРИЛ® 400 мг 5 ретке дейін көтеруі мүмкін. Алдын алу курсының ұзақтығы жұқтыратын қатерлі кезеңнің ұзақтығына байланысты.

Желшешек және белдемелі герпес ауруларын емдеу

Ұсынылатын доза - УЛКАРИЛ® 800 мг тәулігіне 5 рет, әрбір 4 сағат сайын қабылдайды, түнгі ұйқы кезеңін қоспағанда. Емдеу курсы- 7 күн. Препаратпен емдеуді жұқпалы ауру пайда болған кезде бірден бастау керек, себебі емдеу тиімділігі осыған байланысты.

Балаларға

Қарапайым герпес вирусынан туындаған жұқпаларды емдеу

- балаларды 6 жастан бастап және одан үлкен 200мг тәулігіне 5 рет әрбір 4 сағат сайын, түнгі ұйқы кезеңін қоспағанда. Емдеу курсы 5 күн.

Желшешекті емдеу

6 жастан үлкен балаларға

- дене салмағы 40 кг дейіндерге бір реттік доза 5 күн бойына күніне 4 рет (80мг/кг/тәулігіне) дене салмағының әр килограмына 20 мг есебінен,

- дене салмағы 40 кг астамдарға – 5 күн бойына күніне 4 рет 800 мг.

Егде жастағы науқастарға

Егде адамдарда ацикловир клиренсінің төмендеуі креатинин клиренсінің төмендеуімен параллельді жүреді.

Егде жастағы емделушілер ішке Улкарил® үлкен дозаларын қабылдау кезінде жеткілікті мөлшерде сұйықтықты алуы керек, егер бүйрек жетіспеушілігі болса, УЛКАРИЛ® дозасын төмендету туралы мәселені шешу керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер

Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар науқастарға қарапайым герпес вирусынан пайда болған жұқпаларды емдеуде (креатинин клиренсі 10 мл/мин азырақ) УЛКАРИЛ® дозасын тәулігіне 2 рет 200 мг-ға (әрбір 12 сағат сайын) дейін төмендету ұсынылады.

Желшешекті, белдемелі герпесті емдеуде, сондай-ақ айқын иммунтапшылығы бар емделушілерді емдегенде УЛКАРИЛ® ұсынылатын дозасы құрайды:

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде (креатинин Cl <10 мл/мин) 800 мг тәулігіне 2 рет әрбір 12 сағат сайын

- орташа бүйрек жеткіліксіздігінде (креатинин Cl 10–25 мл/мин) 800 мг тәулігіне 3 рет әрбір 8 сағат сайын.

Жағымсыз әсерлері

-жүрек айнуы, құсу, диарея, іш ауруы

- лимфоцитопения, эритропения, лейкопения

-бөртпе, фотосенсибилизация, есекжем, қышыма, қызба

- мочевина концентрациясының, қандағы креатинин жоғарылауы

- билирубин деңгейінің және бауыр ферменттері белсенділігінің қайтымды жоғарылауы

- бас ауыруы, бас айналуы

Сирек

- шаштың жылдам диффузды түсуі (ацикловир қабылдаумен байланыстылығы анықталмаған)

- көп шаршағыштық, зейін шоғырландырудың төмендеуі,

елестеулер, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық

- дене температурасының көтерілуі

- лимфаденопатия

- ентігу, ангионевротикалық ісіну, анафилаксия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • ацикловирге немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғарғы сезімталдықта

  • орташа және ауыр дегидратацияда

  • неврологиялық бұзылыстарда

- 6 жасқа дейінгі балалық жаста

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Пробенецид ацикловирдің түтікшелік сөлінісін бөгеп, сол арқылы ацикловирдің қан плазмасындағы, жұлын - ми сұйықтығындағы концентрациясын және оның жартылай шығару кезеңін ұлғайтады.

Ацикловир нефроуытты препараттардың әсерін күшейтеді (әсіресе бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде).

Кальций өзекшелері бөгегіштері және циметидин ацикловирдің AUC-ін («плазмадағы концентрация – уақыт» қисық астындағы аудан) жоғарылатып, оның бүйректік клиренсін төмендетеді, алайда ацикловирдің терапиялық дозаларының кең диапазонына байланысты, дозаны түзетудің қажеті жоқ. Ацикловир мен мофенил микофенолатын, яғни мүшелер трансплантациясы кезінде қолданылатын иммуносупрессивті препаратты үйлестіре қолдану ацикловир және мофенил микофенолатының белсенді емес метаболитінің AUC көрсеткішінің жоғарылауына әкеледі.

Ацикловир мен зидовудинді АИВ-жұқпаларында бір уақытта қолдану бұл препараттардың кинетикасына әсер етпейді.

Айрықша нұсқаулар

Дегидратацияда және бүйрек жеткіліксіздігінде УЛКАРИЛ® сақтықпен қолдану керек. Бүйрек қызметі бұзылған және су жүктемесі жеткіліксіз науқастарда нефроуытты препараттармен бір уақытта қолданғанда ацикловир кристаллдарының шөгіндісі түзілуі салдарынан жедел бүйрек жеткіліксіздігі даму мүмкіндігін ескеру керек.

УЛКАРИЛ® қолданғанда бүйрек қызметін бақылау қажет. Науқастардың бұл категориясында ацикловирдің жартылай шығарылу кезеңі ұлғаятындықтан жасы егде науқастарды емдеуді су жүктемесін жеткілікті ұлғайта отырып және дәрігер бақылауымен жүргізу керек. Егер әйелдердегі жыныс мүшелері герпесінің жай-күйі 1 апта бойына жақсармаса, гинекологиялық зерттеу жасау қажет. Жыныс мүшелері герпесімен ауыратындарда жатыр мойны обыры даму қатері жоғары, сондықтан жатыр мойнының бастапқы өзгерістерін анықтау үшін жылына 1 рет Папаниколау тестін жасаған дұрыс. Ацикловир қолдану жұпқа вирус берілуіне кедергі бола алмайтындықтан генитальді герпесті емдеуде жыныстық жанасулар болмау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

УЛКАРИЛ®-ді әйелдерге жүктілік кезінде тағайындағанда ана денсаулығы үшін болжамды пайдасы және ұрыққа мүмкін болатын қатерін бағалап, сақтық жасау керек.

Ацикловир емшек сүтіне өтеді. Баланы емшекпен емізгенде ацикловирді тәулігіне дене салмағының әр килограмына 0,3 мг дозада алуы мүмкін. Осы дерек фактіні ескере отырып, бала емізетін әйелдерге УЛКАРИЛ® тағайындағанда сақтық жасау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік басқару, механикалық қондырғыларда қызмет істеу және басқа да қауіптілігі зор қызмет түрлерінде қауіптілігі жөнінде емделушілерге ескерту керек.

Артық дозаланғанда

Симптомдары: бас ауыруы, жүрек айнуы, кұсу, диарея, ентігу, бүйрек жеткіліксіздігі, летаргия, құрысу, кома.

Емдеу: арнайы у қайтарғысы жоқ, симптоматикалық және демеуші ем. Диализ жүргізу, әсіресе жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге ұсынылады. Бүйрек өзекшелерінде кристалдардың пайда болуының алдын алу үшін организмге түсетін сұйықтықтың көлемін ұлғайту керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 (400 мг доза үшін) немесе 25 (200 мг доза үшін) таблеткадан салынған.

1 (200 мг доза үшін) немесе 5 (400 мг доза үшін) пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен, өндіруші – фирма голограммасымен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Шевченко к. 162 Е.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к. 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электрондық поштасы nobel@nobel.kz

 

Прикрепленные файлы

788882851477977044_ru.doc 63 кб
718185261477978218_kz.doc 73 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники