Укропа плоды

МНН: Укропа огородного плоды
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения функциональных нарушений со стороны ЖКТ
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018072
Период регистрации: 22.04.2015 - 22.04.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Аскөк жемістері

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

50 г жемістер

Құрамы

Бір қорапшаның ішіндебелсенді зат – 50 г аскөк жемістері

Сипаттамасы

Аскөк дәнінің түсі жасыл-қоңыр немесе қоңыр, қабыршағы - сары-қоңыр. Күшті хош иісті. Тәтті-татымды, аздап күйдіргіш дәмі бар.

Фармакотерапиялық тобы

АІЖ функциональді бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар.

АТХ коды А03

Фармакологиялық қасиеттері

Аскөктің жемістері құрамында эфир майы (карвон, анетол), терпеноидтар (диллапиол, дигидрокарвон, карвеол, дигидрокарвеол, изоэвгенол), флавоноидтар, майлылығы жоғары майлар (линол, пальмитин, олеин, петроселин қышқылы), фенолкарбон (хлороген, кофе) қышқылдары кумариндер, азотты заттар, балауыз, шайыр, ақуыз, талшық бар. Препарат жел айдайтын әсер береді.

Қолданылуы

Кешенді емде

- метеоризмде жел айдағыш дәрі ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

10 г (2 ас қасық) препаратты эмальданған ыдысқа салады, 200 мл (1 стақан) ыстық қайнаған су құяды, қақпағын жауып, қайнап жатқан су моншасында 15 минут қыздырады. 45 минут бөлме температурасында салқындатады және сүзіп алады. Дайындалған тұнбаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтайды. Тұнбаны жылы күйінде тәулігіне 3-4 рет ішке қабылдайды: ересектер мен 12 жастан асқан балалар – 1/3 стақаннан, 7-ден 12 жасқа дейінгі балалар – 1-2 ас қасықтан, 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар – 1 ас қасықтан, 3 жасқа дейінгі балалар – ½ - 1 шай қасықтан.

Қолданар алдында тұнбаны шайқау керек.

Жағымсыз әсерлері

Болуы мүмкін

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- аскөк жемістеріне жекелей жоғары сезімталдық

- артериялық гипотензия

- жүктілік

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Лактация кезеңі

Препарат лактация кезеңінде ана үшін күтілетін пайдасы балаға төнетін қауіптен асып түскен жағдайда ғана қолданылады.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 г препараттан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі қысқаша аңдатпа жазылған картон қорапшаларға салынған полиэтилен немесе полимер және біріктірілген материалдан және полипропиленнен жасалған пакеттерде.

Қорапшаны полиэтилен немесе полипропилен үлбірмен жабады, содан соң медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен бірге қораптық картоннан жасалған топтық тасымалдау ыдысына салады. Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 150С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Босатылу шарттарыРецептісіз

Өндіруші

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзавод ш.а., 2/1 

Тіркеу куәлігінің иесі

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзавод ш.а., 2/1,

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27

е-mail: kontakt@zerdefito.kz

 

Прикрепленные файлы

761544951477976529_ru.doc 45.5 кб
785772461477977691_kz.doc 47 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники