Уголь активированный (200 мг)

МНН: Активированный уголь
Производитель: СВС-Фармация ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Medicinal charcoal
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№021043
Период регистрации: 15.02.2018 - 15.02.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 34.2 KZT

Инструкция

БЕЛСЕНДІРІЛГЕН КӨМІР

Саудалық атауы

Белсендірілген көмір

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

200.00 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсулалардың құрамында

белсенді зат - 200 мг белсендірілген көмір,

қосымша заттар (капсула қабығы): желатин, титанның қостотығы (Е 171), темірдің қара тотығы (Е 172).

Сипаттамасы

Өлшемі 1, корпусы мен қақпақшасы қара түсті қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі - қара немесе күңгірт сұр түсті ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Ішек адсорбенттері. Көмір препараттары. Белсендірілген көмір.

АТХ коды А07ВА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Белсендірілген көмір ішке қабылдаған кезде сіңбейді. Белсендірілген көмірдің АІЖ (асқазан-ішек жолы) арқылы өтуінің орташа уақыты 25 сағатқа жуықты құрайды.

Белсендірілген көмір асқазан-ішек жолынан сіңбейді, сондықтан ыдырау кезеңі, сондай-ақ қандай да бір метаболизм болмайды. Өзгермегени түрде шығарылады. Ішекпен өту шамасына қарай олармен байланысқан компоненттер десорбцияға ұшырамайды және рН ортаны өзгертпейді.

Фармакодинамикасы

Белсендірілген көмір беткейлік қуатты төмендететін (олардың химиялық табиғатын өзгертпестен) заттарды байланыстыру қабілетіне себепші болатын жоғары беткейлік белсенділігімен сипатталады. Газды, токсиндерді, алкалоидтарды, гликозидтерді, ауыр металл тұздарын, салицилаттарды, барбитураттарды және т.б. сіңіреді, олардың асқазан- ішек жолында сіңуін азайтады және организмнен нәжіспен шығуына ықпал етеді. Гемоперфузия кезінде сорбент ретінде белсенді. Ас қорытылуы кезінде түзілетін газды белсенді сіңіре отырып, ішек қабырғаларының қатты созылуына кедергі келтіреді, сонысымен ауырудың алдын алады және басады. Жедел дизентерия, сальмонеллез, вирустық гепатиттер, іш сүзегі, лептоспироз, геморрагиялық қызба, орнитоз сияқты жұқпалы ауруларда патогендік штаммдар мен олардың токсиндерін сіңіріп алады.

Препарат токсиндер деңгейін төмендетеді және қорғасындық, алкогольдік және дәрілік экзотоксикоздар, күйіктік және сәулелік ауру кезінде; зиянды өндірістегі созылмалы уыттануларда уыттану симптомдарын жояды. Қышқылдар мен сілтілерді нашар сіңіреді (оның ішінде темір тұздары, цианид, малатион, метанол, этиленгликоль).

Қолданылуы

Төмендегі ауруларда біріктірілген ем құрамында:

- тағамдық токсикоинфекция

- дизентерия, сальмонеллез

- энтероколит, холецистопанкреатит

- диарея, метеоризм, шіру, іру үдерістері, шырыш, тұз қышқылдары гиперсекрециясы

- химиялық қосылыстармен және дәрілік заттармен (оның ішінде фосфорорганикалық және хлорорганикалық қосылыстармен, психотропты препараттармен) улану

- алкалоидтармен, ауыр металл тұздарымен улану

- токсемия және септикотоксемия сатысындағы күйік ауруы

- абстинентті алкогольдік синдром

- рентгенологиялық зерттеулерге дайындау (газ түзілуін азайту үшін)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке тағайындайды. Капсулаларды сумен қабылдау керек.

Тамақтануға немесе дәрілік заттарға дейін немесе одан кейін 1-2 сағат аралықпен тәулігіне 3-4 рет 3-6 капсуладан.

Жедел улану кезінде өздігінен жұта бастағаннан кейін 2-3 тәулікте күніне 10 капсулаға дейін қабылдау ұсынылады.

Ең жоғары бір реттік дозасы - 8 капсула, ең жоғары тәуліктік дозасы – 24 капсула. Балаларға препаратты 6 жастан бастап орташа алғанда дене салмағының әр кг шаққанда 0,05 г есебінен дене салмағына байланысты тәулігіне 3 рет, ең жоғары бір реттік доза – дене салмағының әр кг шаққанда 0,2 г дейін тағайындалады.

Жедел улануларда емдеудің ұзақтығы 3-5 күнді құрайды. Созылмалы уыттануларда 10-нан 14 күнге дейін.

Метеоризм кезінде препаратты ішке 3-6 капсуладан тәулігіне 3-4 рет тағайындайды. Емдеу курсы 3-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

- іш қату

- ұзақ қабылдағанда (14 күннен астам) кальцийдің, витаминдердің сіңуі бұзылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсендірілген көмірге немесе препараттың басқа компонентіне жоғары сезімталдық

- асқазан-ішек бітелісі және ішек бітелісіне күдіктену

- іштің қатты ауыруы, спецификалық емес ойық жаралы колит, АІЖ қан кету

- 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белсендірілген көмір өзінің бетінде сіңуіне байланысты, онымен бір мезгілде ішке қабылданатын барлық дәрілік препараттардың тиімділігін төмендетеді. Препарат жартылай шығарылу кезеңі ұзаққа созылатын препараттардың (карбамазепин, фенобарбитал және дифенилсульфон) шығарылу жылдамдығын арттырады. Белсендірілген көмірді пероральді қабылдау дигоксиннің клиренсін 5 есе арттырады.

Белсендірілген көмірді қабылдау артериялық қысымды жоғарылатуға арналған ішілетін дәрілік заттардың және ревматизмге қарсы препараттардың тиімділігін төмендетеді.

Белсендірілген көмірді және ішілетін контрацептивтерді бір мезгілде қабылдау соңғылардың тиімділігін төмендетуі мүмкін. Мұндай жағдайларда контрацепцияның қосымша әдістерін қолдану қажет.

Айрықша нұсқаулар

Препарат қабылдаған кезде нәжістің түсін қарайтады.

Үш күн емдегеннен кейін диарея сақталған жағдайда, аурудың себептерін айқындау үшін қосымша клиникалық және биохимиялық зерттеулер жүргізілуі тиіс.

Белсендірілген көмірді басқа дәрілік заттарды қабылдауға дейін немесе одан кейін кем дегенде 1-2 сағат аралықпен қабылдау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Белсендірілген көмірді жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға қарсы көрсетілім жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қаблетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айну, құсу және іш қату.

Емі: препаратты тоқтату, іш жүргізетін дәрілер тағайындау.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Тұтынушымен келісу бойынша пішінді ұяшықты қаптаманы қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен бірге қорапшаға салмастан, топтық ыдысқа қаптауға жол беріледі.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«СВС – Фармация» ЖШС,

030012 Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы, Сәңкібай батыр д-лы 171 Б

Эл.поштасы: svs-pharmacy@mail.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«СВС – Фармация» ЖШС, Қазақстан Республикасы

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«СВС–Фармация» ЖШС, Қазақстан Республикасы 030030

Ақтөбе қ., Авиақалашық, 14 , Тел/факс: (7132) 22 77 55,

Эл.поштасы: svs-pharmacy@mail.ru

Прикрепленные файлы

260562071477976560_ru.doc 55.5 кб
717705141477977718_kz.doc 56.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники