Уголь активированный Ультра-Адсорб

МНН: Активированный уголь
Производитель: Фармацевтическая производственная компания "DOLCE-PHARM"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Medicinal charcoal
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016619
Период регистрации: 24.08.2016 - 24.08.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Белсендірілген көмір Ультра-Адсорб, таблеткалар 0.25 г

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар, 0,25 г

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат – 0,25 г белсендірілген көмір,

қосымша заттар – 0,047 г картоп крахмалы.

Сипаттамасы

Сызығы бар жалпақ цилиндр тәрізді, сәл кедiр-бұдыр, қара түсті таблеткалар. Иісі және дәмі жоқ.

Фармакотерапиялық тобы

Диареяға қарсы препараттар. Ішек адсорбенттері. Көмір препараттары.

Белсендірілген көмір.

АТХ А07ВА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Белсендірілген көмір ішке қабылдаған кезде сіңбейді. Белсендірілген көмірдің АІЖ (асқазан-ішек жолы) арқылы өтуінің орташа уақыты 25 сағатқа жуықты құрайды. Құрылымын өзгертпестен организмнен нәжіспен толық шығарылады (метаболизденбейді).

Фармакодинамикасы

Препараттың сіңіргіш әсері бар. Асқазан-ішек жолында белсендірілген көмір табиғаты әртүрлі эндогендік және экзогендік уытты заттармен байланысады және оларды: микробтарды және микробтық уыттарды, тағамдық аллергендерді, дәрілік препараттарды, уларды, алкалоидтарды, ауыр металл тұздарын, газдарды организмнен шығарады.

.

Қолданылуы

- табиғаты әртүрлі экзогендік және эндогендік токсикоздарда (уытсыздандырғыш дәрі ретінде)

- тағамдық токсикоинфекцияларда, сальмонеллезде, дизентерияда (кешенді емдеуде)

- дәрілік препараттармен (психотроптық, ұйықтатқыш, есірткілік дәрілермен және басқалармен), алкалоидтармен, ауыр металл тұздарымен және басқа да улармен уланғанда

- диспепсиямен, метеоризммен қатарласа жүретін асқазан-ішек жолының ауруларында

- тағамдық және дәрілік аллергияда

- гипербилирубинемияда (вирус гепатиті және басқа да сарғаюлар)

- гиперазотемияда (бүйрек жеткіліксіздігі)

- ультрадыбыстық және рентгенологиялық зерттеулерде (ішекте газдың түзілуін азайту үшін)

Қолдану тәсілі және дозалары

Белсендірілген көмірді ішке таблетка түрінде немесе алдын ала ұсақтап, сулы жүзінді түрінде тамақтан және басқа дәрілік заттарды қабылдаудан бір сағат бұрын қолданады. Препараттың қажетті мөлшерін ½ стақан суға ұнтақтау керек.

Ересектерге дозалау режимі тәулігіне 3-4 рет орта есеппен 1-2 г препараттан, ең жоғары бір реттік дозасы – 8 г дейін. Препаратты балаларға 6 жастан тәулігіне 3 рет дене салмағына орташа есеппен 0,05 г/кг байланысты тағайындайды, ең жоғары бір реттік доза – дене салмағына 0,2 г/кг дейін. Жедел аурулар кезінде емдеу курсы 3-5 күн, аллергия және созылмалы аурулар кезінде – 14 күнге дейін. Жедел уланған кезде белсендірілген көмірдің жүзіндісін пайдаланумен асқазанды шаю арқылы емдеуді бастайды, одан кейін препараттың 20-30 г ішу керек.

Метеоризм кезінде ішке 1-2 г препараттан тәулігіне 3-4 рет тағайындайды. Емдеу курсы – 3-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

  • іш қатуы, диарея

  • ұзақ уақыт бойы (14 күннен артық) қабылдаған кезде кальций, витаминдер сіңуінің бұзылуы

  • нәжістің қара түске боялуы байқалады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратты жеке көтере алмаушылық

  • асқазан және 12 елі ішек ойық жара ауруының асқынуы

  • спецификалық емес ойық жара колиті

  • асқазан-ішек жолынан қан кету

  • ішек атониясы

  • 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фармакодинамикалық. Белсендірілген көмір өз беткейінде сіңіретіндіктен онымен бірге ішке қабылданған барлық дәрілік препараттардың тиімділігін төмендетеді.

Фармакокинетикалық. Белсендірілген көмір жартылай шығу кезеңі ұзақ болатын (карбамазепин, фенобарбитал және дифенилсульфон) препараттардың шығарылу жылдамдығын арттырады. Белсендірілген көмірді ішу арқылы қабылдау дигоксин клиренсін 5 есе ұзартады.

Айрықша нұсқаулар

Белсендірілген көмірді қолданған кезде органимге витаминдер, гормондар, майлар, ақуыздар жетіспеуі мүмкін.

Жылдам байланыстыру үшін көп мөлшерде адсорбенттер қажет етіледі, оны асқазанға бір мезгілде енгізу мүмкін емес. Сондықтан удың мөлшері көп болған кезде, көмірді қолдану тиімсіз.

Жүктілік және лактация

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға қарсы көрсетілімдер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айну, құсу және іш қату.

Емі: препаратты тоқтату, іш жүргізгіштер тағайындау.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан полиэтиленді жабыны бар қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада. Пішінді ұяшықсыз қаптама медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге топтық қаптамаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, +25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші: «Dolce» ЖШС

Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле а/ы Ынтымақ кенті, Центральная к-сі. 1

Телефон: 8 (727) 271 98 09, 271 98 10

Факс: 8 (727) 271 98 08

Е-mail: factory@dolce.kz, okk@dolce.kz

Прикрепленные файлы

505199181477976152_ru.doc 21.36 кб
792677501477977438_kz.doc 47 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники