Убихинон Композитум

Производитель: Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний ЖКТ и нарушений обмена веществ
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019134
Информация о регистрации в РК: 13.02.2017 - 13.02.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Убихинон композитум

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

2.2 мл инъекцияға арналған ерітінді

Құрамы

Бір ампуланың (2,2 мл) ішінде:

белсенді заттар - Acidum acetylsalicylicum D10 – 22 мг, Acidum ascorbicum D6 – 22 мг, Acidum L(+)-lacticum D6 – 22 мг, Adenosinum triphosphoricum D10 – 22 мг, Anthrachinonum D10 – 22 мг, Coenzym A D10 – 22 мг, Colchicum autumnale D4 – 22 мг, Conium maculatum D4 – 22 мг, Galium aparine D6 – 22 мг, Histaminum D10 – 22 мг, Hydrastis canadensis D4 – 22 мг, Hydrochinonum D8 – 22 мг, Magnesium gluconicum D10 – 22 мг, Nadidum D10 – 22 мг, Naphthochinonum D10 – 22 мг, Natrium riboflavinum phosphoricum D6 – 22 мг, Nicotinamidum D6 – 22 мг, para-Benzochinonum D10 – 22 мг, Podophyllum peltatum D4 – 22 мг, Pyridoxinum hydrochloricum D6 – 22 мг, Sulfur D8 – 22 мг, Thiaminum hydrochloricum D6 – 22 мг, Trichinoylum D10 – 22 мг, Ubidecarenonum D10 – 22 мг, Vaccinium myrtillus D4 – 22 мг, Acidum alpha-liponicum (aquos) D8 – 22 мг, Manganum phosphoricum D8 – 22 мг, Natrium diethyloxalaceticum D8 – 22 мг,

қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Иіссіз, түссіз мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Асқазан-ішек аурулары мен зат алмасуды емдеуге арналған әр түрлі басқа да препараттар.

АТЖ коды А16А Х

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеудің мүмкіндігі жоқ.

Фармакодинамикасы

Организмнің ферменттік жүйесін белсенділендіріп, реттейтін, жасушалық тыныс алу үдерісін жақсартатын, қабынуға қарсы, метаболикалық, иммунитет түзетуші, антиоксидантты және уытсыздандырушы әсерлерге ие кешенді гомеопатиялық препарат. Препараттың әсерлері организмнің қорғаныш күштерін белсенділендіруге және бұзылған қызметін препарат құрамына кіретін табиғи және минералды заттардың есебінен қалыпқа келтіруге негізделген.

Қолданылуы

- токсиндердің әсер етуінен қорғаныш механизмдерін көтермелеу үшін бөгелген фермент жүйелерін олардың қызмет етуі бұзылған кезде қалпына келтіру; дегенеративтік ауруларда (жасушалық саты)

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат бұлшықет ішіне, көктамыр ішіне, тері астына немесе тері ішіне 2.2 мл-ден (1 ампула) аптасына 1-3 рет. Емдеу курсы 2-5 апта. Емдеу курсының ұзақтығын аурудың ауырлығына қарай дәрігер жекелей белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

Сирек:

- жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен үйлесімді.

Айрықша нұсқаулар

Препарат тек маман дәрігердің тағайындауымен және бақылауымен қабылданады.

Педиатрияда қолданылуы.

Аталмыш препаратты балаларда пайдалану тәжірибесінің жеткілікті құжаттық расталуы болмағандықтан, 18 жасқа дейінгі балаларға қабылдау ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалану жағдайлары жазылмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2,2 мл түссіз шыны ампулада, ампуланың жоғарғы бөлігінде – қызыл нүктесі бар.

5 ампуладан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 15 °C-ден 30 °C -ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ,

Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Гомеопатиялық технологиялар» ЖШС, 050059 Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қажымұқан к-сі, 36 үй, 1, 5 кеңсе,

Тел.: 8 (727) 262 16 41, 8 (727) 262 82 74,

эл. поштасы: provisor.kaz@gmail.com

 

Прикрепленные файлы

676368971477977096_ru.doc 46 кб
837574681477978271_kz.doc 43 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники