Тысячелистник

МНН: Тысячелистника обыкновенного трава
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие гемостатические препараты для системного применения
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023125
Информация о регистрации в РК: 26.07.2017 - 26.07.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Мыңжапырақ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шөп 50 г

Құрамы

Бір қорапшаның ішінде

белсенді зат мыңжапырақ шөбі 50 г

Сипаттамасы

Себеттердің, жекелеген гүлдердің, жапырақтардың, елек арқылы өтетін түрлі пішіндегі сабақтардың үзімдері, диаметрі 8 мм саңылауларымен. Түсі сұрлау - ақшыл-сарылау теңбілді жасыл. Иісі әлсіз, хош иісті. Дәмі татымды, ащылау.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған гемостаздық өзге дәрілер

АТХ коды B02BX

Фармакологиялық қасиеттері

Гемостаздық және қабынуға қарсы әсері бар өсімдік текті дәрі. Иіткіш заттар, эфир майы және  хамазулен мыңжапырақ шөбінің қабынуға қарсы, бактерицидтік, аллергияға қарсы, жараны жазатын әсерін қамтамасыз етеді. Флавоноидтер және эфир майы тегіс бұлшықетке спазмолитикалық әсерді қамтамасыз етеді. Ащы алкалоид ахиллеин дәмдік жүйкелердің ұшын тітіркендіреді және асқазан сөлінің секрециясын күшейтеді. Мыңжапырақ шөбінің қан тоқтататын әсерінің механизмі кальций иондарына негізделген әсерлерге ұқсас. Мыңжапырақтың белсенді заттары фибриннің әсерін белсендіреді, бірақ ешқашан тромбтар түзілуіне әкелмейді.

Қолданылуы

Кешенді ем кезінде:

- қабыну үдерісімен, фибромиомамен, ауқымды етеккірмен астасқан жатырдан қан кетуде;

- қанайтын геморройда;

- ойықжаралы қан кетулерде;

- өт қалтасының және өт жолдарының дискинезиясы;

- диспепсияда;

- метеоризмде;

- тәбет болмағанда

Қолдану тәсілі және дозалары

10 г (2 үлкен қасық) препараттан эмаль ыдысқа салады, 200 мл су құяды, қақпақпен жабады және қайнаған суда (сулы монша) 15 мин қыздырады. Бөлме температурасында 45 мин салқындатады, сүзеді, қалған шикізатты сығады. Алынған тұнба көлемін қайнаған сумен 200 мл-ге дейін жеткізеді. Ішке жылы күйінде 2-3 үлкен қасықтан күніне 3 рет тамаққа дейін 30 мин бұрын қабылдайды.

Қолданар алдында тұнбаны шайқау керек.

Емдеу курсын дәрігер әр науқас үшін жекелей тағайындайды.

Жағымсыз әсерлер

Аллергиялық реакциялар, жүрек айнуы, бас айналу болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ОЖЖ бәсеңдететін ықпал көрсететін дәрілік заттармен бір уақытта қолданғанда олардың әсері көтеріледі.

Айрықша нұсқаулар

Балалар

12 жастан бастап балаларға дәрігер тағайындайды.

Дайындалған тұнбаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай салқын жерде сақтайды.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 г препараттан полипропиленнен немесе полимер және біріктірілген материалдан немесе мемлекеттік және орыс тіліндегі медициналық қолдану жөніндегі қысқаша аңдатпа салынған картон қорапшаға салынған полиэтилен пакеттерде.

Қорапшаны полипропиленнен немесе полимерден және біріктірілген материалдан немесе полиэтиленнен жасалған үлбірмен жабады, сосын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтардың тиісті санымен бірге қорапшалық картоннан жасалған топтық тасымалдау ыдысына салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 180С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/қаптаушы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік-Қазақстан облысы,

Шымкент қ-сы, Химфармзауыт ы/а, 2/1

Тіркеу куәлігінің иесі

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік-Қазақстан облысы,

Шымкент қ-сы, Химфармзауыт ы/а, 2/1.,

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,

е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz

Прикрепленные файлы

Тысячелистник_каз.docx 0.03 кб
Тысячелистник_рус.doc 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту