Туссавит (Сироп)

МНН: Подорожника большого листьев экстракт, Тимьяна обыкновенного травы экстракт
Производитель: Монтавит Гес.м.б.Х.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018351
Информация о регистрации в РК: 17.07.2017 - 17.07.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Туссавит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

125 г, 250 г шәрбат

Құрамы

100 г шәрбаттың құрамында

белсенді заттар: 7,53 г* жебір шөбінің сұйық сығындысы

7,53 г ** жолжелкен жапырағының сұйық сығындысы,

қосымша заттар: сахароза, карамель, глицерин, натрий бензоаты, тазартылған су

* Жебірдің сұйық сығындысы қарапайым (кәдімгі) жебір шөбінен алынған – ақ жебір (1:1), экстрагент: 96 % спирт Р - су Рглицерин Р (2 : 2 :1) болып табылады.

** жолжелкеннің сұйық сығындысы ланцето жапырақты жолжелкен жапырағынан алынған экстрагент: 36 % спирт Р болып табылады.

Сипаттамасы

Өзіне тән елеусіз хош иістендіргіш иісі бар қара-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию мен жөтел белгілерін қайтаруға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттардың біріктірілімдері.

АТЖ коды: R05CA10

Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы

Жебір сығындысының негізгі құрамдасы тимол асқазан-ішек жолынан жылдам сіңеді, өкпе және несеп арқылы бөлінеді. Демді сыртқа шығарғанда тимолды қабылдағаннан кейін 30-60 минуттан соң анықталады, ал 140 минуттан соң анықталмайды. Жебір сығындысын (тиісінше 1,08 мг тимолға сәйкес) қабылдағаннан кейін 20 минуттан соң плазмада тимол сульфаты мен тимол глюкурониді байқалуы мүмкін. Плазмада (93 нг/мл) тимол сульфатының ең жоғарғы деңгейі шамамен 2 сағаттан соң жетеді, ол плазмада 38 сағатқа дейін байқалады. Таралу көлемі 14,7-17,7 л. құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі 10,2 сағатты құрайды. Бөлініп шығуы 24 сағаттан соң тимол сульфаты мен глюкуронид түрінде (16,2%) несеппен іске асады. Бүйрек клиренсі 0,27 л/с құрайды.

Жолжелкен сығындысының фармакокинетикалық құрамдасы зерттелмеген.

Фармакодинамикасы

Жебір сығындысының фармакологиялық мәні эфир майы (тимол және карвакрол), илеуіш заттар, фенолкарбон қышқылы және флавоноидтар болып табылады. Жебірдің сұйық сығындысы қақырықты сұйылтады, жыпылықтағыш эпителийдің және шырышты сұйылту мен түзілу қызметін күшейтудің арқасында қақырықтың түсуін жеңілдетеді, бронхолитикалық, зарарсыздандырғыш, жұтқыншақ пен ауыз қуысының шырышты қабығына аздап қабынуға қарсы әсер етеді. Грамоң және грамтеріс бактерияларға, ашытқыға ұқсас және бозаңданған зеңдерге, А тұмауы вирустарына және 1 және 2 түріндегі қарапайым ұшыққа қарсы белсенді.

Жолжелкен сығындысының фармакологиялық мәні аукубин және каталпол, полисахаридтер, флавоноидтар мен актеосидті фенилэтаноидтер құрамдастарымен иридоидті гликозид болып табылады. Жолжелкен сығындысы қабынуға қарсы, спазмолитикалық әсер етеді, сондай-ақ жөтелді жұмсартады және жедел респираторлы аурулар кезінде қақырықтың түсуін жеңілдетеді.

Қолданылуы

- жедел респираторлы ауруларын және құрғақ жөтелмен жүретін тыныс алу мүшелерінің ауруларын симптоматикалық емдеуде

- ауыздың және жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуында

Қолдану тәсілі және дозалары

Туссавитті араластырмастан немесе араластырған күйде (мысалы, шаймен немесе сумен) тамақ қабылдаудың арасында қабылдау керек. Шәрбатты жұтардың алдында ауызда барынша ұзақ уақыт ұстау ұсынылады.

Ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға – күніне 6 рет 2 шай қасықтан.

мектеп жасындағы балаларға (6-12 жас) – күніне 3-6 рет 1 шай қасықтан

мектеп жасына дейінгі балаларға (2-5 жас) – күніне 2-3 рет 1 шай қасықтан

Курс ұзақтығы жекелей және емдеуші дәрігермен анықталады, бірақ қарсы көрсетілімдерін ескере отыру керек.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- жебірге асқын сезімталдық реакциялары (анафилактикалық шок, Квинке ісінуі)

- диспепсиялық құбылыстар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- құрамдастарды жекелей көтере алмаушылықта

- қант диабетінде

- 2 жасқа дейінгі балаларға

- фруктозаны, глюкоза-галактозаны көтере алмаушылықта, сахараза-изомальтаза тапшылығында

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Егер препаратты қабылдаған кезде дімкәстік сақталса және күткен нәтижені бермесе дәрігерге көріну керек. Ентігу, ысыну немесе іріңді шырыш пайда болса дәрігерге көріну керек.

Препарат құрамында көлемі бойынша 5,3 % спирт бар.

Қант диабетімен ауыратын науқастар шәрбаттың 1 шай қасығында 2,9 сахароза бар екенін ескерулері керек. Туссавит тіс үшін қауіпті болуы мүмкін.

Педиатрияда қолдану

Препаратты екі жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды, өйткені жебір майы емшек еметін сәбилерде және кішкентай балаларда мұрынның шырышты қабығы арқылы рефлекторлы түрде апноэға ары қарай демді бірден сыртқа шығаруға әкелуі мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңінде

Жүктілік және лактация кезеңінде препарат қолданылуы мүмкін, бірақ дәрігердің кеңесінен кейін ғана болуы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі

Әсер етпейді

Артық дозаланғанда

Белгілері: ауыз қуысы шырышының жергілікті тітіркенуі және асқазан-ішек жолының асқынуы; препарат құрамында спирттің бар болуына байланысты, әсіресе балаларда алкогольдік улану болатынын ескеру керек.

Емдеу: белгісіне қарай

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бұралып жабылатын қақпағы бар шыны құтыға 125 г және 250 г-ден құяды.

1 құты мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жаслаған қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек !

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

“Монтавит Гес.м.б.Х”, Австрия

Тіркеу куәлігінің иесі

“Монтавит Гес.м.б.Х”, Австрия

Тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Sabipharm» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы, Абай 66/1,

Тел/Факс: 8(727)319-25-47, email: sabipharm@yandex.ru

 

Прикрепленные файлы

476020431477977195_ru.doc 50.5 кб
207693621477978351_kz.doc 58.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники