Тро-цефтриакс

МНН: Цефтриаксон
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ceftriaxone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022438
Период регистрации: 25.10.2016 - 25.10.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Тро- Цефтриакс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Цефтриаксон

Дәрілік түрі

Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған 1 г ұнтақ

Құрамы

1 құтының ішінде

белсенді зат - цефтриаксон (натрий цефтриаксоны түрінде) 1000.0 мг

Сипаттамасы

Ақтан сарғыш-қызғылтсары түске дейінгі кристалды ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Бета-лактамды бактерияларға қарсы басқа да препараттар. Үшінші буындағы цефалоспориндер. Цефтриаксон.

АТХ коды J01DD04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Цефтриаксонның фармакокинетикасы дозаға тәуелді сипатқа ие. Жартылай шығарылу кезеңінен басқа, препараттың жалпы концентрацияларына негізделген барлық негізгі фармакокинетикалық параметрлері дозасына тәуелді.

1 г препаратты бұлшықет ішіне бір рет енгізгеннен кейінгі плазмадағы ең жоғарғы концентрациясы 81 мг/л жуықты құрайды және енгізгеннен кейін 2-3 сағат шегінде жетеді. Вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізгеннен кейінгі «плазмадағы концентрациясы – уақыт» қисығы астындағы ауданы бірдей. Бұл, цефтриаксонның бұлшықет ішіне енгізгеннен кейінгі биожетімділігі 100% құрайтынын білдіреді.

Цефтриаксонның таралу көлемі 7-12 л құрайды.

1-2 г дозада енгізгеннен кейін цефтриаксон организмнің тіндері мен сұйықтықтарына жақсы өтеді. 24 сағаттан астам уақыт бойы оның концентрациялары тіндер мен сұйықтықтардағы (соның ішінде, өкпе, жүрек, өт жолдарындағы, бауырдағы, бадамша бездердегі, ортаңғы құлақ пен мұрынның шырышты қабығындағы, сүйектердегі, сондай-ақ, жұлын, плевра және синовиальді сұйықтықтардағы және қуықасты безінің секретіндегі) 60-тан астам инфекция қоздырғыштарының көпшілігі үшін ең төменгі бәсеңдеткіш концентрацияларынан едәуір артық болады.

Вена ішіне қолданғаннан кейін цефтриаксон жұлын сұйықтығына жылдам өтеді, ол жерде сезімтал микроорганизмдерге қатысты бактерицидті концентрациялары 24 сағат бойы сақталады. Цефтриаксон альбуминмен қайтымды байланысады, сонымен қатар байланысу дәрежесі концентрациясының артуына қарай, мысалы, плазмадағы 100 мг/л аз концентрациясы кезінде 95%-дан 300 мг/л концентрациясы кезінде 85%-ға дейін төмендей отырып азаяды. Альбуминнің тіндер сұйықтығындағы концентрациясының аздығы арқасында, ондағы бос цефтриаксонның үлесі плазмадағыға қарағанда жоғары.

Цефтриаксон балаларда, соның ішінде жаңа туған сәбилерде қабынған ми қабықтары арқылы өтеді. Дене салмағына 50-100 мг/кг дозаларда бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін (сәйкесінше жаңа туған сәбилер мен балаларға) 24 сағаттан соң цефтриаксонның жұлын сұйықтығындағы концентрациялары 1.4 мг/л асады. Жұлын сұйықтығындағы ең жоғарғы концентрациясына вена ішіне енгізгеннен кейін шамамен 4 сағаттан соң жетеді және орташа алғанда, 18 мг/л құрайды. Бактериялық менингит кезінде цефтриаксонның жұлын сұйықтығындағы орташа концентрациясы плазмадағы концентрациясының 17%-ын, асептикалық менингит кезінде - 4%-ын құрайды. Менингиті бар ересек науқастарда дене салмағына 50 мг/кг дозасын енгізгеннен кейін 2-24 сағаттан соң, цефтриаксонның жұлын сұйықтығындағы концентрациялары менингиттің ең көп таралған қоздырғыштары үшін ең төменгі бәсеңдеткіш концентрациясынан бірнеше есе асып түседі.

Цефтриаксон плацентарлық бөгет арқылы өтеді және азғантай концентрацияларда емшек сүтіне өтеді.

Цефтриаксон жүйелі метаболизмге ұшырамайды, ішек микрофлорасының әсерінен белсенді емес метаболиттерге айналады.

Цефтриаксонның жалпы плазмалық клиренсі 10-22 мл/минутты құрайды. Бүйректік клиренсі 5-12 мл/минутқа тең болады. Цефтриаксонның 50-60%-ы өзгеріссіз күйде несеппен, ал 40-50%-ы – өзгеріссіз күйде өтпен шығарылады. Цефтриаксонның жартылай шығарылу кезеңі ересектерде 8 сағатты құрайды.

Пациенттердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы

Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуы бар науқастарда цефтриаксонның фармакокинетикасы болар-болмас өзгереді, жартылай шығарылу кезеңінің аздап артқаны ғана білінеді. Егер тек бүйрек функциясы бұзылған болса, өтпен шығарылуы артады, егер тек бауыр функциясы бұзылса, бүйрек арқылы шығарылуы артады.

75 жастан асқан пациенттер

75 жастан асқан адамдарда цефтриаксонның жартылай шығарылу кезеңі жастау ересектерге қарағанда орташа алғанда, екі немесе үш есе жоғары.

Балалар

Жаңа туған балаларда дозасының 70%-ға жуығы бүйрек арқылы шығарылады. Емшектегі балаларда өмірінің алғашқы 8 күнінде, орташа алғанда, ересектерге қарағанда екі немесе үш есе жоғары.

Фармакодинамикасы

Цефтриаксонның бактерицидтік белсенділігіне жасуша жарғақшалары синтезінің бәсеңдеуі түрткі болады. In vitro цефтриаксонның грамтеріс және грамоң микроорганизмдерге қатысты әсер ету ауқымы кең. Грамоң және грамтеріс бактериялардан өндіріліп шығатын β-лактамазалардың көпшілігіне (пенициллиназаларға да, сондай-ақ цефалоспориназаларға да) төзімділігі жоғары.

Цефтриаксон әдетте келесі микроорганизмдерге қатысты белсенді:

Грамоң аэробтар:

Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал), Staphylococci coagulase-negative, Streptococcus pyogenes (ß-гемолиздік, A тобының), Streptococcus agalactiae (ß-гемолиздік, B тобының), ß-гемолиздік стрептококтар (А тобы да, В тобы да емес), Streptococcus viridans, Streptococcus pneumoniae.

Ескертпе. Метициллинге төзімді Staphylococcus spp. цефалоспориндерге, соның ішінде цефтриаксонға резистентті. Әдетте, Enterococcus faecalis, Enterococcus faecium және Listeria monocytogenes те төзімді.

Грамтеріс аэробтар:

Acinetobacter lwoffi, Acinetobacter anitratus (негізінен, A. baumanii)*, Aeromonas hydrophila, Alcaligenes faecalis, Alcaligenes odorans, алкалиген тәрізді бактериялар, Borrelia burgdorferi, Capnocytophaga spp., Citrobacter diversus (C. amalonaticus қоса), Citrobacter freundii*, Escherichia coli, Enterobacter aerogenes*, Enterobacter cloacae*, Enterobacter spp. (басқа да)*, Haemophilus ducreyi, Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, Hafnia alvei, Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae**, Moraxella catarrhalis (бұрын Branhamella catarrhalis аталған), Moraxella osloensis, Moraxella spp. (басқа да), Morganella morganii, Neisseria gonorrhoea, Neisseria meningitidis, Pasteurella multocida, Plesiomonas shigelloides, Proteus mirabilis, Proteus penneri*, Proteus vulgaris*, Pseudomonas fluorescens*, Pseudomonas spp. (басқа да)*, Providentia rettgeri*, Providentia spp. (басқа да), Salmonella typhi, Salmonella spp. (тифоидтық емес), Serratia marcescens*, Serratia spp. (басқа да)*, Shigella spp., Vibrio spp., Yersinia enterocolitica, Yersinia spp. (басқа да).

* Бұл түрлердің кейбір изоляттары цефтриаксонға, негізінен, хромосомалармен кодталатын лактамазалардың түзілуі салдарынан төзімді.

** Бұл түрлердің кейбір изоляттары плазмидтер түрткі болған лактамазалардың біртұтас қатарының түзілуі салдарынан төзімді.

Ескертпе. Жоғарыда аталған микроорганизмдердің көптеген штамдары аминопенициллиндер мен уреидопенициллиндер сияқты басқа антибиотиктерге полирезистентті, бірінші және екінші буынның цефалоспориндері мен аминогликозидтер цефтриаксонға сезімтал.

Treponema pallidum цефтриаксонға in vitro және жануарларға жүргізілген іс-тәжірибеде де сезімталдық көрсетті. Клиникалық сынақтар, цефтриаксонның бастапқы және екінші сатыдағы мерезге қатысты тиімділігі жақсы екендігін көрсетеді. Аздаған шектеулері болмаса, P. aeruginosa клиникалық изоляттары цефтриаксонға төзімді.

Анаэробтар:

Bacteroides spp. (өтке сезімтал)*, Clostridium spp. (C. difficile қоспағанда), Fusobacterium nucleatum, Fusobacterium spp. (басқа да), Gaffkia anaerobica (бұрын Peptococcus аталған), Peptostreptococcus spp.

* Бұл түрлердің кейбір изоляттары цефтриаксонға β-лактамазалардың түзілуіне байланысты төзімді.

Ескертпе. Bacteroides spp. (атап айтқанда, B. fragilis) β-лактамаза түзетін көптеген штамдары төзімді. Clostridium difficile де төзімді.

Қолданылуы

Тро-Цефтриакс препаратына сезімтал қоздырғыштардан туындаған инфекцияларда:

сепсисте

менингитте

диссеминацияланған Лайм ауруында (аурудың бастапқы және кейінгі сатыларында)

құрсақ қуысы ағзаларының инфекцияларында (перитонитте, өт шығару жолдары мен асқазан-ішек жолының инфекцияларында)

сүйектердің, буындардың, жұмсақ тіндердің, терінің инфекцияларында, жарақат инфекцияларында

иммунитеті әлсіз пациенттердегі инфекцияларда

бүйрек пен несеп шығару жолдарының инфекцияларында

тыныс жолдарының инфекцияларында, әсіресе пневмонияда, ЛОР-ағзалардың инфекцияларында (оның ішінде жедел ортаңғы отитте)

созды қоса, гениталийдегі инфекцияларда

инфекциялы асқынулардың операция алдындағы профилактикасы үшін.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Стандартты дозасы

Вена ішіне, бұлшықет ішіне.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: тәулігіне бір рет 1-2 г-ден (әр 24 сағат сайын).

Ауыр жағдайларда немесе қоздырғыштарының цефтриаксонға сезімталдығы тек орташа ғана инфекциялар кезінде тәуліктік дозасын 4 г дейін арттыруға болады.

Емдеу ұзақтығы аурудың ағымына байланысты. Әрдайым антибиотикпен емдеу кезіндегідей, Тро-Цефтриакс препаратын енгізуді температура қалыпқа түскеннен және қоздырғыш эрадикациясы расталғаннан кейін науқастарға тағы кемінде 48-72 сағат жалғастыру керек.

Әдетте емдеу курсы 4-14 күнді құрайды; асқынған инфекцияларда ұзақ енгізу қажет болуы мүмкін.

Streptococcus pyogenes туындатқан инфекцияда емдеу курсы кем дегенде 10 күнді құрауы тиіс.

Бауыр функциясының бұзылуы бар науқасатарда бүйрек функциясының ауыр бұзылулары жоқ жағдайда дозасын азайту қажет емес.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар науқастарда бауыр функциясының ауыр бұзылулары жоқ жағдайда дозасын азайту қажет емес.

Тро-Цефтриакс препаратының тәуліктік дозасы тек креатинин клиренсі 10 мл/минуттан аз бүйрек жеткіліксіздігі жағдайларында ғана 2 г аспауы тиіс.

Бүйрек пен бауырдың ауыр жеткіліксіздігі қатар келген жағдайда, цефтриаксонның плазмадағы концентрациясын жүйелі түрде анықтау және қажет болса, оның дозасын түзету керек.

Диализдегі науқастарға препаратты диализден кейін қосымша енгізу қажет емес. Алайда, цефтриаксонның сарысудағы концентрациясын дозасын түзету мүмкіндігіне қатысты бақылау керек, өйткені мұндай науқастарда шығарылу жылдамдығы төмендеуі мүмкін.

Балалар

Жаңа туған сәбилер, емшектегі балалар мен 12 жасқа толмаған балалар

Тро-Цефтриакс препаратын тәулігіне бір рет тағайындаған кезде келесі дозалау режимдерін ұстану ұсынылады:

жаңа туған сәбилерге (14 күнге дейінгі) – дене салмағына 20-50 мг/кг тәулігіне бір рет; тәуліктік дозасы дене салмағына 50 мг/кг аспауы тиіс;

- жаңа туған, емшек еметін балалар және жасы кіші балалар (15 күннен 12 жасқа дейін); дене салмағына 20-80 мг/кг тәулігіне бір рет;

- дене салмағы 50 кг асатын балаларға ересектерге арналған дозалары тағайындалады.

Қоса алғанда 41 аптаға дейінгі (жиынтық гестациялық және хронологиялық жасы) шала туылған балаларға цефтриаксонды қолдану қарсы көрсетілімді.

Тро-Цефтриакс құрамында кальций бар ерітінділермен ем тағайындалған немесе, ұзаққа созылатын құрамында кальций бар инфузияларды вена ішіне енгізу жоспарланған, мысалы, цефтриаксонның кальций тұздары преципитаттарының түзілу қаупіне байланысты парентеральді қоректендіру кезіндегі жаңа туған сәбилерге (≤28 дней), қарсы көрсетілімді.

Емшек еметін балалар мен 12 жасқа дейінгі балаларға вена ішіне енгізілетін 50 мг/кг немесе одан жоғары дозаларын кемінде 30 минут бойы тамшылатып енгізу керек. Жаңа туған сәбилерге вена ішіне енгізуді билирубиндік энцефалопатияның даму қаупін төмендету үшін, 60 минут бойы жүргізу керек.

Менингит

Емшектегі балалар мен кішкентай балалардағы бактериялық менингит кезінде емдеуді тәулігіне 1 рет 100 мг/кг (бірақ 4 г аспайды) дозасынан бастайды. Қоздырғышын идентификациялағаннан және оның сезімталдығын анықтағаннан кейін, дозасын сәйкесінше азайтуға болады.

Менингококтық менингит кезінде үздік нәтижелерге емдеу 4 күнге, Haemophilus influenza-ден туындаған менингит кезінде - 6 күнге, Streptococcus pneumoniae-ден туындаған менингит кезінде - 7 күнге созылғанда жетіп отырған.

Лайм ауруы

50 мг/кг (жоғарғы тәуліктік дозасы - 2 г) ересектер мен балаларға 14 күн бойы тәулігіне бір рет.

Жедел ортаңғы отит

Балалардағы жедел ортаңғы отитті емдеу кезінде 50 мг/кг дозада (бірақ 1 г аспайтын) бір рет бұлшықет ішіне енгізу ұсынылады.

Ересектерге 1-2 г дозада бір рет бұлшықет ішіне енгізу ұсынылады. Шектеулі мәліметтерге сәйкес, ауыр жағдайларда немесе алдыңғы ем тиімсіз болған жағдайда, Тро-Цефтриакс препараты 3 күн бойы тәулігіне 1-2 г дозада бұлшықет ішіне енгізген кезде тиімді болуы мүмкін.

Соз (пенициллин түзетін және пенициллиназа-түзбейтін штаммдар туғызған) Тро-Цефтриакс препаратын бір реттік 250 мг бұлшықет ішіне енгізу.

Операциядан кейінгі инфекциялардың профилактикасы

Инфекция қаупінің дәрежесіне байланысты, 1-2 г Тро-Цефтриакс препараты операция басталғанға дейін 30-90 минут бұрын бір рет енгізіледі. Жуан және тік ішекке жасалатын операциялар кезінде Тро-Цефтриакс препараты мен 5-нитроимидазолдардың біреуін, мысалы, орнидазолды бір мезгілде енгізу жақсы нәтиже берді.

Енгізу

Ерітінді дайындағаннан кейін бірден пайдаланылуы тиіс.

Бұлшықет ішіне енгізілетін инъекциясы үшін 500 мг Тро-Цефтриакс препаратын 2 мл, ал 1 г препаратты - 3.5 мл 1% лидокаин ерітіндісінде ерітеді және барынша қалың бұлшықетке (бөксеге) терең енгізеді. Бір бұлшықетке 1 г-ден асырмай енгізу ұсынылады.

ҚҰРАМЫНДА ЛИДОКАИН бар ерітіндіні ВЕНА ІШІНЕ ЕНГІЗУГЕ БОЛМАЙДЫ!

Вена ішіне енгізілетін инъекциясы үшін  250 мг немесе 500 мг Тро-Цефтриакс препаратын 5 мл, ал 1 г препаратты – инъекцияға арналған 10 мл стерильді суда ерітеді; вена ішіне баяу 5 минут бойы, дұрысы ірі венаға енгізеді.

Вена ішіне жасалатын инфузиясы кемінде 30 минутқа созылуы тиіс. Ерітінді дайындау үшін 2 г Тро-Цефтриакс препаратын құрамында кальций иондары жоқ келесі инфузиялық ерітінділердің біреуінің 40 мл сұйылтады: 0.9% натрий хлориді ерітіндісі, 0.45% натрий хлориді ерітіндісі + 2.5% декстроза ерітіндісі, 5% декстроза ерітіндісі, 10% декстроза ерітіндісі, 5% декстроза ерітіндісіндегі 6% декстран ерітіндісі, 6-10% гидроксиэтилкрахмал ерітіндісі, инъекцияға арналған су. Тро-Цефтриакс препаратының ерітінділерін үйлесімсіз болуы мүмкіндігіне байланысты, құрамында, микробқа қарсы басқа препараттар бар немесе жоғарыда атап көрсетілгендерден басқа еріткіштермен араластыруға немесе қосуға болмайды.

Тро-Цефтриакс  препаратының вена ішіне енгізуге арналған ерітінділерін дайындау және оларды ары қарай сұйылту үшін, преципитаттарының түзілу мүмкіндігіне байланысты, Рингер ерітіндісі немесе Хартман ерітіндісі сияқты құрамында кальций бар еріткіштерді пайдалануға болмайды.

Цефтриаксонның кальций тұздары преципитаттарының түзілуі венаға кіретін бір жолды пайдаланған кезде Тро-Цефтриакс препараты мен құрамында кальций бар ерітінділерді араластырғанда да орын алуы мүмкін. Тро-Цефтриаксты вена ішіне енгізуге арналған құрамында кальций бар ерітінділермен, соның ішінде құрамында кальций бар ерітінділердің ұзаққа созылатын, мысалы, Y-коннекторды пайдалана отырып парентеральді қоректендіру кезіндегі инфузиялармен бір мезгілде пайдалануға болмайды. Жаңа туған сәбилерден басқа, пациенттердің барлық топтары үшін, Тро-Цефтриакс препараты мен құрамында кальций бар ерітінділерді, құюлар арасында инфузиялық жүйелерді үйлесімді сұйықтықпен мұқият жуып-шая отырып, бірінен кейін бірін енгізуге болады.

Тро-Цефтриакс препаратының ерітінділерін үйлесімсіз болуы мүмкіндігіне байланысты, құрамында микробқа қарсы басқа препараттар бар немесе басқа еріткіштермен араластыруға немесе қосуға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Клиникалық зерттеулерде цефтриаксонмен емдеу аясында тіркелген анағұрлым жи кездесетін жағымсыз реакциялар эозинофилия, лейкопения, тромбоцитопения, диарея, бөртпе және бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы болып табылады.

Жағымсыз реакциялардың жиілігін сипаттау үшін келесі жіктеу пайдаланылады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 және <1/10), жиі емес (≥1/1000 және <1/100), сирек (≥1/10000 және <1/1000) және бірен-саран жағдайларды қоса, өте сирек (<1/10000).

Жағымсыз реакциялар нормативтік-құқықтық қызметке арналған MedDRA медициналық сөздігінің ағзалар жүйесі кластарына сәйкес топтастырылған.

Инфекциялық және паразиттік аурулар: жиі емес –жыныс мүшелерінің микоздары; сирек – жалған жарғақшалы колит.

Қан және лимфа жүйесі тарапынан болатын бұзылулар: жиі – эозинофилия, лейкопения, тромбоцитопения; жиі емес – гранулоцитопения, анемия, коагулопатия.

Жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар: жиі емес – бас ауыруы және бас айналуы.

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы мен көкірекорта ағзалары тарапынан бұзылулар: сирек – бронх түйілуі.

Асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылулар: жиі – диарея, сұйық нәжіс; жиі емес­ – жүрек айнуы, құсу.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан болатын бұзылулар: жиі –бауыр ферменттері (аспартатаминотрансфераза (АСТ), аланинаминотрансфераза (АЛТ), сілтілік фосфатаза (СФ)) белсенділігінің жоғарылауы.

Тері мен терасты тіндері тарапынан болатын бұзылулар: жиі – бөртпе; жиі емес – қышыну; сирек – есекжем.

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан болатын бұзылулар: сирек – гематурия, глюкозурия.

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар: жиі емес – флебит, енгізген жердің ауыруы, дене температурасының жоғарылауы; сирек – ісінулер, қалтырау.

Зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелеріне әсері: жиі емес –қандағы креатинин концентрациясының жоғарылауы.

Тіркеуден кейінгі қадағалау

Төменде цефтриаксонды тіркеуден кейінгі кезеңде қолданған кезде байқалған жағымсыз құбылыстар сипатталған. Байқалған жағымсыз құбылыстардың жиіліктерін, сондай-ақ олардың цефтриаксон препаратына қолданумен байланыстылығын анықтау үнемі мүмкін бола бермейді, өйткені пациенттер популяциясының нақты көлемін анықтау мүмкін емес.

Асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылулар: панкреатит, стоматит, глоссит, дәм сезудің бұзылуы.

Қан және лимфа жүйесі тарапынан болатын бұзылулар: тромбоцитоз, тромбопластиндік және протромбиндік уақыттың ұзаруы, протромбиндік уақыттың азаюы, гемолиздік анемия. Агранулоцитоздың (<500 жасуша/мкл) жекелеген жағдайлары сипатталған, және олардың көпшілігі 10 күн емдеуден және 20 г және одан артық жинақтық дозасын қолданғаннан кейін дамыған.

Иммундық жүйе тарапынан болатын бұзылулар: анафилаксиялық шок, аса жоғары сезімталдық.

Тері мен терасты тіндері тарапынан болатын бұзылулар: жедел жайылған экзантематоздық пустулез, ауыр жағымсыз реакциялардың жекелеген жағдайлары (экссудативтік мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы)).

Жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар: құрысулар.

Есту мүшесі мен лабиринт тарапынан болатын бұзылулар: вертиго.

Инфекциялық және паразиттік аурулар: асқын инфекциялар.

Сонымен қатар келесі жағымсыз реакциялар белгілі болды:  өт қалтасында цефтриаксонның кальций тұздары преципитаттарының түзілуі сәйкесінше симптоматикасымен, билирубиндік энцефалопатия, гипербилирубинемия, олигурия, вагинит, қатты тершеңдік, «қан тебулер», аллергиялық пневмонит, мұрыннан қан кету, сарғаю, жүрек қағуын сезіну, сарысу құю ауруы, сондай-ақ анафилаксиялық немесе анафилактоидтық реакциялар.

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар: вена ішіне енгізгеннен кейінгі флебит. Оны, препаратты баяу, 5 минут бойы, дұрысы ірі венаға енгізу арқылы болдырмауға болады.

Лидокаинді  қолданбай бұлшықет ішіне жасалатын инъекциясы ауырсынумен жүреді.

Зертханалық талдаулардың нәтижелеріне әсері

Цефтриаксонмен емдеу кезінде науқастарда Кумбс сынамасының жалған оң нәтижелері байқалуы мүмкін. Басқа антибиотиктер сияқты, препарат  галактоземияға жүргізілген сынамаға жалған оң нәтиже беруі мүмкін. Жалған оң нәтижелер несептегі глюкозаны ферменттік емес әдістермен анықтау кезінде де алынуы мүмкін, сондықтан глюкозурияны препаратпен емдеу барысында қажет болған жағдайда, тек ферменттік әдіспен ғана анықтау керек.

Цефтриаксон қандағы глюкозаны мониторингілеудің кейбір құрылғыларының көмегімен алынған гликемия көрсеткіштерінің нақты емес төмендеуін туғызуы мүмкін. Қажет болған жағдайда, қандағы глюкозаны анықтаудың баламалы тәсілдерін пайдалану керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • цефтриаксонға, басқа цефалоспориндерге немесе қосымша заттарынынң кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

  • анамнездегі бета-лактамдық бактерияға қарсы препараттардың (пенициллиндер, монобактамдар, карбапенемдер) кез келген баста типіне аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (мысалы, анафилаксиялық реакциялар)

  • еріткішке – лидокаинге жоғары сезімталдық

  • 41 аптаға дейінгі (жиынтық гестациялық және хронологиялық жасы) мерзімдегі шала туылған нәрестелерге

  • Мерзімі жетіп туылған нәрестелерге (өмірінің 28 күніне дейін):

а) гипербилирубинемия, сарғаю, гипоальбуминемия немесе ацидоз, билируби­ннің байланысуы бұзылуы мүмкін жағдайлар болған жағдайда*,

б) егер оларға кальций немесе құрамында кальций бар ерітінділерді вена ішіне енгізу қажет болса (немесе қажет болуы мүмкін болса), цефтриаксонның кальций тұзы преципи­таттарының түзілу қаупіне байланысты.

* in vitro зерттеулер, цефтриаксон би­лирубинді оның сарысулық альбуминмен байланысынан ығыстырып шығаруы мүмкін екенін, бұл аталған пациенттерде билирубиндік энцефалопатия қаупін арттыратындығын көрсетті.

Цефтриаксонды бұлшықет ішіне енгізер алдында, еріткіш ретінде лидокаин пайдаланылғанда, лидокаин үшін қарсы көрсетілімдерді ескеру керек (Лидокаин дәрілік затын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтағы ақпаратты қараңыз).

Құрамында лидокаин бар цефтриаксон ерітінділерін вена ішіне енгізбеген дұрыс.

Сақтықпен

Шала туылған балалар, бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі, ойық жаралы колит, энтерит немесе бактерияға қарсы дәрілік заттарды қолданумен байланысты колит, жүктілік, лактация кезеңі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Цефтриаксон фармацевтикалық тұрғыдан амсакринмен, ванкомицинмен, флуконазолмен және аминогликозидтермен үйлесімсіз.

Цефтриаксон   препаратының жоғары дозалары мен «ілмектік» диуретиктерді (мысалы, фуросемидті) бір мезгілде қолданғанда бүйрек функциясының бұзылулары байқалған жоқ. Аминогликозидтерді цефалоспориндермен қолданғанда олардың нефроуыттылығының арту ықтималдығы туралы қарама-қайшы деректер бар, сондықтан бүйрек функциясы мен қандағы аминогликозидтер концентрациясына мониторинг жүргізу қажет. Цефтриаксонды енгізгеннен кейін алкогольді пайдалану дисульфирам тәрізді реакциямен қатар жүрген жоқ. Цефтриаксонның құрамында кейбір басқа цефалоспориндерге тән этанолды жақпаушылық және қанағыштықты туғызуы мүмкін N-метилтиотетразол тобы жоқ.

Пробенецид цефтриаксонның шығарылуына әсер етпейді.

Бактериостатикалық антибиотиктер цефтриаксонның бактерицидтік әсерін төмендетеді.

In vitro хлорамфеникол мен цефтриаксон арасында антагонизм анықталды.

Цефтриаксонның вена ішіне енгізуге арналған ерітіділерін дайындауда және оларды ары қарай сұйылтқан кезде, преципитаттарының түзілуі мүмкіндігіне байланысты, Рингер ерітіндісі немесе Хартман ерітіндісі сияқты құрамында кальций бар еріткіштерді пайдалануға болмайды.

Цефтриаксонның кальций тұздары преципитаттарының түзілуі венаға кіретін бір жолды пайдаланған кезде цефтриаксон мен құрамында кальций бар ерітінділерді араластырған кезде де орын алуы мүмкін. Цефтриаксонды вена ішіне енгізуге арналған құрамында кальций бар ерітінділермен, соның ішінде, құрамында кальций бар ерітінділердің ұзаққа созылатын инфузияларымен, мысалы, Y-коннекторды пайдаланып парентеральді қоректендіру кезінде бір мезгілде пайдалануға болмайды. Жаңа туған нәрестелерден басқа, пациенттердің барлық топтары үшін, цефтриаксон мен құрамында кальций бар ерітінділерді құюлар арасында инфузиялық жүйелерді үйлесімді сұйықтықпен жуып-шая отырып, бірінен кейін бірін енгізуге болады. Цефтриаксон мен кальцийдің өзара әрекеттесуіне баға беру үшін, екі in vitro зерттеу: біреуі ересек адамның қан плазмасын, екіншісі – жаңа туған сәбидің кіндік қанының плазмасын пайдалана отырып жүргізілді. Бастапқы концентрациясы 1 мМ дейінгі (цефтриаксонның in vivo 2 г препаратты инфузия жолымен кемінде 30 минут бойы енгізген кезде жететін ең жоғарғы концентрациясы) цефтриаксонның және бастапқы концентрациясы 12 мМ (48 мг/дл) дейінгі кальцийдің түрлі біріктірілімдері талданды. Цефтриаксонның плазмадағы концентрациясының төмендеуі кальцийді ересек адамның плазмасы үшін 6 мМ (24 мг/дл) және одан жоғары концентрацияда және жаңа туған нәрестенің плазмасы үшін 4 мМ (16 мг/дл) және одан жоғары концентрацияда пайдаланған кезде байқалды, бұл жаңа туған сәбилерде цефтриаксонның кальций тұздарының түзілуі қаупінің жоғарылығын көрсетеді.

Цефтриаксонмен емдеу аясында  K дәруменінің антагонистерін қолданғанда қан кету қаупі жоғарылайды. Қанның ұю параметрлерін түрақты түрде бақылап отыру және қажет болған жағдайда, Тро-Цефтриакс препараымен емдеу барысында да, емдеу аяқталғаннан кейін де антикоагулянттың дозасын түзету керек.

Аминогликозидтер: синергизмнің салдарынан грамтеріс микроорганизмдерге қатысты тиімділігі жоғарылайды, бірақ ото- және нефроуыттылығының қаупі де арта түседі. Препараттардың дозаларын реттеу және біріктіріп емдеу қажет болған жағдайда оларды әр түрлі орындарға бөлек-бөлек енгізу және физикалық-химиялық үйлесімсіздігіне байланысты, бір шприцте немесе бір ерітіндіде араластырмау қажет. Цефалоспоринмен бірге пайдаланған кездегі аминогликозидтердің нефроуыттылығының арту ықтималдығы туралы қарама-қайшы деректер бар. Мұндай жағдайларда клиникалық тәжірибеде аминогликозидтердің концентрациясына (және бүйрек функциясына) ұсынылған мониторинг жүргізуді қатаң сақтау керек.

Айрықша нұсқаулар

Басқа цефалоспориндерді қолданғандағы сияқты, тіпті пациентте анамнезінде аллергиялық реакциялар болмаған жағдайларда да, анафилаксиялық, соның ішінде өліммен аяқталатын реакциялар тіркелді.

Басқа цефалоспориндерді қолданғандағы сияқты, цефтриаксонмен емдеу кезінде аутоиммундық гемолиздік анемия дамуы мүмкін. Ересектер мен балаларда ауыр, соның ішінде өлімге соқтыратын гемолиздік анемия жағдайлары тіркелді.

Цефтриаксонмен емделіп жүрген пациентте анемия дамыған жағдайда, цефалоспоринмен астасқан анемия диагнозын жоққа шығаруға болмайды және себебі анықталғанша емдеуді тоқтата тұру қажет.

Бактерияға қарсы басқа препараттардың көпшілігін қолданғандағы сияқты, цефтриаксонмен емдеу кезінде, Clostridium difficile-ден (C. difficile) туындаған ауырлығы әр түрлі: жеңіл диареядан өлімге соқтыратын колитке дейінгі диарея дамыған жағдайлар тіркелді. Бактерияға қарсы препараттармен емдеу жуан ішектің қалыпты микрофлорасын бәсеңдетеді және C. difficile көбеюіне түрткі болады. C. difficile өз кезегінде, C. difficile-ден туындаған диарея патогенезінің факторлары болып табылатын А және B токсиндерін түзеді. Токсиндерді шамадан тыс өндіретін С. difficile штаммдары, олардың микробқа қарсы емдеуге төзімді болуы мүмкіндігі салдарынан асқынулары мен өлімге соқтыру қаупі жоғары инфекциялардың қоздырғыштары болып табылады, ал емдеу колэктомияны қажет етуі мүмкін. Антибиотикпен емдеуден кейінгі диареясы бар барлық пациенттерде C. difficile-ден туындаған диареяның дамуы мүмкіндігін естен шығармау керек. Егжей-тегжейлі анамнез жинақтау қажет, өйткені антибиотиктермен емдеуден кейін 2 айдан астым уақыт өткен соң C. difficile-ден туындаған диарея дамыған жағдайлар байқалған. C. difficile-ден туындаған диареяға күдік болған немесе расталған жағдайда, ағымдағы С.difficile-ге бағытталмаған антибиотикпен емдеуді тоқтату қажет болуы мүмкін. Клиникалық көрсетілімдеріне сәйкес, сұйықтық пен электролиттерді, ақуыздарды енгізумен жүретін тиісінше ем, С. difficile-ге қатысты антибиотикпен емдеу хирургиялық ем тағайындалуы тиіс.

Бактерияға қарсы басқа препараттармен емдеу кезіндегі сияқты, асқын инфекциялар дамуы мүмкін.

Цефтриаксонды қабылдап жүрген пациенттерде, протромбиндік уақыт өзгерге сирек жағдайлар сипатталды. К витаминінің жеткіліксіздігі бар (синтез бұзылуы, тамақтанудың бұзылуы) пациенттерге емдеу кезінде протромбиндік уақытты бақылау және емдеу басталғанға дейін немесе емдеу кезінде протромбиндік уақыт ұзарған жағдайда, К витаминін тағайындау (аптасына 10 мг) қажет болуы мүмкін.

Цефтриаксонды, әдетте ұсынылған стандартты дозаларынан асатын дозаларда қолданғаннан кейін, өт қалтасына жүргізілген ультрадыбыстық зерттеу кезінде көлеңкелер анықталып, олар қателесіп тастар ретінде қабылданды. Олар цефтриаксонның кальций тұзының преципитаттары болып табылады, олар цефтриаксонмен емдлеу аяқталғаннан немесе тоқтатылғаннан кейін жоғалады. Мұндай өзгерістер қандай-да бір симптоматиканы сирек береді, бірақ ондай жағдайларда да дағдылы ем ғана ұсынылады. Егер бұл құбылыстар клиникалық симптоматикамен қатар жүрсе, онда препаратты тоқтату туралы шешімді қабылдау емдеуші дәрігердің қалауына қалдырылады.

Жаңа туған сәбилерде ғана цефтриаксон мен құрамында кальций бар инфузиялық ерітінділерді немесе құрамында кальций бар кез келген басқа препараттарды қолданған кезде тамырішілік преципитаттардың түзілгені туралы деректердің болуына қарамастан, Тро-Цефтриаксты құрамында кальций бар инфузиялық ерітінділермен араластырмау немесе балалар мен ересек пациенттерге тіпті, түрлі венаға енгізу жолдарын пайдаланылса да, құрамында кальций бар инфузиялық ерітінділермен бір мезгілде тағайындамау керек.

Цефтриаксонды қабылдап жүрген науқастарда өт жолдарының обструкциясы салдарынан дамуы мүмкін панкреатиттің сирек жағдайлары сипатталған. Бұл науқастардың көпшілігінде бұған дейін де өт жолдарындағы іркілудің қауіп факторлары, мысалы, бұрын жүргізілген ем, ауыр аурулар және толығымен парентеральді тамақтану болған. Сонымен қатар, цефтриаксонның әсерінен түзілген, өт жолдарындағы преципитаттардың панкреатит дамуында шешуші рөлі барын жоққа шығаруға болмайды.

Ұзақ уақыт емдеген кезде жүйелі түрде толық қан талдауын жүргізіп отыру керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Тро-Цефтриакс плацентарлық бөгет арқылы өтеді. Жүктілік кезінде қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған. Тро-Цефтриакс емшек сүтіне өтеді. Бала емізіп жүрген әйелдерге тағайындаған кезде сақтық таныту керек.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралдарын жүргізу мен машиналар және механизмдермен жұмыс жасауға әсер ететіндігін көрсететін деректер жоқ. Алайда Тро-Цефтриакс препаратымен емдеу кезінде бас айналуы мен көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін басқа жағымсыз реакциялардың туындау мүмкіндігіне байланысты көлік құралдарын басқаруда және механизмдермен жұмыс жасауда сақтық таныту керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу және диарея

Емі: симптоматикалық. Гемодиализ бен перитонеальді диализ тиімсіз, арнайы антидоты жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

«Flipp off» алюминий қалпақшамен, сұр түсті резеңке тығынмен тығындалған, шыныдан жасалған құтыда 1000 мг цефтриаксоннан.

1 немесе 50 құты препаратымен медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде бекітліген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау крек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Reyoung Pharmaceutical Co.Ltd.»,  (No.6, Erlangshan Road, Yiyuan County Zibo, Shandong 256100, China).

«Реянг Фармасьютикал Ко., Лтд.» (Ирлангшан тас жолы №6, Юань, Зибо қаласыШандонг провинциясы, Қытай - 256100).

Тіркеу куәлігінің иесі

«Тродж Медикал ГмбХ», 19 Милхштрассе, 20148 Гамбург, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ИС Групп Фарма» ЖШС, Алматы қ., Өтеген Батыр к-сі, 15 тел: 8(727) 2979812, 8 (727) 2641834

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«ИС Групп Фарма» ЖШС, Алматы қ., Өтеген Батыр к-сі, 15, Өмірбекова К.У атынан

Ұялы тел +7 7783679446, (24 сағаттық байланыс).

Прикрепленные файлы

367551901477975697_ru.doc 121 кб
716451801477977409_kz.doc 163 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники