Тромбоштад® (300 МЕ +2,5 мг +2,5 мг)

МНН: Аллантоин, Гепарин натрия, Декспантенол
Производитель: Хемофарм А. Д.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Гепарин в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020732
Информация о регистрации в РК: 05.08.2014 - 05.08.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Тромбоштад

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған гель (300 ХБ + 2,5 мг + 2,5 мг) және (500 ХБ + 2,5мг + 2,5мг), 40 г

Құрамы

1 г гельдің құрамында

белсенді заттар: 300 ХБ немесе 500 ХБ натрий гепарині

2,5 мг аллантоин

2,5 мг декспантенол,

қосымша заттар: динатрий эдетаты, лимонды эфирлі май, изопропил спирті, карбомер 940, Рine silvestris майы (кәдімгі қарағайдың), Dwarf pine майы (аласа қарағайдың), левоментол, полисорбат 80, макрогол 6 глицерол каприлокапраты, сұйық сорбитол (кристалданбайтын), троламин, тазартылған су.

Сипаттамасы

Қарағайдың және 2-пропанолдың иісі бар мөлдір түссіз гель

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған, құрамында гепарин бар препараттар. Басқа препараттармен біріктірілген гепарин.

АТХ коды С05ВA53

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гепарин теріге өтеді және терінің мүйізгекті қабатында жинақталады, осылайша жергілікті әсер береді. Алантоин мен декспантенол гепариннің босап шығуына және терінің терең қабаттарына өтуіне ықпал етеді.

Фармакодинамикасы

Жергілікті қолдануға арналған біріктірілген препарат.

Гепарин – тікелей әсері бар антикоагулянт. Ұюды болдырмайды, сол арқылы, қантамырлық жүйеде тромб түзілуінің алдын алады. Жергілікті әсер береді.

Аллантоин мен декспантенол тіндердің эпителизациясын, грануляциясын және регенерациясын жақсартады.

Эфир майлары, антисептикалық әсер береді және препараттағы көп мөлшердегі сумен бірге олар жағымды салқындық сезімін туғызады, тыныштандыратын және субъективті жеңілдету әсеріне байланысты, оның жедел қабыну кезінде оң әсері болады.

Қолданылуы

  • тромбофлебиттердің, варикозалды синдромның, постфлебиттік синдромның, трофикалық ойық жараның алдын алу және емдеуде

  • қанайналымның жергілікті бұзылуларында, спорттық және басқа жарақаттарда (гематома, шығып кету, созылу), тендовагинитте, бурситте

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Емдеуді Тромбоштад®, (500 ХБ + 2,5 мг + 2,5 мг) гель препаратынан бастау ұсынылады, Тромбоштад®, (300 ХБ + 2,5 мг + 2,5 мг) гель препаратын емдеу мен алдын алуды жалғастыру үшін қолдану керек.

Гельді зақымдалған аймаққа, сондай-ақ терінің айналасындағы бөліктерге, күніне 2-3 рет жағады және мұқият ысқылайды. Флебит кезінде препаратты теріге ысқылап жақпайды, зақымдалған жерге 1-2 мм қабатпен жағады және окклюзиялық немесе созылғыш таңғышпен жабады.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

  • жаққан жерде қызару, шаншу және ашыту сезімі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • қанап тұрған трофикалық ойық жаралар

  • терінің ашық немесе жұқпаланған зақымданулары

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесулері анықталмаған. Сыртқа қолдануға арналған басқа препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты терінің тек зақымданбаған бөліктеріне ғана жағу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Тромбоштад® , гелін жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлік және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қорғағыш алюминий жарғақшасы бар, жарғақшаны тесуге арналған құрылғысы бар бұралатын пластмассадан жасалған, қақпақпен тығындалған алюминий сықпаға 40 г-ден салынады.

Сықпаны медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

15°С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Хемофарм А.Д., Сербия

26300 Вршац қ.,

Белград жолы н/ж

тел.: 13/803100

факс: 13/803424

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Хемофарм А.Д., Сербия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел.: (727) 2222-100

факс: (727) 398-64-95

e-mail: almaty@stada.kz

Прикрепленные файлы

941294991477976694_ru.doc 49.5 кб
765776021477977837_kz.doc 59.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники