Тровит-В

МНН: Кальция пантотенат, Никотинамид, Пиридоксин, Рибофлавин, Тиамин
Производитель: Шандонг Шинглу Фармасьютикл Ко, ЛТД.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинация витамина B1 с витаминами B6 и/или B12
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022144
Период регистрации: 05.04.2016 - 05.04.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Тровит –В

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді, 2 мл

Құрамы

2 мл препараттың құрамында

белсенді заттар : В1 витамині (тиамин гидрохлориді) 20,0 мг,

В2 витамині (рибофлавиннің натрий фосфаты) 2,0 мг,

Витамин В6 (пиридоксин гидрохлориді) 2,0 мг,

Никотинамид 30,0 мг,

Кальций пантотенаты 1,0 мг,

қосымша заттар: динатрий ЭДТА, полисорбат 80, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Жасыл сәулелі сары түсті мөлдір немесе мөлдір дерлік сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Витамин сияқты дәрілер.

АТХ коды А11 DB

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың емдік әсері оның компоненттерінің жиынтық әсері болып табылады. Сондықтан фармакокинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін болмады.

Фармакодинамикасы

Препараттың фармакологиялық әсері оның құрамына кіретін витаминдердің биологиялық әсерімен шартталған.

В1 витамині (тиамин гидрохлориді) көмірсу, ақуыз және май алмасуында маңызды рөл атқарады, сондай-ақ синапстарда жүйке қозу үдерісіне белсенді қатысады, миокардиоциттерде метаболизм жақсаруына және анемиялық миокардиодистрофияда олардың жиырғыштық функциясына ықпал етеді. Адам организмінде фосфорлану үдерісі нәтижесінде В1 витаминінің кокарбоксилазаға айналуы жүреді, бұл көптеген ферментті реакциялардың коферменті болып табылады.

В2 витамині (рибофлавин натрий фосфаты) жасушалық тыныс алу үдерісінің және көріп қабылдаудың маңызды катализаторы болып табылады. Рибофлавин, тотығу-тотықсыздану үдерісін реттей отырып, ақуыз, май және көмірсу алмасуына қатысады. ДНҚ түзілуінде маңызды рөл атқарады, гемоглобин синтезіне қатысады, тіндердің регенерация үдерісіне (оның ішінде тері жасушалары), жасушалардағы трофикалық бұзылуды түзетуге ықпал етеді.

В6 витамині зат алмасуында, орталықтық және шеткергі жүйке жүйесінің қалыпты қызмет етуі үшін қажетті маңызды рөл атқарады. Фосфорланған түрде жүйке тіндерінде әрекет етуші маңызды ферменттерінің коферменті болып табылады. Нейромедиаторлар биосинтезіне қатысады: допамин, норадреналин, адреналин, гистамин және ГАМҚ липидтік алмасудың қалыпқа келуіне ықпал етеді.

Никотинамид жасушада тотығу-тотықсыздану үдерісіне қатысатын Ι (НАД) және ΙΙ (НАДФ) кодегидрогеназасының маңызды компоненті болып табылады. Ерітінділердің бейтарап реакциясына байланысты никотинамид инъекцияларда жергілікті реакциялар туындатпайды. Никотинамид тамыр кеңейтетін айқын әсер етпейді және оны қолданғанда никотин қышқылын қолданғанда жиі кездесетін тері жабындарының қызаруы және басқа қан тебу сезімі байқалмайды. Никотинамид майдың, протеиндердің, аминоқышқылдардың, пуриндердің, тіндік тыныс алудың, гликогенолиз метаболизміне қатысады. Пеллаграға қарсы әсер етеді.

Кальций пантотенаты жасушалық энергетик, стресстен қорғайтын, уытсыздандыратын, иммунитет модульдеуші, аллергияға қарсы, қабынуға қарсы, жарғақша қорғайтын, термогендік, атеросклерозға қарсы, қанның липидтік құрамын қалыпқа келтіретін, миокард метаболизмін жақсартатын, қанның реологиялық құрамын жақсартатын дәрі ретінде әсер етеді, ішек жақтауын нығайтады, бүйрек үсті безі және жыныс безі функциясын реттейді; подаграға қарсы және зеңге қарсы әсері бар; тері, шаш, тырнақ құрылымын жақсартады.

Қолданылуы

- В тобының витаминдері тапшылығына байланысты гипо-және авитаминоздарда

- генезі әртүрлі жүйке жүйесі ауруларында симптоматикалық емде; шеткергі невритте және полиневриттерде, невралгияда, шеткергі парезде және салдануда, радикулитте, люмбаго, плекситте, қабырға аралық невралгияда, үшкіл жүйке невралгиясында, бет жүйкесінің парезі, жақтаулық амиотрофиялық склерозда, балалардың церебральдік салдануында, шеткергі жүйке жарақатында

- энцефалопатияда (диабеттік, алкогольдік және с.с.)

- атеросклероз, ЖИА, қан айналымының созылмалы жеткіліксіздігі, гепатит, қант диабетінде біріктірілген ем құрамында

- изониазид қатарының туберкулезге қарсы препараттарын, антибиотиктерді қолданғанда

- буын ауруларында; артрит, остеоартроз, ревматизм, ревматоидты артритте

- офтальмологияда (гемералопия, конъюнктивит, кератит, ирит, катаракта, мөлдір қабықтың ойық жарасы).

Қолдану тәсілі және дозалары

5-10 күн ішінде аурудың ауырлығына және барысының ерекшеліктеріне қарай күн сайын немесе күнара 2 мл бұлшықетішілік, көктамырішілік (сирек) енгізу үшін.

Ең жоғары бір реттік доза: 2 мл

Ең жоғары тәуліктік доза: 2 мл

Енгізу саны: тәулігіне бір рет.

Жағымсыз әсерлері

- қышыну, есекжем, тыныс алу қиындауы, Квинке ісінуі сияқты аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің ауыр және жедел түрлері

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Үйлесімсіздігінен бензилпенициллинмен және оксациллинмен, макролидтермен, хлорамфениколмен, В12 витаминімен, С витаминімен бір еккіште араластыруға болмайды.

Препарат кейбір адреноблокаторлар мен адренолитиктердің гипертензияға қарсы әсерін, барбитураттардың гипноздық әсерін төмендетуі мүмкін.

Хлорпромазин В2 витаминінің секрециясын арттырады, пробенецид тубулярлық экскрецияны тежеу және В2 витаминін реабсорбциялау есебінен оның экскрециялануын азайтады. В6 витамині леводопаның паркинсонға қарсы әсерін әлсіретеді. Оның ішілетін контрацептивтермен, изониазидпен, пиницилланмен, циклосеринмен үйлесімде қолданылуы қандағы витамин концентрациясын төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қабылдағанда несептің сары түске боялуы мүмкін, бұл оның құрамында рибофлавин болуынан екенін ескеру керек.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілікте және лактация кезеңінде қолдану тек емдеуші дәрігер бақылауымен ғана мүмкін болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ерекше сақтық шараларын сақтау талап етілмейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерінің күшеюі.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 мл препараттан шыны ампулаларда.

10 ампуладан пластик пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Shandong Shenglu Pharmaceutical Co.LTD.», (North of sihe Road sihe street sishui county, PRC.)

«Шандонг Шинглу Фармасьютикал Ко.ЛТД.», (Солтүстік Сихе, Уэзд Сышуй, ҚХР.)

Сауда белгісінің және мемлекеттік тіркеудің иесі компания болып табылады

«Troge Medical GmbH», Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ИС Групп Фарма» ЖШС Алматы қ., Өтеген Батыр к-сі, 15 тел: 8(727) 2979812, 8 (727) 2641834

 

Прикрепленные файлы

248347821477976257_ru.doc 50.5 кб
830285961477977454_kz.doc 53 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники