Трихопол (250 мг)

МНН: Метронидазол
Производитель: Фармацевтический завод Польфарма АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Metronidazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016282
Период регистрации: 11.03.2015 - 11.03.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 4.21 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Трихопол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Метронидазол

Дәрілік түрі

250 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 250 мг метронидазол,

қосымша заттар: картоп крахмалы, желатин, глюкоза ерітіндісі, магний стеараты.

Сипаттамасы

Сарғыш реңді ақ түсті таблеткалар, жарық әсерімен сарғаяды, дөңгелек, екі жағы жалпақ және бір жағында сызығы бар.

Фармакотерапиялық тобы

Микробқа қарсы жүйелі пайдалануға арналған препараттар. Имидазол туындылары. Метронидазол.

АТХ коды J01XD01.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Метронидазол асқазан-ішек жолында оңай сіңеді (кемінде 80%). Тек қынап ішіне енгізгенде аз мөлшерлерде сіңеді.

Дені сау еріктілер препаратты 250 мг, 500 мг немесе 2 г дозада қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы 1-3 сағат аралығында, тиісінше, 4,6-6,5 мкг/мл, 11,5-13 мкг/мл және 30-45 мкг/мл құраған. Ішілген ас қан сарысуындағы метронидазолдың сіңу жылдамдығын азайтады және ең жоғары концентрациясын төмендетеді.

Шамамен 20% метронидазол қан ақуыздарымен байланысады.

Таралуы

Метронидазол өт, сүйектер, сілекей, перитонеальді сұйықтық, қынап сөлін, ұрық сұйығын, жұлын сұйықтығын, ми және бауыр тіндерін қоса, организмнің тіндері мен сұйықтықтарында кеңінен таралады. Плацентарлық бөгет арқылы да өтіп, қан плазмасындағы препарат деңгейімен салыстырылатын концентрацияда ана сүтімен бөлінеді.

Биотрансформациясы

Ішке қабылданған шамамен 30-60% метронидазол бауырда гидроксилдену, глюкурон қышқылымен тотығу және конъюгациялану арқылы бауырда биотрансформацияға ұшырайды.

Негізгі метаболит 2-гидроксиметранидазолдың бактерияға қарсы және протозойға қарсы белсенділігі де бар.

Шығарылуы

Бауыр және бүйрек функциясы қалыпты ересектерде метронидазолдың биологиялық жартылай шығарылу кезеңі (T½) 6-8 сағат құрайды. Бауыр функциясы бұзылған емделушілерде метронидазолдың жартылай шығарылу кезеңі ұзаруы мүмкін.

Метронидазол және оның метаболиттері, ең алдымен, бүйрек арқылы 60-80% шығарылады. Тек 6-15% метронидазол нәжіспен экскрецияланады. Бүйректік клиренсі 10-10.2 мл/мин құрайды. Препараттың биотрансформация өнімдері болып табылатын құрамында суда еритін бояғыштар болуына орай, несептің түсі күңгірт немесе қызыл-қоңыр түсті болуы мүмкін.

Саны көп емес зерттеулер егде жастағы емделушілерде метронидазолдың бүйрекпен шығарылуының төмендеуін көрсетеді.

Метронидазолды организмнен гемодиализ арқылы шығаруға болады, ал перитонеальді диализ тиімсіз.

Фармакодинамикасы

Трихопол – протозойға қарсы және бактерияға қарсы әсері бар 5-нитроимидазол туындысы.

Трихопол қарапайымдылар мен бактериялардың ішіне оңай енеді. Трихополдың тотықты редукциялау қуаты электрондар тасымалдайтын ақуыз – ферредоксиннен аз болады. Бұл ақуыз анаэробты және аэробты бактерияларда болады. Қуаттар айырмашылығы Трихополдың нитротобының редукциясына алып келеді. Трихополдың редукцияланған түрі микрорганизмдердің ДНҚ синтезін тежейді, ол олардың жойылуын туындатады.

Трихопол Trichomonas vaginalis, Giardia lamblia, Entamoeba histolytica және Balantidium coli қатысты белсенді.

Анаэробты бактерияларға; Bacteroides fragilis тобын (B. fragilis, B. distasonis, B. ovatus, B. thetaiotaomicron, B. vulgatus) қоса, Bacteroides species, Fusobacterium species грамтеріс таяқшаларына; Eubacterium, Clostridium грамоң таяқшаларына; Peptococcus species, Peptostreptococcus species грамоң кокктарына қатысты күшті бактерицидті әсері де бар.

Трихопол көптеген аэробты және ішінара анаэробты бактерияларға, зеңдер мен вирустарға қатысты бактерицидті әсерін көрсетпейді.

Қолданылуы

- Bacteroides, Fusobacterium, Clostridium, Eubacterium тектес анаэробты бактериялар, анаэробты кокктар және Gardnerella vaginalis, сондай-ақ қарапайымдылар Trichomonas vaginalis, Entamoeba histolytica, Giardia lamblia және Balantidium (трихомонадты жұқпа, бактериялық вагинит, амебиаз, лямблиоз, жедел ойық жаралы гингивит, жедел периодонтит) туғызған жұқпаларда

- хирургиялық анаэробты жұқпаларда (сепсис, бактериемия, перитонит, ми абсцесі, пневмония, остеомиелит, босанудан кейінгі сепсис, кіші жамбас аумағындағы абсцесс, эндометрит, хирургиялық араласулардан кейінгі операциялық жаралардың қабынуы, аяқтың трофикалық ойық жаралары және ойылулар)

- Helicobacter pylori – асқазанның астасқан ауруларында (біріктірілген ем құрамында Трихопол Helicobacter pylori эрадикациясы үшін қолданылады).

- анаэробты бактериялар туғызған операциядан кейінгі жұқпалардың алдын алуда (негізінен, тоқ ішекке жасалатын операциялар, гинекологиялық операциялар)

Қолдану тәсілі және дозалары

Анаэробты бактериялар туғызған жұқпалардың алдын алу

Ересектер және 12 жастан асқан балалар: емдеудің басында бір рет 1 г (250 мг-ден 4 таблетка), сосын емделушіні операцияға тікелей дайындау кезеңіне дейін тәулігіне 3 рет ас ішу кезінде немесе одан кейін 250 мг 1 таблеткадан.

6 -12 жастағы балаларға: операцияға дейін 3-4 күн бұрын 2 күн бойы әр 8 сағат сайын 125 мг.

Анаэробты бактериялар туғызған жұқпаларды емдеу

Трихопол монотерапияда немесе бактерияға қарсы басқа дәрілермен біріктіріп қолданылады. Әдетте, емдеу курсы 7 күннен аспайды.

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: тәулігіне 3 рет ас ішу кезінде немесе одан кейін 250 мг 1-2 таблеткадан тағайындалады.

6-12 жастағы балаларға: дозаны тәулігіне 3 рет ас ішу кезінде немесе одан кейін дене салмағына 7,5 мг/кг есебінен тағайындайды.

Трихомониаз

Жұптастардың екеуі де міндетті түрде емделеді.

Әйелдерге: 10 күн бойы тәулігіне 2 рет таңертең және кешке ас ішу кезінде 250 мг (250 мг 1 таблетка) немесе 2 күн бойы таңертең 750 мг және кешке 1250 мг. Сонымен бірге, бір рет 2 г Трихопол тағайындалады.

Ерлерге 10 күн бойы тәулігіне 2 рет таңертең және кешке ас ішу кезінде 250 мг (250 мг 1 таблетка) немесе 2 күн бойы таңертең 750 мг немесе кешке 1250 мг тағайындайды. Сонымен бірге, бір рет 2 г Трихопол тағайындалады.

6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – дозаны 2 г-ден асырмай, 7 күн бойы ішке бір рет қабылдауға дене салмағына 40 мг/кг есебінен немесе 2-3 қабылдауға 15-30 мг/кг есептелетін доза.

Бактериялық вагинит

Ересектерге 7 күн бойы таңертең және кешке 500 мг (250 мг-ден 2 таблетка) немесе бір рет 2 г Трихопол.

Амебиаз

Ересектерге 5-10 күн бойы тәулігіне 3 рет 750 мг (250 мг-ден 3 таблетка).

6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға 5-10 күн бойы тәулігіне 3 рет 125 мг.

Лямблиоз

Ересектерге 5-7 күн бойы тәулігіне 2 рет 500 мг тағайындалады.

6-10 жасар балаларға: тәулігіне 3 рет (тәуліктік доза 375 мг) ½ таблеткадан (125 мг) тағайындайды;

10-12 жас: тәулігіне 2 рет (тәуліктік доза 500 мг) 1 таблеткадан (250 мг) тағайындалады.

Препарат, әдетте, 5-10 күн бойы таңертең және кешке қабылданады. Егер қажет болса, емдеу курсын 4-6 апта өткен соң қайталауға болады, әдетте, бұл жөнінде емдеуші дәрігер шешеді.

Helicobacter pylori эрадикациясы Helicobacter pylori эрадикациясы үшін Трихополды басқа препараттармен біріктіріп кемінде 7 күн қабылдау керек.

Ересектерге 7 күн бойы тәулігіне 2 рет 500 мг (2 таблетка) тағайындалады.

Балаларда қолданылуы жөнінде айрықша нұсқаулар жоқ.

Жедел ойық жаралы гингивит

Ересектерге 3 күн бойы тәулігіне 2 рет 250 мг.

Балаларға 3 күн бойы тәулігіне 3 қабылдауға дене салмағына 35-50 мг/кг есебінен.

Жедел периодонтит

Ересектерге 3-7 күн бойы тәулігіне 2 рет 250 мг тағайындалады.

Егде жастағы емделушілерге тәуліктік дозаны 2 есе азайтып, препаратты абайлап тағайындау керек.

Аяқтың трофикалық ойық жаралары және ойылулар Ересектерге 7 күн бойы тәулігіне 2 рет 500 мг.

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолдану

Бауыр жеткіліксіздігінің ауыр түріне шалдыққан емделушілерде Трихопол баяу биотрансформацияға ұшырайды, әсіресе, бауыр энцефалопатиясы бар емделушілерде бұл Трихопол мен оның метаболиттерінің организмде жинақталуына әкелуі мүмкін. Трихополдың қан плазмасындағы жоғары концентрациялары, өз кезегінде, энцефалопатияны туындата алады. Мұндай емделушілерге әдеттегі дозаның 1/3 бөлігіне дейін төмендетілген тәуліктік дозаны бір рет тағайындайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолдану

Бүйрек жеткіліксіздігінде Трихополдың биологиялық жартылай шығарылу кезеңі өзгермейді. Мұндай жағдайда препарат дозаларын азайту міндетті емес. Гемодиализдегі емделушілерде Трихопол мен оның метаболиттері 8 сағат ішінде жойылады. Диализден кейін бірден Трихопол емделушіге қайта тағайындалу керек. Фракциялық перитонеальді диализде немесе үздіксіз диализде жүрген емделушілерге дозаны модификациялау қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (≥1/100, <1/10)

- ауыздың темір татуы, тілдің өңезденуі, жүрек айну, құсу, іштің жайсыздану сезімі, диарея, эпигастрийдегі ауыру

Сирек (>1/10 000, <1/1 000)

- анафилаксия, полиморфты эритема, терінің бөртуі, пустулезді бөртпе, тері гиперемиясы, қышыну, есекжем, ангионевротикалық ісіну

- ұюмен, парестезиялармен (дененің шымырлау сезімі) көрініс беретін, көпшілік жағдайларда препаратты тоқтатудан немесе дозаны азайтудан соң басылатын шеткергі нейропатия; бас ауыру, бас айналу, әлсіздік, ұйқышылдық, ұйқысыздық, естен тану, эпилепсия түріндегі ұстама, энцефалопатия, мишықтың жеделге жуық синдромы (атаксия, сақаулана сөйлеу, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, нистагм, тремор), психикалық бұзылулар, бағдардан жаңылу, күйгелектік, депрессия, елестеулер, құрысулар, салдану

- диплопия, алыстан көрмеу, фотофобия, көз жасының ағуы, көру жүйкесінің невриті

- құлақтың шуылдауы, естімей қалу

- гинекомастия

- вертиго

- ауыздың кеберсуі, глоссит, стоматит, препаратты тоқтатудан кейін басылатын жедел панкреатит

- анорексия

- желке бұлшықеттерінің сіресуі

Өте сирек (<1/10000)

- бауырдың ферментативтік жүйесі көрсеткіштерінің өзгеруі, препаратты тоқтатудан кейін басылатын холестаздық гепатит және сарғаю, бауыр жеткіліксіздігі (микробқа қарсы басқа препараттармен біріктіріп метронидазол алған емделушілердегі бауыр трансплантациясын талап ететін)

- орташа, транзиторлы лейкопения, тромбоцитопения, агранулоцитоз, көбіне препаратты тоқтатудан кейін басылатын панцитопения

- ЭКГ-да Т тісінің қатаюы

- миалгия, артралгия

- метронидазол биотрансформациясы нәтижесінде туындаған суда жақсы еритін бояғыштар болуынан туындаған несептің күңгірт түске боялуы, цистит, полиурия, дизурия, несепті ұстай алмау

- қынаптағы ауыруды сезіну, зеңді жұқпалар

- кандидозды жұқпаның дамуы

Бірлі-жарым жағдайларда

- сүйек кемігі аплазиясы

- мұрынның бітелуі, қызба

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне немесе басқа 5-нитроимидазол туындыларына аса жоғары сезімталдық

- ОЖЖ органикалық зақымданулары (эпилепсия, шизофрения)

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі (соның ішінде бауыр энцефалопатиясы)

- айқын лейкопения (соның ішінде сыртартқыдағы)

- жүктіліктің I триместрі, лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балаларға

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде амоксициллинмен біріктірілімде

- дисульфираммен, алкогольмен біріктіріп қабылдау

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Трихопол антикоагулянттармен, кумарин туындыларымен біріккенде протромбин уақытын ұзартады. Сондықтан осы препараттардың дозалануын өзгерткен жөн.

Бауырдың микросомалық жүйесін белсендіретін, мысалы: фенитоин және фенобарбитал сияқты препараттар Трихополдың шығарылуын жеделдетеді, бұл оның қан сарысуындағы концентрациясын төмендетеді, ал бауырдың ферментативтік жүйесін төмендететін препараттар (мысалы: циметидин) Трихополдың жартылай шығарылу кезеңін ұзарта алады.

Трихопол Р450 3А4 цитохромының тежегіштеріне (CYP 3А4) жатады және осыған орай сол энзимдермен метаболизденетін препараттардың биотрансформациясын баяулатуы мүмкін.

Трихопол қандағы литий концентрациясын жоғарылатып, оның уытты әсерін күшейтеді. Егер осы препараттарды бір мезгілде қабылдау қажет болса, емделу кезеңінде қан сарысуындағы креатинин концентрациясын бақылау керек.

Трихопол терфенадинмен және астемизолмен (ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы, аритмия) өзара әрекеттескенде қан айналымы жүйесінің тарапынан жағымсыз әсерлерді туындатуы мүмкін.

Трихопол алкогольдің уытты әсерін күшейтеді. Препаратпен емделу кезеңінде спиртті ішімдіктер қабылдаудан ысыну сезімі, тершеңдік, бас ауыру, жүрек айну, құсу, эпигастрийдегі ауыру сияқты жағымсыз реакциялар туындауы мүмкін.

Трихопол және дисульфирамды бір мезгілде қабылдау кейде жедел психозды және бағдардан жаңылуды туғызуы мүмкін. Трихополмен ем дисульфираммен емдеу аяқталғаннан кейін 2 апта өткен соң басталу керек.

Трихопол 5-фторурацил клиренсін азайтады, сондықтан оның уыттылығын арттыруы мүмкін.

Метронидозол мен циклоспоринді біріктіріп қабылдағанда соңғысының қандағы концентрациясының ұлғаюы байқалады.

Бір мезгілде метронидазол мен амиодарон қолданғанда QT аралығының ұзаруы және torsade de pointes туралы хабарланған. Олар бір мезгілде қабылданғанда ЭКГ-дағы QT аралығына мониторинг жасау мақсатқа сай болады. Амбулаторлық емделіп жүрген емделушілерге бас айналу, жүректің жиі соғуы немесе естен тану сияқты torsade de pointes бар екенін көрсететін симптомдар білінгенде дәрігерге көрінуге кеңес беру керек.

Бір мезгілде метронидазол қолдану бусульфанның плазмалық концентрациясын едәуір ұлғайтуы мүмкін. Олардың өзара әрекеттесу механизмі сипатталмаған. Ауыр уыттанудың әлеуетті қатерімен байланысты және бусульфанның плазмалық деңгейлерінің өсуімен байланысты оны метронидазолмен бір мезгілде қолданбау керек.

Метронидазол карбамазепин метаболизмін бәсеңдетіп, соның салдарынан оның плазмалық концентрацияларын арттыруы мүмкін.

Жекелеген жағдайларда кейбір антибиотиктер ішектегі стероидты конъюгаттардың бактериялық гидролизіне әсер етумен және, осылайша, конъюгацияланбаған стероидтардың қайтадан сіңуін төмендетумен, ішуге арналған контрацептивтер тиімділігін төмендетуі мүмкін, соның нәтижесінде белсенді стероидтардың плазмалық деңгейі төмендейді. Бұл әдеттен тыс өзара әрекеттесу стероидты конъюгаттардың өтпен бөліну деңгейі жоғары әйелдерде болуы мүмкін. Ішуге арналған контрацептивтер тиімсіздігінің белгілі жағдайлары ампициллин, амоксициллин, тетрациклин, сондай-ақ метронидазол қамтылатын әртүрлі антибиотиктер қолданумен байланысты болды.

Метронидазолды такролимуспен бір мезгілде қолдану соңғысының қандағы концентрациясының өсуіне әкелуі мүмкін. Такролимустың бауыр метаболизмін ықтималды бәсеңдету механизмі CYP 3А4 көмегімен жүзеге асады. Метронидазолмен емді тоқтату басталған соң, әсіресе, такролимус қабылдау режимінде тұрақтанған емделушілерге такролимустың қандағы деңгейін және бүйрек функциясын жиі бақылап, тиісінше, дозалануын түзету керек.

Сульфаниламидтер метронидазолдың микробқа қарсы әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Трихополды орталық жүйке жүйесінің ауруы, бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде сақтықпен қолдану керек.

Емделу кезеңінде неврологиялық бұзылулары (ұю, дененің шымырлау сезімі немесе құрысулар) болған емделушілер, егер оны қолданудың пайдасы асқынулардың болжамды даму қаупінен асып кеткен жағдайда ғана, препаратты қабылдай алады.

Трихопол кортикостероидтармен емделген немесе ісінулердің пайда болуына бейім емделушілерде абайлап қабылдану керек.

Трихополмен емдеу алдында және одан кейін қан көрінісінде өзгеріс білінген емделушілер Трихополды қайта қолдану қажет болғанда дәрігердің қадағалауында болуы тиіс.

Емдеу кезінде қан көрінісін препаратты 10 күннен аса қолдану кезінде бақылау керек.

Трихополмен емделу кезеңінде және ем аяқталған соң кемінде бір күн бойы, жағымсыз реакциялардың даму қатеріне байланысты, спиртті ішімдіктер қабылдауға болмайды.

Трихопол кейбір қан көрсеткіштерін: АЛТ, АСТ, лактатдегидрогеназа, триглицеридтер, глюкозаны өзгертуі мүмкін.

Метронидазол аэробты және факультативтік анаэробты микроорганизмдерге қарсы тиімсіз.

Метронидазол мен тікелей емес антикоагулянттарды бір мезгілде қабылдамау керек, ал оларды бірге тағайындау қажет болса, протромбин уақытын мұқият бақылап, ұюға қарсы дәрілердің тиісті дозасын белгілеу керек.

Метронидазол қолданудан кейін ауыз қуысының, қынаптың және асқазан-ішек жолының кандидозы дамуы мүмкін, бұл тиісті емдеуді талап етеді.

Препараттағы глюкоза мөлшерін есептеп, глюкоза-галактозаның мальабсорбция синдромы бар емделушілер осы дәрілік препаратты қабылдамауы тиіс.

Трихомониаз емінде жыныстық жұптастардың екеуінің де емделуі және мүшеқаптар пайдалануы қажет. Етеккірлер кезінде емдеу тоқтатылмайды.

Метронидазолды дисульфирам қабылдау аяқталғаннан кейін 2 апта өткен соң барып қолдануға болады.

Атаксия, бас айналу білінгенде, неврологиялық статус нашарлағанда ем тоқтатылу керек.

Метронидазол трепонеманы иммобилизациялауы мүмкін, бұл Нельсонның жалған-оң тестісіне әкеледі.

Метронидазол мен оның метаболиттері 8 сағат ішінде гемодиализ арқылы шығарылады. Сондықтан емделушілерге гемодиализден кейін дереу метронидазолды қайта қолдану керек.

Метронидазолдың канцерогенділігі жөнінде хабарланғандықтан, препаратты ұзақ уақыт қолдану емді жалғастырудан күтілетін пайда мен болжамды қауіптің тиянақты таразылануын талап етеді.

Жүктілік және лактация кезеңі

Метронидазолдың жүкті әйелдерде қолданылуына жақсы бақыланған зерттеулер жүргізілмеген. Метронидазол плацентарлық бөгет арқылы өтеді. Метронидазол жүктіліктің бірінші триместрінде қарсы көрсетілімді. Препаратты жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде жүкті әйелде препаратты қолданудың әлеуетті пайдасы ұрыққа жайсыз әсер ету қаупінен асып түсетін тіршілік көрсеткіштері бойынша ғана қабылдау керек.

Метронидазол қан плазмасындағы препарат деңгейімен салыстырмалы концентрацияға жеткенде ана сүтімен бөлініп шығады. Бала емізу кезеңінде препаратты қабылдауға болмайды. Егер емдеу қажетті болса, емшекпен қоректендіруді тоқтату керек.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

ОЖЖ тарапынан болатын жағымсыз әсерін ескеріп, көлік құралын басқаруға және қауіпті механизмдермен жұмыс істеуге болмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлер симптомдарының күшеюі, бірлі-жарым жағдайларда 5-7 күн бойы күнара 6-10,4 г дозада Трихополды ішке қабылдағаннан кейін, құрысу жағдайлары мен шеткергі нейропатияны қоса, нейроуытты симптомдар байқалған. Трихополдың 15 г бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін жүрек айну, құсу және қозғалыс үйлесімінің бұзылысы болған.

Емі: тоқтату, асқазанды шаю, симптоматикалық ем. У қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ үлбірінен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

«ПОЛЬФАРМА» АҚ фармацевтикалық зауыты, Польша

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Кәсіпорынның атауы және қаптаушы ұйымның елі

«ПОЛЬФАРМА» АҚ фармацевтикалық зауыты, Польша

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім, тауар сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы,

Рашидов к-сі, 81, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы: infomed@santo.kz

 

 

Прикрепленные файлы

373742261477976569_ru.doc 108.5 кб
840065201477977726_kz.doc 143.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники