Трисоль
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Трисоль
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Инфузияға арналған 200 мл және 400 мл ерітінді
Құрамы
1 л препараттың құрамында
белсенді заттар: 5 г натрий хлориді, 1 г калий хлориді, 4 г натрий гидрокарбонаты,
қосымша зат - 1 л дейін инъекцияға арналған су
Фармакотерапиялық тобы
Плазма алмастырушы және перфузиялық ерітінділер. Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінділер Сулы-электролитті теңгерімге әсер ететін ерітінділер. Электролиттер.
АТХ коды В05ВВ01
Сипаттамасы
Түссіз, мөлдір сұйықтық.
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Трисоль ерітіндісін көктамырға енгізгеннен кейін ағзалар мен тіндерге қанмен бірге түседі, онда метаболизм үдерісіне қосылады.
Фармакодинамикасы
Трисоль ерітіндісі организмдегі қышқылдық-сілтілік ортаны анықтайтын су, электролиттер және сутек иондары концентрациясының мөлшерін түзетеді, қанның реологиялық қасиеттерін жақсартады, гиповолемияны азайтады, микроциркуляцияны жақсартады, диурезді ұлғайтады. Токсиндер деңгейін төмендету және диурезді ұлғайту есебінен уытсыздандыру әсерін көрсетеді.
Қолданылуы
- диареямен, құсумен, көп қан жоғалтумен, күйіктермен, хирургиялық араласулармен, тағамдық токсико-инфекциямен, тырысқақпен байланысты едәуір сұйықтық жоғалтудың салдарынан организмнің сусыздануында
- метаболизмдік ацидозда
- шығу тегі әр түрлі уыттануда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Пайдаланар алдында ерітіндіні 36 – 38 °С дейін жылытады. Препаратты нәжіспен, құсықпен, несеппен және термен жоғалтқан сұйықтық көлемін қалпына келтіру үшін қажетті мөлшерде көктамыр ішіне (сорғалатып немесе тамшылатып) енгізеді. Аурудың ауыр түрлерінде (гиповолемиялық инфекциялық-уытты шок, талапқа сай емес қылтамырлық перфузия, қалпына келмейтін метаболизмдік ацидоз, олигурия) 1 сағат ішінде науқас дене салмағының 7-10 мөлшерінде тамшылатып енгізуден бастайды, кейіннен минутына 40-120 тамшы жылдамдықпен 24-48 сағат бойы тамшылатып енгізуге көшеді.
Аурудың анағұрлым жеңіл түрлерінде (организмнің уыттануы және сусыздануы, метаболизмдік ацидоз, олигурия) препаратты тамшылатып енгізумен шектелуге болады.
Препаратты қолдану қандағы гематокритті және электролиттер концентрациясын бақылай отырып жүргізіледі. Енгізілген және жоғалтқан сұйықтықтың теңгерімі әрбір 6 сағат сайын анықталады.
Жағымсыз әсерлері
- ісінулер
- тахикардия
сирек
- гиперкалиемия
- гипернатриемия
- алкалоз
- гипергидратация
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- аса жоғары сезімталдық
- бүйректің шығару функциясының едәуір бұзылуы
- гиперкалиемия
- алкалоз
- мидың, өкпенің ісінуі
- жүрек жеткіліксіздігі
- гипернатриемия, гипергидратация немесе олардың даму қаупі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препаратты дәрілік заттар еріткіші ретінде қолданады.
Коллоидты ерітінділермен үйлестіре қолдануға болады. Донор қанымен, эритромассамен, плазмамен және т.б. қан препараттарымен үйлесімді. Әдетте қолданылатын шокқа қарсы дәрілік заттарды, оның ішінде нейролептанальгезияға арналған препараттарды (фентанил, дроперидол), бензодиазепиндерді (диазепам және т.б.), сондай-ақ миорелаксанттарды (суксаметоний және т.б.), протеолиз тежегіштерін (апротинин) және альфа-адреностимуляторларды (допамин, эпинефрин) тағайындауға кедергі болмайды.
Айрықша нұсқаулар
Бүйректің шығару функциясы бұзылған пациенттерде препараттың үлкен көлемін сақтықпен қолданады. Ұзақ қолданғанда плазмадағы электролиттер концентрациясын және тәуліктік диурезді бақылау қажет. Гиперкалиемия дамуы кезінде Трисоль ерітіндісін электролиттік теңгерімі қалпына келгенге дейін Дисоль препаратымен алмастырады.
Жүктілік және лактация
Ерітінді жүкті әйелдерге өмірлік көрсетілімі бойынша дәрігердің бақылауымен енгізіледі.
Автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқарғанда реакция жылдамдығына әсер етуге қабілеттілігі
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: ерітіндіні көп мөлшерде енгізу бүйрек функциясы бұзылуына, гиперволиемияға, гиперкалиемияға, гипернатриемияға, гипергидратацияға, ми ісінуіне әкелуі мүмкін.
Емі: глюкоза ерітінділерін, құрамында натрий, кальций бикарбонаты бар ерітінділерді енгізу. Препарат гемодиализ арқылы шығарылады.
Гипергидратация несеп айдайтын препараттарды, фуросемидтің жоғары дозаларын (тәулігіне 100 мг дейін парентеральді) тағайындаумен қандағы электролиттер мөлшерін үнемі бақылай отырып, қайтарылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
200 мл немесе 400 мл-ден қанға, инфузиялық және трансфузиялық препараттарға арналған сыйымдылығы тиісінше 250 мл немесе 450 мл, резеңке тығынмен тығындалған және алюминий қалпақшамен қаусырылған шыны бөтелкелерде.
28 (мөлшері 200 мл) немесе 15 (мөлшері 400 мл) бөтелкеден немесе тапсырушының талабына қарай қажетті мөлшерде медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен бірге гофрланған картоннан жасалған жәшіктерде.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші/Қаптаушы
«REKA - MED FARM» БК ЖШҚ, Өзбекстан Республикасы, Сырдария ауданы, С. Рахимов атын. ф/ш, М.Захидов к-сі 36.
Тіркеу куәлігінің иесі
«REKA - MED FARM» БК ЖШҚ, Өзбекстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«МегаФармПлюс» ЖШС
ОҚО, Шымкент қ., Қызыл жар ы/а, Қара су к-сі №30
Тел./факс: (7252) 45-31-23
E-mail: megafarmplus@yandex.kz