Триовит®

МНН: Аскорбиновая кислота, Бетакаротен, Витамин E, Натрия селенит
Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины с другими минеральными веществами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004671
Информация о регистрации в РК: 12.05.2017 - 12.05.2022
Номер регистрации в РБ: 2060/96/01/06/11/17/20
Информация о регистрации в РБ: 22.02.2017 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

ТРИОВИТ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар – бетатаб 20% - 50.0 мг

(10.0 мг бета-каротинге баламалы),

2000селеннің ашытқымен кешені -25.0 мг

(50.0 мкг селенге баламалы),

аскорбин қышқылы – 100.0 мг,

альфа-токоферол ацетаты 50%- 80.0 мг

(40.0 мг альфа-токоферол ацетатына баламалы),

қосымша заттар: сусыз кремнийдің коллоидты қостотығы, магний стеараты, тальк,

капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы (Е171), хинолинді сары (Е104), азорубин (Е122), желатин.

Сипаттамасы

Шие түстес-қызыл түсті № 1 қатты желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі - қызылдау-қоңыр, қоңыр және сарғыш-ақ түсті ұнтақтардың қоспасы.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа минералдары және олардың біріктірілімдері бар поливитаминдер.

АТЖ коды А11АА03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бета-каротин аш ішектің шырышты қабығы арқылы сіңеді. Аш ішекте каротеноид-диоксигеназа ферменті бета-каротиннің молекуласын екі тең бөлікке бөлшектейді. Нәтижесінде кейін ретинолға дейін (А1 витаминіне) қышқылданатын альдегид түзіледі.

Каротеноид-диоксигеназаның адамдағы белсенділігі жоғары емес; ішке қабылданған шамамен 50% бета-каротин ретинолға айналады. Бета-каротиннің бір бөлігі аш ішекте сіңеді және өзгеріссіз күйде қанда липопротеидтермен байланысқа тасымалданады. Ол барлық тіндер мен мүшелерде, ішінара май тіні мен бауырда жинақталады, ол жерден қажеттілігіне қарай А витаминіне конвертирленеді.

Е витамині асқазан-ішек жолында сіңеді және лимфатикалық қантамырлар бойымен жүйелі қан ағымына түседі, бұнда плазма бета-липопротеидтерімен байланысады. Ол тіндерге өтеді және тіндік депо түзеді. Ол май тінінде, бауыр мен бұлшықеттерде жинақталады. Е витамині тапшылығында ол әуелі бауырдан, сосын бұлшықеттерден және соңғы кезекте – май тінінен босап шығады. Е витаминінің шамамен 80%-ы өтпен асқазан-ішек жолына, ал қалған бөлігі – несеппен метаболиттер түрінде шығарылады.

С витаминінің сіңірілуі (аскорбин қышқылының) ауыз қуысының шырышты қабығында басталады, ал он екі елі ішек пен аш ішекте жалғасады. Аскорбин қышқылы барлық тіндер мен жасушаларға таралады. Сіңу дәрежесі едәуір және дозасына тәуелді. Адам ағзасында аскорбин қышқылы дегидроаскорбин қышқылына дейін қайтымды қышқылданады. Ішінара ол оксалин қышқылы мен аскорбат-2-сульфатқа дейін метаболизденеді, олар бүйрекпен шығарылады. Аскорбин қышқылының артық бөлігі бүйрекпен өзгеріссіз күйде шығарылады. Органикалық селен аш ішекте жақсы сіңеді. Талшықтарға бай тағам оның сіңуін баяулатады, ал А, Е және С витаминдері – бұл үдерісті жеделдетеді. Селен көбінесе бұлшықет тіні мен бауырда жинақталады; көп мөлшері бүйректе де, ұйқы безі мен мида да анықталады. Ұйқы безі мен бүйректен селен өте тез, ал ми тінінен – соңғы кезекте мобилизацияланады.

Фармакодинамикасы

Триовиттің® құрамында антиоксидантты С және Е витаминдері мен -каротин (А провитамині), селен олигоэлементі бар.

С, Е витаминдері мен бета-каротин жасуша мен ағза тіндерін бос радикалдармен зақымданудан қорғайды.

Бета-каротин ағзада А витаминін түзе отырып, метаболизмге ұшырайды . А витамині көз торқабығының қалыпты қызмет етуіне, тіндердің эпителийлену үдерістеріне қатысады, шаш пен тырнақтың қалпына келу үдерісін, сүйектердің өсуін реттейді.

Е витамині жасуша жарғақшалары липидтерінің тотықты қышқылдануын тежейді. Гем және ақуыздар синтезіне, тіндік тыныс алу үдерістеріне, дәнекер тін талшықтарының, қантамырлардың тегіс бұлшықеттерінің, асқазан ішек жолының, жасушааралық заттардың қалыптасуына қатысады.

С витамині коллаген мен тістер дентинінің синтезін белсенділендіреді, фолий қышқылы мен Fe метаболизміне қатысады, стероидты гормондар мен катехоламиндердің синтезінде маңызды рөл атқарады, антиденелер синтезін, интерферонды көтермелейді.

Селен тіндер созылғыштығының реттелуіне қатысады, антиоксиданттық әсер береді, ағза жасушалары мен тіндерін, олардың уақытынан бұрын бұзылуынан сақтай отырып, бос радикалдар туғызған қоршаған ортаның жағымсыз факторларының әсерінен қорғайды.

Қолданылуы

- витаминдер-антиоксиданттар мен селен тапшылығында

- толыққанды тамақтанбау мен теңгерілмеген емдәмде

- қарқынды физикалық және ақыл-ой жүктемелері

- зиянды өндірістік жағдайларда жұмыс істегенде

- бос радикалдар қалыптасуының артуында (шылым шегу, ұзақ уақыт ашық күн астында болу және радиацияның басқа түрлерінде)

- қоршаған ортаның шектен тыс ластануының әсерінде (ірі қалалар мен өндірістік аймақтарда тұру)

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектер ТРИОВИТтің® күніне 1 - 2 капсуласын тамақтан кейін, азғантай су мөлшерімен ішіп қабылдау ұсынылады, өйткені асқазандағы ауырлық сезімі мен метеоризм болуы мүмкін. Емдеу курсы 2 ай.

Жағымсыз әсерлері

- сирек жағдайларда препараттың жеке құрамдас бөліктері мен капсула қабығының құрамына кіретін бояғыштарына аллергиялық реакциялар,

- құсу мен препаратты ашқарынға қабылдағандағы асқазандағы ауырлық сезімі

- жүрек айнуы (жоғары дозаларын ұзақ пайдаланғанда (күніне 15 капсуладан артық)

- есекжем, жанаспалы дерматит, парагидроксибензоаттар туғызған бронх түйілуі

- капсулалардың құрамындағы -каротин тері мен несептің сарғаюын туғызуы мүмкін, бұл құбылыстар қауіпсіз, препаратты тоқтатуды қажет етпейді және қабылдауды тоқтатқаннан кейін жоғалады

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың құрамындағы кез-келген құрамдас бөлігіне жоғары сезімталдықта

- А және Е гипервитаминозында

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуінде

Е витамині, әсіресе аспиринмен біріктірілгенде, қан кету қаупін арттыруы мүмкін. Аскорбин қышқылы қандағы салицилаттардың, этинилстрадиолдың, бензилпенициллиннің, тетрациклиндердің концентрациясын арттырады.

Жоғары дозаларда С витамині варфариннің тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препараттың құрамында қант жоқ, сондықтан қант диабетімен ауыратындар ТРИОВИТті® қабылдай алады. Басқа витаминдік витаминді-минералдық және минералды препараттарды бір мезгілде қабылдау үшін дәрігермен кеңесу қажет.

β-каротинді ұзақ уақыт қабылдағанда тері жабындарының сарғаюы мүмкін, бұл қауіпті емес. ТРИОВИТті® қабылдаудың қысқа үзілісінде терінің сарғаюы жоғалады.

Микроэлементтері бар басқа поливитаминдерді бір мезгілде қабылдау және тәуліктік дозасын асыру ұсынылмайды

Қосымша заттарға қатысты айрықша нұсқаулар

Препараттың құрамына кіретін азорубин (Е 122) бояғышы аллергиялық реакцияларға себеп болуы мүмкін.

Жүктілік пен лактация кезеңі

Препаратты ұсыным бойынша және дәрігердің қадағалауымен қабылдау ұсынылады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталмаған

Артық дозаланғанда

Белгілері: жүрек айнуы, құсу, тері мен тырнақтардың сарғаюы (күніне 15 капсуладан артық қабылдағанда)

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату. Симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 3 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

+25С-ден аспайтын температурада, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек. Түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

КРКА, д.д., Ново Место, Словения

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д.д., Ново Место, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-ғы«КРКА, д.д. Ново место» өкілдігі

050059, Алматы қ-сы, Әл- Фараби даңғылы, 5/1, 3А секциясы, 4 қабат

Тел +7 (727) 311 08 09

Факс +7(727) 311 08 12

www.krka.si

Прикрепленные файлы

562820431477977192_ru.doc 50 кб
957149851477978348_kz.doc 70.5 кб
2060_96_01_06_11_17_20_p.pdf 0.4 кб
2060_96_01_06_11_17_20_s.pdf 0.68 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ