Тримол

Производитель: Аджанта Фарма Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для наружного применения при болевом синдроме при заболеваниях костно-мышечной системы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012878
Период регистрации: 14.05.2015 - 14.05.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Тримол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

25 г жақпамай

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді заттар: Маханараян Таила 0,15 г, Махамауш Таила 0,15 г, қалампыр майы 0,12 г,

қосымша заттар: ақ балауыз, ланолин, вазелин майы, лаванда отдушкасы.

Сипаттамасы

Жақпамайдың түсі сарыдан қоңырға дейін, жартылай қатты, жұмсақ консистенциялы өзіне тән хош иісі бар.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппаратының ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқадай препараттар.

АТХ коды М02АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Тримол жақпамайы препаратының арнайы таңдалып алынған құрамы бірінің әсерін бірі өзара толықтырады, сол арқылы жергілікті тітіркендіруші, ауырғанды басушы және қабынуға қарсы әсерлер көрсететін құрамдас компоненттер кіреді.

Маханараян Таила Дашмул, Расна, Девадари және Праснипарни шөптерінің қайнатпасы болып табылады, қабынуға қарсы және ауырғанды басатын әсерге ие.

Махамауш Таила құрамында Нимба, Маш, Дашмул қайнатпасы және Эррандмул, Расна және Пиппалимул сияқты басқа да ингредиенттері бар және қабынуға қарсы және ауырғанды басатын әсерге ие.

Қалампыр майын теріге жаққанда жергілікті-тітіркендіруші, ауырғанды басатын әсері бар.

Қолданылуы

- ревматоидтық артритте, остеоартритте, подаграда (кешенді ем құрамында)

- белдің, бұлшық еттің, буындардың ауыруы, байламдардың зақымдалуында

Қолдану тәсілдері және дозасы

Сыртқа!

Зақымдалған аймақтың мөлшеріне байланысты жұқа қабатпен жағып және толық сіңгенге дейін жеңіл уқалап күніне 2-3 рет жағады.

Препаратты үлкен аймаққа жақпаған жөн.

Емдеу курсы 7 күн.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта

- тері жабындыларының тұтастығы бұзылғанда

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Көзге және ауыз бен мұрын қуыстарының шырышты қабаттарына түсуін болдырмау керек. Көзге және шырышты қабаттарға түскен жағдайда көп мөлшерде сумен жуып тастау керек.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі

Емі: симптоматикалық

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Алғашқы ашылуының ысырма бекіткіші және демегіш қалпақшасы бар ламинациялы жабындалған пластмасса сықпада 25 г-нан.

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Аджанта Фарма Лимитед, Үндістан

Аджанта Хаус, Чаркоп, Кандивли (3) Мумбай, 400067

Тел.: 91-22-66061000, e-mail: Shailesh.singh@ajantapharma.com

Тіркеу куәлігі иесінің елі мен атауы

Аджанта Фарма Лимитед, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қ.,

Аносов к., 54/28 (Төле би қиылысы)

тел/факс: + 7(727) 241-45-73, 277-51-46

E-mail: aplkazak@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

431486401477976506_ru.doc 47 кб
344124591477977684_kz.doc 47 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники