Триметазидин (20 мг, Белмедпрепараты РУП)

МНН: Триметазидин
Производитель: Белмедпрепараты РУП
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Trimetazidine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019239
Информация о регистрации в РК: 08.09.2017 - 08.09.2022
Номер регистрации в РБ: 19/03/1600
Информация о регистрации в РБ: 29.03.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Триметазидин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Триметазидин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған, 20 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 20 мг триметазидин дигидрохлориді (100 % затқа шаққанда)

қосымша заттар: картоп крахмалы, кальций стеараты, лактоза моногидраты, гипромеллоза 2910, полисорбат 80, титанның қостотығы (Е 171), тальк.

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Басқа да кардиотоникалық препараттар.

АТХ коды С01ЕВ15

Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы

Ішу арқылы қабылдау кезінде ішектің шырышты қабытымен тез және іс жүзінде толығымен сіңіріледі. Ең жоғары концентрациясы (20 мг дозада бір рет ішке қабылдағаннан кейін) 55 нг/мл құрайды, жету уақыты – 2 сағат. Биожетімділігі – 90 %. Таралу көлемі – 4,8 л/кг. Қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы – 16 %. Гистогематикалық бөгеттер арқылы жеңіл өтеді. Бүйректермен (60 %-ға жуығы – өзгермеген түрде) шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 4,5-5 сағат құрайды.

Фармакодинамикасы

Антигипоксиялық әсер етеді. Метаболизмді және кардиомиоциттер мен нейрондар қызметін оңтайландырады. Мидың кардиомиоцитері мен нейрондарына тікелей әсер етіп, олардың метаболизмін және қызметін оңтайландырады. Цитопротекторлық әсер энергетикалық қуатының жоғарылауына, тотығу карбоксилсіздендіруді белсенділендіруге және оттектiң тұтынуын оңтайландыруға (аэробты гликолизді күшейтуге және май қышқылдарының тотығуын бөгеуге) негізделген. Миокардтың жиырылғыштығын демейді, АТФ және креатинфосфаттың жасушаiшiлік азаюына жол бермейді. Ацидоз жағдайында жарғақшалардың иондық өзекшелерінің қызмет етуін қалыпқа келтіреді, кардиомиоциттерде кальций мен натрийдің жинақталуына кедергi келтiредi, калий иондарының жасушаiшiлік мөлшерін қалыпқа келтіреді. Миокардтың ишемиясына байланысты жасушаiшiлік ацидозды және фосфаттардың мөлшерін азайтады. Бос радикалдардың зақымдайтын әсерiне кедергi келтiредi, жасушалық жарғақшалардың тұтастығын сақтайды, ишемия аумағындағы нейтрофилдердің белсенділенуінің алдын алады, креатинфосфокиназалар әсер ету күшінің ұзақтығын және белсендiлiгiн қалыпқа келтіреді, миокардтың ишемиялық зақымдануларының айқындығын азайтады.

Стенокардия кезінде ұстамалардың жиілігін қысқартады (нитраттарды тұтынуды азайтуға мүмкіндік береді), дене жүктемесіне төзімділіктің жоғарылауын емдеудiң 2 аптасынан кейiн қамтамасыз етедi. Емделушiлерде есту және вестибулярлық сынамалардың нәтижелерiн жақсартады, бас айналу және құлақ шуылын азайтады. Көздiң қантамырлық патологиясы кезінде көздің торқабығының функционалдық белсендiлiгiн қалпына келтiредi.

Қолданылуы

- ересектерге жеткiлiксiз бақыланатын тұрақты стенокардиямен науқастарды симптоматикалық емдеу үшін қосымша ем ретінде немесе бірінші желідегі жүрек қыспасына қарсы препараттарды көтере алмаушылық кезінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан ас ішу уақытында ішке қабылдайды. Орташа бүйрек жеткіліксіздігімен (креатинин клиренсі 30-60 мл/мин) емделушілерге күніне 2 рет 1 таблеткадан (20 мг) (таңертең бір таблетка және кешкілік бір таблетка) қолдану ұсынылады.

Тәуліктік дозасы 40-60 мг құрайды. Емдеу курсының ұзақтығы жекелей анықталады.

Егде емделушілер:

Бүйрек қызметінің жасына қарай төмендеуіне байланысты егде емделушілерде триметазидиннің әсері жоғарылауы мүмкін. Бүйрек қызметінің орташа бұзылуымен (креатинин клиренсі [30-60] мл/мин) емделушілерде ұсынылатын доза күніне 2 рет 1 таблеткадан (20 мг), яғни ас қабылдау уақытында таңертең бір рет және кешкілік бір ретті құрайды.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- ұйқының бұзылуы (ұйқысыздық, ұйқышылдық)

- жүрек қағуы, экстрасистолия, тахикардия

- артериялық гипотензия; сырқаттану, бас айналуы немесе емделушінің құлап қалуымен байланысты болатын, әсіресе антигипертензиялық препараттар қабылдайтын науқастардағы ортостатикалық гипотензия

- гиперемия

Жиілігі белгісіз

- паркинсонизм симптомдары (тремор, акинезия, гипертония), жүрудің орнықсыздығы, мазасыз аяқтар синдромы, әдетте препарат қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтымды, басқа да қозғалыстық бұзылулар

- іш қату

- жайылған жедел экзантематозды пустулез, ангиоэдема

- агранулоцитоз, тромбоцитопения, тромбоцитопениялық пурпура

- гепатит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық;

- Паркинсон ауруы, паркинсонизм симптомдары, діріл, мазасыз аяқтар синдромы және басқа қозғалыстың бұзылуы;

- бүйрек қызметінің ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі <30 мл/мин);

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен клиникалық елеулі өзара әсерлері байқалмады. Триметазидин гепаринмен, кальцинаринмен, К антивитаминдерімен, ішке қабылданатын гиполипидемиялық дәрілермен, аспиринмен, бета-блокаторлармен, кальций өзекшелерін тежегіштермен, оймақгүл препараттарымен (триметазидин плазмадағы дигоксиннің деңгейіне әсер етпейді) бірмезгілде тағайындалуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Триметазидин, әсіресе егде емделушілерде жүйелі бақылануы тиіс паркинсонизм симптомдарын (тремор, акинезия, гипертония) туғызуы немесе нашарлатуы мүмкін. Күдікті жағдайларда емделушілер тиісті зерттеулер үшін неврологқа жіберілуі керек.

Қозғалыстың бұзылуы байқалған, мысалы, мынадай, паркинсонизм, мазасыз аяқтар синдромы, діріл, жүрістің орнықсыздығы кезінде препаратты қабылдауды тоқтату қажет.

Бұл жағдайлар төменгі жиілікте болады, сондықтан препарат қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтымды. Емделушілердің көпшілігінде қалпына келу триметазидинді тоқтатқаннан кейін 4 ай ішінде жүреді. Егер паркинсонизм симптомдары препарат қабылдауды тоқтатқаннан кейін 4 айдан астам сақталынса, неврологқа көріну қажет.

Әсіресе антигипертензиялық препараттарды қабылдайтын емделушілерде болатын жүрісінің орнықсыздығына немесе гипотензияға байланысты емделушінің құлап қалуы мүмкін.

Организмнен триметазидиннің шығарылу уақыты ұлғайған, мына емделушілерге препаратты қабылдау кезінде абайлау керек:

- бүйрек қызметінің орташа бұзылуымен;

- 75 жастан асқан егде емделушілер.

Препарат стенокардия ұстамаларын басу үшін, сондай-ақ тұрақты стенокардияны немесе миокард инфарктын емдеудің бастапқы курсына арналмаған.

Триметазидин құрамына моногидрат лактозасы кіреді, осыған байланысты препарат тұқым қуалай галактозаны көтере алмаушылықпен, Lapp-лактаза ферменті тапшылығымен, глюкоза/галактоза мальабсорбциясымен тұлғаларға ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі.

Жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Емдеу уақытында емшекпен емізуді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Триметазидин клиникалық зерттеулерде организмге гемодинамикалық әсер етпеген. Дегенмен бас айналу және ұйқышылдық жағдайлары постмаркетингті зерттеулерде байқалды, олар автомобильді жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін.

Артық дозалануы

Артық дозалану белгілері сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған. 3 пішінді қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25° С-ден аспайтын температурада ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы

Заңды мекенжайы және шағымдарды қабылдауға арналған мекенжайы:

220007, Минск қ., Фабрициус к., 30,

т./ф.: (+375 17) 220 37 16,

e-mail: medic@belmedpreparaty.com.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ЦентрАзияФарм» ЖШС, 050030, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,

Красногвардейский тас жолы, 258 В.

тел. 727 290 27 80, 727 385 04 00,

e-mail: register@capharm.kz

 

Прикрепленные файлы

338081081477977013_ru.doc 59 кб
056320821477978191_kz.doc 79 кб
19_03_1600_p.pdf 0.27 кб
19_03_1600_s.pdf 0.47 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ