Трикортин
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Трикортин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
12 мг + 1 мг/2 мл бұлшықет ішіне иньекцияға арналған ерітінді
Құрамы
белсенді зат - 12.0 мг шошқаның бас миы қыртысының фосфолипидтері,
1000.0 мкг цианокобаламин,
қосымша заттар: лидокаин гидрохлориді, динатрий гидрофосфаты додекагидраты, натрий дигидрофосфат дигидраты, п-гидроксибензой қышқылының эфирі, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар қызыл түсті сәл бозаңданған ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Психостимуляторлар және басқа да ноотроптар.
АТЖ КОДы N06BX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Екі рет таңбаланған парентеральды енгізілген фосфолипидтердің метаболикалық үлесі мен тұрақтылығы мида табылған жалпы радиоактивтілікті бағалау тұрғысынан және 3H/14C қатынасы тенденциясы жасушалық деңгейде зерттелді. Зерттеулер бұл молекулалардың қан деңгейіндегі тұрақтылығын және жалпы алғанда миға жететіндігін көрсетеді.
Фармакодинамикасы
Шошқаның бас миынан алынған фосфолипидтерді парентеральды енгізу нейрон мембраналық ферменттерінің қалыпты қызметі үшін зат алмасуды белсенділендіруге, нейротрансмиттерлер айналымын, глюкоза мен эндогенді фосфолипидтердің метаболизмін арттыруға қабілетті. Цианокобаламин жүйке жасушалары метаболизмінде арнайы көбейткіш ретінде жүреді.
Қолданылуы
- бас миы мен жұлынның жарақаттық зақымдануларында
- невритте, полиневритте, соның ішінде уытты және алкогольдік
Қолдану тәсілі және дозалары
Дәрігердің тағайындауы бойынша 2 мл-ден тәулігіне бір рет бұлшықет ішіне енгізіледі.
Емделу курсы: 15-20 күн
Жағымсыз әсерлері
Осы препаратқа қатысты қандай да болмасын жағымсыз әсерлері туралы хабарланған жоқ.
- асқын сезімталдық реакциялары болуы мүмкін.
Артық дозаланғанда
Артық дозалануы белгілері туралы хабарланған жоқ.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың құрамдастарына және химиялық құрылымы ұқсас басқа заттарға жоғары сезімталдықта
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа препараттармен өзара әрекеттестігі туралы мәліметтер жоқ. Трикортиннің басқа препараттармен үйлеспеуі жағдайлары белгісіз.
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінда қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы мәліметтер жоқ, жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автомобильді және жұмыс механизмдерін басқару қабілетіне әсер етпейді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
I типті қызғылт сары шыныдан жасалған, сындыру нүктесі бар ампулаларға 2 мл-ден.
Поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 ампуладан.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °C-ден аспайтын температурада (мұздатып қатыруға болмайды).
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Фидиа фармацеутиси Эс.Пи.Эй
35031, Абано Терме, Виа Понте делла Фаббрика, 3/А, Италия
Тіркеу куәлігінің иесі
Фидиа фармацеутиси Эс.Пи.Эй
35031, Абано Терме, Виа Понте делла Фаббрика, 3/А, Италия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Raifarm» ЖШС (Райфарм)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, Астана қ., Сарыарқа к-сі, 15/1, 802-кеңсе.
Телефон нөмірі: 8-(717-2) 67-82-36.
Факс нөмірі: 8-(717-2) 67-82-35
Электрондық пошта: katya.tulebaeva@raifarm.com