Тревия
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Тревия
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ситаглиптин
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 25 мг, 50 мг немесе 100 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат- 30.76 мг, 61.52 мг, 123.04 мг ситаглиптин фосфат моногидраты ( 25 мг, 50 мг, 100 мг ситаглиптинге баламалы )
қосымша заттар: кальций гидрофосфаты (сусыз), микрокристалды целлюлоза (Авицел РН-102), натрий кроскармеллозасы, гипромеллоза (Pharmacoat 606), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), магний стеараты, натрий стеарилфумараты,
үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), макрогол, Instacoat қоңыр (темірдің сары тотығы (Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е 172)), тазартылған тальк, тазартылған су.
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, екі жағы да тегіс, қалыңдығы 2.3-тен 3.3 мм – ге дейін, диаметрі 6.30 – дан 6.70 мм –ге дейінгі қызыл-сары-шабдалы түсті, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар ( 25 мг доза үшін).
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, екі жағы да тегіс, қалыңдығы 3.1 - ден 4.1 мм–ге дейін, диаметрі 7.80 -нен 8.20 мм–ге дейінгі қызыл-сары-шабдалы түсті, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (50 мг доза үшін).
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында сызығы бар және екінші жағы тегіс, қалыңдығы 4.3 -тен 5.3 мм–ге дейін, диаметрі 9.90 -нан 10.30 мм–ге дейінгі қызыл-сары-шабдалы түсті, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (100 мг доза үшін).
Фармакотерапиялық тобы
Қант диабетін емдеуге арналған дәрілер. Ішу арқылы қабылданатын қантты төмендететін препараттар. Дипептидилпептидаза 4 (DPP-4) тежегіштері. Ситаглиптин
АТХ коды А10ВН01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
100 мг ситаглиптинді ішу арқылы қабылдағаннан кейін ең жоғарғы концентрациясына (Cmax) қабылдаған сәттен бастап 1 ден 4 сағатқа дейінгі аралықта жетеді. "Концентрация – уақыт" қисығы астындағы ауданы (AUC) дозаға байланысты пропорциональді ұлғаяды, және 100 мг ішке қабылдағанда, 8,52 мкмоль·сағ құрайды, Cmax 950 нмоль құрайды. Ситаглиптиннің плазмадағы AUC бірінші дозасын қабылдағаннан кейінгі тепе-тең күйге жету арқылы препараттың келесі 100 мг дозасын қабылдағаннан кейін шамамен 14% ұлғайды. Сіңуі Ситаглиптиннің абсолютті биожетімділігі шамамен 87% құрайды. Таралуы
Ситаглиптиннің 100 мг бір реттік дозасынан кейінгі тепе-теңдік жағдайдағы орташа таралу көлемі шамамен 198 л құрайды. Плазмалық ақуыздармен байланысатын ситаглиптин фракциясы салыстырмалы түрде төмен және 38% құрайды.
Метаболизмі
Ситаглиптиннің шамамен 79%-ға жуығы несеппен өзгермеген күйде шығарылады. Организмге келіп түскен препараттың аздаған бөлігі ғана метаболизденеді. Препараттың шамамен 16%-ы оның метаболиттері түрінде шығарылады. ДПП-4-тежейтін белсенділігі жоқ болуы ықтимал ситаглиптиннің алты метаболитінің іздері табылды. Ситаглиптиннің шектеулі метаболизміне қатысатын алғашқы ферменті, CYP2C8 қатысуымен CYP3A4 болып табылатыны анықталды.
Шығарылуы
Ситаглиптинді ішке қабылдағаннан кейін шамамен 13%-ы ішек арқылы, 87%-ы бүйрекпен – препаратты қабылдағаннан кейінгі бір апта ішінде шығарылады.
Ситаглиптиннің орташа жартылай шығарылу кезеңі ішу арқылы 100 мг қабылдағанда шамамен 12,4 сағатты құрайды; бүйректік клиренсі шамамен 350 мл/мин құрайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер
Бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл дәрежесінде (креатинин клиренсі 50-80 мл/мин), ішке бір рет қабылдағанда ситаглиптиннің фармакокинетикасы өзгермейді. Бүйрек жеткіліксіздігінің орташа дәрежесінде (креатинин клиренсі 30-50 мл/мин.) ситаглиптиннің клиренсі төмендейді, бұл фармакококинетикалық қисық астындағы ауданының (AUC) шамамен 2 есеге ұлғаюына алып келеді. Бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесіндегі (креатинин клиренсі 30 мл/минуттан төмен) емделушілерде, сондай-ақ бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы емделушілерде AUC шамамен 4 есеге ұлғаяды. Сондықтан орта және ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде қан плазмасындағы препараттың емдік концентрациясына жету үшін дозасын түзету талап етіледі.
Ситаглиптин гемодиализдің көмегімен жүйелі қан ағымынан әлсіз дәрежеде (диализдің 3-4 сағаттық сеансы ішінде дозаның 13.5%-ы) шығарылады.
Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер
Орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7-9 балл) ситаглиптиннің орташа AUC және Cmax 100 мг бір дүркін қабылдағанда тиісінше шамамен 21%-ға және 13%-ға артады. Сондықтан жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігінде препарат дозасын түзету талап етілмейді.
Ситаглиптиннің ауыр сипатты бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 9 баллдан жоғары) қолданылуы жөнінде клиникалық деректер жоқ. Алайда Тревияның бастапқыда бүйрек арқылы шығарылуы салдарынан, ауыр сипатты бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде ситаглиптин фармакокинетикасының елеулі өзгерістерін күту қажет емес.
Егде жастағылар
Жасына байланысты дозаны іріктеудің қажеті жоқ.
Балалар
Тревияның балаларда қолданылуына зерттеулер жүргізілмеген.
Жынысы, нәсілі, дене салмағының индексі
Жынысы, нәсілі және дене салмағының индексіне байланысты дозаны таңдаудың қажеттілігі жоқ.
2 типті қант диабеті
Ситаглиптиннің фармакокинетикасы тұтастай алғанда дені сау адамдар мен 2 типті қант диабеті бар емделушілерде бірдей.
Фармакодинамикасы
Тревия дипептидилпептидаза 4 (ДПП-4) тежегіштері деп аталатын, ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық препараттар класының өкілі болып табылады, олар 2 типті қант диабеті бар емделушілерде инкретиндер тұқымдастығы белсенді гормондары деңгейін жоғарылату арқылы гликемияның бақылануын жақсартады. Инкретиндер тұқымдастығы, оның ішінде глюкагон тәріздес пептид-1 (ГТП-1) және глюкозаға тәуелді инсулинтропты пептид (ГИП) гормондары тәулік бойы ішектен бөлінеді, олардың деңгейі тамақтануға жауап ретінде жоғарылайды. Инкретиндер глюкоза гомеостазын реттейтін ішкі физиологиялық жүйенің бөлігі болып саналады. Қандағы глюкозаның қалыпты немесе жоғары деңгейінде инкретиндер тұқымдастығына жататын гормондар инсулин синтезінің, сондай-ақ оның циклдық АМФ-пен (аденозинмонофосфат) астасқан дабылдық жасушаішілік механизмдері есебінен ұйқы безінің бета-жасушаларымен секрециясының артуына ықпал етеді.
ГТП-1 ұйқы безінің альфа-жасушалары арқылы глюкагонның жоғары секрециясының бәсеңдеуіне де ықпал етеді. Инсулин деңгейінің жоғарылауы аясында глюкагон концентрациясының төмендеуі бауырмен глюкозаның аз өндірілуіне ықпал етеді, нәтижесінде бұл гликемияның азаюына алып келеді.
Қан глюкозасының төмен концентрациясында инсулиннің лықсып шығуына инкретиннің жоғарыда аталған әсерлері және глюкагон секрециясының азаюы байқалмайды. ГТП-1 гипогликемияға жауап ретінде глюкагонның лықсып шығуына әсер етпейді. Физиологиялық жағдайларда инкретиндердің белсенділігі ДПП-4 ферментімен шектеледі, ол белсенді емес өнімдер түзе отырып, инкретиндерді жылдам гидролиздейді.
Тревия ДПП-4 ферменті арқылы инкретиндердің гидролизіне жол бермейді, сонысымен ГТП-1 және ГИП белсенді түрлерінің плазмалық концентрацияларын арттырады. Инкретиндердің деңгейін көтере отырып, Тревия глюкозаға тәуелді инсулиннің лықсып шығуын ұлғайтады және глюкагон секрециясының азаюына ықпал етеді. Гипергликемиямен 2 типті қант диабеті бар емделушілерде инсулин мен глюкагон секрециясының бұл өзгерістері гликозилденген НbА1С гемоглобині деңгейінің төмендеуіне және аш қарынға және жүктемелік сынамадан соң анықталатын глюкозаның плазмалық концентрациясының азаюына әкеледі.
2 типті қант диабеті бар емделушілерде Тревия препаратының бір дозасын қабылдау 24 сағат ішінде ДПП-4 ферменті белсенділігінің тежелуіне әкеледі, бұл айналымдағы ГТП-1 және ГИП инкретиндері деңгейінің 2-3 есе жоғарылауына, инсулин мен С-пептидтің плазмалық концентрацияларының арта түсуіне, қан плазмасындағы глюкагон концентрациясының кемуіне, аш қарында гликемияның азаюына, сондай-ақ глюкозамен немесе тағамдық жүктемеден кейін гликемияның төмендеуіне әкеледі.
Қолданылуы
Монотерапия
- 2 типті қант диабеті бар емделушілерде гликемияны бақылауды жақсарту үшін емдәмге және дене жүктемелеріне қосымша ретінде
Метформинмен біріктірілген ем
-
егер монотерапия емдәммен және дене жүктемелерімен бірге
гликемияның талапқа сай бақылануын қамтамасыз етпесе, метформинмен біріктірілімде 2 типті қант диабеті бар емделушілерде гликемияны бақылауды жақсарту үшін бастапқы ем жүргізуде
Сульфонилмочевинамен біріктірілген ем
-
егер монотерапия емдәммен және дене жүктемелерімен бірге
гликемияның талапқа сай бақылануын қамтамасыз етпесе, сульфонилмочевинамен біріктірілімде 2 типті қант диабеті бар емделушілерде гликемияны бақылауды жақсарту үшін бастапқы ем жүргізуде
PPARγ агонистімен (тиазолидиндиондермен) біріктірілген ем
- егер монотерапия емдәммен және дене жүктемелерімен бірге
гликемияның талапқа сай бақылануын қамтамасыз етпесе, PPARγ агонистімен біріктірілімде 2 типті қант диабеті бар емделушілерде гликемияны бақылауды жақсарту үшін бастапқы ем жүргізуде
Метформинмен және сульфонилмочевинамен біріктірілген ем
- егер монотерапия емдәммен және дене жүктемелерімен бірге
гликемияның талапқа сай бақылануын қамтамасыз етпесе, метформинмен және сульфонилмочевинамен біріктірілімде 2 типті қант диабеті бар емделушілерде гликемияның бақылануын жақсарту үшін
Метформинмен және PPARγ агонистімен біріктірілген ем
- егер емдәммен және дене жүктемелерімен бірге қосарлы емдеу гликемияның талапқа сай бақылануын қамтамасыз етпесе, метформинмен және PPARγ агонистімен біріктірілімде 2 типті қант диабеті бар емделушілерде гликемияның бақылануын жақсарту үшін
Инсулинмен біріктірілген ем
- инсулинмен (метформинмен немесе онсыз) біріктірілімде 2 типті қант диабеті бар емделушілерде гликемияны бақылауды жақсарту үшін, емдәмге және дене жүктемелеріне қосымша ретінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Тревияны тамақтануға байланыссыз қабылдауға болады.
Емдеуші дәрігердің бақылауымен бастапқы ұсынылатын доза – 25 мг. Тревия препаратының демеуші дозасы монотерапия ретінде немесе метформинмен, сульфонилмочевинамен, инсулинмен (метформинмен немесе онсыз), PPARγ агонистімен (тиазолидиндиондар), метформин және сульфонилмочевинамен немесе метформин және PPARγ агонистімен біріктірілімде, тәулігіне бір рет 100 мг құрайды.
Тревия препаратын сульфонилмочевина немесе инсулинмен біріктіріп қолданғанда сульфонилмочевина препараты немесе инсулиннен туындайтын гипогликемия қаупін төмендету үшін сульфонилмочевина препараты немесе инсулиннің барынша төмен дозасын қолдану қарастырылуы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер
Бүйрек жеткіліксіздігі жеңіл емделушілерде (креатинин клиренсі ≥50 мл/мин, шамамен плазма креатининінің ерлердегі ≤1,7 мг/дл, әйелдердегі ≤1,5 мг/дл деңгейіне сәйкес) Тревия препаратының дозалануына түзету талап етілмейді.
Бүйрек жеткіліксіздігі орташа емделушілер үшін (креатинин клиренсі ≥30 мл/мин, бірақ <50 мл/мин, шамамен плазма креатининінің >1,7 мг/дл, бірақ ерлердегі ≤3 мг/дл деңгейіне сәйкес, >1,5 мг/дл, бірақ әйелдердегі ≤2,5 мг/дл деңгейіне сәйкес) Тревия препаратының дозасы тәулігіне бір рет 50 мг құрайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр (креатинин клиренсі <30 мл/мин, шамамен плазма креатининінің ерлердегі >3 мг/дл, әйелдердегі >2,5 мг/дл деңгейіне сәйкес), сондай-ақ гемодиализді немесе перитонеальді диализді қажет ететін бүйрек патологиясының терминалды сатысындағы емделушілер үшін Тревия препаратының дозасы тәулігіне бір рет 25 мг құрайды. Тревия препаратын диализ уақытына байланыссыз қолдануға болады.
Бүйрек қызметін Тревия препаратын қабылдауды бастағанға дейін бағалау және содан кейін мезгіл-мезгіл осылай бағалап отыру ұсынылады.
Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге
Жеңіл және орташа бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде Тревия препаратының дозалануын түзету қажет емес. Препарат ауыр сипатты бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде зерттелген жоқ.
Жағымсыз әсерлері
Тревия препаратымен монотерапия кезінде
Сирек
- диарея
- гипогликемия
- іштің ауыруы
- жүрек айнуы
Өте сирек
- құсу
Метформинмен біріктірілімде
Сирек
- диарея
- диспепсия, метеоризм
- құсу
- бас ауыруы
- гипогликемия
Сульфонилмочевинамен біріктірілімде
Жиі
- гипогликемия
PPARγ агонистерімен біріктірілімде
Сирек
- қанда глюкоза деңгейінің симптомсыз төмендеуі
Өте сирек
- симптоматикалық гипогликемия
PPAR агонистімен және метформинмен біріктірілімде
Сирек
- бас ауыруы
- диарея
- жүрек айнуы, құсу
- гипогликемия
- бас ауыруы
- гипогликемия
- жоғары тыныс алу жолдарының жұқпасы
- жүрек айнуы, құсу
- жөтел
- терінің зеңдік жұқпасы
- шеткергі ісінулер
Инсулинмен біріктірілімде (метформинмен немесе онсыз)
Жиі
- гипогликемия
Сирек
- тұмау
- бас ауыруы
Жиілігі анықталмаған
-анафилаксия, ангионевротикалық ісіну, бөртпе, есекжем, тері васкулиті және терінің эксфолиативті жағдайы, Стивенс-Джонсон синдромын қоса.
- өлімге апаратын және апармайтын геморрагиялықты қоса, жедел панкреатит немесе панкреонекроз
- бүйрек қызметінің нашарлауы, оның ішінде жедел бүйрек жеткіліксіздігі (кейде диализ қажет болатын)
- жоғары тыныс алу жолдарының жұқпасы
-назофарингит
- іш қатуы
- құсу
- бас ауыруы
- артралгия, миалгия, аяқ-қолдың ауыруы, арқаның ауыруы
Зертханалық талдаулар нәтижесі
- лейкоцитоз, нейтрофилдер санының жоғарылауымен байланысты
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттерінің қандай да біріне жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
- 1 типті қант диабеті (инсулинге тәуелді)
- диабеттік кетоацидоз
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдерге (клиникалық деректердің болмауына байланысты)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі бойынша зерттеулерде ситаглиптин келесі препараттардың: метформиннің, росиглитазонның, глибенкламидтің, симвастатиннің, варфариннің, ішуге арналған контрацептивтердің фармакокинетикасына клиникалық елеулі әсер еткен жоқ.
Ситаглиптинді дигоксинмен бірге қолданған кезде AUC 11%-ға жеңіл артқаны, сондай-ақ орташа Сmax 18%-ға артқаны байқалды. Бұл ұлғаю клиникалық маңызды болып саналмайды, сондықтан да оларды бірге қолданғанда дигоксин мен Тревияның дозасын түзету талап етілмейді.
Тревия препаратының ішу арқылы бір реттік 100 мг дозасын және циклоспориннің ішу арқылы бір реттік 600 мг дозасын, р-гликопротеиннің қуатты тежегішін бірге қолданған емделушілерде ситаглиптиннің AUC және Сmax тиісінше 29% және 68%-ға артқаны байқалды. Ситаглиптиннің фармакокинетикалық сипаттамаларының байқалған өзгерістері клиникалық маңызды болып саналмайды және циклоспоринмен әрі р-гликопротеиннің басқа да тежегіштерімен (мысалы, кетоконазол) бірге қолданғанда Тревия дозасына түзету қажет емес.
Метформиннің көп реттік дозаларын аптасына екі реттен Тревиямен бірге қолдану, 2 типті қант диабеті бар емделушілерде ситаглиптиннің фармакокинетикасына елеулі әсер етпеген.
2 типті диабеті бар емделушілер популяциясында фармакокинетикасына зерттеулер жүргізілген. Бір мезгілде қолданылған дәрілік препараттар ситаглиптиннің фармакокинетикасына айтарлықтай клиникалық әсер етпеген. 2 типті диабеті бар емделушілер жиі қабылдайтын дәрілік препараттар, оның ішінде холестерин деңгейін төмендететін дәрілер (мысалы, статиндер, фибраттар, эзетимибтер), тромбозға қарсы препараттар (мысалы, клопидогрель), гипотензивті дәрілер (мысалы, АКФ тежегіштері, ангиотензин рецепторының блокаторлары, бета-блокаторлар, кальций өзектерінің блокаторлары, гидрохлоротиазид), ауырғанды басатын препараттар және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (мысалы, напроксен, диклофенак, целекоксиб), антидепрессанттар (мысалы, бупропион, флуоксетин, сертралин), антигистаминдер (мысалы, цетиризин), протонды помпа тежегіштері (мысалы, омепразол, ланзопразол) және эректилдік қызметтің бұзылуы кезінде тағайындалатын дәрілік препараттар (мысалы , силденафил) зерттелген.
Айрықша нұсқаулар
Тревияны 1 типті диабеті бар емделушілерге немесе диабеттік кетоацидозды емдеуге қолданбаған жөн.
Панкреатит
Тіркелгеннен кейінгі кезеңде ситаглиптин қабылдаған емделушілерде жедел панкреатиттің дамығаны белгіленген. Панкреатитке күдіктенген кезде Тревияны қолдануды тоқтату керек.
Сульфонилмочевина препаратымен немесе инсулинмен біріктірілімдегі гипогликемия
Сульфонилмочевина туындылары гипогликемияны шақырады, сондықтан ситаглиптинді сульфонилмочевина туындыларымен біріктіріп қолданған жағдайда, абай болу керек.
Сульфонилмочевина туындыларының дозасын төмендету мүмкіндігін қарастыруға болады.
Жүктілік және лактация
Жүкті әйелдерде және бала емізу кезеңінде тиісінше бақыланған талапқа сай зерттеулер жүргізілмеген. Сондықтан Тревия препаратын жүкті және бала емізетін әйелдерде қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған. Басқа да ұқсас гипогликемиялық дәрілер сияқты Тревияны жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Балаларда қолданылуы
Тревияны 18 жасқа дейінгі балаларға қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Егде жастағы емделушілерде қолданылуы
Дозасын өзгерту қажет емес.
Дәрілік препараттың автокөлікті немесе қозғалыстағы механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Тревия препаратымен емдеу аясында жағымсыз әсерлерінің даму мүмкіндігін ескере отырып, автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу кезінде айрықша сақтық таныту керек.
Артық дозалануы
Адамда 800 мг асатын дозада қолданудың тәжірибесі жоқ.
Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.
Емі: симптоматикалық: асқазанды шаю, адсорбенттер қабылдау, көктамыр ішіне сұйықтықтар енгізу, гликемиялық бейінін бақылау және қалыпқа келтіру
Ситаглиптин әлсіз диализденеді, бірақ клиникалық қажеттілік жағдайында ұзартылған диализді тағайындауға болады (3-4 сағат ішінде 13,5%-ы шығарылады).
Шығарылу түрі және қаптамасы
7 таблеткадан лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 15 °C –ден 30 °C –ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Гетц Фарма (Пвт.) Лимитед, Пәкістан,
29-30/27, К.И.А. , Карачи – 74900.
Тел: +(92-21) 111 111 511
Факс: +(92-21) 350 5792
www.getzpharma.com
Тіркеу куәлігінің иесі
Гетц Фарма (Пвт.) Лимитед, Пәкістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Қазақстан Республикасындағы Гетц Фарма (Пвт.) Лимитед компаниясының өкілдігі.
050008 Алматы қ, Шевченко к-сі, 148 үй
тел: +7(727)378-51-89, 378-54-78
электронды поштасы: Maria.Rizvi@getzpharma.com