Трастузумаб (440 мг, Карагандинский фармацевтический комплекс)

МНН: Трастузумаб
Производитель: ТОО "Карагандинский фармацевтический завод"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Trastuzumab
Номер регистрации в РК: № РК-БП-5№023665
Информация о регистрации в РК: 21.05.2018 - 21.05.2023
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)

Инструкция

Саудалық атауы

Трастузумаб

Халықаралық патенттелмеген атауы

Трастузумаб

Дәрілік түрі

Инфузияға ерітінді дайындау үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизат, 440 мг, еріткішпен – инъекцияға арналған бактериостатикалық сумен жиынтықта

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат - трастузумаб 440,0 мг,

қосымша заттар: гистидин гидрохлориді моногидраты, гистидин, трегалоза дигидраты, полисорбат-20.

Трастузумаб препаратына арналған еріткіш - инъекцияға арналған бактериостатикалық су (440 мг дозада препаратпен жиынтықта ұсынылады), 1 мл құрамы: бензил спирті 11,0 мг, инъекцияға арналған су 1,0 мл дейін.

Сипаттамасы

Ақтан ашық-сары түске дейінгі лиофилизат.

Қалпына келтірілген ерітінді: түссізден ашық-сары түске дейінгі мөлдір немесе cәл бозаңданатын сұйықтық.

Трастузумаб препаратына арналған еріткіш (инъекцияға арналған бактериостатикалық су) — мөлдір түссіз немесе аздаған сарғыш реңді сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар және иммуномодуляторлар. Ісікке қарсы препараттар. Ісікке қарсы басқа препараттар. Моноклональді антиденелер. Трастузумаб.

АТХ коды L01XC03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Алғашқы инфузияда трастузумабты дене салмағының әр кг шаққанда 4 мг дозада, және кейінгілерінде дене салмағының әр кг шаққанда 2 мг дозада аптасына 1 рет енгізгенде трастузумабтың клиренсі тәулігіне 0,23-0,24 л құрайды, таралу көлемі – орта есеппен 3,02 л; жартылай шығарылуының ақырғы кезеңі – 3 аптаға жуық. Препаратпен емдеуді тоқтатқаннан кейін трастузумаб элиминациясы үшін осындай уақыт кезеңі қажет болады.

Егде жастағы пациенттерде немесе бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда арнайы фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілген жоқ.

Фармакодинамикасы

Трастузумаб – ісікке қарсы дәрі, адамның 2 эпидермальді өсу факторы рецепторының (HER2) жасушадан тыс доменімен іріктеп өзара әрекеттесетін, қытай атжалманы аналық без жасушаларынан алынған рекомбинантты ДНҚ-туынды гуманизацияланған моноклональді антидене болып табылады. Антиденелер адамда аумақтардан (ауыр тізбектің константалы аймақтары) тұратын IgG1 қосымша класына жатады және тышқандағы HER2 геніне р185 HER2 антидене аймақтарының комплементарлығын анықтайды. HER2 протоонкоген, немесе c-erB2, молекулалық массасы 185 кДа болатын жалғыз трансжарғақшалық рецепторға ұқсас ақуызды кодтайды, ол эпидермальді өсу факторының рецепторына құрылымы жағынан ұқсас. HER2 гиперэкспрессия науқастардың 25-30%-да сүт безінің алғашқы обырының тіндерінен табылады. HER2 генінің амплификациясы салдары осы ісік жасушаларының бетінде HER2 ақуыз экспрессиясының күшеюі болып табылады, ол HER2 рецепторының тұрақты белсенділенуіне әкеледі.

Трастузумаб in vivo және in vitro HER2 гиперэкспрессиясы бар адамдардың ісік жасушаларының пролиферациясын бөгейді. Трастузумабтың іn vitro антиденеге тәуелді жасушалық цитоуыттылығы көбіне HER2 гиперэкспрессиясы бар ісік жасушаларына бағытталған.

Иммуногенділігі

Трастузумабқа антиденелер препаратты монотерапия түрінде немесе химиятерапиямен біріктіріп қабылдаған, СБО бар 903 пациенттің біреуінен табылды, сонымен қатар трастузумабқа аллергия құбылыстары онда жоқ болды.

Асқазан обырын емдеу үшін трастузумабты қолданғандағы иммуногенділігі жөнінде деректер жоқ.

Қолданылуы

Сүт безінің обыры

Ісіктік HER2 гиперэкспрессиясы бар метастаздық сүт безінің обыры:

- монотерапия түрінде, негізгі ауру себебімен химиятерапияның бір немесе одан көп курсынан кейін. Химиятерапияның алдыңғы курстарына мұндай ем көрсетілімді емес жағдайларды қоспағанда антрациклиндер мен таксандар кіруі тиіс. Трастузумаб мұндай ем көрсетілімді емес жағдайларды қоспағанда гормональді рецепторлары оң пациенттерде сәтсіз гормональді емнен кейін қолданылады.

- негізгі ауру себебімен бұрын химиятерапия алмаған пациенттерді, сондай-ақ антрациклиндермен ем көрсетілімде емес пациенттерді емдеу үшін паклитакселмен біріктірілімде

- негізгі ауру себебімен бұрын химиятерапия алмаған пациенттерді емдеу үшін доцетакселмен біріктірілімде

- бұрын трастузумабмен емделмеген постменопаузадағы әйелдерде оң гормональді рецепторлар (эстрогенді және/немесе прогестеронді) кезінде ароматаза тежегіштерімен біріктірілімде

Ісіктік HER2 гиперэкспрессиясы бар сүт безі обырының ерте сатылары:

- хирургиялық операциядан, химиятерапиядан (неоадъювантты немесе адъювантты) және сәулемен емдеуден (егер қолданылса) кейін;

- доцетакселмен немесе паклитакселмен біріктірілімде доксорубицин және циклофосфамид пайдаланумен адъювантты химиятерапиядан кейін;

- доцетакселмен немесе карбоплатинмен біріктірілімде адъювантты химиятерапия құрамында;

- артынан жергілікті таралған (қабынған түрін қоса) сүт безі обыры үшін Трастузумабпен адъювантты монотерапия жүретін неоадъювантты химиятерапия құрамында немесе ісік көлемі диаметрі бойынша 2 см-ден асып кеткен жағдайларда.

Трастузумабты метастаздық немесе ісіктік HER2 гиперэкспрессиясы бар сүт безі обырының ерте сатылары немесе валидацияланған диагностика тәсілдерімен расталған HER2 ген амплификациясы бар пациенттерге ғана тағайындау керек.

Таралған асқазан обыры HER2 ісік гиперэкспрессиясымен:

- негізгі ауру себебімен бұрын ісікке қарсы ем алмаған асқазан немесе гастроэзофагеальді жалғамның таралған обыры бар пациенттерді емдеу үшін капецитабинмен немесе 5-фторурацилмен және платина препараттарымен біріктірілімде. Ісіктік HER2 гиперэкспрессиясы иммуногистохимиялық зерттеу ИГХ 2+ нәтижелері және FISH оң нәтижесі немесе иммуногистохимиялық зерттеу ИГХ 3+ нәтижелері негізінде анықталуы тиіс.

Қолдану тәсілі және дозалары

Трастузумаб препаратымен емді бастағанға дейін ісіктік HER2 гиперэкспрессиясын тестілеу міндетті болып табылады.

Препаратты тағайындау және енгізу білікті және тәжірибелі толық көлемде реанимациялық шаралар жүргізу үшін қажетті жағдайлар болған кезде химиотерапевт дәрігердің қадағалауымен жүргізілуі тиіс.

Препаратты медицина қызметкерлері енгізуі тиіс, пациентті қалтырау және қызба сияқты инфузиялық асқынулардың туындауына қатысты қадағалайды. Бұл симптомдарды басу үшін инфузияны тоқтата тұруға болады. Симптомтардың жойылуына қарай инфузияны жаңартуға болады.

Инфузияға ерітінді дайындау үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизат дәрілік түріндегі Трастузумабты тек вена ішіне тамшылатып енгізеді! Препаратты вена ішіне сорғалатып немесе болюсті енгізуге болмайды! 

Назар аударыңыз!

Трастузумаб ақуыз агрегациясы мүмкіндігіне байланысты 5% декстроза ерітіндісімен үйлеспейді.

Трастузумабты басқа дәрілік препараттармен араластыруға немесе бірге сұйылтуға болмайды.

Трастузумаб ерітіндісі поливинилхлоридтен, полиэтиленнен және полипропиленнен дайындалған инфузиялық пакеттермен үйлесімді.

Стандартты дозалау режимі

Трастузумаб препаратын әрбір енгізу кезінде қалтырау, қызба және басқа да инфузиялық реакциялардың пайда болуына (алғашқы инфузия басталғаннан кейін 6 сағат ішінде және келесі инфузиялар басталғаннан кейін 2 сағат ішінде) қатысты пациентті мұқият қадағалау қажет. Шұғыл көмек көрсетуге арналған жинақ қолжетімді болуы тиіс, ал инфузияны анафилаксияны емдеуде тәжірибелі медицина маманы жүргізуі тиіс.

Инфузиялық реакциялар пайда болғанда инфузияны тоқтатады. Инфузиялық реакциялардың NCI-CTC (АҚШ-тағы Ұлттық обыр институты жалпы уыттылық критерийлері) сәйкес ауырлықтың жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдары жоғалғаннан кейін инфузияны жаңартуға болады. Өмірге қауіп төндіретін ауыр инфузиялық реакциялар дамыған жағдайда Трастузумаб препаратымен әрі қарайғы емді тоқтату туралы мәселені қарастыру керек.

Метастаздық сүт безінің обыры

Күнделікті енгізу

Жүктеме доза: вена ішіне тамшылатып 90 минуттық инфузия түрінде дене салмағының 4 мг/кг.

Демеуші доза: аптасына бір рет дене салмағының 2 мг/кг. Демеуші доза жүктеме дозадан кейін 1 аптадан соң енгізіледі.

Баламалы енгізу – 3 аптадан соң

Жүктеме доза: дене салмағының 8 мг/кг.

Демеуші доза: жүктеме дозаны енгізгеннен кейін бастап, 3 аптада бір рет аралықпен дене салмағының 6 мг/кг.

Паклитакселмен немесе доцетакселмен біріктірілімде қолдану

Паклитакселді немесе доцетакселді Трастузумаб препаратын (доза бойынша ұсынымдарды Трастузумабтың тиісті медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтарынан қараңыз) енгізгеннен кейін келесі күні немесе алдыңғы енгізу кезінде Трастузумаб препараты жаққан болса Трастузумаб препаратын енгізгеннен кейін бірден енгізуге болады.

Ароматаза тежегішімен біріктірілімде қолдану

Трастузумаб пен анастрозолды емнің бірінші күнінен бастап бірге қолданудағы шектеулерсіз тағайындайды (доза бойынша ұсынымдарды анастрозолдың немесе басқа ароматаза тежегіштерінің тиісті медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтарынан қараңыз).

Сүт безі обырының ерте кезеңдері

Күнделікті енгізу сызбасы

Күнделікті енгізгенде Трастузумаб дене салмағының 4 мг/кг жүктеме дозасында енгізіледі, әрі қарай демеуші дозада аптасын бір рет дене салмағының 2 мг/кг. Демеуші доза жүктеме дозадан 1 аптадан соң енгізіледі.

Үш апталық сызба

3 аптадан кейін енгізген кездегі жүктеме доза: дене салмағының 8 мг/кг.

Демеуші доза: әр үш апта сайын дене салмағының 6 мг/кг. Демеуші доза жүктеме дозадан 3 аптадан соң енгізіледі.

Таралған асқазан обыры

3 апталық енгізу сызбасы

Жүктеме доза: дене салмағының 8 мг/кг.

Демеуші доза: әрбір 3 апта сайын дене салмағының 6 мг/кг. Демеуші доза жүктеме дозадан кейін 3 аптадан соң енгізіледі.

Емдеу ұзақтығы

СБО метастаздық және ерте сатылары және таралған асқазан обыры

Метастаздық СБО немесе таралған асқазан обыры бар пациенттерді трастузумабпен емдеу аурудың үдеуіне дейін жүргізіледі.

СБО ерте сатыларындағы пациенттерді емдеуді 1 жыл бойы немесе негізгі ауру үдегенге дейін, қайсысының ерте басталуына байланысты жалғастырады. СБЖО емдеуді 1 жылдан артыққа созу ұсынылмаған.

Жоспарлық енгізуді жіберіп алу

Егер Трастузумабтың жоспарлық енгізілуін жіберіп алу 7 күн немесе одан аз болса келесі жоспарлық енгізуді күтпей препаратты барынша тездетіп әдеттегі демеуші дозада (күнделікті сызба: дене салмағының 2 мг/кг; 3 апталық сызба: дене салмағының 6 мг/кг) енгізу керек. Келесі демеуші дозаларды сызбаға байланысты, тиісінше, 7 немесе 21 күндері енгізу керек. Егер препаратты енгізудегі үзіліс 7 күннен артық болса, Трастузумаб препаратының қайталанған жүктеме дозасын (күнделікті сызба: дене салмағының 4 мг/кг; үш апталық сызба: дене салмағының 8 мг/кг) барынша тездетіп енгізу қажет. Келесі демеуші дозаларды сызбаға байланысты, тиісінше, 7 немесе 21 күндері енгізу керек.

Дозалау режимін түзету

Трастузумаб дозасын төмендету ұсынылмаған. Химиятерапиядан туындаған қайтымды миелосупрессия пайда болған кезеңде Трастузумабпен емдеу курсы нейтропениямен шартталған асқынуларды мұқият бақылау жағдайында химиятерапия дозасын төмендеткеннен кейін немесе оны уақытша тоқтатқаннан кейін жалғастырылуы мүмкін. Цитостатиктер дозасын төмендету бойынша нұсқаулықты сақтау қажет.

Сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы (СҚЛФ) бастапқыдан ≥10 бірлікке төмендегенде және 50% мәннен төмен болғанда ем тоқтатылуы тиіс. СҚЛФ қайта бағалау шаммамен 3 аптадан соң жүргізілуі тиіс. СҚЛФ көрсеткішінің жақсаруы болмаған кезде немесе оның әрі қарай төмендеуінде немесе созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) симптомдары пайда болғанда тек нақты бір пациент үшін пайда қауіптерден басым болмаса Трастузумаб препаратымен емді тоқтату туралы мәселені қарастыру қажет. Барлық осы пациенттер тексерістен өту үшін кардиологқа жіберілуі және қадағалауда болуы тиіс.

Пациенттердің жекелеген топтары

Егде жастағы пациенттерде, сондай-ақ бүйрек және бауыр функциялары бұзылған пациенттерде препараттың фармакокинетикасына арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Популяциялық фармакокинетикалық талдау, жасқа және бүйрек функциясына байланысты, трастузумаб кинетикасында өзгерулердің жоқтығын көрсетті.

Балалар

Препаратты балаларға қолдану көрсетілмеген.

Ерітіндіні дайындау

Препаратты енгізуге дайындау асептикалық жағдайларда жүргізілуі тиіс.

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентратты дайындау жөніндегі нұсқаулық

440 мг Трастузумаб препараты бар құтының ішіндегісін бірге жеткізілетін, құрамында микробқа қарсы консервант ретінде 1,1% бензил спирті бар инъекцияға арналған 20 мл бактериостатикалық суға ерітеді. Нәтижесінде рН 6.0 болатын 1 мл-де 21 мг трастузумаб бар, көп рет пайдалануға жарайтын ерітінді концентраты алынады.

Еріткен кезде препаратпен абайлап жұмыс істеу керек. Еріткен кезде шамадан тыс көбіктенуіне жол бермеу керек, бұл препараттың қажетті дозасын құтыдан алуды қиындатуы мүмкін.

1. 440 мг Трастузумаб препараты бар құтыға инъекцияға арналған 20 мл бактериостатикалық суды стерильді шприцпен, сұйықтық ағынын тікелей лиофилизатқа бағыттап, баяу енгізу керек.

2. Еріту үшін құтыны айналдыра отырып, ақырын шайқау керек. Сілкілеуге болмайды!

Препарат еріген кезде көбінесе аздаған мөлшерде көбік түзіледі. Бұған жол бермеу үшін ерітіндіні 5 минутқа жуық қозғамай қоя тұру қажет. Дайындалған концентрат мөлдір және түссіз болуы немесе бозғылт-сары түсті болуы тиіс.

Инъекцияға арналған бактериостатикалық суда дайындалған Трастузумаб препараты ерітіндісінің концентратын еріткеннен кейін дереу пайдалану керек. Мұздатып қатыруға болмайды!

440 мг Трастузумаб препаратының еріткіші ретінде инъекцияға арналған стерильді суды (консервантсыз) пайдалануға жол беріледі. Басқа еріткіштерді қолданудан аулақ болу керек. Инъекцияға арналған суда (консервантсыз) дайындалған Трастузумаб препараты ерітіндісінің концентратын еріткеннен кейін дереу пайдалану керек. Мұздатып қатыруға болмайды!

Инфузияға ерітіндіні дайындау жөніндегі нұсқаулық

Ертіндінің көлемін анықтау:

  • дене салмағына шаққанда 4 мг/кг тең трастузумабтың жүктеме дозасы, немесе 2 мг/кг тең демеуші дозасы келесі формула бойынша анықталады:

Көлем (мл)

  • дене салмағына шаққанда 8 мг/кг тең трастузумабтың жүктеме дозасын, немесе әр 3 апта сайын 6 мг/кг тең демеуші дозасын енгізу үшін қажеттісі келесі формула бойынша анықталады:

Дайындалған концентраты бар құтыдан тиісті көлемді құйып алу және оны 250 мл 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісі бар инфузиялық пакетке енгізген жөн. Содан кейін инфузиялық пакетті, көбіктің түзілуіне жол бермей, ерітіндіні араластыру үшін ақырын төңкеру керек. Енгізер алдында ерітіндіде механикалық қоспалардың жоқтығын және түсінің өзгермегенін (көзбен) тексеру керек. Инфузияға арналған ерітіндіні дайындап болған соң дереу енгізеді.

Пайдаланылмаған немесе жарамдылық мерзімі өткен препаратты жою жөніндегі нұсқаулық

Дәрілік препараттың қоршаған ортаға түсуіне барынша жол бермеу керек. Препаратты ағын сумен немесе тұрмыстық қалдықтармен бірге жоюға болмайды. Мүмкіндігінше дәрілік препараттарды жоюға арналған арнайы жүйелерді пайдалану қажет.

Жағымсыз әсерлері

Қазіргі уақытта трастузумабты пайдаланғанда хабарланған ең күрделі және/немесе жиі жағымсыз реакциялар мыналар: кардиоуыттылық, инфузиялық реакциялар, гематоуыттылық (атап айтқанда нейтропения), инфекциялар мен өкпе тарапынан болатын бұзылыстар.

Жағымсыз реакциялардың жиілігін сипаттау үшін аталған бөлімде келесі жіктеу пайдаланылады: өте жиі ( 1/10), жиі ( 1/100, бірақ <1/10), жиі емес (≥1/1000, бірақ <1/100), сирек (≥1/10000, бірақ <1/1000), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде есептеу мүмкін емес). Әрбір топ шеңберінде жағымсыз реакциялар күрделілігінің төмендеуіне сәйкес ұсынылған.

Төменде трастузумабты монотерапия ретінде де, сондай-ақ базалық клиникалық зерттеулерде және постмаркетингтік пайдалану кезінде химиятерапиямен біріктірілімде қолданғанда хабарланған жағымсыз реакциялар ұсынылған.

Жиілігі базалық клиникалық зерттеулерде ең көп кездесетіндерге сәйкес көрсетілген.

Өте жиі:

– инфекциялар, назофарингит

– фебрильді нейтропения, анемия, нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения

– дене салмағының азаюы, анорексия

– ұйқысыздық

– парестезиялар, дисгевзия (дәм сезудің бұрмалануы); тремор1, бас айналуы, бас ауыруы

– конъюнктивит, жас бөлінудің артуы

– артериялық қысымның (АҚ)1 төмендеуі және жоғарылауы, жүрек ырғағының бұзылуы1, жүрек қағуы1, жыпылықтау (жүрекшелер немесе қарыншалар)1, сол жақ қарыншадан лықсу фракциясының төмендеуі*, «қан құйылулар»

– сырыл†1, ентігу† , жөтел, мұрыннан қан кету, ринорея

– стоматит, диарея, құсу, жүрек айну, еріннің ісінуі1, іштің ауыруы, диспепсия, іш қату

– алақан-табан синдромы, эритема, бөртпе, беттің ісінуі1, алопеция, тырнақ құрылымының бұзылуы

– артралгия, бұлшықет сіресуі1, миалгия

– шеткері ісіну, астения, кеуденің ауыруы, қалтырау, әлсіздік, тұмауға ұқсас синдром, инфузиялық реакциялар, ауыру, қызба, мукозит

Жиі:

– фарингит, нейтропениялық сепсис, цистит, Herpes zoster, тұмау, синусит, тері инфекциялары, ринит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, несеп шығару жолдарының инфекциялары, тілме, флегмона, целлюлит

– аса жоғары сезімталдық реакциялары

– үрейлену, депрессия, ойлаудың бұзылуы

– шеткері нейропатия, бұлшықет гипертонусы, ұйқышылдық, атаксия

– көздің құрғауы

– жүрек жеткіліксіздігі (созылмалы)†, суправентрикулярлық тахиаритмия†1, кардиомиопатия, артериялық гипотензия†1, вазодилатация

– пневмония†, бронх демікпесі, өкпе функциясының бұзылуы, плевралық жалқық†

– панкреатит, геморрой, ауыздың құрғауы

– гепатит, бауыр аумағының ауырғыштығы, гепатоцеллюлярлы зақымдану

– акне, тері құрғақтығы, экхимоз, гипергидроз, макуло-папулезді бөртпе, қышыну, онихоклазия, дерматит, есекжем

– артрит, арқаның ауыруы, оссалгия, бұлшықет түйілуі, мойын аймағының ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы

– бүйрек ауруы

– сүт безінің қабынуы/мастит

– дімкәстік, ісінулер

- жаралану

Жиі емес:

– сепсис

– кереңдік

– перикардиальді жалқық

Сирек:

– парез

– пневмонит

– сарғаю

Белгісіз:

– қатерлі жаңа түзілімнің үдеуі, жаңа түзілімнің үдеуі

– гипопротромбинемия, иммундық тромбоцитопения

– анафилаксиялық реакциялар†, анафилаксиялық шок†

– гиперкалиемия

– мидың ісінуі

– көру жүйкесі дискінің ісінуі, торқабыққа қан құйылу

– кардиогендік шок, перикардит, брадикардия, «шабыс» ырғағы

– өкпенің интерстициальді ауруы, өкпе фиброзы†, тыныс алу жеткіліксіздігі†, өкпе инфильтрациясы†, өкпенің жедел ісінуі†, жедел респираторлық дистресс-синдром†, бронх түйілуі†, гипоксия†, гемоглобиннің оттекпен қанығуының төмендеуі†, көмей ісінуі, ортопноэ, өкпе ісінуі

– бауыр жеткіліксіздігі

– ангионевроздық ісіну

– жарғақшалық гломерулонефрит, гломерулонефропатия, бүйрек жеткіліксіздігі

– олигогидрамнион, фатальді өкпе гипоплазиясы және гипоплазия және/немесе шаранадағы бүйрек функциясының бұзылуы

†  – хабарламаларда өліммен аяқталған жағдайға астасқан жағымсыз реакциялар.

1 – негізінен инфузиялық реакциялармен астасып хабарланған жағымсыз реакциялар. Дәл пайыздық мөлшері анықталмаған.

* – антрациклиндерден кейін біріктірілген емде және таксандармен біріктірілімде байқалған жағымсыз реакциялар.

Төменде жекелеген жағымсыз реакциялар бойынша ақпарат ұсынылған.

Жүрек дисфункциясы

NYHA (Нью-Йорк Кардиологтар Қауымдастығының жіктеуі) бойынша II-IV функционалдық кластағы созылмалы жүрек жеткіліксіздігі трастузумабты қолданғандағы жиі жағымсыз реакция болып табылады және фатальді жағдаймен астасқан. Трастузумаб қабылдаған пациенттерде жүрек функциясы бұзылуының келесі белгілері мен симптомдары байқалды: ентігу, ортопноэ, жөтелдің күшеюі, өкпе ісінуі, «шабыс» ырғағы немесе сол жақ қарыншаның лықсу фракциясының төмендеуі.

Трастузумабты адъювантты химиятерапиямен біріктіріп қолданғанда 3/4 дәрежеде жүрек дисфункциясының жиілігінің (атап айтқанда, симптоматикалық созылмалы жүрек жеткіліксіздігі) химиятерапия ғана (яғни трастузумабсыз) алатын пациенттердегі және таксандар мен трастузумабты бірінен соң бірін қабылдайтын пациенттердегі (0,3-0,4%) осындайлармен салыстырғанда айырмашылық болмады. Трастузумабты таксандармен бірге қабылдаған пациенттерде жоғары жиілікте болды (2,0%).

Трастузумабты антрациклиндердің төмен дозалы режимдерімен біріктірілімде неоадъювантты емде пайдалану тәжірибесі шектеулі.

Трастузумабты адъювантты химиятерапия аяқталған соң бір жыл ішінде қолданғанда NYHA бойынша III-IV функционалдық кластағы созылмалы жүрек жеткіліксіздігі 12 ай қадағалау медианасында 0,6% пациентте және 8 жыл қадағалау медианасында 0,8% пациентте байқалған. Сол жақ қарыншаның жеңіл симптоматикалық және симптомсыз дисфункциясының жиілігі 4,6% құрады. Ауыр СЖЖ 71,4% жағдайда қайтымды болған (қайтымдылығы пайда болғаннан кейін СҚЛФ ≥50% көрсеткішінің кемінде екі рет қатарынан жоғарылауы анықталды). Сол жақ қарыншаның жеңіл симптоматикалық және симптомсыз дисфункциясы 79,5% жағдайда қайтымды болған. Жүрек дисфункциясымен байланысты шамамен 17% құбылыс трастузумабпен ем аяқталған соң туындаған.

Метастаздық СБО кезінде трастузумабты паклитакселмен біріктіріп вена ішіне енгізгенде жүрек дисфункциясының жиілігі паклитакселмен монотерапия үшін 1%-4%-бен салыстырғанда 9%-дан 12%-ға дейін ауытқыды. Трастузумаб монотерапиясы үшін жиілігі 6%-9% құрады. Жүрек дисфункциясының ең үлкен жиілігі трастузумабты антрациклиндермен/циклофосфамидпен (27%) бір мезгілде қабылдаған пациенттерде байқалды, бұл антрациклиндермен/циклофосфамидпен (7%-10%) емге қарағанда едәуір жоғары. Жүрек функциясының проспективті мониторингін зерттеуде симптоматикалық СЖЖ трастузумаб мен доцетаксел қабылдаған пациенттерде жиілігі доцетакселмен монотерапия қабылдаған пациенттердің 0% салыстырғанда 2,2% құрады. Жүрек дисфункциясы бар пациенттердің көбінде (79%) СЖЖ стандартты ем алғаннан кейінгі жағдайдың жақсаруы байқалды.

Инфузиялық реакциялар және аса жоғары сезімталдық реакциялары

Трастузумаб қабылдайтын шамамен 40% пациенттер белгілі бір формада инфузиялық реакцияларды сезінеді деп есептелген. Алайда инфузиялық реакциялардың көбі ауырлық дәрежесі бойынша жеңіл және орташа болып табылады (NCI-CTC сәйкес) және емнің басында туындау үрдісіне ие, яғни 1, 2 және 3-ші инфузия уақытында, келесі енгізулер кезінде сирек туындайды. Реакцияларға келесі симптомдар кіреді: қалтырау, қызба, ентігу, артериялық гипотензия, өкпедегі қорыл, бронх түйілуі, тахикардия, гемоглобиннің оттегімен қанығуының төмендеуі, респираторлық дистресс-синдром, бөртпе, жүрек айнуы, құсу және бас ауыруы.

Ауырлықтың барлық дәрежесіндегі инфузиялық реакциялардың жиілігі ауытқиды және қолданылуына, ақпарат жинақ әдіснамасына байланысты, сондай-ақ трастузумаб химиятерапиямен бірге енгізілді ме немесе монотерапияда қолданылды ма соған байланысты.

Шұғыл қосымша медициналық араласуды талап ететін ауыр анафилаксиялық реакциялар көбінесе өлім жағдайымен астасқан реакциялар сияқты трастузумабтың бірінші немесе екінші инфузиясы кезінде туындауы мүмкін.

Жекелеген жағдайларда анафилактоидтық реакциялар байқалған.

Гематологиялық уыттылық

Фебрильді нейтропения және лейкопения өте жиі туындаған. Жиі туындайтын жағымсыз реакцияларға анемия, лейкопения, тромбоцитопения және нейтропения кіреді. Гипопротромбинемияның туындау жиілігі белгісіз. Нейтропения қаупі трастузумабты антрациклиндік қатардағы препараттармен емдеуден кейін доцетакселмен біріктірілімде қолдану кезінде біраз жоғары болуы мүмкін.

Өкпе тарапынан болатын бұзылыстар

Трастузумабты қолдану өкпе тарапынан болатын ауыр жағымсыз (оның ішінде өліммен аяқталатын) құбылыстармен астасады. Аталған реакцияларға мыналар кіреді (бірақ мұнымен шектелмейді): өкпедегі инфильтраттар, жедел респираторлық дистресс-синдром, пневмония, пневмонит, плевралық жалқық, өкпенің жедел ісінуі және тыныс алу жеткіліксіздігі.

Иммуногенділік

СБМО неоадъювантты-адъювантты емінде Трастузумабты в/і қабылдаған пациенттердің 8,1 %-да, антиденелердің бастапқыда болғанына қарамай, трастузумабқа антидене түзілді. Трастузумабқа бейтараптандыратын антиденелер Трастузумабты в/і қабылдаған 24 пациенттің 2-уінде байқалды.

Антиденелердің клиникалық маңызы белгісіз, алайда антидененің препаратты в/і енгізуге жағымсыз реакциялардың дамуына ықпалы бақыланбайды.

Асқазанның таралған обырын емдеуде препараттың иммуногенділігі жөнінде деректер жоқ.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- трастузумабқа, препараттың кез келген компонентіне, оның ішінде инъекцияға арналған бактериостатикалық суда консервант ретінде болатын бензил спиртіне немесе тышқан ақуызына жоғары сезімталдық

- жүктілік және емшек емізу кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар (балаларда қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)

- өкпедегі метастаздар туындатқан тыныштықтағы немесе оттегімен демеуші емді талап ететін ауыр ентігу

- анамнезінде миокард инфарктісі, емді талап ететін стенокардиясы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша II-IV функционалдық класы), СҚЛФ ˂55%, кардиомиопатиясы, аритмиясы, клиникалық тұрғыдан маңызды жүрек ақауы, бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, гемодинамикалық тұрғыдан маңызды перикардиальді жалқығы бар СБО ерте кезеңдеріндегі науқастар (пациенттердің аталған тобындағы препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген)

- СБО ерте кезеңдері бар пациенттерде препаратты адъювантты ем құрамында антрациклиндермен бір мезгілде қолдану

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Трастузумабтың дәрілермен өзара әрекеттесуі бойынша арнайы зерттеулер жүргізілмеді. Популяциялық фармакокинетикалық талдау деректері негізінде басқа дәрілік заттармен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулер байқалмады.

Трастузумабтың басқа ісікке қарсы дәрілердің фармакокинетикасына ықпалы

HER2-оң МСБО бар әйелдерде алынған фармакокинетикалық деректер трастузумаб (артынша дозаны тиісінше 3 аптада 1 рет 6 мг/кг немесе аптасына бір рет 2 мг/кг дейін өзгертумен вена ішіне 8 мг/кг немесе 4 мг/кг жүктеме дозасында) паклитаксел мен доксорубициннің таралуына ықпал етпейді деп қорытындылауға болады. Алайда трастузумаб доксорубицин метаболиттерінің (7-деокси-13-дигидродоксорубицинон, D7D) бірінің жалпы таралу көлемін ұлғайтуы мүмкін. D7D биологиялық белсенділігі және оның таралу көлемінің өзгеруінің клиникалық мәні анық емес.

Зерттеу барысында алынған мәліметтер трастузумабты бір мезгілде тағайындау доцетаксел фармакокинетикасына ықпал етпейді деп қорытындылауға мүмкіндік береді.

Цисплатинді бір мезгілде тағайындау немесе цисплатинді трастузумабпен біріктірілімде тағайындау капецитабиннің биологиялық тұрғыдан белсенді метаболиттерінің таралу көлеміне ықпал етпейді деп қорытындылауға болады. Алайда трастузумабпен бір мезгілде тағайындау кезінде капецитабиннің едәуір жоғары концентрациялары және біршама ұзақ жартылай шығарылу кезеңі байқалады. Осы деректер капецитабинді бір мезгілде тағайындау немесе капецитабиннің трастузумабпен біріктірілімі цисплатин фармакокинетикасына ықпал етпейді деп қорытындылауға жол ашады.

Метастаздық немесе жергілікті-таралған операцияға жатпайтын HER2-позитивті обыры бар пациенттерді зерттеуде алынған фармакокинетикалық деректер трастузумаб карбоплатин фармакокинетикасына ықпал етпейді деп болжайды.

Басқа ісікке қарсы дәрілердің трастузумаб фармакокинетикасына ықпалы

Трастузумабтың концентрациясын салыстырғанда доцетакселмен біріктіру аясында фармакокинетикалық параметрлерінің өзгеруі анықталмады.

Трастузумабпен және паклитакселмен біріктірілген ем қабылдаған пациенттерде және трастузумабты монотерапияда қабылдаған HER2-оң МСБО бар әйелдерде фармакокинетикалық параметрлерін салыстыру Трастузумабтың дербес және орта концентрациялары зерттеуге байланысты ауытқыды деп қорытындылауға болады, алайда, паклитакселді бір мезгілде тағайындаудың трастузумаб фармакокинетикасына анық ықпалы анықталмады.

Монотерапияда немесе біріктірілген емде трастузумабтың фармакокинетикалық параметрлерін салыстыру антрациклиндердің, циклофосфамидтің немесе паклитакселдің трастузумаб фармакокинетикасына ықпалын көрсетпеді.

Бір мезгілде карбоплатин мен анастрозолды тағайындау трастузумаб фармакокинетикасына ықпал етпейді.

Циклофосфамид, доксорубицин және эпирубицин кардиоуытты әсерлердің даму қаупін арттырады.

Ақуыз агрегациясының болуы мүмкін болғандықтан, Трастузумаб 5% декстроза ерітіндісімен үйлесімсіз.

Трастузумабты басқа дәрілік препараттармен бірге араластыруға немесе ерітуге болмайды.

Трастузумаб препаратының ерітіндісі мен поливинилхлорид, полиэтилен немесе полипропиленнен жасалған инфузиялық пакеттер арасындағы үйлеспеушілік белгілері байқалмаған.

Айрықша нұсқаулар

Науқастың медициналық құжаттамасында препараттың саудалық атауын және серия нөмірін атап көрсету ұсынылады.

HER2 тестісінен өткізу тестілеу рәсімінің сапасын бақылауды қамтамасыз ете алатын мамандандырылған зертханада жүргізілуі тиіс.

Трастузумаб метастаздық СБО бар немесе СБО ерте сатыларындағы пациент әйелдерде иммуно-гистохимиялық реакция әдісімен (ИГХ) анықталған HER2 ісік гиперэкспрессиясы немесе in situ гибридтендіру әдісімен (FISH немесе CISH) анықталған HER2 гені амплификациясы болғанда ғана пайдаланылуы тиіс. Нақты және валидацияланған анықтау әдістерін пайдалану керек.

Трастузумаб метастаздық асқазан обыры бар пациенттерде ИГХ2+ сияқты ИГХ әдісімен анықталған және SISH немесе FISH немесе ИГХ3+ нәтижелерімен расталған HER2 ісік гиперэкспрессиясы болғанда ғана пайдаланылуы тиіс. Нақты және валидацияланған анықтау әдістерін пайдалану керек.

Қазіргі уақытта адъювантты ем қолданудан кейін қайтадан трастузумаб қабылдаған пациенттер туралы клиникалық деректер жоқ.

Жүрек дисфункциясы

Жалпы нұсқаулар

Трастузумабты монотерапия ретінде немесе таксандармен (мысалы, паклитаксел) біріктіріп, әсіресе, құрамында антрациклиндер (доксорубицин немесе эпирубицин) қамтылған химиялық емнен кейін қабылдайтын пациенттерде созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің (СЖЖ) жоғары даму қаупі (NYHA бойынша II-IV функционалдық класс) немесе жүрек функциясының симптомсыз бұзылулары болады. Осы құбылыстардың ауырлығы орташадан ауыр дәрежеге дейін өзгеріп отыруы мүмкін. Бұл құбылыстар өліммен аяқталуға алып келуі мүмкін. Бұдан бөлек, жүрек-қантамырлық қаупі жоғары пациенттерді емдегенде, мысалы, құжатты расталған ишемиялық жүрек ауруы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, сол жақ қарыншаны лықсыту фракциясы (СҚЛФ) <55%, артериялық гипертензиясы бар егде жастағы пациенттерде сақ болу қажет.

Трастузумаб препаратын тағайындау жоспарланатын, әсіресе, олардың ішінде бұрын антрациклин қатарының препараттары мен циклофосфамид қабылдаған науқастар басында анамнез жинауды, физикальді тексеруді, электрокардиография (ЭКГ), эхокардиография және/немесе радиоизотопты вентрикулография (MUGA) немесе магнитті-резонансты томографияны (МРТ) қамтитын мұқият кардиологиялық тексеруден өтуі тиіс.

Мониторинг жүрек функциясының бұзылулары туындаған пациенттерді анықтауға мүмкіндік береді. Кардиологиялық тексеру ем кезінде әр 3 ай сайын және ол аяқталған соң әр 6 ай сайын препараттың соңғы дозасын енгізген сәттен 24 ай ішінде қайталануы тиіс.

Трастузумаб препаратымен емдеу басталғанша оны қолданудан болуы мүмкін пайда мен қауіпті мұқият салыстыру қажет.

Трастузумабтың жартылай шығарылу кезеңі 28-38 күнге жуықты құрайтындықтан, препарат ем аяқталған соң 27 аптаға дейін қанда болуы мүмкін. Трастузумаб препаратымен ем аяқталған соң антрациклиндер қабылдайтын пациенттерде жүрек дисфункциясының қаупі жоғарылауы мүмкін. Мүмкіндігінше, дәрігерлер Трастузумаб препаратымен ем аяқталған соң 27 апта ішінде антрациклиндер негізіндегі химиялық емді тағайындамауы тиіс. Антрациклин қатарының препараттарын қолданғанда жүрек функциясына мұқият мониторинг өткізу керек.

Жүрек-қантамыр ауруларына күдігі бар пациенттерде стандартты кардиологиялық тексеру өткізу қажеттілігін бағалау керек.

Пациенттердің бәрінде емделу кезінде жүрек функциясына мониторинг өткізу керек (мысалы, әр 12 аптада). Мониторинг нәтижесінде жүрек функциясының бұзылуы дамыған пациенттерді анықтауға болады.

Жүрек функциясының симптомсыз бұзылуы бар пациенттерде жиірек мониторинг өткізу (мысалы, әр 6-8 апта сайын) пайдалы болуы мүмкін. Симптоматикалық көрініс бермеген, сол жақ қарынша функциясының нашарлауы ұзаққа созылғанда, егер оны қолданудың клиникалық пайдасы болмаса, препаратты тоқтату мәселесін қарастыру мақсатқа сай болады.

Жүрек функциясының бұзылуы дамыған пациенттерде трастузумабпен емді жалғастыру немесе жаңғырту қауіпсіздігі зерттелмеген. Сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясы (СҚЛФ) бастапқысынан ≥10 бірлікке және 50% мәнінен төмен азайғанда, емдеу тоқтатылуы тиіс. СҚЛФ қайта бағалау шамамен 3 аптадан соң өткізілуі тиіс. СҚЛФ көрсеткішінің жақсаруы болмаса немесе ол әрі қарай төмендегенде немесе созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) симптомдары білінгенде, егер тек нақты пациент үшін пайдасы қауіптерден басым болмаса ғана, Трастузумаб препаратымен емдеуді тоқтату мәселесін қарастыру қажет. Осы пациенттердің бәрі тексеруден өту және қадағалауда болу үшін кардиологқа жолдануы тиіс.

Егер Трастузумаб препаратымен ем аясында симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігі дамыса, СЖЖ тиісті стандартты дәрі-дәрмектік емін жүргізу қажет.

СЖЖ немесе жүректің симптомсыз дисфункциясы бар пациенттердің көпшілігінде базалық зерттеулерде СЖЖ стандартты дәрі-дәрмектік емінің: ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері немесе ангиотензин рецепторлары блокаторлары және бета-адреноблокаторлар аясында жай-күйдің жақсаруы байқалған. Трастузумаб қолданудың клиникалық пайдасы болғанда жүрек тарапынан жағымсыз реакциялары бар пациенттердің көпшілігі емді жүрек тарапынан қосымша клиникалық мәнді реакцияларының көрінісінсіз жалғастырды.

Сүт безінің метастаздық обыры

Трастузумабты сүт безінің метастаздық обырын емдеу үшін антрациклинмен біріктірілімде бірге қолдану ұсынылмайды.

Сүт безінің метастаздық обырына шалдыққан пациенттерде жүрек дисфункциясының даму қаупі антрациклиндермен алдыңғы ем кезінде жоғары, алайда ол антрациклиндер мен трастузумабты бір мезгілде қолдану кезіндегі осындаймен салыстырғанда төмен.

Сүт безі обырының ерте сатылары

Сүт безі обырының ерте сатылары бар пациенттерді емдеуді бастар алдында, ем кезінде әр 3 ай сайын және ол аяқталған соң әр 6 ай сайын препараттың соңғы дозасы енгізілген сәттен бастап 24 ай ішінде кардиологиялық тексеруден өткізу керек. Трастузумаб препаратымен антрациклиндермен біріктіріп емдеуден кейін Трастузумаб препаратының соңғы дозасын енгізген сәттен бастап 5 жыл бойы жылына 1 рет немесе егер СҚЛФ тұрақты төмендеуі байқалса, әріқарай тексеру жиілігімен ұзағырақ мониторинг жүргізу ұсынылады.

Трастузумаб препаратымен емдеу сүт безі обырының ерте сатыларындағы (адъювантты және неоадъювантты ем): анамнезінде миокард инфарктісі; емдеуді талап ететін стенокардиясы; анамнезіндегі немесе қазіргі уақыттағы СЖЖ (NYHA бойынша II-IV функционалдық класс); 55% төмен СҚЛФ; басқа кардиомиопатиялары;  емдеуді талап ететін аритмиялары; клиникалық мәнді жүрек ақаулары; стандартты дәрі-дәрмектік емге жауап беретін артериялық гипертензияны қоспағанда, нашар бақыланатын артериялық гипертензиясы; гемодинамикалық мәнді перикардиальді жалқығы бар науқастарға ұсынылмайды, өйткені ондай пациенттерде препаратты қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.

Адъювантты ем

Адъювантты ем құрамында антрациклиндермен біріктіріп Трастузумабты бірге қолдану ұсынылмайды. Антрациклиндер негізіндегі химиялық ем қабылдаған СБО ерте сатыларындағы пациенттерде доцетакселмен және карбоплатинмен химиялық ем алған осындайлармен салыстырғанда (антрациклинді қатардағы препараттар болмайтын режимдер), жүрек тарапынан симптоматикалық және симптомсыз жағымсыз құбылыстар жиілігінің жоғарылауы байқалды. Мұндайда бірізді пайдалануға қарағанда, трастузумаб пен таксандар бірге қолданылған жағдайларда айырмашылық көбірек болды.

Пайдаланылған режимге байланыссыз, симптоматикалық кардиальді құбылыстардың көпшілігі алғашқы 18 ай емделу кезінде туындады. Антрациклиндермен емнен кейін таксандармен бірге трастузумаб қабылдаған пациенттердің 2.37%-да, салыстыру топтарындағы пациенттердің 1%-мен салыстырғанда (антрациклиндермен және циклофосфамидпен, әрі қарай таксандармен емдеу тобында және таксандармен, карбоплатин мен трастузумабпен емдеу тобында) симптоматикалық кардиальді құбылыстар немесе СҚЛФ төмендеуімен байланысты құбылыстардың жинақталу жиілігінің ұзаққа созылуы байқалды.

Трастузумабпен адъювантты ем кезінде жағымсыз құбылыстарды дамытатын сәйкестендірілген қауіп факторлары: >50 жас, паклитакселмен емдеуді бастар алдында және одан кейін бастапқы төмен СҚЛФ (<55%), СҚЛФ 10-15 бірлік төмендеуі, осының алдында немесе қатарлас гипертензияға қарсы препараттарды қабылдау. Адъювантты химиялық ем аяқталған соң трастузумаб қабылдаған пациенттерде жүрек функциясының бұзылу қаупі трастузумабпен емді бастар алдында антрациклиндердің едәуір жоғары жиынтық дозасымен және >25 кг/м2 дене салмағы индексімен (ДСИ) астасқан.

Неоадъювантты-адъювантты ем

Неоадъювантты-адъювантты ем тағайындалуы мүмкін сүт безі обырының ерте сатыларындағы пациенттер үшін Трастузумаб препаратын антрациклиндермен бірге қолдану, егер ол бұрын химиялық ем алмаған жағдайда және тек антрациклиндермен емдеудің төмен дозалық режимдерін пайдаланғанда (180 мг/м2 доксорубицин немесе 360 мг/м2 эпирубициннің ең жоғары жиынтық дозасы) ғана ұсынылған.

Неоадъювантты ем құрамында Трастузумаб пен төмен дозалық антрациклиндердің толық курсын алған пациенттерде хирургиялық араласу жасалған соң қосымша цитоуытты химиялық ем жүргізу ұсынылмайды. Басқа жағдайлардың бәрінде қосымша цитоуытты химиялық ем қажеттілігі туралы шешім әркімдегі жеке факторлар негізінде қабылданады. Трастузумабты антрациклиндермен емдеудің төмен дозалық режимдерімен бірге қолдану тәжірибесі шектелген. Трастузумабты антрациклиндермен неоадъювантты емнің үштен төрт циклына дейін қамтитын неоадъювантты химиялық еммен бірге қолданылғанда (180 мг/м2 доксорубициннің немесе 300 мг/м2 эпирубициннің жиынтық дозасы), жүрек функциясының симптоматикалық бұзылуының жиынтық жиілігі төмен болды (1,7%).

65 жастан асқан пациенттерде клиникалық қолдану тәжірибесі шектеулі.

Инфузиялық реакциялар және аса жоғары сезімталдық реакциялары

Трастузумаб енгізілгенде күрделі инфузиялық жағымсыз реакциялар туындады: ентігу, артериялық гипотензия, өкпедегі сырылдар, артериялық гипертензия, бронх түйілуі, суправентрикулярлы тахиаритмия, гемоглобиннің оттегіге қанығуының төмендеуі, анафилаксия, респираторлық дистресс-синдром, есекжем және ангионевроздық ісіну. Осы құбылыстардың туындау қаупін төмендету үшін премедикация қолдануға болады. Бұл реакциялардың көпшілігі инфузия кезінде немесе алғаш енгізу басталғаннан 2.5 сағат ішінде ішінде туындады. Инфузиялық реакциялар туындағанда енгізуді тоқтатып, барлық симптомдар жойылғанға дейін пациентті мұқият бақылау қажет. Бұл симптомдарды бәсеңдету үшін парацетамол сияқты анальгетиктер/антипиретиктер, немесе дифенгидрамин сияқты антигистаминдік препараттар қолданылуы мүмкін. Инфузиялық реакциялар симптомдары басылғаннан кейін көптеген пациенттер трастузумабпен емді жалғастыра алған.

Күрделі реакциялардың тиімді емі бета-адреностимуляторларды, глюкокортикостероидтарды, оттегімен ингаляция қолдануды қамтиды. Ауыр және өмірге қауіп төндіретін инфузиялық реакциялар дамуы жағдайында одан әрі Трастузумаб препаратымен емдеуді тоқтату туралы мәселені қарастыру керек.

Сирек жағдайларда мұндай реакциялар өліммен аяқталумен астасады. Өліммен аяқталатын инфузиялық реакциялардың даму қаупі метастазамен немесе қатар жүретін аурулармен туындаған тыныштықтағы ентігуі бар пациенттерде жоғары, сондықтан мұндай науқастарға трастузумаб препаратымен ем жүргізбеген жөн.

Бастапқы жақсарудан кейін жағдайдың нашарлауы байқалған оқиғалар, сондай-ақ жағдайдың кешеуілдеп қарқынды нашарлаған оқиғалары хабарланған. Өліммен аяқталу инфузиядан кейін сағаттар немесе бір апта ішінде туындаған. Өте сирек жағдайларда пациенттерде инфузиялық реакциялар немесе өкпе симптомдары (трастузумаб енгізу басталғаннан кейін 6 сағаттан асқаннан кейін) пайда болған. Пациенттер бұл симптомдардың кешеуілдеп даму мүмкіндігі және олар туындаған жағдайда емдеуші дәрігермен дереу байланысу қажеттігі туралы ескертілуі керек.

Өкпе тарапынан бұзылулар

Тіркеуден кейінгі кезеңде трастузумаб қолданғанда өкпе тарапынан кейде өліммен аяқталуы қатар жүрген ауыр құбылыстар тіркелген. Сонымен қатар, өкпе инфильтраттары, жедел респираторлық дистресс-синдром, пневмония, пневмонит, плевралық жалқық, жедел өкпе ісінуі және тыныс алу жеткіліксіздігін қоса, интерстициальді өкпе аурулары (ИӨА) жағдайлары байқалған. ИӨА астасқан қауіп факторлары мыналарды қамтиды: ИӨА байланысты екендігі белгілі болған ісікке қарсы басқа препараттармен бұрын жүргізілген немесе қатар жүретін ем (таксандар, гемцитабин, винорельбин және сәулемен емдеу). Мұндай құбылыстар инфузиялық реакциялардың білінуі ретінде де, кешеуілдеп те туындауы мүмкін. Өкпе тарапынан ауыр реакциялар қаупі тыныштықта ентігумен қатар жүретін өкпенің метастаздық зақымдануы бар пациенттерде жоғары болады. Сондықтан мұндай пациенттер трастузумаб қабылдамауы тиіс. Таксандармен қатар емделіп жүрген пациенттерде пневмонит дамуына байланысты аса сақтық таныту керек.

Әрбір көп дозалы 440 мг құтыға қоса берілетін, инъекцияға арналған бактериостатикалық судың құрамында консервант ретінде болатын бензил спиртінің жаңа туған нәрестелерге және 3 жасқа дейінгі балаларға уытты әсері бар.

Бензил спиртіне аса жоғары сезімталдығы бар науқастарға Трастузумаб қолданғанда препаратты инъекцияға арналған сумен сұйылту керек, әрі әрбір көп дозалы құтыдан тек бір доза алуға болады. Қалған препаратты тастау керек (утилизация жөніндегі нұсқаулықты жоғарыдан қараңыз).

Жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдану

Жүктілік

Бала туатын жастағы әйелдерге Трастузумаб препаратымен емдеу кезінде, емдеу аяқталғаннан кейін кем дегенде 7 ай ішінде сенімді контрацепция әдістерін қолдану қажет.

Жүкті болған жағдайда шаранаға зиянды әсер ету мүмкіндігі туралы әйелге ескертілуі тиіс. Егер жүкті әйел Трастузумаб препаратымен ем қабылдауды жалғастыратын болса, ол әртүрлі саладағы маман дәрігерлердің мұқият бақылауында болуы тиіс.

Трастузумаб әйелдердің ұрпақ өрбіту қабілетіне әсер ететіні белгісіз. Жүкті әйелдер трастузумаб қолданған кездегі постмаркетинг кезеңінде су аздығымен қосылып өсудегі бұзылыстар және/немесе шарананың бүйрек функциясының бұзылуы тіркелген, олардың кейбіреуі шарананың фатальді өкпе гипоплазиясымен байланысты болған.

Бала емізу кезеңі

Емдеу кезінде, Трастузумаб препаратымен емдеу аяқталғаннан кейін кем дегенде 7 ай ішінде бала емізуге болмайды. Әрбір көп дозалы 440 мг құтыға қоса берілетін, инъекцияға арналған бактериостатикалық судың құрамында консервант ретінде болатын бензил спиртінің жаңа туған нәрестелерге және 3 жасқа дейінгі балаларға уытты әсері бар.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратқа тән жағымсыз әсерлерді ескеріп, автомобильді басқарғанда және зейін қоюдың жоғарылығын қажет ететін жұмыстарды орындағанда сақтық танытқан жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: уыттылықтың, бірінші кезекте кардиоуыттылық құбылыстарының күшеюі.

Емі: симптоматикалық. Гемодиализ тиімділігі туралы деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

440 мг препараттан пластик қақпағы бар алюминий калпақшамен қаусырылған, бромбутил тығындармен тығындалған I гидролитикалық класты түссіз бейтарап шыны құтыларда. Әрбір құтыға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады.

20 мл еріткіштен (инъекцияға арналған бактериостатикалық су) пластик қақпағы бар алюминий калпақшамен қаусырылған, резеңке тығынмен тығындалған I гидролитикалық класты түссіз бейтарап шыны құтыларда.

Препараты бар 1 құтыдан (440 мг дозада) және еріткіші бар 1 құтыдан (инъекцияға арналған бактериостатикалық су) ПВХ үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 2 °С-ден 8 °С-ге дейінгі температурада. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

Препарат – 2 жыл, еріткіш – 4 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС

Қазақстан Республикасы

100009, Қарағанды қ., Ғазалиев к-сі,16 құр.

Қаптаушы

«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 100009, Қарағанды қ., Ғазалиев к-сі,16 құр.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС

Қазақстан Республикаcы

100009, Қарағанды қ., Ғазалиев к-сі, құр. 16

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС

Қазақстан Республикаcы

100009, Қарағанды қ., Ғазалиев к-сі, 16

Тел/факс (7212)90-80-51, e-mail kphk@kphk.kz

Сайт: www.kphk.kz

С. 1

Прикрепленные файлы

Трастузумаб_рус.docx 0.1 кб
Трастузумаб_каз.docx 0.1 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту