Травопассит (леденцы для рассасывания со вкусом колы)

Производитель: Плетхико Фармасьютикалз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для лечения заболеваний нервной системы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019186
Информация о регистрации в РК: 20.08.2012 - 20.08.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Травопассит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Кола, апельсин, қара карақат және кофе дәмі бар соруға арналған мұзкәмпит

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

1.125 мг шашақты древогубец тұқымының құрғақ сығындысы

6.0 мг азия центелласы шөбінің құрғақ сығындысы

11.25 мг ұйықтататын витания тамырының құрғақ сығындысы

22.50 мг дәрілік эмблика жемістерінің құрғақ сығындысы

Апельсин дәмі бар таблеткаға арналған қосымша заттар: сахароза, сұйық глюкоза, ацесульфам-К, сары сансет Е110, апельсин майы, тазартылған су

Қара қарақат дәмі бар таблеткаға арналған қосымша заттар: сахароза, сұйық глюкоза, ацесульфам-К, понсо-4R, бриллиантты көк Е133, қара қарақат хош иістендіргіші -3198, қара қарақат хош иістендіргіші -844890, тазартылған су

Кола дәмі бар таблеткаға арналған қосымша заттар: сахароза, сұйық глюкоза, ацесульфам-К, кола хош иістендіргіші -2820, тазартылған су

Кофе дәмі бар таблеткаға арналған қосымша заттар: сахароза, сұйық глюкоза, ацесульфам-К, кофе хош иістендіргіші-844348, тазартылған су

 

Сипаттамасы

Жартылай мөлдір немесе күңгірт, ішінде шөп қоспалары бар, екі беткейі дөңес дөңгелек пішінді және апельсиннің өзіндік дәмімен, ашық түрінен қою-қоңыр түске дейінгі мұзкәмпиттер.

Жартылай мөлдір немесе күңгірт, ішінде шөп қоспалары бар, екі беткейі дөңес дөңгелек пішінді және коланың өзіндік дәмімен, ашық түрінен қою жасылдау-қоңыр түске дейінгі мұзкәмпиттер.

Жартылай мөлдір немесе күңгірт, ішінде шөп қоспалары бар, екі беткейі дөңес дөңгелек пішінді және қара қарақаттың өзіндік дәмімен, ашық түрінен қою қоңырлау-ақшыл көк түске дейінгі мұзкәмпиттер.

Жартылай мөлдір немесе күңгірт, ішінде шөп қоспалары бар, екі беткейі дөңес дөңгелек пішінді және кофенің өзіндік дәмімен, ашық түрінен қою қоңыр-қара түске дейінгі мұзкәмпиттер.

Мұзкәмпиттің барлық түрлері үшін аздаған сызаттары бар тегіс емес және кедір-бұдырлы беткейінің, карамель массасында ауа көпіршіктерінің болуына, мұзкәмпиттер шеттерінің шытынауы мен біркелкі боялмауына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар

АТЖ коды: N07

Фармакологиялық қасиеттері

Витаноидтар, азиатикозидтер және т.б. сияқты жүйке жүйесіне қатысты алғанда стресске қарсы, анксилитикалық және өзіне тән антиоксидантты әсері бар күшті фитоингридиенттер біріктірілімін білдіреді.

Препараттың әсері құрамына кіретін сығындылардың жиынтық әсеріне негізделген:

Ұйықтататын витания тамыры (Withania somnifera, Ashwagandha) гипоталамустың қызметін белсендіреді, витанияның нейродегенеративті ауруларды емдеуге қолдануға болатыны анықталған. Оның белсенді ингредиенті – витанолидтің стресске қарсы әрекет ететіні, сондай-ақ организмнің қартаюы кезінде емдік әсерін байқататыны дәлелденген. Витания гипергликемия, глюкозаға төзімділіктің төмендеуі, плазма кортикостероидтары деңгейінің жоғарылауы, асқазан шырышты қабығының ойық жаралануы, еркектердің жыныстық бұзылулары, когнитивті қабілеттердің төмендеуі, иммунитеттің төмендеуі және депрессия түрінде көрінетін созылмалы стресстің эксперименттік үлгісінде стресске қарсы адаптогенді әсерді иеленеді.

Шашақты древогубец тұқымын (Celastrus paniculatus. Jyotismati) үнді халық медицинасында есте сақтау қабілеті, ұйқы бұзылғанда, эпилепсия кезінде кең қолданады. Осы өсімдіктің, дәрілік эмблика мен азия центелласының (тритерпеннің болуы) антиоксидантты қасиеттері, оның ішінде нейродегенеративті аурулар кезінде нейропротекторлы әсерінің болатыны эксперимент жүзінде расталған. Древогубецтің де, препарат құрамына кіретін басқа да өсімдіктің, ұйықтататын витания мен дәрілік эмбликаның антиоксиданттық қасиеттерін стресске қарсы, иммунитет модулдеуші, жадыны жақсартушы қасиеттері түсіндіре алады. Есте сақтауға қабілеттілікті жақсартады, оның ішінде амнезия кезінде, сондай-ақ стресс, инсульт кезінде нейропротекторлық, миокард инфарктісінде – кардиопротекторлық әсер береді.

Дәрілік эмблика жемістерін (Emblica officinalis) үнді халық медицинасында кеңінен қолданады, дәрілік эмблика жадыны жақсартып, холестерин деңгейін төмендететіндіктен және антихолинэстеразды белсенділігі болғандықтан Альцгеймер ауруын емдеуде емдік әсері бар.

Азия центелласы шөбінің (Centella asiatica, Madukparni or brahmi) құрамында гликозидтер бар: индоцентеллозид, брахмозид, брахминозид, азиатикозид, танкунизид және изотанкунизид. Жадыны жақсарту үшін және тыныштандыратын дәрі ретінде қолданылады. Азия центелласы шөбі нейрондар морфологиясына әсер етеді және мидың қызметін жақсартады. Азия центелласы жасартатын әрі тыныштандыратын әсер береді, сондай-ақ жүйке жүйесін көтермелеп, организмнің ақыл-ой қабілеттілігін жоғарылатады.

Қолданылуы

  • ашушаңдық, үрей, қорқынышпен қатар жүретін неврастения және

неврастениялық реакцияларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге: 1-2 мұзкәмпиттен күніне үш-төрт рет, немесе дәрігердің тағайындауы бойынша. Емдеу курсы 4 аптаға дейін.

Жағымсыз әсерлері

Препаратты әдетте емделушілер жақсы көтереді.

Препарат компоненттерінің біреуіне жоғары сезімталдық кезінде

Болуы мүмкін

- аллергиялық реакциялар

- жүрек айну, құсу, түйілу, іш қату, диарея

- бас айналу, ұйқышылдық, шаршау сезімі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің біреуіне жоғары сезімталдық

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Табиғи өнім болғандықтан, дәрілік өзара әрекеттесулер байқалмаған.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация

Жүктілік уақытында және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізуге немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратпен емделу кезеңінде көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақ болған жөн.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ.

Артық дозалану кезінде симптоматикалық ем тағайындаған жөн.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 8 мұзкәмпиттен салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалаған жерде, 25ºC-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Плетхико Фармасьютикалз Ltd, Үндістан

Зауыттың мекенжайы: Village: Dharavara, Post: Kalaria- 453001, Indore (M.P.), India.

Заңды мекенжайы : 37/37А, Industrial Estate, Pologround, Indore, 452 015 (М .Р.), India

Тіркеу куәлігінің иесі

«Плетхико Фармасьютикалз Ltd», Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

100009 Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 110/2

Тел.: /7212/ 48 16 44, 43 15 34, 43-15-63,48-17-67; тел./факс: /7212/ 48 17 44;

e-mail rezlov_ltd@mail.ru, rezlov-ltd@rambler.ru

Прикрепленные файлы

702666041477977096_ru.doc 49 кб
245741661477978269_kz.doc 60.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники