Траволайф плющ

МНН: Плюща листьев экстракта сухого (4 -8 : l)
Производитель: Ветпром АД
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Плюща листьев экстракт
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024976
Информация о регистрации в РК: 03.04.2021 - 03.04.2026

Инструкция

Саудалық атауы

Траволайф плющ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Шәрбат

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйе. Жөтел және суық тию аурулары кезінде қолданылатын препараттар. Экспекторанттар, жөтелді бәсеңдететін біріктірілімдерін қоспағанда. Қақырық түсіретін препараттар. Шырмауық жапырақтары экстрактісі.

АТХ коды: R05CA12

Қолданылуы

Қақырық бөлінуі қиын жөтелмен қатар жүретін тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы қабыну ауруларын кешенді емдеу құрамында қолданылатын қақырық түсіретін дәрі.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа (заттарға) немесе 6.1-бөлімде атап көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы

- 2 жасқа дейінгі балалар.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен дәрілік өзара әрекеттесу туралы хабарламалар түскен жоқ. Препаратты қақырықтың түзілуін азайтатын жөтелге қарсы дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені бұл сұйылтылған қақырықтың шығуын қиындатады.

Арнайы ескертулер

Препаратты нұсқаулықта ұсынылғаннан асатын дозада қабылдауға болмайды. Құрамында кодеин бар препараттармен және басқа да жөтелге қарсы дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды. Гастрит немесе асқазанның ойық жарасы бар пациенттерге сақтықпен қабылдау қажет.

Тыныс алудың қиындауымен, қызбамен, ұзақ жөтелмен немесе қан аралас қақырықпен қатар жүретін тыныс алу ағзаларының аурулары кезінде дереу дәрігерге жүгіну қажет. 7 күн бойы емдеуден нәтиже болмаса немесе жағдайы нашарласа, дәрігерге бару керек. Траволайф плющ шәрбатының құрамында сорбитол бар, сондықтан тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза/галактозаның сіңуі бұзылған пациенттер препаратты қолданбауы тиіс.

Препаратты қолданған кезде сорбитолмен байланысты болуы мүмкін диарея, құсу және іш жүргізетін әсері дамуы мүмкін.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Қауіпсіздік жөніндегі деректердің жеткіліксіздігіне байланысты Траволайф плющ шәрбатын жүкті және бала емізетін әйелдерге қолдану ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралдарын басқару қабілетіне және жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін қозғалмалы механизмдермен жұмыс жүргізуге әсері туралы деректер жоқ.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Препаратты дозалау өлшегіш қалпақшаның көмегімен жүзеге асырылады.

2-ден 6 жасқа дейінгі балаларға – тәулігіне 2 рет 2,5 мл-ден.

6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға – тәулігіне 3 рет 2,5 мл-ден.

12 жастан асқан балаларға және ересектерге – тәулігіне 3 рет 5 мл-ден (тәулігіне 105 мг шырмауық жапырақтарының құрғақ экстрактісіне баламалы).

«Траволайф плющ» жөтелге қарсы шәрбатын таңертең (түсте) және кешке қабылдайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке, тамақтан кейін. Әрбір қолданар алдында құтыны жақсылап шайқау керек. Препаратпен емдеу кезінде жылы сұйықтықты (су, шай және т. б.) жеткілікті түрде пайдалану ұсынылады.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы - 1 апта. Әсерді бекіту үшін аурудың симптомдары жоғалғаннан кейін тағы 2-3 күн емдеуді жалғастыру ұсынылады. Егер жақсару болмаса, дәрігерге қаралу керек.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: үлкен дозаларды қабылдағанда (ұсынылғаннан үш есе артық) жүрек айнуы, құсу және диарея дамуы мүмкін.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну ұсынылады

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

Өте сирек

- аллергиялық реакциялар (ентігу, терінің айқын ісінуі, теріасты шелмайы мен шырышты қабықтардың дамуымен жедел аллергиялық реакция, тері бөртпелері, тез өршитін, қатты қышитын, күйіктен болатын көпіршіктерге ұқсас терідегі бозғылт-қызғылт күлдіреуіктер,)

- жүрек айнуы, құсу, сұйық нәжіс

- жеңіл іш жүргізгіш әсер

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК» http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат – шырмауық жапырақтарының құрғақ экстрактісі (4-8: l) – 7,00 мг, экстракциялық еріткіш: этанол 30 % (м/м).

қосымша заттар: сұйық сорбитол (монокристалды), калий сорбаты, сусыз лимон қышқылы, ксантан шайыры, Морелло шиесінің хош иістендіргіші (дигидрокумарин, альфа терпинеол, фенилэтил спирті, бензальдегид, лайма майы, табиғи эвгенол, глюкоза, кремнийдің қостотығы), тазартылған су.

Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы

Шиенің хош иісі бар, мөлдір немесе бозаңданатын сарғыш-қоңыр түсті шәрбат.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл-ден бұрандалы полиэтилен қақпағы бар күңгірт шыныдан (ІІІ класты) жасалған құтыда.

1 құтыдан өлшегіш стақанымен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі – 3 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

VETPROM AD,

Отец Паисий к-сі № 26, Радомир қ., Болгария, 2400.

Тел: + 359-2-45-19-300

Е-mail: office@vpharma.bg

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

BELINDA LABORATORIES LLP.,

Блок 18, Норман Роуд 53, Гринвич Центр Бизнес Парк, Лондон, Ұлыбритания, SE10 9QF.

Тел: +44-203-598-2050

E-mail: info@belinda.uk.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Cepheus Medical» (Цефей Медикал) ЖШС,

050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Панфилов к-сі 98,

«OLD SQUARE» БО,

Тел: +7 (727) 300 69 71, +7 777 175 00 99 (тәулік бойы)

E-mail: drugsafety@evolet.co.uk

Прикрепленные файлы

Траволайф_плющ_каз.doc 0.09 кб
Траволайф_плющ_рус.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту