Трависил™ (леденцы для рассасывания с привкусом малины)

Производитель: Plethico Pharmaceuticals Ltd
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Противокашлевые препараты в комбинации с отхаркивающими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020942
Информация о регистрации в РК: 06.11.2014 - 06.11.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Трависил™

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған мұзкәмпиттер (таңқурай дәмімен, шие дәмімен, қара қарақат дәмімен)

Құрамы

Бір мұзкәмпиттің құрамында

белсенді заттар – өсімдік сығындылары (5%):

Адатода васика жапырақтары

5.0 мг

Ұзын бұрыш жемістері

25.0 мг

Қара бұрыш жемістері

20.0 мг

Дәрілік зингибер тамырсабағы

12.0 мг

Жалаң мия тамырлары

10.0 мг

Дәрілік эмблика жемістері

16.0 мг

Ұзын куркум тамырсабағы

15.0 мг

Акация катеху қабығы

17.0 мг

Қарапайым аскөк тұқымы

18.0 мг

Базилик шөбі

5.0 мг

Терминалия хебула жемістері

5.0 мг

Терминалия белерика жемістері

5.0 мг

Үлкен калган тамырсабағы

20.0 мг

Абрус тілек жапырақтары

20.0 мг

Ментол

қосымша заттар:

2.0 мг

таңқурай дәмімен: сахароза, сұйық глюкоза, кармоизин (Е122), таңқурай хош иістендіргіші-6127, тазартылған су;

шие дәмімен: сахароза, сұйық глюкоза, сусыз лимон қышқылы, кармоизин (Е122), шие хош иістендіргіші-1299, тазартылған су;

қара қарақат дәмімен: сахароза, сұйық глюкоза, кармоизин (Е122), бриллиантты көк (Е133), қара қарақат хош иістендіргіші-3198, тазартылған су.

Сипаттамасы

Екі жағында да «Т» әрпі өрнектелген, дөңгелек пішінді, ашықтан күңгірт-қызыл түске дейінгі, жағымды салқындатқыш дәмі және таңқурайдың хош иісі бар таблеткалар.

Екі жағында да «Т» әрпі өрнектелген, дөңгелек пішінді, ашықтан күңгірт-шие түстес түске дейінгі, жағымды салқындатқыш дәмі және шиенің хош иісі бар таблеткалар.

Екі жағында да «Т» әрпі өрнектелген, дөңгелек пішінді, ашықтан күңгірт-күлгін түске дейінгі, жағымды салқындатқыш дәмі және қара қарақаттың хош иісі бар таблеткалар.

Мұзкәмпиттердің барлық түріне азғантай сызаттары бар тегіс емес және кедір-бұдырлы беткейінің, карамель массасында ауа көпіршіктерінің болуына, мұзкәмпиттер жиегінің шытынауына және біртекті емес боялуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Жөтелге қарсы препараттар қақырық түсіретін препараттармен біріктірілімде.

АТХ коды R05FB02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жөтелге қарсы Трависил™ мұзкәмпиттері соруға арналған ауыз қуысы мен жұтқыншақта жергілікті антисептикалық әсер береді. Төмен жүйелі сіңірілуіне және препараттың көп компоненттілігіне байланысты фармакокинетикасы туралы деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Жөтелге қарсы Трависил™ мұзкәмпиттері айқын қақырық түсіретін, антисептикалық, қабынуға қарсы және ауыз қуысын сергітетін әсер көрсетеді.

Адатода васика қақырық түсіретін, бронх кеңейтетін және антигистаминдік әсерге ие.

Ұзын бұрыш жемістері қақырық түсіретін және муколитикалық әсер көрсетеді. Қара бұрыш қақырық түсіретін және қабынуға қарсы әсерге ие, ауыз қуысында сергітетін әсер береді.

Дәрілік зингибер қабынуға қарсы және жөтелге қарсы әсер көрсетеді.

Жалаң мия жөтелдік тітіркенуді азайтады, қақырық түсіретін және тер шығаратын әсері бар.

Дәрілік эмблика – жөтелге қарсы дәрі, қабынуға қарсы, иммуномодуляциялайтын және жалпы нығайтатын әсері бар, құрамында С витамині бар.

Ұзын куркума қабынуға қарсы және антигистаминдік әсер көрсетеді.

Акация Катеху антигистаминдік және тұтқыр әсерге ие, ауыз қуысын сергітеді.

Қарапайым фенхельдің қақырық түсіретін және жөтелге қарсы әсері бар, тамақ ауыруын жеңілдетеді, асқазан-ішек жолы функциясын жақсартады.

Базилик жөтелге қарсы, қақырық түсіретін, ыстық түсіретін және анальгетикалық әсерге ие.

Терминалия Хебула антигистаминдік, микробқа қарсы және жөтелге қарсы әсер көрсетеді.

Терминалия Белерика жөтелге қарсы және иммуномодуляциялайтын әсер көрсетеді.

Үлкен Калган суық тиюге қарсы және жөтелге қарсы әсер береді.

Абрус тілек жапырақтары қабынуға қарсы және антигистаминдік әсер көрсетеді.

Ментол тиімді антисептикалық және қақырық түсіретін дәрі болып табылады, ауыз қуысын залалсыздандырады және сергітеді.

Қолданылуы

- жөтелмен және тамақтың ауыруымен қатар жүретін жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы-қабыну ауруларында

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектерге: 2-3 мұзкәмпиттен тәулігіне 3 рет.

Емдеу курсы дәрігердің тағайындауы бойынша.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакция (тері бөртпесі, тері қышынуы)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Өзінің қоспасыз табиғи шығу тегіне байланысты «Трависил™ мұзкәмпиттері» емдік дозаларда қолданғанда қауіпсіз және жақсы көтерімді.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік ағымына және лактация кезеңінде препараттың әсер етуі туралы деректер жоқ. Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде сақтықпен және дәрігермен кеңескеннен кейін қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптодармы – жағымсыз реакцияларының күшеюі.

Емі– симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада (блистер) 8 мұзкәмпиттен.

2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Немесе поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған жеке қапшықтарға бір мұзкәмпиттен салынған.

250 қапшықтан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және

орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге пластик банкілерге салынған

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Plethico Pharmaceuticals LTD.

Дхаравара, Калария – 453 001, Индор (М.П.), Үндістан.

Тіркеу куәлігінің иесі

Plethico Pharmaceuticals LTD., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Резлов ЛТД» ЖШС, 100009, Қарағанды қ.,  Ермеков к-сі 110/2

тел.+7(212) 48-16-44, факс +7(212)48-17-44

Электронды поштасы: rezlov_ltd@mail.ru, rezlov-ltd@rambler.ru

Прикрепленные файлы

394216421477976664_ru.doc 52.5 кб
829656581477977827_kz.doc 56 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники