Торнетис (25 мг)

МНН: Силденафил
Производитель: Сандоз Прайвит Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Sildenafil
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121664
Период регистрации: 23.09.2015 - 23.09.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Торнетис

Халықаралық патенттелмеген атауы

Силденафил

Дәрілік түрі

25 мг, 50 мг, 75 мг, 100 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 35.11 мг немесе 70.22 мг немесе 105.34 мг немесе 140.45 мг силденафил цитраты (25.00 мг немесе 50.00 мг немесе 75.00 мг немесе 100.00 мг силденафилге баламалы),

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Avicel PH 102), сусыз кальций гидрофосфаты, коповидон (коллидон VA 64), натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, индигокармин (Е132) алюминий лагы, натрий сахарині

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, бір жағында сызығы және екінші жағында «25» өрнегі бар, беті сәл дақтанған ашық-көгілдір түсті таблеткалар (25 мг доза үшін).

Дөңгелек пішінді, бір жағында крест тәрізді сызығы және екінші жағында «50» өрнегі бар, беті сәл дақтанған ашық-көгілдір түсті таблеткалар

(50 мг доза үшін).

Дөңгелек пішінді, екі жағында да 3 бөлікке бөлінген сызығы және екінші жағында «75» өрнегі бар, беті сәл дақтанған ашық-көгілдір түсті таблеткалар (75 мг доза үшін).

Дөңгелек пішінді, екі жағында да крест тәрізді сызығы және екінші жағында «100» өрнегі бар, беті сәл дақтанған ашық-көгілдір түсті таблеткалар (100 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар.

Спазмолитиктерді қамтитын урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.

Эрекция бұзылуларын емдеуге арналған препараттар. Силденафил.

ATХ коды G04BE03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Силденафил тез сіңеді. Аш қарынға ішке қабылдағанда ең жоғары плазмалық концентрацияларына 30-120 минут ішінде (медианасы 60 минут) жетеді. Абсолютті биожетімділігі, орта есеппен, 41% жуық (25-63%) құрайды. Ішке қабылдаудан кейін силденафилдің «концентрация – уақыт» қисығы астындағы ауданы (AUC) мен ең жоғары концентрациясы (Cmax) ұсынылған дозалар диапазонында (25-100 мг) дозаға пропорционалды ұлғаяды.

Силденафилді тамақпен қабылдағанда оның сіңу жылдамдығы төмендейді, ең жоғары концентрациясына жету уақыты (Tmax) орта есеппен 60 минут ұзарады, ал Cmax орта есеппен 29% төмендейді.

Таралуы

Орташа тепе-тең таралу көлемі (Vd) 105 л құрайды, ол организм тіндерінде препараттың таралуын айғақтайды. Силденафилді 100 мг дозада ішу арқылы бір рет қолданудан кейін қан плазмасындағы силденафилдің жалпы Сmax мәні ≈440 нг/мл құрайды (ауытқу коэффициенті - 40%). Силденафил мен оның басты N-десметил-метаболиті қан плазмасы ақуыздарымен 96% байланысады, қан плазмасындағы бос силденафилдің орташа Сmax мәні 18 нг/мл (38 нмоль) құрайды. Қан плазмасындағы ақуыздармен байланысу дәрежесі силденафилдің жалпы концентрацияларына тәуелденбейді.

Силденафилді 100 мг дозада бір рет қолданған дені сау еріктілерде 90 минуттан соң қабылданған дозаның <0,0002% (орта есеппен 188 нг) бөлігі эякулятта анықталған.

Метаболизмі

Силденафил биотрансформациясы көбінесе CYP3A4 (негізгі жол) және CYP2C9 (қосымша жол) арқылы бауырдың микросомалық изоферменттердің қатысуымен жүзеге асады.

Силденафилдің N-деметилденуі нәтижесінде түзілген айналымдағы негізгі метаболит әріқарай метаболизмге ұшырайды.

Метаболит силденафилдің осындайымен салыстырмалы фосфодиэстеразаларға селективтілік бейінімен сипатталады, ал ФДЭ-5 қатысты in vitro метаболитінің белсенділігі препараттың бастапқы зат белсенділігінен шамамен 50% құрайды.

Дені сау еріктілерде плазмадағы осы метаболиттің концентрациялары силденафил концентрацияларынан шамамен 40% құрайды.

N-деметилденген метаболит шамамен 4 сағат құрайтын соңғы жартылай шығарылу кезеңімен әріқарай метаболизмге ұшырайды.

Элиминациясы

Силденафилдің жалпы клиренсі 41 л/сағат, ал соңғы жартылай шығарылу кезеңі 3-тен 5 сағатқа дейін құрайды. Ішу арқылы қабылдаудан немесе көктамыр ішіне енгізуден кейін силденафил метаболиттер түрінде негізінен нәжіспен (ішуге арналған 80% дозасына жуық) және аз дәрежеде несеппен (ішуге арналған 13 % дозасына жуық) шығарылады.

Пациенттердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы дені сау еріктілерде (65 жастағы немесе одан асқан) силденафил мен оның белсенді N-деметилденген метаболитінің плазмадағы концентрацияларын, жасы кіші (18-45 жас) дені сау еріктілердегісімен салыстырғанда, шамамен 90% жоғарылатумен силденафил клиренсінің төмендеуі білінді. Плазма ақуыздарымен байланысудағы жас айырмашылықтарымен байланысты, плазмадағы бос силденафил концентрацияларының тиісінше ұлғаюы шамамен 40% құрады.  

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясы жеңіл және орташа дәрежеде бұзылған (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) пациенттерде силденафил фармакокинетикасы оны 50 мг дозада ішу арқылы бір рет қолданудан кейін өзгеріссіз қалды. N-деметилденген метаболиттің орташа AUC және Cmax мәндері, бүйрек функциясының бұзылуынсыз жас шамасы ұқсас дені сау еріктілердегі сол көрсеткіштермен салыстырғанда, тиісінше, 126 және 73% жоғарылады. Алайда, жекешеішілік жоғары ауытқушылық салдарынан, бұл өзгешеліктер статистикалық тұрғыда мәнді болмаған.. Бүйрек функциясының бұзылуы ауыр (креатинин клиренсі <30 мл/мин) дені сау еріктілерде силденафил клиренсі төмендеп, бұл бүйрек функциясының бұзылуынсыз жас шамасы ұқсас дені сау еріктілермен салыстырғанда, AUC және Cmax мәндерінің, тиісінше, 100 және 88% орташа жоғарылауына алып келді. Бұдан басқа, N-деметилденген метаболиттің AUC және Cmax мәндері, тиісінше, 79 және 200% елеулі жоғарылаған.

Бауыр жеткіліксіздігі

Жеңіл және орташа дәрежедегі бауыр циррозы (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша А және В класы) бар дені сау еріктілерде силденафил клиренсі төмендеп, бұл бауыр функциясының бұзылуынсыз жас шамасы ұқсас дені сау еріктілермен салыстырғанда, AUC (84%) және Cmax (47%) мәндерінің жоғарылауына алып келді. Бауыр функциясы ауыр дәрежеде бұзылған пациенттердегі силденафил фармакокинетикасы өзгермеген.

Фармакодинамикасы

Торнетис эректильді дисфункцияны ішу арқылы емдеуге арналған. Қалыпты жағдайларда, яғни сексуалдық стимуляция болғанда ол жыныс мүшесіне қан ағып келуінің күшеюі есебінен бұзылған эректильді функцияны қалыпқа келтіреді.

Әсер ету механизмі

Жыныс мүшесі эрекциясының физиологиялық механизмі сексуалдық стимуляция кезінде кавернозды денелерде азот тотығының (NO) босап шығуын қамтиды.

Азот тотығы гуанилатциклаза ферментін белсенділендіріп, бұл циклдық гуанозинмонофосфат (цГМФ) деңгейінің жоғарылауына, кейіннен кавернозды денелердің тегіс бұлшықет тінінің босаңсуына және қан ағымының ұлғаюына алып келеді.

Силденафил кавернозды денедегі 5-ші типті цГМФ-спецификалық фосфодиэстеразаның (ФДЭ-5) селективті тежегіші болып табылады, онда ФДЭ-5 цГМФ ыдырауын қамтамасыз етеді. Силденафилдің эрекцияға әсерлері шеткері сипатта болады.

Силденафил адамда оқшауланған кавернозды денеге тікелей релаксациялау әсерін көрсетпейді, бірақ азот тотығының аталған тінді босаңсыту әсерін қуатты күшейтеді. Жыныстық стимуляция кезінде азот тотығы/цГМФ метаболизмдік жолы белсенділенгенде силденафилмен ФДЭ-5 тежелісі кавернозды денедегі цГМФ деңгейінің жоғарылауына алып келеді. Осылайша, силденафилдің қалаулы фармакологиялық әсерін дамыту үшін сексуалдық стимуляция қажет.

Фармакодинамикалық әсерлері

Силденафил ФДЭ-5 қатысты in vitro селективті, оның ФДЭ-5 қатысты белсенділігі фосфодиэстеразаның басқа да белгілі изоферменттеріне қатысты белсенділігінен асып түседі (ФДЭ-6 — 10 есе; ФДЭ-1 — 80 еседен астам; ФДЭ-2, ФДЭ-3, ФДЭ-4, ФДЭ-7–ФДЭ-11 — 700 еседен астам). Силденафил, ФДЭ-3-пен салыстырғанда, ФДЭ-5 қатысты шамамен 4000 еседен аса селективті, оның маңызды мәні бар, өйткені ФДЭ-3 миокард жиырылуын реттеуге қатысады.

Қолданылуы

- қанағаттанарлық жыныс қатынасы үшін жеткілікті жыныс мүшесінің эрекциясына жету немесе оны сақтап тұру қабілетсіздігімен сипатталатын эрекция бұзылуларын емдеуде

Торнетис сексуалдық стимуляция кезінде ғана тиімді.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылдауға арналған.

Ересектер

Ұсынылатын дозасы, қажет болғанда, жыныстық қатынасқа дейін шамамен бір сағат бұрын қабылданатын 50 мг құрайды.

Тиімділігі мен жағымдылығына қарай, дозаны 100 мг дейін арттыруға немесе 25 мг дейін төмендетуге болады. Ең жоғары ұсынылатын дозасы 100 мг құрайды. Ең жоғары ұсынылатын препаратты қабылдау жиілігі тәулігіне бір рет 100 мг құрайды. Торнетис препаратын тамақпен қабылдағанда препарат әсері аш қарынға қабылдау кезіндегіден кеш дамуы мүмкін.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттерде қолдану

Дозаны түзету қажет емес (≥ 65 жас).

.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану

Бүйрек функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) дозалау бойынша ұсыныстар «Ересектер» бөлімінде көрсетілген.

Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр (креатинин клиренсі <30 мл/мин) пациенттерде силденафил клиренсі төмен, ұсынылатын доза 25 мг құрайды. Тиімділігі мен көтерімділігіне қарай, дозаны 50 мг немесе 100 мг дейін арттыруға болады.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану

Бауыр жеткіліксіздігі ауыр (мысалы, циррозбен) пациенттерде силденафил клиренсі төмен, ұсынылатын доза 25 мг құрайды. Тиімділігі мен жағымдылығына қарай, қажет болса, дозаны 50 мг немесе 100 мг дейін сатылы арттыруға болады.

Басқа да дәрілік препараттарды қабылдайтын адамдарда қолдану

Силденафилмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайтын ритонавирді қоспағанда CYP3A4 тежегіштерін бір мезгілде қабылдайтын тұлғаларға Торнетис 25 мг бастапқы дозада ұсынылады.

Постуральді гипотензияның даму ықтималдығын азайту үшін, Торнетис препаратын қабылдауды бастар алдында альфа-адреноблокаторлармен емдеуде тұрақты жағдайға жету қажет және бастапқы доза 25 мг құрауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (>1/10)

- бас ауыру

Жиі (> 1/100, < 1/10)

- бас айналу

- көрудің бұзылуы, түс ажырату қабілетінің бұзылуы**, бұлыңғырланып көріну

- қан кернеулер

- мұрын бітелісі

-жүрек айнуы, диспепсия

Жиі емес (1/1000 және 1/100)

-ринит

- аса жоғары сезімталдық

- ұйқышылдық, гипестезия

- көз жасы бөлінуінің бұзылуы***, көздің ауыруы, көздің қарығуы, фотопсия, көз гиперемиясы, көздің жарқ етуін сезіну, коньюктивит

- бас айналу, құлақтың шуылдауы

- жүрек қағу, тахикардия

- гипертензия, гипотензия

- мұрыннан қан кету, синусит

- гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, құсу, эпигастральді аумақтың ауыруы, ауыздың кеберсуі

- тері бөртпесі

- миалгия, аяқ-қолдың ауыруы

- гематурия

- кеуденің ауыруы, қажығыштық, жылу сезіну

- жүректің жиырылу жиілігінің жоғарылауы

Сирек (≥1/10000, <1/1000)

- инсульт, транзиторлы ишемиялық шабуылдар, құрысулар,*, қайталамалы құрысулар *, естен тану

- көру жүйкесінің артериялық емес алдыңғы ишемиялық нейропатиясы (КЖАЕАИН)*, торқабық тамырларының окклюзиясы*, субконъюнктивальді қан құйылу, артериосклероздық ретинопатия, көз торқабығының ауруы, глаукома, көру аясының ақаулары, диплопия, көру өткірлігінің төмендеуі, миопия, астенопия, көздің қарауытуы, нұрлы қабық аурулары, мидриаз, көздің хроматикалық абберациясы, көз ісінуі, көздің ісіп кетуі, көз ауруы, коньюктива гиперемиясы, көз тітіркенуі, көздің әдеттен тыс сезімталдығы, қабақ ісінуі, ақ қабықтың түссізденуі

- естудің нашарлауы

-жүректің кенеттен тоқтап қалуы*, миокард инфарктісі, қарыншалық аритмия*, жүрекшелер фибрилляциясы, тұрақсыз стенокардия,

-тамақ аумағындағы жайсыздық, мұрын ісінуі, мұрын шырышты қабығының құрғауы

- оральді гипостезия

- Стивенс- Джонсон синдромы*, уытты эпидермалық некролиз *

- жыныс мүшесіне қан құйылу гематоспермия, приапизм*, ұзақ жүретін эрекция

- ашушаңдық

*Тек маркетингтен кейінгі бақылауларда ғана хабарланған

** Түс ажырату қабілетінің бұзылуы: хлоропсия, хроматопсия, цианопсия, эритропсия және ксантопсия

*** Көз жасы бөлінуінің бұзылыстары: көздің құрғауы, көз жасы сұйықтығы бөлінуі жүйесінің бұзылулары, көз жасының көп бөлінуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- азот тотығының донаторлары болып табылатын препараттарды, органикалық нитраттарды немесе кез келген түрдегі нитриттерді бір мезгілде қабылдау

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- тұқым қуалайтын торқабықтың дегенерациялық аурулары (мысалы, retinitis pigmentosa)

- осының алдында ФДЭ5 тежегішін қолданумен байланысты осы көрініс болды ма немесе жоқ па, оған қарамастан, көру жүйкесінің алдыңғы ишемиялық нейропатиясы салдарынан бір көздің көрмей қалуы

Сақтықпен:

  • жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы (соның ішінде, ангуляция, кавернозды фиброз немесе Пейрони ауруы)

  • приапизмнің дамуына бейімдейтін аурулар (орақ пішіндес- жасушалық анемия, көптеген миелома, лейкоз, тромбоцитемия)

  • қан кетумен қатар жүретін аурулар

  • ойық жаралы аурудың өршуі

  • тұқым қуалайтын пигментті ретинит

  • жүрек жеткіліксіздігі

  • тұрақсыз стенокардия, соңғы 6 айда бастан өткерген миокард инфарктісі, инсульт немесе өмірге қатерлі аритмиялар

  • артериялық гипертензия (артериялық қысым (АҚ) > 170/100 мм сын. бағ.) немесе гипотония (АҚ < 90/50 мм сын.бағ.).

Тіркелген көрсетілім бойынша, препарат 18 жасқа дейінгі балаларға және әйелдерге қолдануға арналмаған.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Іn vitro зерттеулері

Силденафил метаболизмі, негізінен, P450 цитохромының (CYP) 3A4 (негізгі жол) және 2C9 (қосалқы жол) изотүрлері арқылы жүреді. Осы себепті, бұл изоферменттердің тежегіштері силденафил клиренсін төмендетуге қабілетті.

Іn vivo зерттеулері

Клиникалық зерттеулер деректерінің қауымдық фармакокинетикалық талдауы CYP3A4 тежегіштерімен (кетоконазол, эритромицин және циметидин сияқты) бір мезгілде қабылданғанда силденафил клиренсінің төмендеуін айғақтайды.

Силденафил және CYP 3A4 тежегіштерін бір мезгілде қолдану кезінде жағымсыз құбылыстар жиілігінің жоғарылауы білінбесе де, силденафилдің бастапқы дозасы 25 мг құрайды.

P450 цитохромының күшті тежегіші болып табылатын АИТВ протеазасының тежегіші – ритонавирмен белгіленген режимде (күніне екі рет 500 мг) силденафилмен (100 мг бір реттік дозасымен) бір мезгілде қабылдау силденафил Cmax 300% (4 есе) жоғарылауына, сондай-ақ плазмадағы силденафил AUC 1000% ұлғаюына алып келді. 24 сағат өткен соң плазмадағы силденафил деңгейлері, тек силденафил қабылдаудан кейінгі шамамен 5 нг/мл-мен салыстырғанда, бұрынғыша шамамен 200 нг/мл құрады. Бұл деректер P450 субстраттарының кең ауқымында ритонавирдің айқын әсерлерімен келіседі. Силденафил ритонавир фармакокинетикасына ықпал етпейді.

Фрмакокинетикалық деректерін ескеріп, бір мезгілде силденафил мен ритонавир қолдану ұсынылмайды; осындай жағдайларда силденафилдің ең жоғары дозасы 48 сағат бойы бәрібір 25 мг-ден аспауы тиіс.

Бір мезгілде силденафил (100 мг дозада бір рет) мен әрі АИТВ протеазасы тежегіші, әрі CYP3A4 тежегіші болып табылатын (тәулігіне 3 рет 1200 мг дозада саквинавир қабылдағанда) саквинавир қолданғанда қанда саквинавирдің тұрақты деңгейіне жету аясында қандағы силденафил Cmax 140% жоғарылады, ал AUC 210% ұлғайды. Силденафил саквинавирдің фармакокинетикалық параметрлеріне ықпалын тигізбейді.

CYP3A4 изоферментінің кетоконазол немесе итраконазол сияқты аса қуатты тежегіштері силденафил фармакокинетикасының едәуір айқын өзгерістерін туындатуы мүмкін.

Силденафил 100 мг бір реттік дозасында CYP3A4 спецификалық тежегіші - эритромицинмен бірге белгіленген режимде (5 күн бойы күніне екі рет 500 мг) қабылданғанда силденафилдің жүйелі әсерінің 182% (AUC бойынша) артуы байқалды.

Ер жынысты қалыпты дені сау еріктілерде азитромицинді (3 күн бойы тәулігіне 500 мг дозада) бірге қолданғанда силденафилдің немесе оның айналымдағы негізгі метаболитінің AUC, Cmax, Tmax көрсеткіштеріне, элиминация жылдамдығы константасына немесе соңғы жартылай шығарылу кезеңіне ықпал ету белгілері анықталмаған.

Дені сау еріктілерде P450 цитохромының тежегіші және CYP3A4 спецификалық емес тежегіші болып табылатын циметидин (800 мг) силденафилмен (50 мг дозада) бір мезгілде қолданғанда плазмадағы силденафил концентрацияларының 56% ұлғаюын туындатты.

Грейпфрут шырыны, CYP3A4 әлсіз тежегіші, силденафилдің плазмалық концентрацияларын орташа арттыруы мүмкін.

Бір мезгілде антацид (магний гидроксиді/алюминий гидроксиді) қабылдау силденафил биожетімділігіне ықпал етпейді.

Барлық дәрілік заттармен спецификалық өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмесе де, қауымдық фармакокинетикалық талдау деректері бойынша, CYP2C9 тежегіштерінің тобына (толбутамид, варфарин, фенитоин), CYP2D6 тежегіштерінің тобына (серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер, үш циклды антидепрессанттар сияқты), тиазидті және тиазид тәрізді диуретиктер, ілмекті және калий жинақтаушы диуретиктер, АКФ тежегіштері, кальций антагонистері, β-адренорецепторлар антагонистері немесе CYP450 метаболизмінің индукторлары (рифампицин, барбитураттар сияқты) топтарына жататын дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда силденафил фармакокинетикасы өзгермеген.

Ер жынысты дені сау еріктілердегі зерттеулер силденафилмен тепе-теңдік жай-күйінде (күніне үш рет 80 мг) бірге эндотелин антагонисі бозентанды (күніне екі рет 125 мг) тепе-теңдік жай-күйінде (CYP3A4 [орташа] CYP2C9 индукторлары және CYP2C19 болуы да мүмкін) қатарлас қолданғанда силденафил AUC және Cmax тиісінше 62,6% және 55,4% азаюына әкелетіндігін көрсетті.

Рифампицин сияқты қуатты индукторларды бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы силденафил концентрациясының елеулі төмендеуін туындатуы мүмкін.

Никорандил нитрат гибриді және калий өзектерінің белсендіргіші түрінде болады. Нитратты компонентінің болуына орай, ол силденафилмен күрделі өзара әрекеттесуге түсуі мүмкін.

Силденафилдің басқа дәрілік препараттарға әсері

Іn vitro зерттеулері

Силденафил – P450 цитохромының 1A2, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1 және 3A4 изотүрлерінің әлсіз тежегіші (ТК50 > 150 мкМ).

Силденафилдің изоферменттер субстраттарының клиренсіне ықпал ету ықтималдығы аз.

Силденафил және теофиллин мен дипиридамол сияқты ФДЭ спецификалық емес тежегіштерінің өзара әрекеттесуі жөнінде деректер жоқ.

Іn vivo зерттеулері

Силденафилдің азот тотығы/цГМФ метаболизміне ықпалы белгілі болғандықтан, бұл препараттың нитраттардың гипотензиялық әсерін күшейтуі анықталған, сондықтан оны азот тотығы донорларымен немесе кез келген түрдегі нитраттармен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Бейімділігі бар кейбір пациенттерде силденафил мен α-адренорецепторлар блокаторын бір мезгілде қолдану көбінесе силденафил қолданғаннан кейін 4 сағат ішінде туындайтын симптоматикалық гипотензияның дамуына әкелуі мүмкін. Дәрілік заттардың спецификалық өзара әрекеттесуін зерттеу барысында α-адренорецепторлары блокаторы - доксазозин (4 және 8 мг) мен силденафил (25, 50 және 100 мг) жағдайды тұрақтандыруға доксазозин қолданумен жеткен қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар пациенттерде бір мезгілде қолданылған.

Пациенттердің осы зерттеу топтарында артериялық қысымның шалқадан жатқан қалыпта 7/7 мм сын.бағ., 9/5 мм сын.бағ. және 8/4 мм сын.бағ. орташа қосымша төмендеуі байқалған, ал тік тұрған күйде артериялық қысымның орташа қосымша төмендеуі, тиісінше, 6/6 мм сын.бағ., 11/4 мм сын.бағ. және 4/5 мм сын.бағ. құрады. Доксазозинмен емдеу көмегімен тұрақтандырылған пациенттерде силденафил мен доксазозинді бір мезгілде қолданғанда пациенттерде симптоматикалық постуральді артериялық гипотензия туындаған сирек жағдайлар хабарланды. Бұл хабарламаларда естен тану емес, бас айналу және естен тану алдындағы ахуал жағдайлары қамтылды.

Силденафилді (50 мг дозада) екеуі де CYP2C9 арқылы метаболизденетін толбутамидпен (250 мг дозада) немесе варфаринмен (40 мг дозада) бір мезгілде қолданғанда елеулі өзара әрекеттесулері болмаған.

Силденафил (50 мг дозада) аспиринді (150 мг дозада) қабылдаудан болатын қан кету уақытының ұзаруына ықпал етпеген.

Силденафил (50 мг дозада) дені сау еріктілерде қандағы алкогольдің орташа ең жоғары 0,08% (80 мг/дл) деңгейлерінде алкогольдің гипотензиялық әсерінің күшеюіне ықпал етпеген.

Силденафил қабылдаған пациенттерде гипотензиялық дәрілік заттардың диуретиктер, β-адренорецепторлар блокаторлары, АКФ тежегіштері, ангиотензин II антагонистері, гипертензияға қарсы дәрілік заттар (тамыр кеңейтетін және орталық әсер ететін), адренергиялық нейрондар блокаторлары, кальций өзектерінің блокаторлары және α-адренорецепторлар блокаторлары сияқты кластарын бір мезгілде қолданғанда, плацебомен салыстырғанда, жағымсыз әсерлер бейінінің ешқандай айырмашылықтары анықталмаған.

АГ бар пациенттерде силденафил (100 мг) мен амлодипин бір мезгілде қолданылғанда жатқан қалыптағы систолалық АҚ 8 мм сын.бағ. қосымша төмендеуі білінді. Диастолалық АҚ төмендеуі 7 мм сын.бағ. құрады. Шамасы бойынша осы АҚ қосымша төмендеулері дені сау еріктілерде силденафилді ғана қолдану кезінде анықталуымен салыстырмалы болды. Силденафил 100 мг дозада АИТВ протеазасы тежегіштерінің, CYP 3A4 субстраттары болып табылатын саквинавир мен ритонавирдің фармакокинетикалық көрсеткіштеріне ықпал етпеген.

Ер жынысты дені сау еріктілердегі зерттеулерде тепе-теңдік жай-күйінде силденафилмен бірге (күніне үш рет 80 мг) бозентанның AUC 49,8%-ға ұлғаюына және бозентанның Cmax 42%-ға (бозентан: күніне екі рет 125 мг) ұлғаюына әкеледі.

Айрықша нұсқаулар

Эректильді дисфункцияны диагностикалау, оның болжамды себептерін анықтау және талапқа сай емін таңдау кезінде толық медициналық анамнез жинау және мұқият физикальді тексеруден өту қажет.

Сексуалдық белсенділік жүрек аурулары болғанда белгілі бір қауіп төндіреді, сондықтан эректильді дисфункция себебінен кез келген емді бастар алдында дәрігер жүрек-қантамыр жүйесін тексеруден өткізу керек.

Силденафил артериялық қысымның өткінші төмендеуіне әкелетін жүйелі вазодилатациялау әсерін көрсетеді, бұл клиникалық мәнді құбылыс емес және пациенттердің көпшілігінде қандай да бір зардаптарға әкелмейді. Соның өзінде, Торнетис препаратын тағайындағанша дәрігер сәйкесті ауруларға шалдыққан пациенттерде, әсіресе, сексуалдық белсенділік аясында вазодилатациялау әсерінің болжамды жағымсыз көріністер қаупін мұқият бағалауы тиіс. Жүректің сол жақ қарыншалық шығу жолының обструкциясы бар (қолқа стенозы, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия), сондай-ақ вегетативті жүйке жүйесі тарапынан артериялық қысым реттелісінің ауыр бұзылуымен көрініс беретін көптеген жүйелі атрофияның сирек кездесетін синдромына шалдыққан пациенттерде вазодилататорларға жоғары сезімталдық байқалады. Торнетис нитраттардың гипотензиялық әсерін күшейтеді.

Тіркеуден кейінгі кезең барысында эректильді дисфункцияны емдеу үшін силденафилді қолдану кезінде миокард инфарктісін, тұрақсыз стенокардия, жүректен болатын кенет өлім, қарыншалық аритмия, цереброваскулярлы қан кету және транзиторлы ишемиялық шабуыл, гипертония мен гипотонияны қамтитын күрделі жүрек-қантамырлық асқынулар жағдайлары тіркелген.

Осы пациенттердің көпшілігінде, бірақ бәрінде емес, алдыңғы жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары болды. Осы құбылыстардың көбі жыныстық қатынас тұсында немесе оның аяқталуынан кейін жуық арада тіркелді, сондай-ақ бірнеше құбылыс сексуалдық белсенділіксіз силденафил қабылдағаннан кейін жуық арада тіркелген. Басқалары силденафил қолдану мен сексуалдық белсенділіктен кейін бірнеше сағаттан немесе күннен соң орын алған. Бұл құбылыстардың силденафил қабылдаумен, сексуалдық белсенділікпен, бұрыннан бар жүрек-қантамыр ауруымен, осы факторлардың бірігуімен немесе басқа да факторлармен байланысты болғанын анықтау мүмкіндігі жоқ.

Эректильді дисфункциясы бар пациенттерді емдеуге арналған дәрілерді, соның ішінде Торнетисті жыныс мүшесінің анатомиялық деформациялары (ангуляция, кавернозды фиброз немесе Пейрони ауруы сияқты) бар тұлғаларға немесе приапизм дамуына ықпал ететін жай-күйлері (орақ пішіндес-жасушалық анемия, көптеген миелома немесе лейкемия сияқты) бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Маркетингтен кейінгі тәжірибеде силденофилмен ем уақытындағы ұзақ уақыттық эрекциялар және приапизм туралы есептер бар. Ұзақтығы 4 сағаттан астам эрекция туындаған жағдайда пациент медициналық көмекке жүгінуі тиіс. Егер приапизмді дереу емдемесе, бұл жыныс мүшесінің тіндері зақымдануына және тұрақты эректильді дисфункцияға әкелуі мүмкін. Силденафилді және ФДЭ-5 басқа тежегіштерімен және өкпе артериялық гипертензиясын (ӨАГ) емдеу үшін пайдаланылатын құрамында силденафил бар емдеудің дәрілерімен бірге қолданудың немесе эректильді дисфункцияны басқа әдістермен емдеудің қауіпсіздігі және тиімділігі зерттелмеген, сондықтан осындай біріктірілімдерді қолдану ұсынылмайды.

Торнетис препаратын эректильді дисфункцияны емдейтін басқа дәрілермен бірге қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген, сондықтан осындай біріктірілімдер қолдану ұсынылмайды.

Силденафил мен басқа ФДЭ-5 тежегіштерін қолданумен байланысты көру бұзылыстары және көру жүйкесінің артериялық емес алдыңғы ишемиялық нейропатия жағдайлары хабарланды. Пациенттерге көру күрт нашарлаған жағдайда Торнетис препаратын қолдануды тоқтатып, дәрігерге қаралу керегін ескерту керек.

Торнетис препараты мен ритонавирді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Торнетисті α-адренорецепторларының блокаторларын қолданатын пациенттерде абайлап қолдану керек, өйткені ондай біріктірілім осыған бейімділігі бар кейбір пациенттерде симптоматикалық гипотензияға әкелуі мүмкін. Симптоматикалық гипотензия, әдетте, Торнетис препаратын қолданудан кейін 4 сағат ішінде туындайды. Постуральді гипотензияның даму қаупін азайта түсу мақсатында, Торнетис препаратымен емдеуді α-адренорецепторлары блокаторларын қолданатын гемодинамикалық тұрақты пациенттерде ғана бастауға болады. Мұндай пациенттерге ұсынылатын Торнетис препаратының бастапқы дозасы 25 мг құрайды.

Бұдан басқа, дәрігер пациенттерді постуральді гипотензия симптомдары білінген жағдайда қандай әрекеттер қабылдау керегінен хабардар етуі тиіс.

Силденафил натрий нитропруссидінің агрегацияға қарсы әсерлерін қуаттандырады. Қан ұюының бұзылулары немесе жедел пептидті ойық жарасы бар пациенттерде силденафил қолдану қауіпсіздігіне қатысты ешқандай ақпарат жоқ. Осылайша, осы топтың пациенттеріне Торнетис препаратын пайда мен қауіп арақатынасын мұқият бағалаудан кейін ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Силденафилдің автокөлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі зерттелмеген.

Силденафил қолданылған клиникалық зерттеулерде бас айналу және көру ағзасы тарапынан бұзылу жағдайлары хабарланған, көлік құралының рөліне отырмас бұрын немесе механизмдермен жұмыс істеу алдында пациенттерге олардың Торнетис препаратын қолдануға жеке реакциясын анықтап алу қажет.

Артық дозалануы

Дені сау еріктілерге жүргізілген зерттеулерде 800 мг дейінгі дозада силденафилді бір рет қабылдау кезінде жағымсыз әсерлері препараттың төменірек дозаларын қабылдау кезінде білінгендерімен ұқсас болды, бірақ олардың туындау жиілігі мен ауырлық дәрежесі жоғарылаған. Торнетис препаратының дозаларын 200 мг дейін арттыру тиімділігінің артуын туындатпаған, бірақ, төмен дозаларымен салыстырғанда, жағымсыз реакциялар (бас ауыру, қан кернеулер, бас айналу, диспепсия, мұрын бітелісі, көрудің нашарлауы) жиілігінің жоғарылауына әкелді.

Артық дозаланған жағдайда, қажет болса, стандартты симптоматикалық шаралар қабылдау қажет.

Диализ препараттың шығарылуын жеделдете алмайды, өйткені силденафил қан плазмасы ақуыздарымен берік байланысады және несеппен шығарылмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 таблеткадан (50 мг және 100 мг дозалары үшін) немесе 2 таблеткадан (75 мг дозалары үшін) немесе 4 таблеткадан (25 мг, 50 мг, 75 мг және 100 мг дозалары үшін) аклар/алюминий үлбірінен жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. Пішінді ұяшықты 1 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Тіркеу куәлігінің иесі

Сандоз Прайвит Лимитед, Үндістан

Plot No. 8-A/2 & 8-B, TTC Industrial Area, Kalwe Block, Village Dighe, Navi Mumbai, Thane 400708, Maharashtra State, India

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Сандоз Фармасьютикалс д.д.» АҚ өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Луганский к-сі, 96, «Керуен» бизнес орталығы. Тел.: +7 (727) 2581048   Факс: +7 (727) 2581047,

e-mail: kzsdz.drugsafety@sandoz.com

8 800 080 0066 – Қазақстан бойынша тегін қоңырау шалу нөмірі

 

Прикрепленные файлы

054801981477976418_ru.doc 123 кб
521380701477977621_kz.doc 136.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники