Тонзипрет®

Производитель: Бионорика СЕ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009558
Период регистрации: 17.10.2016 - 17.10.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Тонзипрет®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетка құрамында

белсенді заттар:

Capsicum annuum Dil. D3 75 мг,

Guaiacum Dil. D3 75 мг,

Phytolacca americana Ǿ 50 мг,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, магний стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, беті тегіс, ашық ақшыл түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.

АТХ коды R02AА20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Халықаралық (EMEA/HMPWG11/99) конвенция талаптарына сай өсімдік текті препараттарды клиникалық сынақтан өткізгенде фармакокинетикалық параметрлерді оқшаулап зерттеу талап етілмейді.

Фармакодинамикасы

Тонзипрет® - құрамында үш дәрілік шөптің - Capsicum annuum (бұршаққыналы қызыл бұрыш), Guaiacum (гвайяк ағашы), Phytolacca americana (америкалық фитолака) сығындысы бар біріктірілген гомеопатиялық препарат. Препараттың қабынуға қарсы, ауырғанды басатын және иммуномодулдегіш әсері бар.

Бұршаққыналы қызыл бұрыш құрамында алкалоид капсаицин бар, алдымен ауырудың медиаторы - Р субстанциясының лықсып шығуына ықпал етеді, содан соң оның кері қармалуына кедергі келтіреді. Бұл Р субстанциясының жұқаруына алып келеді, сол себепті ауыру тітіркендіргіштері аз беріледі, соның нәтижесінде жергілікті ауырғанды басу әсері қамтамасыз етіледі. Бұршаққыналы қызыл бұрыш қабынуға қарсы әсер ету арқылы жергілікті симптомдардың – жұтқыншақ аумағындағы қызару мен ісіктің азаюына алып келеді. Гваяк ағашының сүрегі құрамында бадамша без бен жұтқыншақ қабынуында емдік әсер көрсететін шайыр, эфир майлары және сапониндер бар. Америкалық лаконостың жүйелік қабынуға қарсы әсері бар, сондай-ақ В- және Т-лимфоциттерін көтермелеу есебінен иммунмодулдегіш әсері бар, эндогенді гамма-интерферон өндірілуін индуциялайды және вирусқа қарсы әсер етеді.

Қолданылуы

- жоғары тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы ауруларында (тонзиллит, фарингит, ларингит)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер және 12 жастан үлкен жасөспірімдерге: 1 таблеткадан әрбір 30 – 60 минут сайын, бірақ тәулігіне 12 таблеткадан асырмау керек. Созылмалы ауруларда тәулігіне 1-3 рет 1 таблеткадан.

6 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға: ересектерге арналған дозаның үштен екісінен асырмай қабылдау (1 таблеткадан әрбір 30 – 60 минут сайын, бірақ тәулігіне 8 таблеткадан асырмау керек). Созылмалы ауруларда тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан қабылдау.

1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға: ересектерге арналған дозаның жартысынан асырмай қабылдау (1 таблеткадан әрбір 30 – 60 минут сайын, бірақ тәулігіне 6 таблеткадан асырмау керек). Созылмалы ауруларда тәулігіне 1- 2 рет 1 таблеткадан қабылдау.

Таблеткалар ауызда баяу еруі керек.

Кішкене балалар қабылдағанда таблетканы алдын ала аз мөлшердегі суға ерітіп алып, жұтардың алдында бұл ерітіндіні ауызда бірнеше секунд ұстап тұрады.

Қолданудың ұзақтығы: Тонзипрет® таблеткасын ауру симптомдары (тамақтың ауыруы, жұтқандағы ауырсынулар) жойылғанша қабылдау керек, әдетте 7 күннен 14 күнге дейін.

Кез келген дәрілік препарат сияқты, гомеопатиялық препараттарды да дәрігер кеңесінсіз ұзақ уақыт қабылдауға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- асқазан-ішек бұзылулары (мысалы жүрек айнуы және асқазан бұзылулары)

Өте сирек

- аллергиялық реакциялар

Аллергиялық реакциялардың бірінші белгілерінде-ақ препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 1 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация

- тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферментінің генетикалық тапшылығы немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белгісіз

Айрықша нұсқаулар

Ұзақ, түсініксіз немесе қайта пайда болған шағымдар жағдайында, сондай-ақ қызба, ауыру үш күннен немесе 39˚С-дан асқан жағдайда дәрігерден кеңес алыңыз.

Қант диабеті бар науқастарда қолданылуы

Тонзипреттің® 1 таблеткасы құрамында орташа 0,02 нан бірлігі бар.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ұсынылған дозаларында әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: диспепсиялық бұзылулар, оның ішінде құсу мен диарея болуы мүмкін.

Емі: препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек. Симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан және ПВХ, ПВДХ үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада (блистер) 25 таблеткадан.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан (блистер) қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Бионорика СЕ, D-92308 Ноймаркт/Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Бионорика СЕ, D-92308 Ноймаркт/Германия

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың қауіпсіздігіне тіркеуден кейін қадағалауға жауыпты ұйымның мекенжайы

«Bionorica SЕ /Бионорика СЕ/» ҚР өкілдігі

Алматы қ., «Баспошта», а/ж № 200, тел: 250-93-99

e-mail: info@bionorica.kz

Прикрепленные файлы

238727071477975705_ru.doc 53 кб
274327981477977415_kz.doc 66 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники