Тонгинал®

Производитель: Рихард Биттнер АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие лекарственные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020534
Информация о регистрации в РК: 25.04.2014 - 25.04.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Тонгинал®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Гомеопатиялық тамшылар 20 және 50мл

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді заттар: Камфора (Camphora) D2 – 2 мл, Кәдімгі темекі (Тabacum) D6 – 10 мл, Ақ маралқурай (Veratrum album) D6 – 10 мл, Нитроглицерин (Glonoinum) D12 – 10 мл, Синильді қышқыл (Acidum hydrocyanicum) D12 – 10 мл

қосымша заттар: этил спирті 43%,

Сипаттамасы

Камфораның әлсіз иісі мен дәмі бар мөлдір түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да емдік өнімдер

Басқа дәрілік препараттар

АТХ коды V03AX

Фармакологиялық қасиеттер

Фармакокинетикасы

Қазіргі кезде, сұйылтылуы жоғары болғандықтан, медициналық гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттері туралы хабарланбаған.

Фармакодинамикасы

Тонгинал® тамшылары - бұл бұрыннан бар түрлі жекелеген гомеопатиялық дәрілердің қоспасы. Бір-бірін тиімділігі жағынан толықтырып отыратын және бір бағытта әсер ететін ингредиенттердің арнайы біріктірілімі.

Камфора орталық жүйке жүйесін қоздырады, тыныс алуды және қанайналымды стимуляциялайды, жүрек бұлшықеттеріне сергіткіш әсер береді, ондағы алмасу үдерістерін күшейтеді.

Кәдімгі темекі, никотиндік рецепторлардың стимуляциялануы нәтижесінде никотиннің әсері ацетилхолин, норэпинефрин, дофамин, серотонин, вазопрессин, өсу гормонаы мен АКТГ лықсуын туғыза отырып,ОЖЖ нейрогуморальді өзектерінің белсенділенуіне алып келеді.

Ақ маралқурайдың құрамында стероидты алкалоидтар бар. Натрий-ион өзектерінің қайта белсенділенуін баяулату арқылы, сіңген стероидты алкалоидтар көптеген қозғыш жасушаларға, атап айтқанда жүрек қызметіне әсер ететіндеріне салдандыратын әсер береді. Ішке қабылдағанда дәрілік зат қан қысымы мен жүректің жиырылу жиілігін төмендетеді, жоғары дозаларында тынысты тарылтады. Сыртқа қолданғанда дәрілік зат ұю мен сіңірілген кезіндегі улануды қоса, терінің қатты тітіркенуін туғызады.

Нитроглицерин, қантамырлардың тегісбұлшықетті жасушаларындағы азот тотығымен гуанилат циклазаны стимуляциялау арқылы тамырды кеңейтетін әсер береді, соның нәтижесінде миокардтың оттегіге қажеттілігінің төмендеуі жүреді. Сондай-ақ тамырды кеңейтетін әсер береді, ишемия учаскелеріне аймақтық қан ағымын жақсартады және миокардқа оттегі түсуінің жақсаруына алып келеді.

Синильді қышқыл аэробты метаболизмді бәсеңдетеді. Ол құрамында темір бар цитохромоксидазамен қайтымды байланысады және тотықтырғыш фосфорланудың соңғы сатысын баяулатады. Бұл баяулау Кребс циклындағы заттардың көмірсу алмасуын тоқтатады және жасушаішілік аденозинтрифосфат концентрациялары жылдам таусылады. Жеткілікті дәрежедегі жоғары дозаларда сіңуі кезінде тыныс алудың тоқтап қалуы жылдам басталады.

Қолданылуы

— нейроциркуляторлық бұзылуларды кешенді емдеуде (гипотониялық тип бойынша вегетативтік-қантамырлық дистония, пароксизма жағдайлары, диэнцефальді синдром).

Қолдану тәсілі және дозалары

Жас шамасы

Дозасы

Дозасын қолдану

Ересектер және 12 жастан асқан балалар

10 тамшы

7 күн бойы күніне 3 рет

6 жастан асқан балалар

5 тамшы

Емдеудің басында 10 тамшыдан (ересектер мен 12 жастан асқан балаларға) немесе 5 тамшыдан (6 жастан асқан балаларға) әр 30-60 минут сайын (күніне 8 реттен асырмай) қабылдауға болады. Жағдайдың жақсару белгілері пайда болса, қабылдау жиілігі күніне 3 ретке дейін азайтылуы тиіс

Толық тиімділігін қамтамасыз ету үшін, Тонгинал® - тамшыларын ас ішуден 30 минут бұрын немесе ас ішкеннен кейін кемінде 1 сағаттан соң қабылдау керек. Тонгинал® - тамшыларын таза күйінде тамшыларды тікелей тілге тамызу арқылы, немесе сәл суда ерітіп, балалар үшін тек қана сұйылтылған күйінде қабылдауға болады.

Жағымсыз әсерлері

6 жасқа толмаған балаларда препарат ларингоспазм туғызуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді заттарына немесе толтырғыштарының кез-келгеніне жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балаларға

- бронх демікпесі немесе тыныс жолдарының аса айқын жоғары сезімталдығымен сипатталатын тыныс жолдарының басқа аурулары.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі кезде басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы ешқандай ақпарат жоқ

Айрықша нұсқаулар

Тонгинал® препаратының құрамында бір реттік дозада (5/10 тамшы) 0,08/0,16г алкоголь бар және маскүнемдікке шалдыққан науқастарға тағайындауға болмайды. Сондай-ақ, препаратты бауыр ауруы немесе эпилепсиясы бар емделушілерге тағайындағанда құрамында 43 % спирттің бар екенін де ескеру керек.

Гомеопатиялық дәрілік заттармен емдеудің басында организмнің иммундық жүйесінің стимуляциялануына байланысты, бұрыннан бар аурудың бастапқыда өршуі орын алуы мүмкін. Ұзақ уақыт бойы бақылаусыз емдеу жағымсыз әсерлерінің туындауына себеп болуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және бала емізу кезінде, егер, дәрігердің пікірінше, анасы үшін күтілетін пайдасы ұрық/бала үшін ықтимал қауіптен асып түсетін болса ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Тонгинал® - тамшылары автокөлік құралын басқару қабілетіне әсер етпейді. Бірақ препарат құрамында спирттің болуы жоғары зейін шоғырландыруды, қимыл-қозғалыс және психикалық реакция жылдамдығын қажет ететін жұмыстарды орындауда сақтық танытуды талап етеді.

Артық дозалануы

Ешқандай артық дозаланған жағдайлар туралы хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 немесе 50 мл препараттан полиэтиленнен жасалған бұралатын қақпағы, полиэтиленнен жасалған тамшылатқышы бар қоңыр шыныдан жасалған құтыларға құяды. Құтыға заттаңба жапсырылады.

1 құтыны медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан және күшті электромагниттік өрістен қорғалған жерде, 25º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндірушінің атауы мен елі

Рихард Биттнер АГ

Фельдкирхен, Австрия.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Рихард Биттнер АГ

Вена, Австрия.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Хербс Трэйдинг ГмбХ» ҚР өкілдігі, Алматы қ., Бегалин к-сі 115

Телефон. тел +7(727) 390-98-93 факс (727) 291-85-34

Электронды поштасы: www.omegapharma.kz

Сарапшы: Мысықбаева С.С.

Аудармашы: Серғазиева А.М.

Прикрепленные файлы

206006051477976692_ru.doc 58.5 кб
531954371477977825_kz.doc 67 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники