Томиклар (250 мг)

МНН: Кларитромицин
Производитель: REPLEK FARM Ltd. Skopje
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clarithromycin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021424
Период регистрации: 29.05.2015 - 29.05.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 40.23 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Томиклар

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кларитромицин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 250 мг және 500 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 250 мг, 500 мг кларитромицин,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, желатинделген крахмал, натрий кроскармеллозасы, повидон, стеарин қышқылы, магний стеараты, сусыз коллоидты кремний,

үлбірлі қабықтың құрамы: Опадрай ақ 03F28342: гипромеллоза 6 сР (НРМС 2910), титанның қостотығы (Е 171), тальк, макрогол (ПЭГ 6000), ванилин, хинолинді сары лагы (Е 104).

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес және бір жақ бетінде сызығы бар, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Сындырған кезде таблетканың ақ түсті өзегі және жұқа сары үлбірлі қабығы көрінеді (250 мг доза).

Сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес және екі жақ бетінде сызығы бар, ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Сындырған кезде таблетканың ақ түсті өзегі және жұқа ақ үлбірлі қабығы көрінеді (500 мг доза).

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияларға қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар. Макролидтер, линкозамидтер және стрептограминдер. Макролидтер. Кларитромицин.

АТХ коды J01F A09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кларитромицин ішке қабылданғаннан кейін асқазан-ішек жолынан (АІЖ) тез және жақсы сіңеді. Метаболизм үдерісінде – алдымен белсенді метаболит 14-гидроксикларитромицин түзіледі. Кларитромицинді тамақтануға қарамай-ақ қолдануға болады, өйткені пероральді түрде қабылдағанда тамақ оның биожетімділігіне ықпалын тигізбейді, бірақ кларитромициннің сіңуінің басталуын және 14-гидроксиметаболиттің түзілуін аздап кідіртеді. Фармакокинетикасы дозаға байланысты емес, қанда препараттың тепе-тең концентрациясы қабылдағаннан кейін 2 күн ішінде байқалады. Кларитромицинді күніне екі рет 250 мг-ден қабылдағанда, 15-20%-ы бүйрек арқылы өзгермеген түрде элиминацияланады, күніне екі рет 500 мг дозада қабылдағанда көбірек бөлініп шығады (шамамен 36%), 10-15%-ы несеппен бірге 14-гидроксикларитромицин түрінде шығарылады, препараттың үлкен бөлігі метаболиттер түрінде өтпен бірге бөлініп шығады (оның 5-10%-ы өзгермеген түрде).

500 мг кларитромицинді күніне үш рет қолданғанда, қан плазмасындағы препарат концентрациясы күніне екі рет 500 мг дозамен салыстырғанда жоғарылайды. Организм тіндеріндегі кларитромициннің концентрациясы қан сарысуындағы концентрациядан көп есе асып кетеді. Ең жоғары концентрациялар бадамша бездерінде және өкпе тіндерінде табылды (қан сарысуындағыдан 2 - 6 есе жоғары). Емдік дозаларда тағайындағанда кларитромициннің 80%-ы плазма ақуыздарымен байланысады, препарат асқазанның шырышты қабығына жақсы өтеді. Асқазанның шырышты қабығындағы кларитромицин мөлшері кларитромицинді омепразолмен бірге қолданғанда кларитромицинмен монотерапиядағыға қарағанда жоғары.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілерде қандағы кларитромициннің және 14-ОН-кларитромициннің деңгейі жоғары, ал шығарылуы жас адамдардағы осындаймен салыстырғанда баяуырақ. Егде жастағы адамдарда| фармакокинетикасындағы өзгерістер емделушінің жасымен емес, алдымен бүйректің функциональді жағдайының бұзылуымен байланысты.

Фармакодинамикасы

Томиклар - макролидтер тобына жататын жартылай синтетикалық антибиотик. Препараттың бактерияларға қарсы әсері оның сезімтал бактериялардың 5OS-рибосомальді суббірлігімен байланысуымен және ақуыз биосинтезінің бәсеңдеуімен анықталады. Кларитромициннің ең төмен тежегіш концентрациясы (ЕТТК) эритромициннің ЕТТК-нен екі есе төмен. Кларитромициннің метаболиті 14-гидроксикларитромициннің микробтарға қарсы белсенділігі бар осы метаболиттің ЕТТК-сі, H.influenzae қоспағанда, бастапқы қосылыстың ЕТТК-на тең немесе екі есе жоғары).

Кларитромициннің, Haemophilus influenzae, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Streptococcus agalactiae, Moraxella (Branhamella) catarrhalis, Neisseria gonorrhoeae, H. pylori және Campylobacter spp. қоса, көптеген микроорганизмдерге бактерицидтік белсенділігі бар. Кларитромициннің H. рylori-ге қарсы белсенділігі бейтарап рН-та, қышқыл кезіндегіге қарағанда, жоғары.

Препарат Legionella pneumophila және Mycoplasma pneumoniаe сияқты аэробтық және анаэробтық грамм-оң және грамм-теріс микроорганизмдердің (госпитальді штаммдарды қоса) кең ауқымына қарсы тиімді.

Enterobacteriaceae және Pseudomonas штаммдары, лактозаны өндірмейтін грамтеріс бактериялар сияқты, Томикларға сезімтал емес.

Клиникалық іс-тәжірибеде препарат келесі микроорганизмдерге қатысты антибактериялық белсенділік танытады.

Аэробтық грамм-оң микроорганизмдер: Staphylococcus aureus, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Listeria monocytogenes.

Аэробтық грамтеріс микроорганизмдер: Haemophilus influenzae,

Haemophilus parainfluenzae, Moraxella catarrhаlis, Neisseria gonorrhоeae,

Legionella pneumophila.

Басқа да микроорганизмдер: Mycoplasma pneumoniae, Chlamydia pneumoniae.

Микобактериялар: Mycobacterium leprae, Mycobacterium kansasii, Mycobacterium chelonae, Mycobacterium fortuitum, Mycobacterium avium сomplex (Mycobacterium avium, Mycobacterium intracellulare-ні қоса ).

Микроорганизмдердің бета-лактамазалары Томиклардың тиімділігіне ықпалын тигізбейді.

Көптеген стафилококктердің метициллин - және оксациллин-резистентті штаммдары Томикларға сезімтал емес.

Препарат төменде берілген микроорганизмдердің көптеген штаммдарына қатысты in vitro белсенді, алайда оның қолданылуының клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ.

Аэробтық грамм-оң микроорганизмдер: Streptococcus agalactiae, Streptococci ( C,F,G тобы ) Viridans group streptococci.

Аэробтық грамм-теріс микроорганизмдер: Bordetella pertussis,

Pasteurella multocida.

Анаэробтық грамм-оң микроорганизмдер: Clostridium perfringens,

Peptococcus niger, Propionibacterium acnes.

Анаэробтық грамм-теріс микроорганизмдер: Bacteriodes melaninogenicus.

Спирохеттер: Borrelia burgdorferi, Treponema pallidum.

Кампилобактериялар: Campylobacter jejuni.

Қолданылуы

- тыныс алу жолдарының төменгі бөлімдерінің жұқпаларында (бронхит, пневмония және т.б.)

- тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлімдерінің жұқпаларында (фарингит, синусит және т.б.)

-тері мен жұмсақ тін жұқпаларында (орташа білінетін)

-H. Pylori әсерінен туындаған он екі ішек ауруларында (біріктірілген ем құрамында)

Қолдану тәсілі және дозалары

Томикларды тамақтануға қарамай-ақ қабылдауға болады.

Тыныс алу жолдарының/тері мен жұмсақ тіндердің жұқпалары.

Ұсынылған доза күніне екі рет 250 мг құрайды, қажет болғанда доза күніне екі рет 500 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін (ауыру барысы ауыр болғанда). Әдеттегі емдеу ұзақтығы 6-дан 14 күнге дейінді құрайды.

H. Pylori әсерінен туындаған он екі елі ішек ауруларын (біріктірілген ем құрамында)

Емдеу сызбасы.

500 мг-ден күніне екі рет лансопразолмен (күніне екі рет 30 мг-ден) және амоксициллинмен (күніне екі рет 1000 мг-ден) бірге.

500 мг-ден күніне екі рет лансопразолмен (күніне екі рет 30 мг-ден) және метронидазолмен (күніне екі рет 400 мг-ден) бірге.

500 мг-ден күніне екі рет амоксициллинмен (күніне екі рет 1000 мг-ден) және омепразолмен (күніне 20 мг-ден) бірге.

Томиклар препаратының әдеттегі дозасы 14 күн бойына күніне үш рет 500 мг құрайды. Томикларды омепразолмен бірге (күніне бір рет пероральді түрде 40 мг) тағайындаған дұрыс. Омепразолды қабылдау ұзақтығы 14- 28 күн.

Егде жастағы емделушілер: ересектердегі сияқты доза.

Бүйрек функциясының бұзылуы: креатинин клиренсі минутына 30 мл-ден аз болатын емделушілерде кларитромициннің дозасы жартысына, яғни күніне бір рет 250 мг төмендетілуі, немесе ауырлау жұқпаларда күніне екі рет 250 мг-ден болуы тиіс. Емделу курсы 14 күннен аспайды.

Жағымсыз әсерлері

Ересектерді және балаларды емдегендегі ең жиі және жалпы жағымсыз реакциялар: іштің ауыруы, диарея, жүректің айнуы, құсу және дәмді сезінудің бұзылуы. Бұл жағымсыз реакциялар әдетте әлсіз білінеді және макролидтер тобының антибиотиктері қауіпсіздігінің белгілі бейініне сәйкес келеді. Клиникалық зерттеулер кезінде микобактериальді жұқпа болған немесе болмаған емделушілер топтарының арасында осы жағымсыз реакциялардың жиілігінде айтарлықтай айырмашылықтар байқалған жоқ.

Жағымсыз реакциялар пайда болу жиілігі бойынша берілген: 10%-дан көбірек – өте жиі, 1-10% – жиі, 0.1-1% – жиі емес.

Өте жиі

- енгізген жерде флебит1

Жиі

- ұйқысыздық

- бас ауыру

- дисгевзия (дәм сезімталдығының бұзылуы), дәмді сезінудің бұзылуы

- вазодилатация1

- жүректің айнуы, іштің ауыруы, құсу, диспепсия, диарея

- бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы

- бөртпе, гипергидроз

- енгізген орынның ауыруы1, енгізген орынның қабынуы1, пальпация кезінде ауыруы

Жиі емес

- целлюлит1, ауыз қуысының кандидозы, гастроэнтерит2

- жұқпа3, қынаптық жұқпалар

- лейкопения, нейтропения4, тромбоцитемия3, эозинофилия4

- анафилактоидтық реакциялар1, аса жоғары сезімталдық

- анорексия, тәбеттің нашарлауы

- үрейлену, күйгелектік3, айқайшылдық3

- естен тану1, дискинезия1, бас айналу, ұйқышылдық, тремор

- бас айналу, естудің нашарлауы, құлақтың шыңылдауы

- жүректің тоқтап қалуы1, жүрекше фибрилляциясы1, QT аралығының ұзаруы, экстрасистолия1, жүректің қағуы

- демікпе1, мұрыннан қан кету2, өкпе қантамырлары эмболиясы1

- эзофагит1, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы2, гастрит, прокталгия2, стоматит, глоссит, іштің кебуі4, іш қату, ауыз ішінің құрғауы, кекіру, метеоризм

- холестаз4, гепатит4, АЛТ, АСТ, ГГТ деңгейлерінің жоғарылауы4

- буллезді дерматит1, қышыну, есекжем, макулопапулёзді бөртпе3

- бұлшықет түйілулері3, қаңқалық-бұлшықет сіресуі1, миалгия2

- қан креатининінің жоғарылауы1, қан мочевинасының жоғарылауы1

- дімкәстік4, қызба3, астения, кеуденің ауыруы4, қалтырау4, қатты қажу4

- альбумин-глобулин арақатынасының өзгеруі1, қан сарысуында сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы4, қан сарысуында лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы4

Жекелеген мәлімдемелер

- колхицинмен біріктіріп қолданғанда (егде жастағы емделушілерде, соның ішінде бүйрек функциясының жеткіліксіздігі аясында) колхицинді уыттылық (соның ішінде өліммен аяқталатын).

1,2,3,4Жағымсыз реакциялар деректері туралы препаратты мына түрлерінде қолданғанда ғана хабарланған:

1 – инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ, 2 – босап шығуы өзгертілген таблеткалар, 3 – суспензиялар, 4 – дереу босап шығатын таблеткалар.

Постмаркетингтік мәлімдемелер (іс жүзінде қолданғанда).

Жиілігі белгісіз

- жалған жарғақшалы колит, тілме қабыну, эритразма

- агранулоцитоз, тромбоцитопения

- анафилактикалық реакциялар

- гипогликемия

- психоздар, сананың шатасуы, деперсонализация, депрессия, бағдардан адасу, елестеулер, қорқынышты түстер көру

- құрысулар, агевзия (дәм сезімталдығының жоғалуы), паросмия, аносмия, парестезия

- естудің жоғалуы

- пируэтті қарыншалық тахикардия (torsades de pointes), қарыншалық тахикардия

- қан құйылу

- жедел панкреатит, тіл түсінің өзгеруі, тіс түсінің өзгеруі

- бауыр функциясының жеткіліксіздігі, холестаздық сарғаю, гепатоцеллюлярлы сарғаю

- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, дәрі-дәрмектік тері реакциясы (ол эозинофилиямен және жүйелік көріністермен қатар жүреді), акне, Шенлейн-Генох ауруы

- рабдомиолиз2 (кейбір мәлімдемелерде рабдомиолиздің пайда болуын рабдомиолиздің дамуын туындататын дәрілік препараттармен (статиндер, фибраттар, колхицин немесе аллопуринол) бір мезгілде қолданумен байланыстырады), миопатия

- бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит

- халықаралық қалыптасқан арақатынастың жоғарылауы, протромбин уақытының артуы, несеп түсінің өзгеруі

Кларитромициннің пероральді түрлеріне клиникалық зерттеулерде парестезия, артралгия, ангионевроздық ісіну жөнінде де мәлімделді.

Увеит жөнінде де өте сирек мәлімдемелер байқалды (негізінен рифабутинді бір мезгілде қабылдаған емделушілерде, олардың көбісі қайтымды).

Иммундық жүйесі бұзылған емделушілер.

Кларитромициннің жоғары дозаларын микобактериялық жұқпаларды емдеу үшін ұсынылғаннан ұзағырақ қабылдаған, ЖИТС-ке шалдыққан науқастарда және иммундық жүйесінің бұзылулары бар емделушілерде препаратты қолданумен байланысты жағымсыз реакцияларды, және негізгі немесе қатар жүретін аурулардың симптомдарын айыру әрдайым бола бермейді.

Кларитромицинді тәуліктік 1000 мг дозада қабылдаған ересек науқастарда өте жиірек жағымсыз әсерлер жүректің айнуы, құсу, дәмнің бұзылуы, іштің ауыруы, диарея, бөртпе, іштің кебуі, бас ауыру, іштің қатуы, естудің нашарлауы, АСТ және АСТ мөлшерінің жоғарылауы болды. Диспноэ, ұйқысыздық және ауыз ішінің құрғауы сирек пайда болды. Емделушілердің 2–3%-да АЛТ мен АСТ деңгейлерінің едәуір жоғарылауы және қанда лейкоциттер мен тромбоциттер санының едәуір төмендеуі байқалды. Бірнеше емделушілерде қанда мочевина мөлшерінің жоғарылауы байқалды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне, макролидтер тобының антибиотиктеріне жоғары сезімталдық

- кларитромицинді және келесі препараттардың қандай да болсын біреуін бір мезгілде қолдану: астемизол, цизаприд, пимозид, терфенадин (өйткені ол QT аралығының ұзаруына және, қарыншалық тахикардияны, жүрекшелердің фибрилляциясын және пируэтті қарыншалық тахикардияны (torsade de pointes) қоса, жүрек аритмияларының дамуына әкеп соғуы мүмкін), эрготамин немесе дигидроэрготамин (өйткені ол эргоуыттылыққа әкеп соғуы мүмкін), ловастатин, симвастатин (рабдомиолизді қоса, миопатия қаупінің жоғарылауымен байланысты)

- сыртартқысында QT аралығының ұзаруы немесе, "пируэт" типті қарыншалық тахикардияны қоса, жүрек аритмиялары бар емделушілер)

- колхицинді және Р-гликопротеинді немесе CYP3A4 күшті тежегішін (мысалы, кларитромицинді) бүйрек немесе бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерге бір мезгілде қолдану

- бүйрек функциясының жеткіліксіздігімен біріккен бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі

- ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерімен (статиндер), соның ішінде ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қолдану (қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозы қаупі бар)

- гипокалиемия (QT аралығының ұзару қаупі бар)

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Томиклар пероральді контрацептивтермен өзара әрекеттеспейді.

Келесі препараттарды, өзара әрекеттесуінен ауыр зардаптар дамуы мүмкін болғандықтан, катаң түрде қолдануға болмайды.

Цизапридті, пимозидті, терфенадинді, астемизолды Томиклармен қатар қолдану жүрек ырғағының бұзылуына (QT аралығының ұзаруы, қарыншалық тахикардия, жүрекшелердің фибрилляциясы және torsade de pointes) әкелуі мүмкін.

Томиклар мен эрготаминді немесе дигидроэрготаминді бір мезгілде қолдану жедел эрготизмнің белгілерімен астасады, бұл вазоспазммен, аяқ-қолдың және, орталық жүйке жүйесін қоса, басқа да тіндердің ишемиясымен көрініс беруі мүмкін.

Томиклардың фармакокинетикасына басқа дәрілік заттардың ықпалы.

CYP3A индукторлары болып табылатын дәрілік заттар (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай препараттары) кларитромициннің метаболизмін индукциялауы мүмкін. Бұл кларитромициннің субтерапиялық деңгейіне және оның Томиклар препаратының тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұдан басқа, CYP3A индукторының плазмалық деңгейінің мониторингін қажет етуі мүмкін, олар CYP3A-ның Томиклармен тежелуіне байланысты жоғарылауы мүмкін (CYP3A4 индукторының тиісті медицинада қолданылуына арналған нұсқаулықты да қараңыз). Рифабутинді және Томиклар препаратын бір мезгілде қолдану, увеиттің даму қаупінің бір мезгілде жоғарылауымен бірге, қан сарысуында рифабутин деңгейінің жоғарылауына және кларитромицин деңгейінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Эфавиренц, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин кларитромициннің метаболизмін, қан плазмасындағы оның концентрациясын азайтады, бірақ 14-ОН-кларитромицин концентрациясын арттыра отырып, жылдамдатуы мүмкін – Томиклар күтілетін емдік әсеріне жетпеуі мүмкін.

Этравирин: кларитромициннің әсері этравиринмен бәсеңдейді; алайда белсенді метаболит 14-ОН-кларитромициннің концентрациясы жоғарылады. 14-ОН-кларитромициннің Mycobacterium avium complex (MAC) қарсы белсенділігі төмен болғандықтан, осы патогенге қарсы жалпы белсенділік өзгеруі мүмкін. Сондықтан МАС емдеу үшін Томикларға баламалы дәрілік препараттарды қолдану ықтималдығын қарастырған жөн.

Флуконазол: Томиклардың дозасын өзгерту қажет емес.

Ритонавир: ритонавирді және кларитромицинді қолдану кларитромициннің концентрациясы метаболизмінің едәуір бәсеңдеуіне әкеледі. Кларитромициннің Cmax 31%-ға, Cmin 182%-ға және AUC 77%-ға жоғарылайды. 14-ОН-кларитромицин түзілуінің толық бәсеңдегені байқалды. Емдік шегінің үлкендігіне байланысты, бүйрек функциясы қалыпты болатын емделушілерде кларитромициннің дозасын азайту қажет емес. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерде дозаны түзету қажет, креатинин клиренсі 30–60 мл/мин болғанда, Томикларды 50%-ға төмендету қажет (ең жоғары дозаға – күніне 1 таблетка Томикларға дейін); креатинин клиренсі < 30 мл/мин болғанда – препараттың осы түрін қолданбаған жөн, өйткені ол дозаны талапқа сай төмендетуге мүмкіндік бермейді (емделушілердің осы тобында дереу босап шығатын кларитромицин таблеткасын қолдануға болады). Күніне 1 г-ден асатын Томиклар препаратының дозасын ритонавирмен бірге қолданбаған жөн.

Дозаны бұлай түзетуді бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде ритонавирді фармакокинетикалық күшейткіш ретінде, атазанавир мен саквинавирді қоса, АИВ-протеазаның басқа тежегіштерімен бірге қолданғанда жүргізу керек.

Томиклардың басқа дәрілік заттардың фармакокинетикасына ықпалы.

Аритмияға қарсы дәрілер.Томикларды хинидинмен немесе дизопирамидпен бір мезгілде қолдану нәтижесінде дамитын пируэтті қарыншалық тахикардияның дамығаны жөнінде мәлімдемелер бар. Мұндай жағдайларда QT аралығын дер кезінде анықтау үшін ЭКГ-мониторинг жүргізу ұсынылады. Томиклармен емдеу кезінде қан сарысуындағы осы препараттардың концентрацияларын қадағалаған жөн.

CYP3A

Кларитромицинді (CYP3A ферментінің белгілі тежегіші) және негізінен CYP3A-мен метаболизденетін препаратты біріктіріп қолдану, қан плазмасында соңғысының концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін, ол өз кезегінде оның емдік әсерін және жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупін күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін. Томикларды төменде берілген (CYP3A субстраттары): алпразолам, астемизол, карбамазепин, цилостазол, цизаприд, циклоспорин, дизопирамид, қастауыш алкалоидтары, метилпреднизолон, мидазолам, омепразол, пероральді антикоагулянттар (мысалы, варфарин), пимозид, хинидин, рифабутин, силденафил, такролимус, терфенадин, триазолам және винбластин, фенитоин, теофиллин, вальпроат препараттарымен ем қабылдап жүрген науқастарға қолданғанда сақтық танытқан жөн.

Томиклармен бірге қолданғанда фосфодиэстераз тежегіштерінің (силденафилдің, тадалафилдің және варденафилдің) плазмалық концентрациялары артуы ықтимал, бұл фосфодиэстераза тежегіштерінің дозасын азайтуды қажет етуі мүмкін.

Томиклармен бір мезгілде қолданғанда қан плазмасында теофиллиннің немесе карбамазепиннің концентрациялары елеусіз жоғарылауы мүмкін.

Томиклармен бірге қолданғанда толтеродиннің дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.

Триазолбензодиазепиндерді (мысалы, алпразоламды, мидазоламды, триазоламды) және Томиклар таблеткаларын бірге қолданғанда дозаны дер кезінде түзету үшін емделушінің жағдайына мұқият мониторинг жүргізген жөн. Пероральді мидазоламды Томиклармен біріктіріп қолдануға жол бермеген жөн.

Шығарылуы CYP3A байланысты емес бензодиапезиндер (темазепам, нитразепам, лоразепам) үшін Томиклармен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесудің даму ықтималдығы аз.

Өзара әрекеттесудің басқа түрлері

Колхицин: Томикларды және колхицинді бір мезгілде қолданғанда колхициннің деңгейі жоғарылауы мүмкін. Колхициннің уыттылығының клиникалық көріністерін дер кезінде анықтау үшін емделушілердің жағдайын бақылап отыру қажет.Дигоксин: Томикларды дигоксинмен бірге қабылдап жүрген емделушілердің қан сарысуында дигоксиннің концентрациясы жоғарылауы мүмкін. Кейбір емделушілерде дигиталис уыттану белгілері (соның ішінде потенциальді фатальді аритмиялар) дамыды. Оны Томиклармен бірге қолданғанда емделушілердің қан сарысуындағы дигоксиннің концентрациясын мұқият бақылаған жөн. Зидовудин: қан сарысуында зидовудиннің тепе-тең концентрациялары төмендеуі мүмкін.

Фенитоин және вальпроат: кларитромицинді қоса, CYP3A тежегіштерінің CYP3A-мен метаболизденбейді деп есептелетін дәрілік заттармен (мысалы, фенитоин және вальпроат) өзара әрекеттесуі жөнінде кенеттен болатын немесе жарияланған мәлімдемелер байқалды. Томиклармен бір мезгілде тағайындағанда қан сарысуында осы дәрілік заттардың деңгейін анықтау ұсынылады. Қан сарысуында олардың деңгейінің жоғарылағаны жөнінде мәлімдемелер бар.

Томиклар және атазановир, интраконазол, саквинавир арасында екі бағытты дәрілік өзара әрекеттесу болуы мүмкін.

Верапамил: кларитромицин мен верапамилді біріктіріп қолданғанда артериялық гипотензияның, брадиаритмияның және лактоацидоздың дамығаны жөнінде мәлімделді.

Омепразол: кларитромицинді (500 мг әрбір 8 сағат сайын ) омепразолмен (тәулігіне 40 мг) біріктіріп қолдану дені сау ересек еріктілерде омепразолдың тепе-тең концентрацияларының жоғарылауына әкелді (Cmax , AUC0- 24 , және T1 / 2 сәйкесінше 30%-ға, 89%-ға және 34%-ға артады). Омепразолды ғана қолданғанда асқазан сөлінің рН орташа мәні 24 сағат ішінде 5.2, омепразолды кларитромицинмен бірге қолданғанда 5.7 құрады.

Силденафил, тадалафил және варденафил

Фосфодиэстеразаның осы тежегіштерінің әрқайсысы, ең кемінде, ішінара CYP3A арқылы метаболизденеді, және кларитромицинмен бір мезгілде қабылдағанда тежелуі мүмкін. Томикларды силденафилмен, тадалафилмен немесе варденафилмен бірге қолдану, бәрінен бұрын, фосфодиэстераза тежегіші әсерінің артуына әкеледі. Силденафил, тадалафил және варденафилдің, бұл препараттар Томиклармен бірге енгізілген кезде, дозалары төмендетуді қарастырған жөн.

Айрықша нұсқаулар

Антибиотиктерді ұзақ немесе қайталап қолдану сезімтал емес бактериялар мен зеңдердің өсуін туындатуы мүмкін. Асқын жұқпалар дамыған кезде Томикларды қолдануды тоқтату және тиісті емді бастау керек.

Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде препаратты сақтықпен қолданған жөн.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерде препаратты қолданғанда сақтық танытқан жөн.

Препаратты қолданғанда, бауыр ферментері деңгейінің жоғарылауын, гепатоцеллюлярлы және/немесе холестаздық гепатит (сарғаятын немесе онсыз) қоса, бауыр функциясының бұзылулары жөнінде мәлімделді. Бауыр функциясының бұл бұзылулары ауыр және әдетте қайтымды болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын бауыр функциясының жеткіліксіздігі жөнінде мәлімделді, ол негізінен ауыр негізгі аурулармен және/немесе қатар жүретін дәрі-дәрмектік еммен байланысты болды. Гепатит симптомдары (анорексия, сарғаю, несептің күңгірттенуі, қышыну немесе іштің ауыруы) пайда болған кезде Томикларды қолдануды дереу тоқтату қажет.

Бактерияларға қарсы барлық дерлік препараттарды, соның ішінде Томикларды қолданғанда Clostridium difficile әсерінен туындайтын фатальді аяқталатын айқындылығы орташадан ауыр колитке дейінгі диареяның дамығаны жөнінде мәлімделді. Томиклар қабылдап жүрген емделушілерде myasthenia gravis симптомдары күшеюі мүмкін.

Томикларды және колхицинді, әсіресе егде жастағы емделушілерге, соның ішінде бүйрек функциясының жеткіліксіздігі аясында біріктіріп қолданғанда колхицинді уыттылықтың (соның ішінде фатальді аяқталатын) дамығаны жөнінде мәлімделді.

Томикларды және триазолбензодиазепиндерді, мысалы, триазолам, мидазоламды бір мезгілде сақтықпен қолданған жөн (дәрілермен өзара әрекеттесуін қараңыз).

QT аралығының ұзару қаупіне байланысты, QT аралығы ұзаруының және torsades de pointes қаупі бар емделушілерде Томикларды абайлап қолданған жөн.

Пневмония: макролидтерге сезімтал емес Streptococcus pneumoniae штаммдары бар болғандықтан, Томиклар препаратын тағайындау алдында, әсіресе ауруханалық емес пневмонияны емдегенде, сезімталдығына тест жүргізу қажет. Ауруханалық пневмония жағдайында Томикларды тиісті басқа антибиотиктермен біріктіріп қолдану керек.

Микробтарға қарсы кез келген емді, соның ішінде Томикларды H. pylori жұқпаларын емдеуге қолдану микробтық резистенттіліктің дамуына әкеп соғуы мүмкін.

Томиклар мен басқа макролидтер, сондай-ақ линкомицин және клиндамицин арасында айқаспалы резистенттіліктің болуы мүмкін екендігіне назар аударған жөн.

Тері мен жұмсақ тіннің ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі жұқпалары: бұл аурулар көбіне Staphylococcus aureus және Streptococcus pyogenes әсерінен туындайды (олардың әрқайсысы макролидтерге резистентті болуы мүмкін). Сондықтан әрбір жағдайда сезімталдығына тест жүргізу маңызды. Бета-лактамды антибиотиктерді (мысалы, аллергияда) қолдану мүмкін болмаған жағдайларда, бірінші таңдау түсетін препараттар ретінде клиндамицин сияқты антибиотик қолданылуы мүмкін. Қазіргі таңда макролидтер Corynebacterium minutissimum әсерінен туындаған жұқпалы ауруларды (эритразмді), acne vulgaris, тілме қабынуды емдеу үшін ғана және пенициллинді қолдануға болмайтын жағдайларда қолданылады.

Анафилаксия, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, Шенлейн-Генох ауруы сияқты жедел аса жоғары сезімталдық реакциялары дамығанда Томиклармен емдеуді дереу тоқтатқан жөн және бірден тиісті емді бастау керек.

СYP3A4 цитохромы ферментінің индукторларымен бір мезгілде тағайындағанда Томикларды сақтықпен қолдану керек (дәрілермен өзара әрекеттесуін қараңыз).

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолданылуы: препараттың осы түрі бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі < 30 мл/мин.) емделушілерде қолданылмайды, өйткені ол препарат дозасын талапқа сай төмендетуге мүмкіндік бермейді. Мұндай емделушілерде кларитромицин дереу босап шығатын таблеткалар түрінде қолданылады. Бүйрек функциясының ауырлығы орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 30 – 60 мл/мин) емделушілер үшін Томиклардың ең жоғары дозасын 50%-ға төмендетеді.

Пероральді гипогликемиялық препараттар/инсулин: Томикларды және пероральді гипогликемиялық препараттарды және/немесе инсулинді бір мезгілде қолдану айқын гипогликемияға әкеп соғуы мүмкін. Томикларды натеглинид, пиоглитазон, репаглинид, розиглитазон сияқты кейбір гипогликемиялық препараттармен бір мезгілде қолданғанда CYP3A ферментінің кларитромицинмен тежелуі салдарынан гипогликемия дамуы мүмкін. Қандағы глюкоза деңгейіне мұқият мониторинг ұсынылады.

Пероральді антикоагулянттар: Томикларды және варфаринді бір мезгілде қолданғанда ауыр қан кетулердің даму және протромбин уақытының айқын жоғарылау қаупі бар. Томикларды пероральді антикоагулянттармен қолдану кезеңінде протромбин уақытын мұқият бақылаған жөн.

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері: Томикларды және ловастатин мен симвастатинді бір мезгілде тағайындауға болмайды, өйткені статиндер CYP3A4 қарқынды метаболизденеді және Томиклармен бірге емдеу олардың плазмалық концентрациясын арттырады, бұл сондай-ақ миопатияның (рабдомиолизді қоса) даму қаупін ұлғайтады. Кларитромицинді осы статиндермен бірге қабылдаған емделушілерде рабдомиолиз жөнінде мәлімдемелер алынды. Егер Томиклармен емдемеске болмаса, ловастатинмен немесе симвастатинмен емдеу курсы Томиклармен емдеудің бүкіл кезеңінде тоқтатылуы немесе CYP3A метаболизміне байланысты емес статин (мысалы, флувастатин немесе правастатин) тағайындалуы тиіс, сирек жағдайларда (емделушінің жағдайын бақылай отырып) статиннің ең төмен дозасын тағайындау керек. Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және бала емізу кезеңінде Томиклардың зиянды әсері жөнінде деректер жоқ. Тышқандарға, егеуқұйрықтарға, үй қояндарына және маймылдарға жүргізілген зерттеу нәтижелері эмбрионның/ұрықтың дамуына қолайсыз әсер етуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Жоғарыда келтірілгендерді ескере отырып, осы препаратты қолдану жүкті әйелдерге, әсіресе жүктіліктің алғашқы үш айында, пайда/қаупі арақатынасына мұқият баға берілмей, ұсынылмайды. Томиклар емшек сүтімен бірге бөлініп шығады.

Педиатрияда қолданылуы

Томиклар препараты, құрамында «Хинолинді сары» бояғышы бар болғандықтан, 18 жасқа толмаған емделушілерге қолданылмайды.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Жүйке жүйесі тарапынан құрысулар, бас айналу, елестеулер, сананың шатасуы, бағдардан адасу сияқты жағымсыз реакциялардың дамуы мүмкін екендігін ескеріп, көлік құралын басқарғанда немесе қауіпті механизмдермен жұмыс жүргізгенде сақтық танытқан жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз әсерлердің күшеюі, үлкен дозаларда қабылдағанда психикалық жағдай өзгеруі, параноидальді мінез-құлық, гипокалиемия және гипоксемия болуы мүмкін.

Емі: асқазанды шаю, симптоматикалық ем. Гемодиализ және перитонеальді диализдің тиімділігі аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлорид/поливинилиденхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты 2 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

REPLEK FARM Ltd. Skopje, Скопье, Македония Республикасы

Тіркеу куәлігінің иесі

Spey Medical Ltd., Лондон, Ұлыбритания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Cepheus Medical» (Цефей Медикал) ЖШС, 050000, ҚР, Алматы қ., Панфилов к-сі 98, «OLD SQUARE» БО, 807 кеңсе.

тел: +7 (727) 300 69 71, e-mail: cepheusmedical@gmail.com

 

Прикрепленные файлы

171723011477976500_ru.doc 144 кб
904145251477977668_kz.doc 180.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники