Тобримед (мазь глазная, 0.3%)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Тобримед
Халықаралық патенттелмеген атауы
Тобрамицин
Дәрілік түрі
Көзге арналған 0,3 % жақпамай
Құрамы
1 г препараттың құрамында
белсенді зат – 3,0 мг тобрамицин,
қосымша заттар: хлорбутанол, ланолин, жұмсақ сары парафин.
Сипаттамасы
Сарғыш-ақ түсті гомогенді, жартылай қатты, майлы масса
Фармакотерапиялық тобы
Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Микробқа қарсы препараттар. Антибиотиктер. Тобрамицин.
АТХ коды S01АА12
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жергілікті қолданғанда жүйелі сіңірілуі төмен.
Тобрамицин, негізінен, өзгермеген дәрі ретінде, гломерулярлы сүзілу жолымен несепке жылдам және қарқынды бөлінеді. Плазмадан шығатын Т1/2 – 0,04 л/сағат/кг клиренсімен және 0,26 л/кг таралу көлемімен шамамен 2 сағат. Плазма протеиндерінің тобрамицинмен байланысуы 10%-дан аз. Тобрамициннің ішу арқылы биожетімділігі (‹1%).
Фармакодинамикасы
Аминогликозидтер тобына жататын әсер ету ауқымы кең антибиотик. Концентрацияларының төмен тұсында бактериостатикалық (рибосомалардың 30S суббірлігін бөгейді және ақуыз синтезін бұзады), ал едәуір жоғары кезінде – бактерицидті әрекет етеді.
Staphylococcus spp. (соның ішінде Staphylococcus aureus, Staphylococcus epidermidis /коагулаза-теріс және коагулаза-оң/, сонымен қатар пенициллинге төзімді штаммдар); Streptococcus spp. (соның ішінде а-b-гемолитикалық түрлері, кейбір гемолитикалық емес түрлері, Streptococcus pneumoniae); Pseudomonas aeruginosa, Escherichia coli, Klebsiella pneumoniae, Serratia spp., Providencia spp., Shigella spp., Citrobacter spp., Enterobacter aerogenes, Proteus mirabilis (индол-теріс) және индол-оң түрлер Proteus spp., Hemophilius influenzae, Hemophilius aegyptius, Moraxella lacunata, Acinetobacter calcoaceticus (Herellea vaginacola), кейбір Neisseria spp. түрлері (соның ішінде Neisseria gonorrhoeae) қатысты белсенділігі жоғары.
Қолданылуы
Тобримедке сезімтал қоздырғыштар туғызған көздің беткейлі бактериялық жұқпаларын емдеу:
- блефарит
- конъюнктивит, кератоконъюнктивит, блефароконъюнктивит
- кератит
- эндофтальмит
- дакриоцистит
- мейбомит
Офтальмологияда операциядан кейінгі жұқпалы аурулардың алдын алу.
Қолдану тәсілі және дозалары
Тек жергілікті қолдану үшін.
Ұзындығы 1 см жуық жақпамай жолағын тәулігіне 2-3 рет төменгі қабаққа салады.
Жұқпаның жедел ағымында жақпамай әр 3-4 сағат сайын тағайындалады; ауру симптомдарының әлсіреуіне қарай препаратты қолдану жиілігі азаяды. Сықпа ішіндегі зат ластанбас үшін сықпа ұштығының ұшын көзге немесе кез келген басқа беткейге тигізіп алмау керек.
Препаратты жаққаннан кейін мұрын-көз жасы өзегін қыса тұру немесе қабақты жаба тұру ұсынылады. Бұл көз тіндері арқылы жергілікті қолданылатын дәрілік препараттың жүйелі сіңуін және жайсыз әсер етуін төмендетеді.
Емдеу курсы - 7 күн.
Жағымсыз әсерлері
Жергілікті
- көрудің тұмандануы, өткінші жайсыздық
- қышыну
- қабақтың ісіп кетуі
- тітіркену, көз жасының көп бөлінуі,
- конъюнктивалық эритема
- көру арқылы қабылдаудың анық болмауы (көз жақпамайын пайдаланғанда)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- тобрамицинге немесе өзге аминогликозидтерге, әлде препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Көзге арналған Тобримед жақпамайын аминогликозидтер тобының жүйелі антибиотиктерімен бір мезгілде тағайындаған жағдайда жүйелі жағымсыз әсерлерінің (нефроуытты, отоуытты әсер етуі, минералдық алмасудың және гемопоэздың бұзылуы) күшеюі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Тобримед қолдану кезеңінде жанаспалы линзалар тағуға болмайды. Препаратқа сезімтал емес микроорганизмдердің көбею қауіптілігіне орай, ұзақ уақыт қолданудан аулақ болу керек.
Педиатрияда қолданылуы
Балаларда 2 айлық жасқа дейін Тобримед қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүкті әйелдерге Тобримед тек жедел қажеттілік жағдайында, емдеу тиімділігі ұрыққа төнетін зор қатерден басым болғанда тағайындалу керек.
Бала емізу кезеңінде жоғары дозалар қолданылғанда немесе ұзақ уақыт емделгенде көзге арналған Тобримед жақпамайын қолдануды тоқтату керек.
Жанаспалы линзалар
Тобримедпен, офтальмологиялық жақпамаймен емделу кезеңінде жұмсақ (гидрофильді) жанаспалы линзалар тақпаған дұрыс. Линзаларды препарат қолдану арасындағы үзілістерде тағуға және жақпамай қолданғаннан кейін 15 минут өткен соң барып қондыруға болады. Жанаспалы линзалардың үстінен Тобримед қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жақпамай жаққаннан кейін уақытша анық көрмей қалу немесе автокөлік әлде басқа да аса қауіпті механизмдер басқару қабілетіне теріс ықпал етуі мүмкін көруге байланысты өзге мазасыздықтар болуы мүмкін.
Артық дозалануы
Симптомдары: нүктелі кератит, эритема, көз жасының көп ағуы, қабақтың қышынуы және ісінуі.
Емі: белгісіне қарай емдеу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алюминий сықпаларда 5 г.
Әр сықпаны медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Сықпаны ашқаннан кейін қолдану кезеңі - 1 ай.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Сауда маркасының және тіркеу куәлігінің иесі «УОРЛД МЕДИЦИН ОФТАЛЬМИКС» компаниясы болып табылады, Ұлыбритания
Өндіруші
Е.И.П.И. Ко., Мысыр,
Тенс ов Рамадан Сити,
Бірінші Өнеркәсіптік Аймақ В1, а/ж 149 Тенс
(«E.I.P.I.CO.», Egypt, Tenth of Ramadan City, First Industrial Area B1, P.O. box: 149 Tenth)
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
ҚР, Алматы, Түріксіб ауданы, Сүйінбай д-лы, 222 б
Тел./факс: 8 (7272) 529090