Тирфенс (таблетки, 80 мг) Продажа приостановлена

МНН: Фенспирид
Производитель: "Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fenspiride
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022935
Информация о регистрации в РК: 27.04.2017 - 27.04.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Тирфенс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фенспирид

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 80мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 80 мг фенспирид гидрохлориді,

қосымша заттар: (РН 101) микрокристаллды целлюлоза, кальций кармеллозасы, повидон K30, (РН 102) микрокристаллды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, магний стеараты, тазартылған су,

қабығының құрамы: Опадри® II ақ 85F18422 (поливинил спирті ішінара гидролизденген, титан диоксиді Е171, макрогол/ПЭГ, тальк).

Сипаттамасы

Дөңгелек екі беті дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс алу жолдарының тарылу ауруларын емдеуге арналған препараттар. Жүйелі пайдалану үшін тыныс алу жолдарының тарылу ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар. Фенспирид.

АТХ коды R03DX03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін қан плазмасында фенспиридтің ең жоғары концентрациясына 6 сағаттан кейін жетеді. Жартылай шығарылу кезеңі 12 сағатқа жуық құрайды.

Негізінен ішек арқылы (10%), несеппен (90%) шығарылады.

Фармакодинамикасы

Тирфенс Н1-гистаминдік рецепторлар деңгейі мен папаверин тәрізді спазмолитикалық әсерде антагонистік белсенділік есебінен бронхты дилатациялайтын және қабынуға қарсы әсерге ие. Қабынуға қарсы әсерлер қабынуға қарсы факторлар өнімінің төмендеуінің нәтижесі болып табылады (цитокиндер, альфа - TNFα туморнекротирлейтін факторы, арахидон қышқылының және бос радикалдардың туындысы), олардың кейбірі бронхты тарылтқыш әсер етеді.

Қолданылуы

- ЛОР-мүшелердің және тыныс алу жолдарының (отит, синусит, ринит, ринофарингит, трахеит, ринотрахеобронхит, бронхит) жедел және созылмалы қабынбалы процесстерін емдеу

- мерзімді және жыл бойғы аллергиялық ринит және респираторлық жүйенің және ЛОР-мүшелері тарапында аллергияның басқа көріністері

- қызылша, көкжөтел, тұмау кезіндегі респираторлық құбылыстар (жөтел, дауыстың қарлығуы, тамақтың жыбырлауы).

Демікпе мен оның асқынулары кезінде демеуші ем ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ас ішкенге дейін, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықты іше отырып, ішке қабылдайды.

Ересектерге 1 таблеткадан тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке).

Едәуір күшті әсерге және/немесе аурудың жедел түрінде – тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан (таңертең, күндіз, кешке).

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлер жиілігінің пайдаланылған төмен параметрлер мынадай жағдайда анықталған: жиі (≥ 1/100, < 1/10); сирек (≥ 1/10000, < 1/1000); белгіленбеген жиілігі.

Жиі

  • жүрек айнуы, асқазанның ауыруы

Сирек

  • дозаны азайтқанда тоқтайтын орташа тахикардия

  • ұйқышылдық

  • аллергиялық реакциялар: эритема, бөртпе, есекжем, Квинке ісінуі, бекітілген пигментті эритема

Жиілігі белгіленбеген

  • диарея, құсу

  • астения, шаршағыштық, бас айналуы

  • жиі жүрек соғуы және гипотензия, тахикардияға байланысты болуы мүмкін

  • тері қышымасы, уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- фенспиридке және/немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фенспиридтің басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі белгісіз.

Тыныштандыратын әсердің потенциялау салдарынан тыныштандыратын дәрілермен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Антигистаминді дәрілердің тыныштандыратын әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Препаратпен емдеу антибиотикпен емдеуді алмастырмайды.

Педиатрияда қолдану

Тирфенс таблеткасы балаларды емдеуге арналмаған. Препаратты балаларға шәрбат түрінде қолдану ұсынылады.

Жүктілік және лактация

Осы сәтте фенспиридтің уыттануды туындататын қабілеті туралы немесе жүктілік кезінде препаратты қабылдағаннан ұрықтың дұрыс жетілмеуі туралы айғақтайтын клиникалық деректер жоқ. Сондықтан жүктілік кезінде фенспиридті қабылдау ұсынылмайды, алайда фенспиридті қабылдаған кезде жүктілікті растау, жүктілікті тоқтатуды талап етпейді.

Қазіргі кезде фенспиридтің емшек сүтіне бөлінуі туралы нақты деректер жоқ. Сондықтан фенспиридті емшек емізетін әйелдерге тағайындау ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Фенспирид ұйқышылдықты туындатуы мүмкін болғандықтан автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқарған кезде сақтық таныту қажет, әсіресе емнің басында.

Артық дозалану

Симптомдары: ұйқышылдық немесе қозу, жүрек айнуы, құсу, синустық тахикардия.

Емдеу: асқазанды шаю, электрокардиограмма мониторингі. Симптоматикалық терапия.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан салады.

2 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/қаптаушы

«УОРЛД МЕДИЦИН ИЛАЧ САН. ВЕ ТИДЖ. А.Ш.», ТҮРКИЯ

(Багджылар Илчеси, Гюнешли, Эврен Махаллеси, Джами Йолу Джад. №50 К. 1В Земин 4-5-6, Стамбул)

“WORLD MEDICINE İLAÇ SAN. VE TİC. А.Ş.”, TURKEY

(Bağcılar İlçesi, Güneşli, Evren Mahallesi, Cami Yolu Cad. No:50 K. 1B Zemin 4-5-6, İstanbul).

Тіркеу куәлігінің иесі

«УОРЛД МЕДИЦИН ИЛАЧ САН. ВЕ ТИДЖ. А.Ш.», ТҮРКИЯ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«РИН Фарм» ЖШС, ҚР, Алматы қ., Сүйінбай даңғ. 222 Б

Тел/факс: 8 (7272) 529090

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«TROKA-S PHARMA» ЖШС, Алматы қ., Сүйінбай даңғ., 222 Б

Ұялы тел. +7 701 786 33 98, (24 сағат қол жетімді).

e-mail:pvpharma@worldmedicine.kz

Прикрепленные файлы

113453561498795305_ru.doc 52 кб
863724661498795836_kz.doc 60.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники