Тингрекс® (Memantine)

МНН: Мемантин гидрохлорид
Производитель: Гриндекс АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Memantine
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024171
Информация о регистрации в РК: 14.06.2019 - 14.06.2024
Номер регистрации в РБ: 10663/18/23
Информация о регистрации в РБ: 04.10.2023 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

ТИНГРЕКС®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Мемантин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг.

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 10 мг мемантин гидрохлориді;

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты;

қабығы: 33G28707 Опадрай II ақ (гипромеллоза (Е 464), лактоза моногидраты, макрогол 3000, титанның қостотығы (Е 171), триацетин), карнауб балауызы.

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, ұзынша, шеттері дөңгеленген, ортасы жіңішке, екі жағында да сызығы бар, ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі. Психоаналептиктер. Деменцияны емдеуге арналған препараттар. Деменцияны емдеуге арналған басқа препараттар. Мемантин

АТХ коды N06DX01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Мемантиннің биожетімділігі шамамен 100 % құрайды, қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына жету уақыты (Tmax) – 3-тен 8 сағатқа дейін. Ас ішудің сіңірілуіне әсер ету белгілері жоқ.

Таралуы

Тәуліктік 20 мг дозасы жекелеген елеулі ауытқуларымен, мемантиннің қан плазмасындағы 70-ден 150 нг/мл (0,5-1 мкмоль) дейінгі көлемдегі тұрақты концентрациясын туғызады. 5-тен 30 мг дейінгі тәуліктік дозаларын қолданғанда препараттың ми-жұлын сұйықтығы мен қан сарысуындағы мөлшерінің арақатынасы 0,52 құрайды. Мемантиннің шамамен 45%-ы қан плазмасы ақуыздарымен байланысады.

Метаболизмі

Адам организмінде мемантиннің 80%-ға жуығы бастапқы зат түрінде айналымда болады, негізгі метаболиттерінің NMDA-антагонистік қасиеттері болмайды. In vitro метаболизміне Р450 цитохромының қатысатыны анықталмаған.

Пероральді енгізілген 14С-мемантинді зерттеуде дозасының орташа алғанда 84 %-ы 20 күн ішінде, 99 %-дан астамы – бүйрек арқылы шығарылады.

Шығарылуы

Мемантин моноэкспоненциальді түрде Т1/2 60 сағаттан 100 сағатқа дейінгі аралығымен шығарылады. Бүйрек функциясы қалыпты еріктілерде жалпы клиренсі (Cltot) 170 мл/мин/1,73 м2 құрайды. Мемантин фармакокинетикасының бүйректік сатысына өзекшелік кері сіңірілуі де кіреді.

Несептің сілтілік реакциясы жағдайларында мемантиннің бүйректік элиминациясының жылдамдығы 7-9 есе төмендеуі мүмкін. Несептің сілтіленуі диетадағы елеулі өзгерістердің, мысалы, ет тағамдарына бай рационды вегетариандық мәзірмен алмастырылуының немесе асқазанға антацидтік дәрілерді қарқынды түрде қабылдаудың нәтижесінде орын алуы мүмкін.

Дозасына тәуелділігі

10-40 мг дозалары аралығындағы фармакокинетикасы дозаға тәуелді сипатқа ие.

Фармакодинамикалық/фармакокинетикалық байланысы

Мемантиннің 20 мг дозасы жағдайында ми-жұлын сұйықтығындағы мөлшерінің деңгейі мемантиннің ki (тежелу константасы) шамасына сәйкес келеді, бұл адам миының фронтальді қабығы аймағында 0,5 мкмоль құрайды.

Фармакодинамикасы

Нейродегенеративтік деменция симптомдарының көрініс беруі мен үдеуінде, әсіресе, NMDA (N-метил-D-аспартат)-рецепторлардың қатысуымен жүретін, глутаматергиялық нейротрансмиссияның бұзылуы маңызды рөл атқарады.

Мемантин NMDA-рецепторлардың шамаға тәуелді, аффинділігі орташа бәсекелес емес антагонисі болып табылады. Мемантин глутаматтың патологиялық жоғары деңгейінің әсерлерін модуляциялайды, ол нейрондар дисфункциясына әкеп соқтыруы мүмкін.

Мемантин жүйке импульсінің берілісі үдерісін, когнитивтік үдерістерді, есте сақтау және оқуға қабілеттілікті жақсартады, күнделікті белсенділікті арттырады.

Қолданылуы

Орташа және ауыр Альцгеймер ауруы бар пациенттерді емдеу үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Емдеуді Альцгеймер ауруының диагностикасы мен емдеуде тәжірибесі бар дәрігердің қадағалауымен бастау және жүргізу керек.

Емдеуді тек пациенттің препаратты қабылдауын жүйелі түрде бақылап отыратын қамқоршы адамы болған жағдайда ғана бастау керек. Диагноз қолданыстағы ережелерге сәйкес қойылуы тиіс.

Мемантиннің көтерімділігі мен дозасын жүйелі түрде, дұрысы, емдеу басталғаннан кейін үш ай бойы бағалап отыру керек. Ары қарай, мемантиннің клиникалық әсері мен пациенттің емге реакциясын жүйелі түрде, қолданыстағы клиникалық ұсынымдарға сәйкес бағалау керек. Демеуші емді, мемантиннің емдік әсері жағымды күйінде қалып, ал пациенттің көтере алуыжақсы болғанға дейін жалғастыруға болады. Егер емдік әсерінің белгілері жоғалып кетсе немесе пациенттің емді көтере алуы нашарласа, мемантинмен емдеуді тотату мүмкіндігін қарастыру керек.

Дозалары

Ересектер

Ең жоғарғы тәуліктік дозасы күніне 20 мг құрайды. Жағымсыз әсерлерінің даму қаупін азайту үшін, демеуші дозасына, алғашқы 3 апта ішінде дозасын аптасына 5 мг біртіндеп арттыру арқылы қол жеткізіледі:

1 апта (1-7 күндер):

Пациент 10 мг таблетканың жартысын, яғни, 7 күн бойы күніне 5 мг-ден қабылдайды.

2 апта (8-14 күндер):

Пациент 7 күн бойы күніне 10 мг бір таблеткасын қабылдайды.

3 апта (15-21 күндер):

Пациент 10 мг-ден бір жарым таблетка, яғни, 7 күн бойы күніне 15 мг қабылдайды.

4 аптадан бастап:

Пациент 10 мг-ден екі таблеткасын, яғни күніне 20 мг қабылдайды.

Демеуші дозасы

Ұсынылатын демеуші дозасы күніне 20 мг құрайды.

Егде жастағы пациенттер

Клиникалық зерттеулердің мәліметтерін ескере отырып, 65 жастан асқан пациенттерге ұсынылатын дозасы бұрын сипатталғандай, күніне 20 мг (тәулігіне бір рет 10 мг екі таблеткасын) құрайды.

Бүйрек қызметі бұзылған пациенттер

Бүйрек қызметінің жеңіл бұзылулары бар (креатинин клиренсі 50 80 мл/мин) пациенттерге дозасын іріктеп таңдау қажет емес. Бүйрек қызметінің ауырлық дәрежесі орташа бұзылулары бар (креатинин клиренсі 30-49 мл/мин) пациенттерге тәуліктік дозасын 10 мг дейін азайту керек. Егер кемінде күн емдеуден кейін теріс реакциялар болмаса, дозасын стандартты титрлеу кестесі бойынша тәулігіне 20 мг дейін арттыруға болады. Бүйрек қызметінің ауыр бұзылулары бар пациенттерге (креатинин клиренсі 5 29 мл/мин) тәуліктік дозасын 10 мг дейін азайту керек.

Бауыр қызметі бұзылған пациенттер

Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі бұзылулары бар пациенттер үшін (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша А және B класы) дозасын түзету қажет емес. Мемантинді бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды.

Педиатриялық популяция

Мемантинді қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі жөніндегі мәліметтердің жоқтығына байланысты, оны 18 жасқа толмаған балаларға қолдану ұсынылмайды.

Қолдану тәсілі

Ішке қолдануға арналған. Препаратты тәулігіне бір рет, күн сайын белгілі бір уақытта қолдану керек. Таблеткаларын ас ішуге байланыссыз қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

Мемантиннің клиникалық зерттеулері кезінде жағымсыз құбылыстардың жалпы жиілігі плацебо қабылдау аясындағы осындайдан өзгешеленген жоқ, ал құбылыстар әдетте, жеңіл немесе орташа ауырлық дәрежесінде болды.

Жиі (≥ 1/100 до < 1/10)

- әсер етуші затқа немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

- ұйқышылдық

- бас айналуы

- тепе-теңдіктің бұзылуы

- гипертензия

- ентігу

- іш қату

- бауыр функциясы көрсеткіштерінің жоғарылауы

- бас ауыруы

Жиі емес (≥ 1/1 000 - < 1/100 дейін)

- зеңдік инфекциялар

- сананың шатасуы

- елестеулер

- жүріс-тұрыс бұзылулары

- жүрек жеткіліксіздігі

- вена тромбозы/тромбоэмболия

- құсу

- қатты қажу

Өте сирек (< 1/1 0000)

- құрысулар

Жиілігі белгісіз

- психоздық реакциялар

- панкреатит

- гепатит

Альцгеймер ауруы депрессиямен, өзін-өзі өлтіруге бейімділікпен және өзін-өзі өлтіру әрекеттерімен байланысты. Тіркеуден кейінгі кезеңде мемантинді қолданған пациенттердегі сондай жағдайлар туралы хабарланған.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе препараттың кез келген қосымша затына жоғары сезімталдық;

- жүктілік және лактация кезеңі;

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге;

- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулері

Мемантиннің фармакологиялық әсеріне және әсер ету механизміне байланысты, келесі өзара әрекеттесулер болуы мүмкін:

  • Әсер ету механизмі NMDA антагонистерін, мысалы, мемантинді бір мезгілде қолдану L-дофаның, дофаминергиялық агонистер мен антихолинергиялық дәрілердің әсерін күшейтуі мүмкін екендігін көрсетеді. Барбитураттар мен нейролептикалық дәрілердің әсері әлсіреуі мүмкін. Мемантин мен түйілуді басатын дәрілерді, дантроленді немесе баклофенді бір мезгілде қолдану, олардың әсерін өзгертуі мүмкін, және дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

  • Фармакоуытты психоз қаупіне байланысты, мемантиннің амантадинмен бір мезгілде қолданылуын бодырмау керек. Екі қосылыс та химиялық тұрғыдан NMDA тектес антагонистері болып табылады. Бұл кетаминге де, декстрометорфанға да қатысты. Мемантин мен фенитоин біріктірілімі кезіндегі болуы мүмкін қауіп туралы бір хабарлама жарияланды.

  • Амантадин сияқты, катиондар тасымалының бүйректік жүйесін пайдаланатын басқа белсенді заттар, мысалы, циметидин, ранитидин, прокаинамид, хинидин, хинин және никотин де мемантинмен өзара әрекеттесуі және плазмадағы деңгейінің жоғарылауы қаупін туғызуы мүмкін.

  • Мемантинді гидрохлортиазидпен (ГХТ) бір мезгілде немесе ГХТ-мен кез келген біріктірілімде қолданғанда, сарысудағы ГХТ деңгейінің төмендеу мүмкіндігі бар.

  • Нарыққа енгізілгенннен кейін, варфаринді бір мезгілде қолданған пациенттерде халықаралық қалыптастырылған қатынас (ХҚҚ) жоғарылауының жекелеген жағдайлары туралы хабарланған. Себеп-салдарлық байланыстылығы анықталмаса да, пероральді антикоагулянттарды бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге, протромбин уақытын немесе ХҚҚ қатаң бақылау ұсынылады.

Бір реттік дозасын фармакокинетикалық зерттеулерде жас дені сау еріктілерде белсенді зат мемантин мен белсенді заттар глибурид/метформин немесе донепезил арасында елеулі өзара әрекеттестік анықталмаған.

Жас дені сау еріктілердегі клиникалық зерттеуде мемантиннің галантамин фармакокинетикасына елеулі әсер еткені анықталған жоқ.

In vitro мемантин CYP 1A2, 2A6, 2C9, 2D6, 2E1, 3A, құрамында флавин бар монооксигеназаны, эпоксидгидролазаны немесе сульфаттануды тежеген жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты эпилепсиясы бар науқастарға, анамнезінде құрысулардың көріністері болған пациенттерге, сондай-ақ, эпилепсия дамуының қауіп факторлары бар пациенттерге тағайындаған кезде сақтық таныту керек.

Амантадин, кетамин немесе декстрометорфан сияқты N-метил-D-аспартат (NMDA) антагонистерімен бір мезгілде қолданылуын болдырмау керек. Бұл қосылыстар мемантин әсер ететін рецепторлар жүйесіне ықпал етеді, сондықтан, жағымсыз әсерлері (негізінен, орталық жүйке жүйесімен байланысты) жиірек және айқынырақ болуы мүмкін.

Несептегі рН жоғарылауын туғызатын кейбір факторлар, пациентті мұқият қадағалау қажеттілігіне түрткі болуы мүмкін. Аталған факторларға диетадағы түбегейлі өзгерістер, мысалы, ет тағамдарына бай рационды вегетариандық мәзірге алмастыру немесе асқазанның антацидтік дәрілерін қарқынды түрде қабылдау жатады. Бұдан өзге, несеп шығару жолдарының Proteus bacteria туғызған ауыр инфекциясы кезіндегі бүйректің тубулярлық ацидозы (БТА) жағдайына байланысты, несептегі рН жоғарылауы мүмкін.

Клиникалық зерттеулердің көпшілігі кезінде жуырда миокард инфарктісін бастан өткерген пациенттер мен жүректің декомпенсацияланған іркілісті жеткіліксіздігі бар (NYHA жіктемесі бойынша III-IV дәрежелі), сондай-ақ, бақыланбайтын артериялық гипертензиясы бар пациенттер қатысушылар қатарынан шығарылып тасталды. Осының салдарынан тек, сәйкесінше шектеулі ғана мәліметтер бар, ал ондай аурулары бар пациенттерді мұқият қадағалау қажет.

Жүктілік және лактация

Мемантиннің жүктілік кезінде қолданылғандағы әсері туралы мәліметтер жоқ. Жануарларға жүргізілген эксперименттік зерттеулер, адам үшін қолданылатынына сәйкес немесе біршама жоғары концентрациялары әсер еткен жағдайда, құрсақішілік өсудің баяулауы мүмкіндігін көрсетеді. Адам үшін ықтимал қаупі белгісіз. Мемантинді нақты және айқын қажеттілігі болмаса, жүктілік кезінде қолданбау керек.

Мемантиннің емшек сүтіне экскрециясы болатын-болмайтындығы белгісіз, алайда, субстанцияның липофильділігін ескерсек бұл орын алуы мүмкін. Мемантинді қолданып жүрген әйелдер бала емізуді тоқтата тұрғаны дұрыс.

Қосымша заттары жөніндегі ақпарат

Құрамында қосымша зат ретінде моногидраты болғандықтан, қант диабеті бар науқастарға абайлап тағайындау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Альцгеймер ауруының ауырлық дәрежесі орташа және ауыр түрлері автомобильді басқару мүмкіндігінің нашарлауына алып келеді және механизмдермен жұмыс жасау қабілетін бұзады. Бұдан өзге, мемантиннің адам реакциясы жылдамдығына ықпалы елеусіз немесе орташа болады, сондықтан, амбулаториялық пациенттерге автокөлік басқаруда немесе жабдықтармен жүмыс жасауда аса сақтық таныту қажеттілігі туралы ескерту керек.

Артық дозалануы

Тәжірибесі шектеулі.

Симптомдары: салыстырмалы түрде көп артық дозалануы (3 күн ішінде сәйкесінше 200 мг және 105 мг) қатты қажу, әлсіздік симптомдарымен және/немесе диареямен байланысты болған, не болмаса, симптомсыз ағымы орын алған. 140 мг дейінгі немесе нақты анықталмаған дозасымен артық дозаланған жағдайда, пациенттерде ОЖЖ тарапынан симптомдар (сананың шатасуы, енжарлық, ұйқышылдық, бас айналуы, қозу, озбырлық, елестеулер, жүріс-тұрыс бұзылулары) және/немесе асқаза-ішектік симптомдар (құсу және диарея) байқалған.

2000 мг мемантинді қабылдағаннан кейін пациентте 10 күн бойы кома, кейіннен – диплопия мен қозу дамыған. Симптоматикалық емдеу мен плазмаферезден кейін пациент зардапсыз сауығып кеткен.

Артық дозалануының басқа бір жағдайында да пациент 400 мг мемантинді ішке қолданғаннан кейін тірі қалған және сауығып кеткен. Пациентте мазасыздық, психоз, елестеулер, құрысуларға бейімділік, ұйқышылдық, мелшию және естен тану сияқты ОЖЖ симптомдары байқалған.

Емі: симптоматикалық ем, арнайы антидоты жоқ. Әсер етуші затын организмнен шығару үшін, стандартты клиникалық емшараларды, мысалы асқазанды шаюды, белсендірілген көмірді қабылдауды, несеп реакциясын қышқылдандыру әдістерін, қарқынды диурезді қолдану керек.

Орталық жүйке жүйесінің шамадан тыс жалпы стимуляциялануы жағдайында, симптоматикалық емдеу шараларын сақтықпен қолдану керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты 3, 6 немесе 9 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Гриндекс» АҚ.

Крустпилс к-сі, 53, Рига, LV-1057, Латвия

Тіркеу куәлігінің иесі

«Гриндекс» АҚ, Латвия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«Гриндекс» АҚ өкілдігі

050010, Алматы қ., Достық д-лы, Бөгенбай батыр к-сі қиылысы, 34а/87а үй, №1 кеңсе

т./ф. 291-88-77, 291-13-84

эл. пошта: grindeks.asia.kz@mail.ru

Соңғы қаралу күні: 2018 ж. сәуір

Прикрепленные файлы

Tingreks_tabl_PIL_KAZ_ru_eksp.aizr3_._18_.04_.2018_.docx 0.04 кб
тингрекс.doc 0.1 кб
10663_18_i.pdf 0.54 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

«Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ