Тиммалол-оптик (0,5%)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Тиммалол-оптик
Халықаралық патенттелмеген атауы
Тимолол
Дәрілік түрі
0,25%, 0,5% 5 мл көзге тамызатын дәрі
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 0,342 г, 0,684 г тимолол малеаты (0,25 г, 0,5 г – тимололға шаққанда)
қосымша заттар: натрий дигидрофосфат дигидраты, динатрий фосфат додекагидраты, бензалконий хлоридінің 10 % ерітіндісі, инъекцияға арналған су бар.
Сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе аздап сарғыш сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Сезім мүшелерінің ауруларын емдеуге арналған препараттар. Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Глаукомаға қарсы препараттар және миотиктер. Бета-адреноблокаторлар. Тимолол
АТХ коды S01ED01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жергілікті қолданған кезде Тиммалол-оптик мөлдір қабық арқылы жылдам өтеді. Көзге тамызатын дәріні тамызғаннан кейін көздің алдыңғы камерасының сулы ылғалында препараттың ең жоғарғы концентрациясына 1-2 сағаттан соң жетеді.
Конъюнктива тамырлары, мұрын шырышы және көзжасы жолы арқылы сіңу жолымен аздаған мөлшерде жүйелі қан ағымына келіп түседі. Тиммалол-оптик препаратының метаболиттері негізінен бүйрек арқылы шығады.
Фармакодинамикасы
Тиммалол-оптик бета-адренорецепторларының селективті емес бөгегіші болып табылады. Ішкі симпатомиметикалық және жарғақша тұрақтандыратын белсенділікке иеленбеген. Көзге тамызатын дәрі түрінде жергілікті қолданған кезде көзішілік сұйықтығының түзілуін азайту есебінен қалыпты және жоғарылаған көзішілік қысымды төмендетеді. Қарашықтың көлеміне және аккомодацияға әсер етпейді.
Препараттың әсері конъюнктивальды қуысқа тамызғаннан кейін 20 минуттан соң байқалады. Көзішілік қысымының ең жоғарғы төмендеуі 1-2 сағаттан соң басталады және 24 сағат бойы сақталады.
Қолданылуы
- көзішілік қысым жоғарылағанда (көз гипертензиясында)
- глаукома (созылмалы ашықбұрышты глаукомада)
- афакиялық глаукома және екінші қайтара глаукоманың басқа түрлерінде
- жабықбұрышты глаукома кезінде (миотиктермен біріктірілімде) көзішілік қысымды төмендету үшін қосымша дәрі ретінде
- туа біткен глаукома (басқадай емдік шаралар жеткіліксіз болған кезде)
Қолдану тәсілі мен дозалары
Емдеудің басында Тиммалол-оптик 0,25% немесе 0,5% препаратын 1 тамшыдан зақымданған көзге күніне 2 рет тамызады.
Егер көзішілік қысым тұрақты қолданған кезде қалпына келсе препараттың дозасын 1 тамшыдан күніне 1 ретке дейін шектеуге болады. Препаратпен емдеу ұзақ уақыт бойы жүргізіледі. Емдеуде үзіліс жасау немесе дозаны өзгерту тек дәрігердің тағайындауымен жүргізіледі.
Жағымсыз әсерлері
- конъюнктиваның, қабақ терісінің гиперемиясы және тітіркенуі, көздің ашуы және қышуы, жас ағуы, көз қарығу, мөлдір қабық эпителиясының ісінуі, нүктелік беткейлік кератопатия, мөлдір қабықтың гипостезиясы, диплопия, птоз, көздің құрғақтығы
- фистулалық антиглаукоматозды операцияларда операциядан кейінгі кезеңде тамыр қабығының ажырауы
- жүрек жеткіліксіздігі, брадикардия, брадиаритмия, артериялық қысымның төмендеуі, коллапс, атриовентрикулярлы блокада, жүректің тоқтап қалуы, ми қан айналымының өтпелі бұзылуы
- ентігу, бронхтың түйілуі, өкпе жеткіліксіздігі
- бас ауыруы, бас айналуы, әлсіздік, депрессия, парестезиялар, елестеулер, қорқынышты түстер көру
- жүрек айнуы, диарея
- есекжем, экзема, алопеция
- ринит
- жыныс функциясының бұзылуы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- тимололға жекелеген жоғары сезімталдық
- бронх демікпесінде немесе тыныс жолдарының басқа да ауыр созылмалы обструкциялық аурулары
- синустық брадикардия (жүрек жиырылу жиілігінің азаюы)
- II немесе III дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада
- айқын жүрек жеткіліксіздігі
- кардиогенді шок
- жайылған тері бөртпесі бар аллергиялық реакциялар
- ауыр атрофиялық ринит
-мөлдір қабық дистрофиясы
- лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Тиммалол-оптикті: өкпе жеткіліксіздігі, ауыр түрдегі цереброваскулярлық жеткіліксіздігі, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, Рейно синдромы, феохромоцитома, атрофиялық риниті, артериялық гипотензиясы, қант диабеті, гипогликемиясы, тиреоуыттылығы, миастениясы бар науқастарға, сондай-ақ басқа да адреноблокаторларды бір мезгілде тағайындаған кезде сақтықпен қолдану керек.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Тиммалол-оптикті құрамында адреналині бар көзге тамызатын дәрілермен біріктіріп пайдаланғанда көз қарашығының кеңеюін туғызуы мүмкін.
Препараттың ерекше әсері – құрамында адреналині және пилокарпині бар көзге тамызатын дәрімен бір мезгілде пайдаланған кезде көзішілік қысымының төмендеуі күшейеді, көзге екі бета-адреноблокаторларды тамызбау керек.
Артериялық қысымның төмендеуі және жүрек ырғағының баяулауы кальций антагонистері препаратымен, резерпинмен және бета-адреноблокаторлармен біріктіріп қолданған кезде күшеюі мүмкін.
Инсулинмен немесе диабетке қарсы ішілетін дәрілермен бір мезгілде қолданған кезде гипогликемияға әкелуі мүмкін.
Тиммалол-оптик миорелаксанттардың әсерін күшейтеді, сондықтан препаратты жалпы наркозды қолданумен жоспарланған хирургиялық араласуларға дейін 48 сағат бұрын тоқтату керек.
Мына препараттарды Тиммалол-оптикпен бір мезгілде енгізу ұсынылмайды: амиодарон, галогенденген ұшпалы анестетиктер, антиаритмиялық препараттар (пропафенон және Іа класының агенті), баклофен, клонидин және лидокаин.
Хинидин мен циметидин сияқты СYP2D6 тежегіштері қан плазмасында тимолол концентрациясын арттыруы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Көзішілік қысымын өлшеу және мөлдір қабықты тексеру үшін дәрігерге тұрақты көрініп отыру қажет.
Егер науқас жұмсақ жанаспалы линза тағып жүрген болса, онда оған Тиммалол-оптик препаратын қолданудың қажеті жоқ, өйткені консервант жұмсақ жанаспалы линзаларда жинақталуы және көз тіндеріне жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Препаратты тамызудың алдында қатты жанаспалы линзаны шешу және оны 15 минут өткеннен кейін ғана тағу керек.
Препаратты тамызғаннан кейін сол сәтте көру жітілігінің төмендеуі және психикалық реакциялардың баяулауы мүмкін, ол көше қозғалысына белсенді қатысуға, машинаға қызмет етуде немесе сенімсіз тірексіз жұмыстарды орындауға қабілеттілікті азайтуы мүмкін. Бұның әсіресе препараттың алкогольмен өзара байланысуы кезінде өте зор мәні бар.
Науқасты Тиммалол-оптик препаратымен емдеуге ауыстырған кезде ертеректе қабылдаған миотиктер туғызған әсерден кейін рефракцияны түзету қажет болуы мүмкін.
Жалпы анестезияны қолдану арқылы жасалатын операциялық араласулар қажет болған жағдайда препаратты 48 сағат бұрын тоқтату керек.
Жаңа туған нәрестелерге жергілікті қолданғанда апноэ туындауы мүмкін.
Жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда препаратты пайдалануды тоқтату және мүмкіндігінше тезірек емдеуші дәрігерге (офтальмологқа) көріну керек.
Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану
Тиммалол-оптик плацента арқылы өтеді, емшек сүтімен бөлінеді.
Тиммалол-оптик препараты жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға қолданылмайды. Емдеу кезінде бала емізуді тоқтату керек.
Автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолданған кезде оның мүмкін болатын жағымсыз әсерлері мен ерекшеліктерін ескере отырып, сақтану қажет.
Артық дозалануы
Симптомдары: бас айналуы, бас ауыруы, аритмия, брадикардия, бронхтың түйілуі, жүрек айнуы, құсу (бета-адреноблокаторларға тән жалпы резорбтивті әсерлер).
Емі: көзді сумен немесе физиологиялық ерітіндімен тез арада шаю, симптоматикалық ем жүргізу керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 мл-ден алғашқы ашылуы бақыланатын, қақпақпен тығыз жабылған, полиэтиленнен жасалған тамшылатқыш-құтыларда.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон кораптан жасалған қорапшаға салынған.
Картоннан жасалған қорапқа 10, 20 немесе 100 қорапша салынған.
20, 100 немесе 1000 құтыдан (қорапшаға салмай) қораптық картоннан жасалған қорапқа құты санына қарай мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге салады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 4 аптадан аспауы керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші/Қаптаушы
«Медоптик» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Алматы қ-сы, Огарев к-сі 2 «б»
тел: 8 (727) 2320822, 2320823, 2320824
факс: 8 (727) 3832202
Е-mail: medoptik@medoptik.kz, www.medoptic.kz
Тіркеу куәлігінің иесі
«Медоптик» ЖШС, Қазақстан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:
«Медоптик» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Алматы қ-сы, Огарев к-сі 2 «б»
тел: 8 (727) 2320822, 2320823, 2320824
факс: 8 (727) 3832202
Е-mail: medoptik@medoptik.kz, www.medoptic.kz