Тиенам

МНН: Имипенем, Циластатин
Производитель: Мерк Шарп и Доум Корп.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Imipenem в комбинации с ингибиторами бета-лактамаз
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021020
Период регистрации: 03.12.2014 - 03.12.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Тиенам

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көктамырішілік инфузиялар үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

Құрамы

1 құтының ішінде

белсенді заттар: 560 мг стерильді имипенем (500 мг сусыз имипенемге баламалы), 571 мг стерильді натрий циластатині (500 мг циластатин қышқылына баламалы),

қосымша заттар 21 мг стерильді натрий гидрокарбонаты.

Сипаттамасы

Ақтан ақшыл-сары түске дейінгі ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияға қарсы басқа да бета-лактамдық препараттар. Карбапенемдер.

Имипенем және энзимдер тежегіші.

АТХ коды J01DH51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Имипенем

Таралуы Дені сау еріктілерде 20 мин. бойы препараттың көктамырішілік (к/і) инфузиясы қан плазмасында имипенем концентрациясының 250 мг дозада 12 - 20 мкг/мл ауқымындағы, 500 мг дозада 21 - 58 мкг/мл және 1 000 мг дозада 41 - 83 мкг/мл ауқымындағы ең жоғары шектегі деңгейіне жетуімен қатар жүрді. К/і 250, 500 және 1 000 мг дозаларда енгізгеннен кейін имипенемнің орташа ең жоғары концентрациясы сәйкесінше 17, 39 және 66 мкг/мл құрады. Мұндай дозаларда қан плазмасында имипенемнің концентрациясы 1 мкг/мл-ге дейін және 4-6 сағаттан соң одан төменге кеміді.

Препаратты 1 г дозада к/і енгізгеннен кейін, адам организмінің келесі тіндері мен сұйықтықтарында имипенем концентрациясының келесі орташа мәндері анықталды (өлшеу препаратты енгізгеннен кейін 1 сағаттан соң жүргізілді):

Тін немесе сұйықтық

Имипенемнің орташа концентрациялары мкг/мл немесе мкг/г

Ауқымы

Көз алмасының шыны тәріздес денесі

3.4 (енгізгеннен кейін 3.5 сағат)

2.88-3.6

Көзішілік сұйықтық

2.99 (енгізгеннен кейін 2 сағат)

2.4-3.9

Өкпе тіні

5.6 (орташа мәні)

3.5-15.5

Қақырық

2.1

-

Плевралық сұйықтық

22.0

-

Перитонеальді сұйықтық

23.9 ±5.3 (енгізгеннен кейін 2 сағат)

-

Өт

5.3 (енгізгеннен кейн 2.25 сағат)

4.6-6.0

Ликвор (қабынусыз)

1.0 (енгізгеннен кейін 4 сағат)

0.26-2.0

Ликвор (қабынғанда)

2.6 (енгізгеннен кейін 2 сағат)

0.5-5.5

Фаллопий түтіктері

13.6

-

Эндометрий

11.1

-

Миометрий

5.0

-

Сүйек тіні

2.6

0.4-5.4

Интерстициальді сұйықтық

16.4

10.0-22.6

Тері

4.4

а/ж

Дәнекер тін

4.4

а/ж

Имипенемнің адамның қан сарысуының протеиндерімен байланысуы 20%-ға жуықты құрайды.

Метаболизмі және шығарылуы Циластатинсіз қолданғанда, имипенем бүйректе дегидропептидазамен-1 метаболизденеді. Бірнеше зерттеулердің деректеріне сәйкес, несеппен бірге жекелей шығарылуы 5-40%, орташа шығарылу көрсеткіші 15 – 20% құрайды. Циластатин дегидропептидаза-1 ферментінің спецификалық тежегіші болып табылады, ол имипенемнің метаболизмін тиімді түрде тежейді, сондықтан имипенем мен циластатинді бір мезгілде қолданғанда несепте де, сондай-ақ қан плазмасында да имипенем бактерияларға қарсы емдік деңгейге жетеді.

Қан плазмасынан имипенемнің жартылай шығарылу кезеңі 1 сағатты құрайды. Енгізілген препараттың шамамен 70%-ы өзгермеген күйінде несеппен бірге 10 сағат ішінде шығарылады, содан кейін әрі қарай имипенемнің несеппен шығарылуы байқалмайды. Имипенемнің несептегі ˃ 10 мкг/мл концентрациясы Тиенамді 500 мг дозада қолданғаннан кейін 8 сағат бойы сақталады. Енгізілген дозаның қалған бөлігі белсенді емес метаболиттер түрінде несеппен бірге шығарылады. Имипенемнің нәжіспен бірге шығарылуы іс жүзінде нөлге тең болады. Препаратты сызба бойынша әрбір 6 сағат сайын қолданғанда, қан плазмасында немесе бүйрек функциясы қалыпты емделушілерде имипенемнің несепте жиналып қалуы байқалған жоқ.

Циластатин

Препаратты к/і енгізгеннен кейін 20 минуттан соң циластатиннің плазмадағы ең жоғары шектегі деңгейлері 250 мг/250 мг доза үшін 21 - 26 мкг/мл, 500 мг/500 мг доза үшін 21 - 55 мкг/мл, және 1000 мг/1000 мг доза үшін 56 - 88 мкг/мл ауқымында болды. 250 мг/250 мг, 500 мг/500 мг және 1000 мг/1000 мг дозаларда енгізгеннен кейін циластатиннің ең жоғары деңгейлерінің орташа мәні, сәйкесінше, 22, 42, және 72 мкг/мл құрады.

Метаболизмі және шығарылуы

Плазмада циластатиннің жартылай ыдырау кезеңі шамамен 1 сағатты құрайды. Препаратты енгізгеннен кейін 10 сағаттан соң циластатин дозасының шамамен 70-80%-ы өзгермеген күйінде несеппен бірге шығарылады. Дозаның шамамен 10%-ы дегидропептидазаны тежейтін N-ацетил метаболитіне айналады. Циластатин қан ағымынан шыққаннан кейін қысқа кезең ішінде бүйректе дегидропептидаза-I белсенділігі қалыпты деңгейіне оралады.

Фармакокинетикасының ерекшеліктері

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі. Тиенамды 250 мг/250 мг дозада к/і бір рет енгізгеннен кейін бүйрек функциясының бұзылулары ауырлығы жеңіл дәрежедегі (креатинин клиренсі (КК) <50–80 мл/мин/1.73 м2), ауырлығы орташа дәрежедегі (КК <30–50 мл/мин/1.73 м2) және ауырлығы ауыр дәрежедегі (КК <30 мл/мин/1.73 м2) емделушілерде, бүйрек функциясы қалыпты (КК >80 мл/мин/1.73 м2) емделушілермен салыстырғанда, имипенемнің қисық астындағы ауданы (AUC), сәйкесінше, 1.1, 1.9 және 2.7 есеге жоғарылады, ал осы емделушілерде цисплатиннің AUC көрсеткіші, сәйкесінше, 1.6, 2.0 және 6.2 есе жоғарылады. Гемодиализ жүргізгеннен кейін 24 сағат өткен соң препараттың 250 мг/250 мг дозасын к/і енгізгенде, бүйрек функциясы қалыпты адамдардағы осындаймен салыстырғанда AUC көрсеткіштері имипенем және циластатин үшін, сәйкесінше, 3.7 және 16.4 есе жоғарылады. Имипенемнің және циластатиннің бүйрек арқылы шығарылуы және плазма клиренсі бүйрек функциясы бұзылғанда төмендейді. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін дозаны түзету қажет.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі. Бауыр функциясының бұзылулары бар емделушілерде имипенемнің фармакокинетикасы зерттелген жоқ. Бауыр функциясының бұзылулары бар емделушілерде дозаны түзету қажеттілігі жоқ, өйткені имепенемнің метаболизмі бауырда шектеулі. Сондықтан бауыр функциясы жеткіліксіздігінің бар болуы имипинемнің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Педиатриялық емделушілер. Имипенемнің орташа шығарылу деңгейі (CL) және таралу көлемі (Vdss) педиатриялық (3 айлықтан 14 жасқа дейінгі) емделушілерде ересек емделушілермен салыстырғанда шамамен 45%-ға жоғары. Балаларға Тиенамды дененің әр кг салмағына шаққанда 15/15 мг енгізгеннен кейін имипенемнің AUC көрсеткіші препаратты 500 мг/500 мг дозада қабылдаған ересектердегіден шамамен 30%-ға жоғары болды. Тиенамды 25/25 мг/кг дозада қолданғанда балаларда препараттың экспозициясы препаратты 1 000 мг/1 000 мг дозада қабылдаған ересектердегіге қарағанда 9%-ға жоғары болды.

Егде жастағы емделушілер. Бүйрек функциясы қалыпты, 65 - 75 жастағы дені сау волонтерлерде к/і енгізілген препараттың 500 мг/500 мг бір реттік дозасының фармакокинетикасы 20 минуттан соң бүйрек функциясының жеңіл дәрежедегі жеткіліксіздігіне тән көрсеткіштермен ұқсас болды; мұндайда дозаны түзету қажет емес. Плазмада имипенемнің және циластатиннің орташа жартылай ыдырау кезеңі сәйкесінше 91 ± 7 минутты және 69 ± 15 минутты құрады. Көп дозалануы имипенемнің және циластатиннің фармакокинетикасына ықпалын тигізген жоқ; сондай-ақ жиналып қалу әсері байқалмады.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Тиенам екі компоненттен тұрады: 1:1 арақатынаста болатын имипенем және циластатин.

Имипенем – бета-лактамдық антибиотиктер – тиенамициндердің жаңа класының өкілі, бактерияның жасушалық қабырғасы синтезінің тиімділігі жоғары тежегіші болып табылады. Пенициллинмен байланыстыратын ақуыздармен (ПБА) байланысу жолымен әсер ететін аэробтық та, сондай-ақ анаэробтық та патогенді грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің кең ауқымына қатысты кең ауқымды бактерицидтік әсері бар.

Имипенем тиенамициннің жартылай синтетикалық туындылары болып табылады, олардың продуценттерінің бірі Streptomyces cattleya филаментті бактериялары болып табылады.

Натрий циластатині дегидропептидаза-1 (имипенемді метаболиздейтін және белсенділігін жоятын бүйректік фермент) бәсекелес, қайтымды және спецификалық тежегіші болып табылады. Оның бактерияларға қарсы өзіндік белсенділігі жоқ және имипенемнің бактерияларға қарсы белсенділігіне ықпалын тигізбейді.

Имипенемге резистенттіліктің дамуы келесі механизмдерге негізделуі мүмкін:

• грамтеріс бактериялардың сыртқы жарғақшаларының өткізгіштігінің төмендеуі (пориндердің өндірілуінің төмендеуі себебінен)

• имипенем белсенді тасымалдануы арқылы жасушадан белсенді түрде шығарылуы мүмкін

• пенициллинмен байланысатын ақуыздардың (ПБА) имипенемге ұқсастығының әлсіреуі

• карбапенемдерді гидролиздейтін сирек бета-лактамазаларға қатыстысын қоспағанда, имипенем грамоң және грамтеріс бактериялармен өндірілетін пенициллиназаны және цефалоспориназаны қоса, көптеген бета-лактамазалардың гидролизіне тұрақты. Басқа карбапенемдерге резистентті штаммдар, әдеттегідей, имипенемге де резистентті. Нысанасына байланысты, имипенем мен хинолондар, аминогликозидтер, макролидтер және тетрациклиндер класының препараттары арасында айқаспалы төзімділіктің дамуы байқалмайды.

Сезімталдық

Бактериялардың жекелей штаммдарының жүре пайда болған резистенттілігінің таралуы әртүрлі географиялық аймақтарында құбылуы мүмкін.

Имипенемге сезімтал микроорганизмдер:

Грамоң аэробтар: Enterococcus faecalis, Staphylococcus aureus (метициллин-сезімтал)*, Staphylococcus coagulase negative (метициллин-сезімтал)*, Streptococcus agalactiae, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Streptococcus viridans group

Грамтеріс аэробтар: Citrobacter freundii, Enterobacter aerogenes, Enterobacter cloacae, Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae, Moraxella catarrhalis, Serratia marcescens

Грамоң анаэробтар: Clostridium perfringens, Peptostreptococcus spp.

Грамтеріс анаэробтар: Bacteroides fragilis, Bacteroides fragilis group, Fusobacterium spp., Porphyromonas asaccharolytica, Prevotella spp., Veillonella spp.

Имипенемге резистенттілігі болуы мүмкін микроорганизмдер:

Грамтеріс аэробтар: Acinetobacter baumannii, Pseudomonas aeruginosa

Имипенемнің әсеріне төзімді резистентті микроорганизмдер:

Грамоң аэробтар: Enterococcus faecium

Грамтеріс аэробтар: Burkholderia cepacia кейбір штаммдары (ескі атауы - Pseudomonas cepacia), Legionella spp., Stenotrophomonas maltophilia (ескі атаулары - Xanthomonas maltophilia, Pseudomonas maltophilia)

Тағы басқалар: Chlamydia spp., Chlamydophila spp., Mycoplasma spp., Ureoplasma urealyticum

* Имипенемге сезімтал емес, метициллинге төзімді барлық штаммдар

Қолданылуы

Аралас аэробтық/анаэробтық жұқпаларда ересектерде және балаларда 3 айлықтан бастап жұқпалы ауруларды емдеуде, сондай-ақ қоздырғыш-микроорганизмдерді анықтағанға дейін алғашқы ем үшін:

  • құрсақ қуысының асқынған жұқпаларында

  • пневмонияның ауыр түрлерінде, нозокомиальді және өкпені жасанды желдетумен байланыстыларын қоса

  • интранатальді және постнатальді жұқпаларда

  • гинекологиялық жұқпаларда

  • несеп жолдарының асқынған жұқпаларында

  • сүйектер мен буындардың жұқпаларында

  • септицемияда

  • тері мен жұмсақ тіндердің асқынған жұқпаларында

  • эндокардитте

Жұғу қаупі жоғары хирургиялық араласымдарда операциядан кейінгі асқынулардың алдын алуда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Тиенамның жалпы тәуліктік дозасын есептеу жұқпаның типін және ауырлық дәрежесін, бір немесе бірнеше патогенді микроорганизмдердің сезімталдық дәрежесін, емделушінің бүйрек функциясын және дене салмағын есепке ала отырып, жүргізілуі тиіс.

Ересектер және жасөспірімдер

Бүйрек функциясы қалыпты (креатинин клиренсі 70 мл/мин/1.73 м2-ден астам) емделушілер үшін ұсынылатын дозалау режимі: әрбір 6 сағат сайын 500/500 мг немесе әрбір 8 немесе 6 сағат сайын 1000/1000 мг құрайды.

Сезімталдығы аздау микроорганизмдер түрлерінен (мысалы, Pseudomonas aeruginosa сияқты) туындаған жұқпалар байқалғанда немесе оған күдіктенгенде, сондай-ақ өте ауыр жұқпаларда (мысалы, қызбамен нейтропениясы бар науқастарда), ұсынылатын дозалау режимі әрбір 6 сағат сайын 1000/1000 мг құрайды.

Дозаны төмендету келесі жағдайларда көрсетіледі:

- креатинин клиренсі  70 мл/мин/1.73 м2 (1-кестені қараңыз) немесе

- емделушінің дене салмағы < 70 кг.

Дене салмағы < 70 кг емделушілер үшін пропорциональді доза мына формула бойынша есептеледі:

дене салмағы (кг) х стандартты доза

__________________________________________

70 кг

Ең жоғары жалпы тәуліктік доза тәулігіне 4000 мг/4000 мг-ден аспауы тиіс.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін ең жоғары тәуліктік дозаны есептеу үшін қажет:

1. бүйрек функциясы қалыпты емделушілер үшін тәуліктік дозаны анықтау (мысалы, 1000/1000, 2000/2000, 3000/3000 немесе 4000/4000 мг).

2. 1-кестеге сай, емделушінің креатинин клиренсін ескере отырып, дозаны тиісінше азайтуды таңдау. Препаратты енгізу санын ұсыну үшін «Қолдану тәсілі» бөлімін қараңыз.

1-кесте: Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар және дене салмағы ≥ 70 кг* ересектерде дозаны төмендету

Бүйрек функциясы қалыпты емделушілер үшін жалпы тәуліктік доза (мг/күн)

Креатинин клиренсі (мл/мин/1.73 м2)

41-70

21-40

6-20

Имипенем/циластатин мг дозасы (аралық сағ.)

2000/2000

500/500 (8)

250/250 (6)

250/250 (12)

3000/3000

500/500 (6)

500/500 (8)

500/500 (12) **

4000/4000

750/750 (8)

500/500 (6)

500/500 (12) **

* Дене салмағы < 70 кг емделушілер үшін дозаны қосымша төмендету. Дене салмағы < 70 кг емделушілер үшін пропорциональді дозаны мына формула бойынша анықтау керек: емделушінің 70 (кг) бөлінген және 1-кестеде көрсетілген ұсынылған сәйкес дозаға көбейтілген нақты салмағы (кг)

** 500 мг/500 мг дозаны креатинин клиренсі 6-дан 20 мл/мин/1.73м2 дейінгі емделушілерге тағайындағанда құрысулардың даму қаупі жоғары болады.

Креатинин клиренсі ≤ 5мл/мин/1.73м2 емделушілер

Тиенамды, инфузиядан кейін 48 сағаттан кешіктірмей гемодиализ жүргізілетін жағдайлардан басқасында, креатинин клиренсі ≤5мл/мин/1.73м2 емделушілерге қолдануға кеңес берілмейді.

Гемодиализдегі емделушілер

Креатинин клиренсі ≤ 5мл/мин/1.73м2, гемодиализдегі емделушілерді емдегенде креатинин клиренсі 6-дан 20 мл/мин/1.73 м2 дейінгі емделушілер үшін ұсынылған дозаны тағайындаған жөн (1-кестені қараңыз).

Имипенем де, сондай-ақ циластатин де гемодиализ кезінде айналымнан шығарылады. Тиенамды гемодиализдің кезекті сеансы аяқталғаннан кейін 12 сағаттан соң енгізген жөн. Гемодиализдегі емделушілер үшін, әсіресе сыртартқысында орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) ауруы бар емделушілер үшін, емдеудің артықшылығы құрысулардың даму қаупінен басым болған кезде ғана, Тиенаммен емдеуді мұқият дәрігерлік бақылаумен жүргізуге болады («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Перитонеальді диализде жүрген емделушілерде Тиенамды қолдану жөнінде бекітілген нұсқаулар қазіргі таңда жоқ.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының бұзылулары бар емделушілер үшін дозаны түзету қажет емес («Фармакокинетикасы» бөлімін қараңыз).

Егде жас

Бүйрек функциясы қалыпты егде жастағы емделушілер үшін дозаны түзету қажет емес («Фармакокинетикасы» бөлімін қараңыз).

Қолдану тәсілі

ТЕК КӨКТАМЫР ІШІНЕ ЕНГІЗУГЕ АРНАЛҒАН!

Қолданар алдында Тиенамды қалпына келтіру және содан кейін сұйылту керек.

≤500 мг/500 мг дозаны 20 – 30 минут бойына к/і инфузия түрінде енгізген жөн. >500 мг/500 мг дозаны 40–60 минут бойы к/і инфузия түрінде енгізген жөн. Инфузия жүргізу кезінде жүректің айнуы пайда болған емделушілерде инфузия жылдамдығын төмендеткен жөн.

Операциядан кейінгі жұқпалардың алдын алу: ересек емделушілер үшін дозалау режимі Ересектер үшін Тиенамды кіріспе анестезияда 1000/1000 мг дозада, содан кейін 3 сағаттан соң 1000/1000 мг дозада енгізген жөн. Жоғары дәрежеде қауіпті хирургиялық араласым жағдайында (мысалы, тоқ және тік ішекке операцияларда) кіріспе наркоздан кейін 8 және 16 сағаттан соң 500 мг-ден 2 қосымша доза енгізген жөн.

Балалар үшін 3 айлық жастан бастап дозалау сызбасы

Балалар үшін келесі дозалау сызбасы ұсынылады:

3 айлықтан асқан және одан үлкен, дене салмағы 40 кг-ден төмен балаларға 6 сағат аралықпен 15 мг/кг доза ұсынылады. Ең жоғары тәуліктік доза 2 г-ден аспауы тиіс. Дене салмағы  40 кг балалар ересек емделушілердегідей дозаларды қабылдауы тиіс.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар педиатриялық емделушілер

Клиникалық деректер бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар (сарысулық креатинин > 2 мг/дл) педиатриялық емделушілер үшін дозалауға ұсыныс жасау үшін жеткіліксіз.

Тиенам менингитті емдеу үшін тағайындауға ұсынылмайды. Менингит анықталған жағдайда қолайлы антибиотиктермен емдеуді таңдаған жөн. Тиенам менингитке әлі күдік жоқ кезде, сепсисі бар балаларға қолданылуы мүмкін.

Көктамырішілік инфузия үшін ерітінді дайындау

Көктамырішілік инфузияға арналған Тиенамды басқа антибиотиктермен араластыруға және қосуға болмайды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Көктамырішілік инфузияға арналған Тиенамның дәрілік түрі сүт қышқылымен (лактатпен) химиялық тұрғыдан үйлеспейді, және құрамында лактат бар еріткіштер негізінде дайындалмауы тиіс. Алайда Тиенам көктамыр ішіне құрамында лактат бар ерітіндідегі инфузиялық жүйе арқылы енгізілуі мүмкін.

Еріткіш ретінде 0.9% натрий хлоридінің ерітіндісін пайдалану керек. 5% глюкоза ерітіндісі немесе құрамында лактат жоқ басқа еріткіштер 0.9% натрий хлориді ерітіндісі клиникалық себептерге байланысты пайдаланылуы мүмкін емес болғанда пайдаланылуы мүмкін.

К/і инфузияға арналған Тиенам ерітіндісі 2-кестеде берілген нұсқауларға сәйкес дайындалады.

2-кесте. К/і инфузияға арналған Тиенам ерітіндісін дайындау.

К/і инфузияға арналған Тиенам дозасы (мг имипенем)

Қосылатын еріткіш көлемі (мл)

К/і инфузияға арналған Тиенам ерітіндісіндегі орташа концентрация (мг/мл имипенем)

500

100

5

Еріту: 20 мл құтының ішіндегіні 10 мл қолайлы еріткіште алдын ала еріту қажет.

АЛЫНҒАН ЕРІТІНДІНІ ЕНГІЗУ ҮШІН ПАЙДАЛАНУҒА БОЛМАЙДЫ!

Алынған ерітіндіні ұнтақ толық ерігенше және мөлдір сұйықтық түзілгенше сілкілеп шайқау қажет. Ерітіндінің сарыдан түссізге дейін боялу нұсқалары препараттың белсенділігіне ықпалын тигізбейді. Содан кейін ерітіндіні құтыға немесе еріткіштің қалған бөлігі (90 мл) бар контейнерге құяды. Еріткіштің жалпы көлемі – 100 мл.

Препаратты 20 мл құтыға толық ауыстыру үшін бұрын алынған ерітіндінің 10 мл қайта қосады, тағы да мұқият сілкілейді, содан кейін алынған екі ерітіндіні де пакетке немесе инфузияға арналған құтыға ауыстырады.

Ерітіндінің жалпы көлемі – 100 мл.

Қалпына келтірілген ерітіндінің тұрақтылығы

3-кесте. К/і инфузияға арналған қалпына келтірілген Тиенам препаратының тұрақтылығы

Еріткіш

Тұрақтылық кезеңі

Бөлме температурасы

(25°С)

Тоңазытқыш

(4°С)

0,9% NaCL ерітіндісі

4 сағат

24 сағат

5% декстрозаның сулы ерітіндісі

4 сағат

24 сағат

10% декстрозаның сулы ерітіндісі

4 сағат

24 сағат

5% декстроза және 0,9% NaCL

4 сағат

24 сағат

5% декстроза және 0,45% NaCL

4 сағат

24 сағат

5% декстроза және 0,225% NaCL

4 сағат

24 сағат

5% декстроза және 0,15% KCL

4 сағат

24 сағат

5% және 10% маннитол

4 сағат

24 сағат

Жағымсыз әсерлері

Төменде клиникалық зерттеулер және постмаркетингтік бақылаулар барысында алынған жағымсыз әсерлері берілген.

Жиі (≥1/100, <1/10)

  • эозинофилия, экзантематозды бөртпе

  • тромбофлебит

  • диарея, құсу, жүректің айнуы (медициналық өніммен байланысты жүректің айнуы және/немесе құсу гранулоцитопениясыз емделушілерге қарағанда гранулоцитопениясы бар емделушілерде жиі пайда болды )

  • қан сарысуында трансаминаза, сілтілік фосфатаза деңгейлерінің жоғарылауы

Жиі емес (≥1/1 000, <1/100)

  • панцитопения, нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения, тромбоцитоз

  • психикалық бұзылыстар, елестеулерді және сананың шатасуын қоса

  • құрысулар, миоклоникалық құрысулар, бас айналу, ұйқышылдық

  • гипотония

  • есекжем, қышыну

  • қызба, енгізген жерде ауыру, инфильтрат, эритема

  • Кумбстің оң реакциясы, протромбин уақытының жоғарылауы, гемоглобиннің төмендеуі, қан сарысуында билирубин, креатинин деңгейлерінің жоғарылауы, қанда мочевина деңгейінің жоғарылауы

Сирек (≥1/10 000, <1/1 000)

  • жалған жарғақшалы колит, кандидоз

  • агранулоцитоз

  • анафилактикалық реакциялар

  • энцефалопатия, парестезия, ажитация, дискинезия, фокальді тремор, дәм сезудің бұзылуы

  • естудің жоғалуы

  • тісте және/немесе тілде дақтар

  • уытты эпидермальді некролиз, ангионевротикалық ісіну, Стивенс-Джонсон синдромы, көптеген эритема, эксфолиативті дерматит

  • бауыр функциясының жеткіліксіздігі, гепатит

  • бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі, олигурия/анурия, полиурия, несеп түсінің өзгеруі (зиянсыз, гематуриямен шатастырмау керек)

Өте сирек (<1/10 000)

  • гастроэнтерит

  • гемолитикалық анемия, сүйек кемігінің тежелуі

  • миастенияның үдеуі, бас ауыру

  • күшті бас айналу, құлақтың шыңылдауы

  • цианоз, тахикардия, жүректің күшті соғуы

  • кенеттен ысынулар

  • диспноэ, гипервентиляция, жұтқыншақтың ауыруы

  • геморрагиялық колит, абдоминальді ауыру, қыжыл, глоссит, тіл бүртіктерінің гипертрофиясы, гиперсаливация

  • фульминантты гепатит

  • гипергидроз, тері құрылымының өзгеруі

  • полиартралгия, омыртқаның кеуде бөлігінің ауыруы

  • генитальді қышыну

  • кеудеде жайсыздық, астения/әлсіздік.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • басқа карбапенемдерге жоғары сезімталдық

  • басқа бета-лактамдық антибиотиктерге (мысалы, пенициллиндерге немесе цефалоспориндерге) жоғары сезімталдық (мысалы, анафилактикалық реакциялар, ауыр тері реакциялары)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ганцикловир Тиенамды ганцикловирмен біріктіріп қолдану жайылған құрысулардың дамуына әкеледі, сондықтан ганцикловирді Тиенаммен бірге тағайындамайды.

Пробенецид Тиенамды пробенецидпен біріктіріп қолдануға болмайды, өйткені қан плазмасында имипенем деңгейінің жоғарылауына және жартылай шығарылу кезеңінің артуына әкеледі. Несепте белсенді метаболиттердің ~ 60%-ға төмендеуі байқалады. Тиенамды пробенецидпен біріктіріп қолдану циластатиннің несеппен бірге шығарылуына ықпалын тигізбейді.

Тиенамды бір еккіште басқа антибиотиктермен араластырмаған жөн, мұндайда басқа антибиотиктермен (аминогликозидтермен) бір мезгілде (бөлек) енгізуге рұқсат етіледі.

Вальпрой қышқылы Тиенамды енгізу құрысу белсенділігінің жоғарылау қаупімен астасқан, вальпрой қышқылының сарысулық концентрациясының төмендеуімен қатар жүреді (клиникалық іс-тәжірибеде тіркелген жағдай), сондықтан Тиенаммен емделу кезеңінде вальпрой қышқылының сарысулық концентрациясына мониторинг жүргізу ұсынылады.

Пероральді түрде қолдануға арналған антикоагулянттар

Антибиотиктер мен варфаринді бір мезгілде қолдану соңғысының антикоагулянттық қасиеттерін күшейтуі мүмкін. Бір мезгілде антибиотиктерді қабылдап жүрген емделушілерде антикоагулянттарды (варфаринді қоса) пероральді түрде қолданғанда антикоагулянттық әсерлерінің күшейгені жөнінде мәлімдемелер бар. Бұл қауіп қатар жүретін жұқпалы ауруларға, емделушінің жасына және жалпы жағдайына байланысты болуы мүмкін, сондықтан ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) көрсеткіштерін арттыруда бактерияларға қарсы препараттартың рөліне баға беру қиын. Антибиотиктерді және пероральді антикоагулянттарды бірге қолдану кезінде және қолданудан кейін бірден ХҚҚ көрсеткішін мүмкіндігінше жиі тексерген жөн.

Айрықша нұсқаулар

Тиенаммен емдеуді, жұқпаның ауырлық дәрежесіне, бактерияларға қарсы басқа да агенттерге резистенттілік деңгейіне және карбапенемдерге тұрақты микроорганизм қоздырғыштарының болу қаупіне негіздей отырып, карбапенемдерді қолданудың мақсатқа лайықтылығына баға бергеннен кейін бастаған жөн.

Аса жоғары сезімталдық

Бета-лактамдық антибиотиктерді қолданып ем қабылдаған емделушілерде аса жоғары сезімталдықтың ауыр және кейде өліммен аяқталатын реакциялары (анафилактикалық реакциялар) жөнінде мәлімделді. Ықтималдылығы үлкен бұл реакциялар сыртартқысында әртүрлі аллергендерге сезімталдығы бар емделушілерде пайда болуы мүмкін. Тиенаммен емдеуді тағайындар алдында бұрын карбапенемдерге, пенициллиндерге, цефалоспориндерге, басқа да бета-лактамдық антибиотиктерге және басқа да аллергендерге аса жоғары сезімталдық реакцияларына қатысты сыртартқы жинаған жөн. Тиенамға аллергиялық реакциялар көріністерінде, емдеуді дереу тоқтатқан жөн. Ауыр анафилактикалық реакциялар шұғыл медициналық жәрдем көрсетуді қажет етеді.

Бауыр функциясы Тиенаммен емделу барысында (трансаминаза деңгейінің жоғарылауы, бауыр функциясының жеткіліксіздігі және фульминантты гепатит сияқты) гепатоуыттылық реакцияларының даму қаупіне байланысты, бауыр функциясы тиянақты мониторингіленуі тиіс.

Бауыр функциясы бұзылған емделушілерде Тиенаммен емделу кезінде бауыр функциясына мұқият мониторинг жүргізу қажет етіледі. Дозаны түзету қажет емес.

Гематология Тиенаммен ем жүргізу кезінде тікелей және тікелей емес Кумбс сынамасына оң реакция дамуы мүмкін.

Бактерияларға қарсы ауқымы Тиенамның, әсіресе өмірге қауіп төндіретін жағдайларда, қандай да болсын эмпириялық ем жөнінде шешім қабылдар алдында бактерияларға қарсы ауқымына көңіл бөлген жөн. Көбіне, Тиенамға мысалы, терінің және жұмсақ тіндердің бактериялық жұқпаларымен астасқан спецификалық патогендердің сезімталдығының шектелуіне байланысты, ерекше сақтық шараларын сақтау керек. Тиенамды препаратқа патогендердің сезімталдығы дәлелденбеген немесе болжанған жұқпаларды емдеуде тағайындауға болмайды. Метициллин-резистентті Staphylococcus aureus (MRSA) стафилококк жұқпаларының бекітілген көрсетілімдері құрамында бар екендігіне күдіктенгенде немесе бар екені айғақталғанда метициллин-резистентті стафилококкті бәсеңдету үшін қолайлы антибиотикті бірге қолдану көрсетілген. Pseudomonas aeruginosa жұқпасының бекітілген көрсетілімдері құрамында бар екендігіне күдіктенгенде немесе бар екені айғақталғанда аминогликозидтерді біріктіріп қолдану көрсетілген.

Вальпрой қышқылымен бірге қолдану Тиенамды және вальпрой қышқылының препараттарын бірге қолдану ұсынылмайды («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Clostridium difficile Тиенаммен, сондай-ақ басқа да антибиотиктермен емдеген кезде дамыған, антибиотикпен астасқан колиттің және ауырлығы жеңілден өмірге қауіп төндіретін дәрежеге дейінгі жалған жарғақшалы колиттің дамығаны жөнінде мәлімдемелер бар. Сондықтан Тиенаммен емдеу кезінде немесе емдеуден кейін пайда болған диареясы бар емделушілерде, бұл диагнозды жіктеу керек («Жағымсыз әсері» тарауын қараңыз).Осындай жағдайда Тиенамды тоқтату және Clostridium difficile тиісінше ем тағайындау жөніндегі мәселені қарастырған жөн. Жиырылуын тежейтін препараттарды қолдану ұсынылмайды.

Менингит Тиенам менингитті емдеу үшін ұсынылмайды.

Қолдану тәсілі және дозалары

Орталық жүйке жүйесі Әсіресе бүйрек функциясының жағдайы және дене салмағы бойынша ұсынылған дозаларды арттырғанда, миоклоникалық белсенділікті, сананың шатасуын және құрысуларды қоса, ОЖЖ тарапынан жағымсыз реакциялар жөнінде мәлімдемелер алынды. Мұндай жағдайлар сыртартқысында ОЖЖ бұзылулары (мысалы, мидың зақымдануы немесе сыртартқыда құрысу) және/немесе препараттың белсенді компоненттері жиналып қалуы мүмкін бүйрек функциясының бұзылуында өте жиі мәлімделді. Сондықтан мұндай емделушілерде ұсынылған дозаны қатаң ұстану қажет. Сыртартқысында құрысу синдромы бар емделушілерде құрысуға қарсы емдеу әрі қарай жалғастырылуы тиіс.

Құрысулардың даму қаупінің факторлары бар болғанда, немесе басқа препараттармен қатар емдегенде балалардағы неврологиялық симптомдарға немесе құрысуларға ерекше көңіл бөлген жөн.

Фокальді тремор, миоклонус немесе құрысу пайда болған кезде емделуші неврологиялық статусты анықтауды және құрысуға қарсы емді тағайындауды, егер ол әлі қолданылмаса, керек етеді. ОЖЖ тарапынан симптомдарды жалғастырғанда Тиенамның дозасын төмендету немесе препаратпен емдеуді тоқтату көрсетілген.

Креатинин клиренсі ≤ 5 мл/мин/1.73 м2 емделушілерге Тиенамды инфузиядан кейін 48 сағат ішінде гемодиализ жүргізуге мүмкіндік бар болғанда ғана тағайындаған жөн. Тиенам гемодиализдегі емделушілер үшін емдеудің артықшылығы құрысудың даму қаупінен жоғары болған жағдайларда ғана ұсынылады.

К/і инфузияға арналған Тиенамның 500 мг/500 мг дәрілік түрінің құрамында 37.6 мг натрий (1.6 мЭкв) бар, бұл тұзсыз емдәм сақтайтын емделушілерде ескерілуі тиіс.

Балаларда қолданылуы Қазіргі таңда 3 айлыққа дейінгі балаларда немесе бүйрек функциясы бұзылған (сарысулық креатинині ˃ 2 мг/дл) балаларда Тиенамды қолдану жөнінде клиникалық деректер жеткілікті.

Фертильділік, жүктілік және лактация кезеңі

Тиенамды жүктілік кезінде, егер емдеудің пайдасы ұрық үшін потенциальді қаупін ақтаған жағдайда ғана, пайдаланған жөн.

Тиенам ана сүті арқылы аздаған мөлшерде бөлініп шығады. Емшек емген кезде нәресте препараттың елеулі дозасының әсеріне ұшырауы мүмкін екендігі екіталай. Егер Тиенамды қолдану қажет деп саналса, емшек емізудің артықшылықтары мен нәресте үшін ықтимал қаупін салыстырған жөн. Егер Тиенамды қолдану қажет деп саналса, онда нәрестеге емшек емізуді тоқтату керек.

Тиенаммен емдеудің еркектердің және әйелдердің фертильділігіне потенциальді ықпалына жүргізілген зерттеу деректері жеткіліксіз.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Автомобильді басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпал ету мәселесі бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ. Дегенмен, Тиенаммен емделу аясында жағымсыз әсерлердің (елестеулер, бас айналу, ұйқышылдық, вертиго сияқты) дамуы мүмкін екендігін ескеріп, автомобильді басқарғанда және механизмдермен жұмыс жасағанда аса сақтық таныту керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: препаратты қолдануды тоқтату, симптоматикалық және демеуші ем тағайындау керек. Препарат гемодиализ жүргізген кезде шығарылады, алайда препарат артық дозаланған кезде осы емшараның тиімділігі белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сұр түсті резеңке тығынмен тығындалған, сыйымдылығы 20 мл, түссіз I типті шыныдан жасалған құтыда ұнтақ 1 г-нан. Әрбір құты «флипп-офф» пластик қақпағы бар алюминий қалпақшамен қаусырылған.

10 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге полиэтилен үлбірмен қапталған пластик тұғырға салынған.

Сақтау шарттары

25C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Мерк Шарп және Доум Корп., Элктон, АҚШ.

Қаптаушы

Мерк Шарп және Доум-Чибрет зертханалары, Риом, Франция.

Тіркеу куәлігінің иесі

Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ, Люцерн, Швейцария.

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстандағы Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ компаниясының өкілдігі

Алматы қ., Достық д-лы, 38, «Кең Дала» бизнес орталығы, 5-қабат

Тел. +7(727) 330-42-66, +7(727) 259-80-84

Факс +7(727) 259-80-90

эл. пошта: dpoccis2@merck.com, pharmacovigilance.ukraine&cis@merck.com

S-IPC-MK0787B-IV-IM-102014&TIENAM-NL-H-2160-001-IB-007-EN-CRT

Прикрепленные файлы

708050751477976585_ru.doc 188 кб
384474041477977738_kz.doc 194.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники