Тивортин

МНН: Аргинин
Производитель: Юрия-Фарм ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Аминокислоты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019778
Информация о регистрации в РК: 05.09.2023 - 05.09.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Тивортин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аргинин

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған 4.2% 100 мл ерітінді

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат – 4.2 г аргинин гидрохлориді,

қосымша зат инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Парентеральді қоректендіруге арналған препараттар. Амин қышқылдары.

АТХ коды В05В А01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Үздіксіз көктамырішілік инфузия кезінде қан плазмасында аргинин гидрохлоридінің ең жоғары концентрациясы енгізуді бастағаннан соң 20 - 30 мин кейін байқалған. Тивортин плацентарлық бөгет арқылы өтеді, бүйрек шумақтарында сүзіледі, алайда бүйрек өзекшелерінде толығымен дерлік кері сіңіріледі.

Фармакодинамикасы

Аргинин (α-амино-δ-гуанидиновалериан қышқылы) – амин қышқылы, шартты түрде ауыстыруға келмейтін амин қышқылдары класына жатады және организмнің өмірлік маңызды көптеген қызметінің жан-жақты жасушалық реттегіші болып табылады, организм қиын күйде болғанда маңызды протекторлық әсерін байқатады. Тивортин антигипоксиялық, жарғақшатұрақтандырғыш, цитопротекторлық, антиоксиданттық, антирадикалдық, уытсыздандырғыштық белсенділігін көрсетеді, өзін аралық алмасу және энергиямен қамтамасыз ету үдерістерінің белсенді реттегіші ретінде танытып, организмде гормональді теңгерімді ұстап тұруда белгілі бір рөл атқарады. Аргинин қанда инсулин, глюкагон, соматотропты гормон мен пролактиннің мөлшерін арттыратыны, пролин, полиамин, агматин синтезіне қатысатыны, фибринолиз, сперматогенез үдерістеріне қосылып, жарғақшалық деполяризациялаушы әсер ететіні белгілі. Аргинин бауырдағы мочевина синтезінің циклында негізгі субстраттардың бірі болып табылады. Препараттың гипоаммониялық әсері аммиактың мочевинаға айналуын белсенділендіру жолымен жүзеге асырылады. Антиоксиданттық, антигипоксиялық және жарғақшатұрақтандырғыш белсенділігінің арқасында гепатопротекторлық әсерін байқатады, гепатоциттерде энергиямен қамту үдерістеріне оң ықпал етеді.

Тивортин эндотелиоциттерде азот тотығы синтезін катализдейтін фермент - NO-синтаза үшін субстрат болып табылады. Препарат гуанилатциклазаны белсенділендіреді және тамыр эндотелийінде циклдық гуанинмонофосфат (цГМФ) деңгейін жоғарылатады, тамырлар эндотелийіне қарай лейкоциттер және тромбоциттердің белсенділігі мен адгезиясын азайтады, VCAM-1 және МСР-1 адгезия протеиндерінің синтезін басады, осылайша атеросклероздық түйіндақтар түзілуі мен дамуының алдын алады. Тамыр қабырғаларының тегіс миоциттері пролиферациясы мен көшуінің вазоконстрикторы және көтермелегіші болып саналатын эндотелин-1 синтезін бәсеңдетеді. Тивортин оксидативтік стресстің эндогенді көтермелегіші асимметриялық диметиларгининнің синтезін де басады. Препарат Т-жасушаларын өндіретін айыршық бездерінің қызметін көтермелейді, дене жүктемесі кезінде қанда глюкоза құрамын реттейді. Қышқыл түзуші әсерін байқатады және қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті түзетуге ықпал етеді.

Қолданылуы

Келесі ауруларды кешенді емдеу құрамында:

- шеткергі қантамырлар атеросклерозында, оның ішінде ара-кідік ақсаңдау көрінісімен

- жүкті әйелдердегі артериялық гипертензияда

- өкпе гипертензиясында

- ишемиялық жүрек ауруында (стенокардия)

- ұрық дамуының кідіруі және преэклампсияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге

Препарат алғашқы 10-15 мин ішінде көктамыр ішіне минутына 10 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізіледі, содан соң енгізу жылдамдығын минутына 30 тамшыға дейін ұлғайтуға болады.

Препараттың тәуліктік дозасы - 100 мл ерітінді.

Орталық және шеткергі қантамырлар қан айналымының ауыр бұзылуларында, уыттанудың, гипоксияның айқын құбылыстарында, астениялық жай-күй кезінде препараттың дозасын тәулігіне 200 мл дейін арттыруға болады. Инфузиялық ерітіндіні енгізудің ең жоғары жылдамдығы 20 ммоль/сағ. аспауы тиіс.

Ұрық дамуының кідіруі

- 4,2% 100 мл к/і тамшылатып тәулігіне 1 рет – 10 күн

Преэклампсия

- 4,2% 100 мл к/і тамшылатып тәулігіне 1 рет – 15 күн

Жүктілік кезіндегі өкпенің жоғары гипертензиясы

- 4,2% 100 мл к/і тамшылатып тәулігіне 1 рет – 10 күн

Жүкті әйелдердегі артериялық гипертензия

- 4,2% 100 мл к/і тамшылатып тәулігіне 1 рет – 7 күн

Жағымсыз әсерлері

- бас ауыру

- ыстықты сезіну

- ерітіндіні енгізу орнындағы флебит

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- аргининге жоғары сезімталдық

- бүйрек қызметінің ауыр бұзылулары

- гиперхлоремиялық ацидоз

- сыртартқыдағы аллергиялық реакциялар

- калийжинақтаушы диуретиктерді, оның ішінде спиронолактонды қолдану

- лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тивортинді қолдану кезінде препарат спиронолактон қабылдайтын немесе қабылдаған науқастарда бауыр жеткіліксіздігі аясында айқын және тұрақты гиперкалиемияны туындатуы мүмкін. Калийжинақтаушы диуретиктерді алдында қолдануда қанда калий концентрациясының жоғарылауына ықпал етеді. Аминофиллинмен бір мезгілде қолдану қандағы инсулин деңгейін жоғарылатуы мүмкін.

Үйлесімсіздік

Препарат тиопенталмен үйлеспейді.

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде инфузия алдында диурезді және қан плазмасындағы калий деңгейін тексеру қажет, өйткені препарат гиперкалиемияның дамуына ықпал етуі мүмкін.

Эндокриндік бездер қызметі бұзылған кезде препаратты сақтықпен қолданады. Препарат инсулин секрециясы мен өсу гормонын көтермелеуі мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препарат плацента арқылы өтеді, сондықтан жүктілік кезеңінде оны ана үшін күтілетін пайдасы ұрыққа төнетін қауіптен асып түсетін болса ғана, қолдануға болады.

Препаратты емшекпен қоректендіру кезеңінде қолдануға қатысты деректер жоқ. Лактация кезеңінде қолдану қажет болғанда емшек емізуді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлік басқару және басқа да механизмдермен жұмыс істеу кезінде сақ болған жөн, өйткені препарат бас ауыруын туындатуы мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: бүйрек жеткіліксіздігі, гипогликемия, метаболикалық ацидоз.

Емі: Артық дозаланған жағдайда препарат инфузиясын тоқтату қажет. Қажет болған кезде сілтілендіретін дәрілер мен диуретиктерді (салуретиктерді), электролиттер ерітінділерін (0,9 % натрий хлориді ерітіндісі), 5 % глюкоза ерітіндісін енгізу. Симптоматикалық емдеу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инфузияға арналған 4.2% 100 мл ерітінді

100 мл ерітіндіден резеңке тығынмен тығындалып, алюминий немесе алюминий-пластик қалпақшалармен қаусырылған бөтелкелерге құйылған.

1 бөтелкеден медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Юрия-Фарм» ЖШҚ

Украина, 03680, Киев қ., Н. Амосов к-сі, 10.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Юрия-Фарм» ЖШҚ

Украина, 03680, Киев қ., Н. Амосов к-сі, 10.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«GOOD LOOK» сауда үйі» ЖШС

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, Тараз қ., Кошеней 6-шы тұйық көшесі 16.

Телефон нөмірі: 8(726) 2438219

Электронды поштасы: goodlook@mail.ru

Прикрепленные файлы

294062041477976961_ru.doc 66.5 кб
471463251477978146_kz.doc 92 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники