Тивортин Аспартат
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Тивортин Аспартат
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішуге арналған 200 мг/мл ерітінді, 100 мл
Құрамы
5 мл препараттың құрамында
белсенді зат – 1.000 г L-аргинин аспартаты,
қосымша заттар: сорбитол (Е 420), натрий сахарині (Е 954), метилпарагидроксибензоат (Е 218), пропилпарагидроксибензоат (Е 216), тағамдық «Карамель» хош иістендіргіші, тазартылған су.
Сипаттамасы
Карамель иісі бар, сәл сарғыш түсті ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды C01Е
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Зерттелмеген.
Фармакодинамикасы
Тивортин аспартат антигипоксиялық, цитопротекторлық, антиоксиданттық, уытсыздандырғыш, жарғақшатұрақтандырғыш әсерін байқатады. Аммиакты бейтараптандыру және оның организмнен шығарылуын көтермелеу үдерісінде маңызды рөл атқарады, бауырдың уытсыздандырғыш қызметін күшейтеді. Гепатопротекторлық әсерін байқатады, гепатоциттерде энергиямен қамту үдерісіне оңды әсер етеді.
Тивортин аспартат азот тотығының донаторы ретінде организмнің энергиямен қамту үдерісіне қатысады, лейкоциттер мен тромбоциттердің тамырлар эндотелийіне қарай белсенділігі мен адгезиясын азайтады, атеросклероздық түйіндақтардың түзілуі мен дамуының алдын алып, фибринолиз, сперматогенез үдерістеріне қосылады.
Препарат орташа анаболиялық әсерін байқатады, айыршық бездердің қызметін көтермелейді, инсулин синтезіне ықпал етіп, дене жүктемесі кезінде глюкоза құрамын реттеп отырады, қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті түзетуге ықпал етеді.
Қолданылуы
Кешенді емдеуде:
- жүректің ишемиялық ауруында (стенокардия)
- жедел және созылмалы гепатитте
Қолдану тәсілі және дозалары
Тамақтану кезінде ішке қабылдайды.
Ересектерге
- жүректің ишемиялық ауруында
5 мл-ден (1 өлшеуіш қасық-1 г препарат) тәулігіне 3 рет 20 күн бойы
- жедел және созылмалы гепатитте
5 мл-ден тәулігіне 3 рет 20 күн бойы
Жағымсыз әсерлері
Сирек
- тікелей препаратты қолданғаннан кейін өздігінен қайтатын, асқазан мен ішекте жеңіл жайсыздықты сезіну
- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа және оның компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- бүйрек қызметінің ауыр бұзылулары
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- тұқым қуалаған фруктозаны көтере алмаушылық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Аргинин аспартатын қолдану кезінде аминофиллинді аргининмен бір мезгілде қолдану қанда инсулин мөлшерінің жоғарылауымен; спиронолактонды аргининмен қолдану – қанда калий деңгейінің жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Электролиттер алмасуының бұзылуы кезінде, бүйрек ауруларында сақтықпен қолданған жөн.
Препаратты қолданған кезде алкогольден, никотин және психостимуляторлардан бас тартып, ұйқы мен демалыстың теңгерімді режимін ұстану қажет. Егер препаратты қабылдау аясында астения симптомдары үдей бастаса, емдеуді тоқтату қажет.
Препарат құрамында баяу типті аллергиялық реакцияларды туғызуы мүмкін метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат бар. Препаратты қант диабетімен науқастарға тағайындағанда Тивортин Аспартат құрамында натрий сахарині бар екендігін ескерген жөн.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препарат плацента арқылы өтеді, сондықтан жүктілік кезеңінде оны ана үшін күтілетін пайдасы ұрыққа төнетін қауіптен асып түсетін болса ғана, қолдануға болады. Препаратты емшекпен қоректендіру кезеңінде қолдануға қатысты деректер жоқ. Лактация кезеңінде қолдану қажет болғанда емшек емізуді тоқтату керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: жоғары сезімталдық реакциялары, гипогликемиялық жағдайлар.
Емі: белгіленген құбылыстар болған кезде препарат қабылдауды тоқтату қажет. Асқазанды шаю, сорбенттер қабылдау керек. У қайтарғысы жоқ. Емі симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ішуге арналған 200 мг/мл ерітінді, 100 мл
100 мл препараттан нығыздаушы төсеуіші бар алюминий қақпақтармен немесе полимер қақпақтармен тығындалған полимер құтыларға құйылған.
1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушылық ыдысқа арналған картоннан жасалған пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Құтыны ашқаннан кейін қолдану кезеңі – 14 тәулік.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Юрия-Фарм» ЖШҚ
Украина, 03680, Киев қ., Н. Амосов к-сі, 10.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Юрия-Фарм» ЖШҚ
Украина, 03680, Киев қ., Н. Амосов к-сі, 10.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«GOOD LOOK» сауда үйі» ЖШС
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, Тараз қ., Көшеней 6-шы тұйық көшесі 16.
Телефон нөмірі: 8(726) 2438219
Электронды поштасы: goodlook@mail.ru