Тиамин
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Тиамин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Тиамин
Дәрілік түрі
Бұлшықет ішіне енгізуге арналған 50 мг/мл, 1 мл ерітінді
Құрамы
1 мл ерітінді құрамында
белсенді зат: тиамин гидрохлориді – 50.0 мг
қосымша заттар: димеркаптопропансульфонат натрий моногидраты (Унитиол)- 2.0 мг, иньекцияға арналған су 1 мл дейін.
Сипаттамасы.
Мөлдір түссіз немесе сәл боялған өзіне тән әлсіз иісі бар сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
АТХ коды A11DA01. Витаминдер. В1витамині.
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Қандағы концентрациясы салыстырмалы түрде төмен, бұл арада плазмада көбіне бос тиамин айналыста болады, эритроциттерде және лейкоциттерде – оның фосфорлық эфирлері айналыста болады. Фосфорлану бауырда жүреді. Коферменттік белсенділігі бар тиаминдифосфат белсендірек фосфорлық эфир болып табылады. Негізінен бауырда, жүректе, мида, бүйректе, көк бауырда жинақталады. Жалпы мөлшерінің 1/2 көлденең-жолақты бұлшықетте және миокардта болады, және 40% жуығы - ішкі ағзаларда. Ішек және бүйрек арқылы шығарылады.
Фармакодинамикасы.
B1 витамині. Ағзада белсенді тиамин пирофосфатына айналады және пирожүзімді және альфа-кетоглутарлы қышқылдың тотығу декарбоксилденуіне қатысатын кофермент ретінде пируватдекарбоксилазды, альфа-кетоглутаратдекарбоксилазды кешен құрамына енеді; транскетолаза - пентозофосфатты шунт ферменті. Тиамин пирофосфат (кокарбоксилаза), көмірсу, ақуыз және липидтер алмасуына қатысатын бірқатар ферменттерді белсенділендіреді. Синапстарда жүйке қозуының берілу үдерісіне қатысады. Әлсіз ганглиобөгегіш және курареге ұқсас қасиеттері бар. Синапстарда жүйке қозуының берілу үдерістерінде аса маңызды. Жасуша жарғақшаларын асқын тотықты тотығу өнімдерінің уытты әсерінен қорғайды.
Қолданылуы
B1 гиповитаминозы және авитаминозы, оның ішінде зондпен тамақтанатын, гемодиализдегі, мальабсорбция синдромы бар емделушілерде.
Кешенді емдеуде:
-невриттер, радикулит; невралгия; шеткергі парез және салдануда;
-асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы; асқазанның секреторлық және моторлық қызметінің төмендеуі, анорексия, ішек атониясы; атониялық іш қатулар;
-миокардиодистрофияда; коронарлық қан айналымының бұзылуында;
-қант диабетінде;
- нейротрофиялық өзгерістері мен зат алмасу бұзылуы бар дерматоздарда (экзема, нейродермит, псориаз, қызыл жалпақ теміреткі).
Қолдану тәсілі және дозалары
Тиамин ерітіндісін бұлшықет ішіне енгізеді (бұлшықетке терең).
Препаратты енгізуді төмен дозалардан бастау ұсынылады (0,5 мл 5% ерітіндіден артық емес) және тек жағымдылығы жақсы болғанда ғана жоғарырақ дозаға көшеді.
Ересектерге күн сайын, ішке қабылдауға өте отырып, тиамин хлоридін 25-50 мг-ден (0,5 мл немесе 1 мл 5% ерітінді) күніне 1 рет тағайындайды.
Емдеу курсы - 10-30 инъекция.
Жағымсыз әсерлері
Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін:
- тері қышынуы
- есекжем
- ангионевротикалық ісіну
- анафилактикалық шок
- жоғары тершеңдік
- тахикардия
- енгізу орнындағы ауырсыну (ерітіндінің рН төмендігіне байланысты).
- симпатоплегия
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- Препарат компоненттеріне өте жоғары сезімталдық.
- В1 гипервитаминозы
- балаларға және жасөспірімдерге.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Тиамин және пиридоксинді немесе цианокобаламинді бір уақытта парентеральді енгізу ұсынылмайды. Цианокобаламин тиаминнің аллергиялық әсерін күшейтеді. Пиридоксин тиаминнің биологиялық белсенді түрге айналуын қиындатады. Бір еккіште тиамин және бензилпенициллин немесе стрептомицинді (антибиотиктердің бұзылуы), тиамин және никотин қышқылын (тиаминнің бұзылуы) араластыруға болмайды.
Тиамин суксаметоний, фентоламин, пропранолол тұздарының, симпатолитиктердің (резерпин), ұйықтататын дәрілердің (ұйықтататын және гипотензивті әсері азаяды) фармакологиялық белсенділігін азайтады.
Тиамин ерітіндісін құрамында сульфиттер бар ерітінділермен араластыруға болмайды, өйткені ол олардың ішінде толық ыдырайды.
Тиамин сілтілі және бейтарап ерітінділерде тұрақсыз; карбонаттармен, цитраттармен, барбитураттармен, мыс препараттарымен тағайындау ұсынылмайды. Допаминмен, митоксантроппен, пиридоксальфосфатпен фармацевтикалық түрде үйлесімсіз.
Айрықша нұсқаулар
Тиаминді симпатоплегия даму қаупіне байланысты көктамыр ішіне енгізу кезінде ерекше сақтық жасау керек.
Қан сарысуындағы теофиллинді спектрофотометриялық әдіспен, уробилиногенді Эрлих реагенті көмегімен анықтауда нәтижесі бұрмалануы мүмкін (жоғары дозаларды қабылдағанда). Көбіне анафилактикалық реакциялар көктамыр ішіне үлкен дозаларды енгізуден кейін дамиды. Парентеральді енгізу тек ішке қабылдау мүмкін болмағанда ғана ұсынылады
(жүрек айнуы, құсу, мальабсорбция синдромы, операция алдында және/немесе операциядан кейінгі жай-күй).
Вернике энцефалопатиясы, әйелдерге климактериялық кезең алдында және климактерилық кезеңде.
Сақтықпен
Вернике энцефалопатиясында декстроза тағайындау тиамин қабылдау алдында жүруі тиіс.
Педиатрияда қолданылуы.
Балаларға 5% ерітіндіні қолдануға болмайды, өйткені бұл категориядағы емделушілерге төмен дозалары пайдаланылады (тиамин гидрохлориді 0,0125 г-ден, яғни 0,5 мл 2,5% ерітінді).
Жүктілікте және емшекпен емізу кезеңінде қолдану
Тиамин жүктілікте және емшекпен емізу кезеңінде көрсетілімдер бойынша қолданылуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жоғары зейінді шоғырландыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын талап ететін автомобиль және басқа қызмет түрлерін басқару қабілетіне жағымсыз әсері туралы хабарланбаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Бұлшықет ішіне енгізуге арналған 50 мг/мл ерітінді.
Бейтарап шыныдан жасалған ампулаларда 1 мл-ден.
Әрбір ампулаға офсеттік баспаға арналған қағаздан жасалған заттаңба немесе өзі желімденетін заттаңба жапсырылады, немесе шыны бұйымдарға арналған тез бекитін бояумен ампулаға таңбалау түсіреді.
Тұтынушылар ыдысына арналған картоннан жасалған қорапқа 10 ампуладан салынған.
Әрбір қорапқа медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықты және ампула ашуға арналған пышақ немесе ампулалық скарификатор салынған.
Қорапқа офсеттік баспаға арналған қағаздан жасалған заттаңба-бандерольді желімдейді.
Сындыру сақинасы немесе сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптағанда ампула ашуға арналған пышақ немесе ампула скарификаторы салынбайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 150С-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл. Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Новосибхимфарм» ААҚ
630028, Ресей, Новосібір қ-сы, Декабристер көшесі, 275
тел. (383)363-32-44,
факс (383) 363-32-55
Тіркеу куәлігінің иесі
«Новосибхимфарм» ААҚ
630028, Ресей, Новосібір қ-сы,
Декабристер көшесі, 275
тел. (383) 363-32-44;
факс (383) 363-32-55
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
ҚР-дағы «Валента Фарм» ААҚ өкілдігі, Алматы қ-сы, Абай даңғылы, Радостовец к-сінің бұрышы, 151/115, «Алатау» бизнес-орталығы №702 кеңсе
Тел./факс 8727 334-15-52, Е-mail: asia@valentapharm.com