Тиамина хлорид-Дарница (Витамин В1 - Дарница)

МНН: Тиамин
Производитель: ЧАО "Фармацевтическая фирма "Дарница"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Thiamine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№008761
Информация о регистрации в РК: 22.09.2021 - 22.09.2031
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 10.98 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Тиамин хлориді - Дарница (В1 витамині - Дарница)

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тиамин

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 5% ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 50 мг тиамин гидрохлориді

қосымша заттар: унитиол, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Өзіне тән әлсіз иісі бар түссіз мөлдір немесе аздап сарғыштау сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. В1 витамині.

АТХ коды А11DA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат жақсы сіңеді. Фосфорлануы бауырда жүреді. Бауырда, жүректе, мида, бүйректе, көк бауырда жиналады. Бауыр мен бүйрек арқылы, 8-10%-ға жуығы - өзгермеген күйінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Тиамин хлориді-Дарница – В1 витаминінің синтетикалық препараты суда еритін витаминдерге жатады. Адам организмінде фосфорлану үдерістерінің нәтижесінде көптеген ферменттік реакциялар коферменті болып табылатын кокарбоксилазаға айналады. В1 витамині зат алмасуда және жүйкелік-рефлекторлы реттеуде маңызды рөл атқарады, синапстарда жүйке қозуының өтуіне ықпал етеді, ганглиобөгегіштік және кураре тәрізді әсері бар. Препарат деполяризациялаушы бұлшықет релаксанттарының кураре тәрізді әсерін әлсіретуі мүмкін.

Қолданылуы

- B1 гиповитаминозы мен авитаминозында

- күйіктерді, ұзаққа созылған қызбаны емдегенде кешенді ем құрамында

- невриттер мен полиневриттерде, радикулиттерде, невралгияларда, шеткері салдануларда, энцефалопатияда, неврастенияда

- асқазан мен 12 елі ішектің ойық жаралы ауруында, ішек атониясында, бауырдың созылмалы зақымдануларында

- миокард дистрофиясында, эндартериитте

- шығу тегі нейрогенді дерматоздарда, пиодермияда, экземада, псориазда

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектерге

Препаратты бұлшықет ішіне (бұлшықетке тереңдете) 25-50 мг дозада (0,5-1 мл) тәулігіне 1 рет, күнделікті тағайындайды. Енгізуді - 25 мг асырмай (0,5 мл 5 % ерітінді) аз дозадан бастайды, тек жақсы көтерімділік жағдайында ғана жоғары доза – 50 мг (1 мл 5 % ерітінді) енгізеді. Емдеу курсы - 10-30 инъекция.

Вернике-Корсаков энцефалопатиясы: клиникалық жақсаруға дейін тәулігіне 2 рет 50-100 мг (1-2 мл 5 % ерітінді) дозада бұлшықет ішіне (бұлшықетке тереңдете) тағайындайды. В1 витаминін енгізуге аллергиялық реакцияның даму ықтималдығын ескеру керек.

8 жастан асқан балаларға.

Препаратты тәулігіне 1 рет 12,5 мг дозада (0,25 мл 5 % ерітінді) күнделікті тағайындайды. Емдеу курсы - 10-30 инъекция.

Жағымсыз әсерлері

- тахикардия, жүрек қағуын сезіну, коллапс

- бас ауыру, бас айналу, мазасыздық, парастезиялар

- көру жүйкесінің зақымдануы

- тыныс алу қиындауы, ентігу

- жұтудың қиындауы, жүрек айнуы, ішек геморрагиялары

- гиперемия, қышыну

- дерматит, бөртпе, есекжем, Квинке ісінуі, құрысулары бар бронх демікпесінің ұстамалары, анафилаксиялық шок

- бауыр ферменттері белсенділігінің бұзылуы

- жалпы бұзылулар: қатты терлеу, қалтырау, тремор, жалпы әлсіздік, ісінулер, қызба

- инъекция орнындағы реакциялар: бөртулер, қышыну

- басқалар: синаптоплегия құбылыстары – тиаминнің әр түрлі медиаторлармен кешендер түзу қабілеті артериялық қысымның төмендеуімен, жүрек аритмияларының пайда болуымен, қаңқа (соның ішінде, тыныс алу) бұлшық еттері жиырылуының бұзылуымен, орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуімен қатар жүруі мүмкін; тиамин хлориді стафилококктың антибиотиктерге төзімділігінің қалыптасуына ықпал етеді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- аллергиялық аурулар

- идиосинкразия

- әйелдердегі климакс алдындағы және климактериялық кезең

- 8 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты басқа дәрілік заттармен біріктіре қолданған кезде болуы мүмкін: деполяризациялаушы миорелаксанттармен (суксаметоний хлориді) холин туындыларыменолардың емдік әсерін әлсіретеді;

тиосемикарбазонмен, 5-фторурацилмен – тиамин белсенділігін тежейді;

кофеинмен, құрамында күкірт пен эстрогендер бар препараттарменорганизмнің тиаминді қажет етуін арттырады;

құрысуға қарсы препараттармен (фенобарбитал, фенитоин, карбамазепин), дигоксинмен, индометацинмен, антацидті препараттарментиамин тапшылығы дамиды;

цианокобаламинмен, пиридоксинментиаминнің фосфорланған биологиялық белсенді түрге айналуын қиындатады және оның аллергиялық әсерін күшейтеді. Тиаминді пиридоксинмен (В6 витаминімен) немесе цианокобаламинмен (В12 витаминімен) бір мезгілде парентеральді енгізу ұсынылмайды;

этанолментиаминнің сіңу жылдамдығын баяулатады.

адреномиметиктермен, симпатомиметиктерменолардың емдік әсерін әлсіретеді.

Құрамында антиоксидант немесе консервант ретінде натрий гидросульфиті бар ерітінділермен бір мезгілде көктамыр ішіне енгізгенде тиамин тұрақсыз болады.

Тиамин хлоридін бір еккіште араластырмаған жөн:

- бензилпенициллинмен немесе стрептомицинмен, өйткені бұл антибиотиктерді ыдыратады;

- никотин қышқылымен немесе құрамында сульфит бар ерітінділермен, өйткені бұл тиаминді ыдыратады;

- карбонаттармен, цитраттармен, барбитураттармен, Cu2+ , йодидтермен,

темір-аммоний цитратымен, танин қышқылымен, өйткені тиамин сілтілік және бейтарап ерітінділерде тұрақсыз.

Айрықша нұсқаулар

Тиамин хлориді ерітіндісін парентеральді қолданар алдында міндетті түрде препаратқа жекелей сезімталдылыққа тері сынамасын жүргізу керек. Аллергиялық ауыр реакциялар туындауы мүмкін болғандықтан, инъекция жасалғаннан кейін 30 минут бойы бақылау қажет.

Анафилаксиялық реакциялар үлкен дозаларды көктамырішілік енгізген кезде жиі өршиді.

Тиамин инъекциясын пиридоксин инъекциясынан кейін 12 сағаттан асырып барып жасаған дұрыс.

Бұлшықет ішіне енгізген кезде препаратты бұлшықетке тереңдете, ал көктамыр ішіне – баяу енгізген дұрыс.

Бұлшықетішілік және теріастылық инъекциялар ерітіндінің рН төмен болғандықтан ауыртатын болып келеді.

В1 витаминінің тәуліктік қажеттілігі: ересек ерекектер үшін – 1,2-2,1 мг, егде жастағы адамдарға – 1,2-1,4 мг, әйелдерге – 1,1-1,5 мг, қосымша жүкті әйелдерге 0,4 мг және 0,6 мг – әйелдерге емшек емізіп жүрген кезеңде, балаларға, жасына байланысты – 0,3-0,5 мг.

Препаратты теңдестірілген диета орынын ауыстырушы ретінде емес, тек диетамен емдеу кешенінде ғана қолдануға болады.

Препараттың инъекциялық түрін ішекте қорытылуы бұзылған немесе асқазан резекциясы бар науқастарды емдегенде, тиаминді таблетка түрінде қабылдау мүмкін болмаған кезде (жүрек айну, құсу, операцияға дейінгі- және кейінгі кезең), сондай-ақ аурудың ауыр түрлері немесе емдік әсеріне барынша жылдамырақ қол жеткізу үшін емді бастаған кезде қолдану қажет

Парентеральді енгізуді ең аз дозалардан бастау ұсынылады (ересектерге 0,5 мл асырмай), тек жақсы көтере алғанда ғана жоғарылау дозалар енгізеді.

Жүйке жүйесінің жоғары қозғыштығы кезінде, он екі елі ішек ойық жаралы ауруының гиперацидті түрлерінде сақтықпен тағайындау керек.

Вернике энцефалопатиясы кезінде глюкозаны енгізер алдында тиамин қабылдаған жөн.

Егер В1 витаминіне аллергия анықталса, онда науқасқа күріш, қарамық, ет, нан (ірі тартылған ұннан пісірілген сұрыптары) жеуін тоқтатады.

Маскүнемдікке шалдыққандарда препараттың жағымсыз әсерлерінің белгілері күшеюі мүмкін.

Тиамин деполяризациялаушы миорелаксанттардың, адренолитикалық және симпатомиметикалық дәрілердің әсерін әлсіретуі мүмкін.

Препарат (жоғары дозаларда қабылдаған кезде) спектрофотометриялық тәсілмен қан сарысуындағы теофиллинді, Эрлих реагентінің көмегімен уробилиногенді анықтау барысында нәтижелерді бұрмалауы мүмкін.

Жүктілік, лактация

Препараттың жүктілік немесе емшек емізу кезеңінде көрсетілімдер бойынша ұсынылатын дозаларда қолданылуы мүмкін.

Балалар

Балаларға әдетте тиамин хлоридінің 2,5 % ерітіндісін қолданады.

8 жастан асқан балаларға 5 % ерітіндіні енгізуге болады.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлерінің даму мүмкіндігіне байланысты көлік құралдарын басқару немесе күрделі механизмдермен жұмыс істегенде сақ болған жөн.

Артық дозаланғанда

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлері симптомдарының күшеюі мүмкін – гиперкоагуляция, пуриндік алмасудың бұзылуы.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

1 мл препараттан шыны ампулаларда.

Ампулаға өздігінен жапсырылатын жабыны бар қағаздан жасалған заттаңба жапсыруға немесе шыны бұйымдарға арналған терең баспа бояумен жағуға болады.

5 ампуладан ампулаларды ашуға арналған пышақпен бірге пішінді ұяшықты қаптамаға (кассетаға) салады.

Түрлі-түсті сындыру сақинасы немесе түрлі-түсті сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптағанда ампулаларды ашуға арналған пышақтар салынбайды.

Екі пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қорапшаға салады.

10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампулаларды ашуға арналған пышақпен бірге гофрланған астары бар қорапқа салады.

Түрлі-түсті сындыру сақинасы немесе түрлі-түсті сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптағанда ампулаларды ашуға арналған пышақтар салынбайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Фармацевтикалық фирма «Дарница»» ЖАҚ

Украина, 02093, Киев қ., Борисполь к-сі, 13.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармацевтикалық фирма «Дарница», ЖАҚ

Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

050043, Алматы қ., Науаи к-сі 68, 49 пәт.

телефон: (+727) 2424328

е-mail: vigilance@darnitsa.kiev.ua

Дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылау үшін жауапты ұйымның мекенжайы:

050043, Алматы қ., Науаи к-сі 68, 49 пәт.

телефон: (+727) 2424328

е-mail: vigilance@darnitsa.kiev.ua

 

Прикрепленные файлы

536347161477976207_ru.doc 60.5 кб
292601941477977464_kz.doc 75 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники