Тетрациклин (3%, Биосинтез)

МНН: Тетрациклин
Производитель: Биосинтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tetracycline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010996
Информация о регистрации в РК: 30.11.2023 - 30.11.2033
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 97.15 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Тетрациклин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тетрациклин

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 3 % жақпамай, 15 г

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат: тетрациклин гидрохлориді – 3,226 г (тетрациклинге шаққанда – 3,000 г),

қосымша заттар: ланолин сусыз, церезин, натрий дисульфиті (натрий пиросульфиті), вазелин.

Сипаттамасы

Сары түсті жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияға қарсы жергілікті қолдануға арналған препараттар. Тетрациклин және олардың туындылары. Тетрациклин.

АТХ коды D06АА04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зақымданбаған теріге жаққанда іс жүзінде сіңбейді.

Фармакодинамикасы

Тетрациклиндер тобының әсер ету ауқымы кең бактериостатикалық антибиотигі. Тасымалдағыш РНҚ мен рибосома арасындағы кешеннің түзілуін бұзады, бұл ақуыз синтезінің бәсеңдеуіне әкеледі.

Грамоң микроорганизмдерге (Staphylococcus spp. оның ішінде пенициллиназа өндіретін; Streptococcus spp. (оның ішінде Streptococcus pneumoniae), Haemophilus influenzae, Listeria spp., Bacillus anthracis және грамтеріс микроорганизмдер Neisseria gonorrhoeae, Bordetella pertussis Escherichu coli, Enterobacter spp., Klebsiella spp., Salmonella spp., Shigella spp., сондай-ақ Rickettsia spp., Chlamydia spp., Mycoplasma spp., Treponema spp.

қатысты белсенді.

Төзімді: Pseudomonas aeruginosa, Proteus spp., Serratia spp., көптеген Bacteroides spp. штаммдары және зеңдері, вирустары, А тобы бета-гемолитикалық стрептококктары (44 % Streptococcus pyogenes штаммдары мен 74 % Streptococcus faecalis штаммдарын қоса).

Қолданылуы

- жұмсақ тіндердің іріңді жұқпаларында

- фурункулезде

- жұқпаланған экземаларда

- бөртпеде, безеулік бөртпеде

- фолликулитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Жақпамайды терінің зақымданған жерлеріне тәулігіне 1-2 рет жағады (окклюзиялық таңғышты төсеуге болады). Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

Аллергиялық реакциялар:

  • шымылдатып ашыту

  • тері гипермиясы

  • ісіну

  • тітіркенудің басқа да белгілері

  • фотосенсибилизация

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- жоғары сезімталдық

- 11 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты құрамында металл (алюминий, кальций, магний, висмут, марганец, мырыш, темір) иондары бар сыртқа қолданылатын дәрілермен бірге қолдану ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Терең немесе шаншылған жараларда, ауыр түрдегі күйіктерде, офтальмологияда (1 % көз жақпамайын пайдаланады) қолдану ұсынылмайды. Сыртқа қолдануға арналған бактерияларға қарсы дәрілерді пайдалану жоғары сезімталдық реакциялар дамуымен қатар жүретін организмнің сенсибилизациясына әкелуі мүмкін.

Егер 2 апта аралығында жағдайы жақсармаса, дәрігерден кеңес алу керек.

Балалар

Талапқа сай және қатаң бақыланатын зерттеулер 11 жасқа дейінгі балаларға жүргізілген жоқ; осы санаттағы емделушілер үшін дозасы анықталған жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану

Жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға, егер ана үшін пайдасы ұрыққа төнетін қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолдану жоққа шығарылмайды. Алайда, ұзақ уақыт емдеу қажет болғанда, бала емізуді тоқтату жайлы мәселені шешіп алу керек, өйткені тетрациклиннің емшек сүтіне өтуінің теориялық ықтималдығы бар.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері:

Автокөлік жүргізуге және жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін басқа да ықтималдығы зор қауіпті қызмет түрлерімен айналысуға әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: препаратты терінің ауқымды бөліктеріне дұрыс қолданбағанда немесе ұзақ уақыт қолданғанда жағымсыз әсерлерінің күшеюі мүмкін.

Емі: симптоматикалық ем жүргізіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сыртқа қолдануға арналған 3 % жақпамай.

15 г препараттан алюминий сықпаға салынған.

Әр сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

”Биосинтез” ААҚ, Ресей

440033, Пенза қ., Дружба к-сі, 4, тел/факс (8412) 57-72-49,

e-mail: certificate@biosintez.com

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Биосинтез» ААҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Биосинтез» ААҚ, Ресей

440033, Пенза қ., Дружба к-сі, 4, тел/факс (8412) 57-72-49,

e-mail: certificate@biosintez.com

 

Прикрепленные файлы

129269571477976908_ru.doc 53 кб
334989501477978083_kz.doc 69.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники