Тетрациклин (1%)

МНН: Тетрациклин
Производитель: Татхимфармпрепараты ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tetracycline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010835
Информация о регистрации в РК: 16.02.2024 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 477.92 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Тетрациклин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тетрациклин

Дәрілік түрі

1% көзге арналған жақпамай

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында:

белсенді зат - 100 % затқа шаққанда 1.0 г тетрациклин,

қосымша заттар: сусыз ланолин, вазелин

Сипаттамасы

Сарыдан сарғыш-қоңыр түске дейінгі жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антибиотиктер. Тетрациклиндер

АТХ коды S01AA09

Фармакологиялық қасиеттері

Тетрациклиндер тобының бактериостатикалық антибиотигі. Микробқа қарсы әсер ету механизмі тасымалдағыш РНҚ және рибосома арасындағы кешеннің түзілуін бұзады, ол ақуыз синтезінің басылуына алып келеді.

Грамоң және грамтеріс микроорганизмдер – Staphylococcuc aureus, Streptococcus epidemicus, (Streptococcus pyogenes), (Diplococcus pneumoniae) Neisseria gonorrhoeae, Haemophilus influenzae, Haemophilus ducreyi, Klebsiella pneumoruae, Francisella tularensis (Pasteurelia tularensis), Yersinia pestis (Pasteureiia pestis), Eschenchia coli Bacillus anthraas, сондай-ақ Chlamydia trachomatis қатысты белсенді. Кейбір штаммдар жөнінде, Haemophilus influenzae, Klebsiella, Aerobacterspp., Pseudomonas aeruginosa, Serratia marcescens белсенді емес.

Қолданылуы

- блефарит

- бактериялық конъюнктивит

- трахома

- мейбомит (теріскен)

- бактериялық кератит

- кератоконъюнктивит

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті, төменгі қабаққа тәулігіне 3-5 рет жағады:

Блефарит: 10 күн бойы күніне 3-4 рет.

Бактериялық кератит, кератоконъюнктивит: 10 күн бойы күніне 2-3 рет.

Егер 3-5 күн ішінде жағдай жақсармаса, дәрігермен кеңесу керек.

Мейбомит (теріскен): түнге қарай қабыну симптомдары қайтқанға дейін.

Трахома: 1-2 апта бойы әр 2-4 сағат сайын немесе жиі. Трахоманы емдеу курсының ұзақтығы 1-2 айдан аспауы керек.

Жағымсыз әсерлеріаллергиялық реакцияларгиперемия және көктамырдың ісінуі

көрудің өтпелі бұлыңғырлануы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі

  • жүктілік, лактация кезеңі

  • 8 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде препаратты жаққаннан кейін бірден көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару ұсынылмайды

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Медициналық жақпамайға арналған немесе импортты бушоны бар алюминий сықпада 3 г және 10 г-ден.

1 сықпа қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жаслаған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Қаптаманың алғашқы ашылуынан кейінгі сақталуы 5 аптадан аспау керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

«Татхимфармпрепараты» ААҚ, 420091, Ресей, Казань қ.,

Беломорская к-сі, 260

(843) тел. 571-85-58; факс: 571-85-38

E-mail: marketing@tatpharm.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Татхимфармпрепараты» ААҚ, Ресей,

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Мега Фарм Плюс» ЖШС, ОҚО, Шымкент қ-сы, Пограничная к-сі, №2/А

Тел./факс: (725) 240 92 85

e-mail: Megafarmplus@yandex.kz

 

Прикрепленные файлы

579328831477976955_ru.doc 43 кб
778508851477978140_kz.doc 45.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники