Тетрациклин (мазь глазная 1%, 3 г)

МНН: Тетрациклин
Производитель: Арпимед ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tetracycline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019845
Информация о регистрации в РК: 03.05.2013 - 03.05.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Тетрациклин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тетрациклин

Дәрілік түрі

1% 3 г көзге арналған жақпамай

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат - тетрациклин – 1г

қосымша заттар - сусыз ланолин – 40г, ақ вазелин – 100 г дейін

Сипаттамасы

Сарғыш немесе сарғыш-қоңыр түсті жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар.

Антибиотиктер. Тетрациклин.

АТХ коды S01AA09.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда жүйелік сіңірілуі төмен.

Фармакодинамикасы

Тетрациклиндер тобының бактериостатикалық антибиотигі. Тасымалдағыш РНҚ және рибосома арасындағы кешеннің түзілуін бұзады, ол ақуыз синтезінің басылуына алып келеді.

Грамоң микроорганизмдерге: Staphylococcus spp. (оның ішінде Staphylococcus aureus, пенициллиназа өндіретін штаммдарды қоса), Streptococcus spp. (оның ішінде Streptococcus pneumoniae), Listeria spp., Bacillus anthracis, Clostridium spp., Actinomyces israelii; грамтеріс микроорганизмдерге: Haemophilus influenzae, Haemophilus ducreyi, Bordetella pertussis қатысты, көптеген энтеробактерияларға (Escherichia coli, Enterobacter spp., Enterobacter aerogenes, Klebsiella spp., Salmonella spp., Shigella spp., Yersinia pestis, Bartonella bacilliformis, Vibrio cholerae, Vibrio fetus, Rickettsia spp., Borrelia burgdorferi, Brucella spp. (стрептомицинмен біріктірілімде) қоса; пенициллиндер - Clostridium spp., Neisseria gonorrhoeae, Actinomyces spp. тағайындауға болмайтын кезде белсенді;сондай-ақ венерологиялық және шаптық лимфогранулема қоздырғыштарына, Treponema spp. қатысты белсенді. Тетрациклинге төзімді микроорганизмдер: Pseudomonas aeruginosa, Proteus spp., Serratia spp., көптеген Bacteroides spp. штаммдары және зеңдері, вирустар, А тобының бета-гемолитикалық стрептококктары (44% Streptococcus pyogenes штаммдарын және 74% Streptococcus faecalis штаммдарын қоса).

Қолданылуы

Бактериялық және хламидиялық көз жұқпаларын емдеу

- блефаритте

- бактериялық конъюнктивитте

- кератитте

- кератоконъюнктивитте

- мейбомитте (теріскен)

- трахомада

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті, төменгі қабаққа тәулігіне 3-5 рет салынады.

Блефарит: 10 күн бойы күніне 3-4 рет.

Бактериялық кератит, кератоконъюнктивит: 10 күн бойы күніне 2-3 рет. Егер 3-5 күн ішінде жағдай жақсармаса, дәрігермен кеңесу керек.

Мейбомит (теріскен): түнге қарай, қабыну симптомдары қайтқанға дейін.

Трахома: 1-2 апта бойы әр 2-4 сағат сайын немесе жиірек. Трахоманы емдеу курсының ұзақтығы 1-2 айдан аспауы тиіс.

Жағымсыз әсерлеріаллергиялық реакцияларқабақтың гиперемиясы және ісінуі

көрудің өтпелі бұлыңғырлануы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі

  • жүктілік, лактация кезеңі

  • 8 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде препаратты жаққаннан кейін бірден көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару ұсынылмайды

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалануы жайлы деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Орнатылған ұштығы бар алюминий сықпада 3 г-ден. Әр сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«АРПИМЕД» ЖШҚ

Армения Республикасы, Котайки марз, Абовян қ., 2-ші ықшам аудан, 19 үй

Тел.: 374 (222) 21703, 21740

Факс: 374 (222) 21924

Тіркеу куәлігінің иесі

«АРПИМЕД» ЖШҚ, Армения Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«АМАНАТ» ЖШҚ, Қазақстан, Қарағанды, Гапеев 9/2

Тел/факс: 8-721-2-77-02-00, e-mail: office@amanat.kz

Прикрепленные файлы

189724811477976938_ru.doc 52.5 кб
458622561477978107_kz.doc 64.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники