Тетрациклин (3%)

МНН: Тетрациклин
Производитель: Нижфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tetracycline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009606
Период регистрации: 14.10.2015 - 14.10.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 101.82 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Тетрациклин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тетрациклин

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 3 % жақпамай

Құрамы

1 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат – 100 % құрғақ затқа шаққанда тетрациклин гидрохлориді – 0,03 г,

қосымша заттар: ланолин (сусыз ланолин), қатты парафин (қатты мұнай парафині), церезин, натрий дисульфиті (натрий метабисульфиті), вазелин – 1 г дейін.

Сипаттамасы

Сары түсті жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияға қарсы жергілікті қолдануға арналған препараттар. Тетрациклин және олардың туындылары. Тетрациклин.

АТХ коды D06АА04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зақымданбаған теріге жаққанда іс жүзінде сіңбейді.

Фармакодинамикасы

Тетрациклиндер тобының бактериостатикалық антибиотигі. Тасымалдағыш РНҚ мен рибосома арасындағы кешеннің түзілуін бұзады, бұл ақуыз синтезінің бұзылуына әкеледі.

Propionibacterium acnes (Corynebacterium acnes), грамоң (Streptococcus spp., Staphylococcus spp., Haemophilus influenzae, Listeria spp., Bacillus anthracis) және грамтеріс микроорганизмдерге (Neisseria gonorrhoeae, Bordetella pertussis, Escherichia coli, Enterobacter spp., Klebsiella spp., Salmonella spp., Shigella spp.), сондай-ақ Rickettsia spp., Chlamidia spp., Mycoplasma spp., Treponema spp. қатысты белсенді.

Төзімді: Pseudomonas aeruginosa, Proteus spp., Serratia spp., көптеген Bacteroides spp. штаммдары мен зеңдері, ұсақ вирустары.

Қолданылуы

- жұмсақ тіндердің іріңді жұқпаларында

- фурункулезде

- жұқпа жұқтырылған экземаларда

- безеулік бөртпеде, фолликулитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Жақпамайды терінің зақымданған жерлеріне тәулігіне 1-2 рет жағады, 12-24 сағат сайын алмастырылып отыратын дәке таңғышты төсеуге болады. Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар (қышыну, жеңіл күйдіру, терінің қызаруы)

  • фотосенсибилизация

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- зеңдік тері аурулары

- 11 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Тетрациклин, сыртқа қолдануға арналған 3 % жақпамайын терең немесе түйрелген жарақаттарда, ауыр түрдегі күйіктерде, офтальмологияда қолдану ұсынылмайды.

Егер препаратты 2 апта қолданған аралықта жағдайы жақсармаса, дәрігерден кеңес алу керек.

Педиатрияда қолданылуы

Талапқа сай және қатаң бақыланатын зерттеулер 11 жасқа дейінгі балаларға жүргізілген жоқ; осы санаттағы емделушілер үшін дозасы анықталмаған.

Жүктілік және лактация

Жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға, егер ана үшін күтілетін емдік әсері ұрыққа және балаға төнетін әлеуетті қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолдану жоққа шығарылмайды. Алайда, ұзақ уақыт емдеу қажет болғанда, бала емізуді тоқтату жайлы мәселені шешіп алу керек, өйткені тетрациклиннің емшек сүтіне өтуінің теориялық ықтималдығы бар.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері:

Көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Қазіргі кезге дейін Тетрациклин, сыртқа қолдануға арналған 3 % жақпамай препаратымен артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған. Препаратты ұзақ пайдалану теріге жағымсыз әсер етпейді; жүйелік әсері іс жүзінде жоқ дерлік.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 г-ден алюминий сықпада.

Әр сықпа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

20°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

603950, Нижний Новгород қ.,

ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7

тел.: (831) 278-80-88

факс: (831) 430-72-28

веб сайт: http://www.nizhpharm.ru

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нижфарм» АҚ ҚР Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел.: (727) 2222-100

факс: (727) 398-64-95

e–mail: almaty@stada.kz

 

Прикрепленные файлы

343525851477976386_ru.doc 47.5 кб
598324151477977587_kz.doc 52 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники