Терасил-С™
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Терасил-С ТМ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Шәрбат, 100 мл
Құрамы
5 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: 50 мг гвайфенезин,
15 мг амброксол гидрохлориді,
1 мг сальбутамол,
1 мг ментол,
қосымша заттар: сахароза, бронопол, аспартам, метилпарабен, пропилпарабен, натрий сахарині, лимон қышқылы моногидраты, пропиленгликоль, понсо 4R (Е124), таңқурай хош иістендіргіші, тазартылған су.
Сипаттамасы
Жемістің тәтті дәмі мен хош иісі бар қызылдау-қызғылт түсті шәрбат.
Фармакотерапиялық тобы
Суық тию симптомдары мен жөтелді жоюға арналған препараттар. Суық тию симптомдарын жоюға арналған препараттардың басқа да біріктірілімдері.
АТХ коды R05X
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Гвайфенезин асқазан-ішек жолынан сіңеді, организмде метаболизмге ұшырайды және несеппен шығарылады.
Амброксол жылдам және толық сіңеді, жүйелік биожетімділігі шамамен 73 құрайды. Толықтай дерлік несеппен шығарылады.
Сальбутамол жылдам сіңеді, бауырда және ішек қабырғаларында алғашқы өту метаболизміне ұшырайды. Белсенді емес сульфатты конъюгат негізгі метаболиті болып табылады. Өзгермеген күйінде немесе метаболиттер түрінде несеппен жылдам шығарылады, аздаған мөлшерде нәжіспен шығарылады. Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі 4-тен 6 сағатқа дейінгі уақытты құрайды.
Ментол сіңгеннен кейін глюкуронид түрінде несеппен және өтпен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Терасил-СТМ препараттың құрамында гвайфенезин, сальбутамол, амброксол гидрохлориді және ментолдың болуы есебінен муколитикалық, қақырықты түсіретін, бронхдилатациялаушы әсерге ие.
Гвайфенезин қақырықтың көлемін арттырып, тұтқырлығын төмендетеді және өнімді жөтелде қақырық түсіретін әсер көрсетеді.
Амброксол бромгексиннің метаболиті болып табылады, муколитикалық және қақырық түсіретін әсер етеді. Өзгерген бронхөкпе секрециясын қалпына келтіреді, қақырықтың реологиялық көрсеткіштерін оның тұтқырлығын азайту арқылы жақсартады, бронхтан қақырықтың бөлініп шығуын жеңілдетеді.
Сальбутамол негізінен бета-адренергиялық белсенділігі бар тікелей әсер ететін симпатомиметикалық дәрі. Бета2-рецепторларға іріктеп әсер етеді. Бронх кеңейткіш әсері нәтижесі болып табылады.
Ментол сезімтал жүйкенің кальций өзекшесіне әсер етуінің арқасында мұрын шырышты қабығының бітелуін жояды. Ментол шырышты қабықтарға жүйке рецепторларын тітіркендіруден басқа, антисептикалық және жергілікті ауыруды басатын әсер береді.
Қолданылуы
-
жұқпалы-аллергиялы тектегі (ылғалды, демікпелі жөтел болғанда немесе бронх обструкциясында) жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы ауруларында
Қолдану тәсілі мен дозалары
Ересектерге: 10 мл ( 2 шай қасықты толтыра) тәулігіне 3-4 рет.
3-тен 6 жасқа дейінгі балаларға: 2.5 мл (1/2 шай қасық) тәулігіне 3-4 рет.
6 жастан асқан балаларға: 5 мл (1 шай қасықты толтыра) тәулігіне 3-4 рет
Ең жоғары бір реттік доза - 10 мл.
Ең жоғары тәуліктік доза - 40 мл.
Жағымсыз әсерлері
-
асқазан мен ішектегі жағымсыз сезінулер, жүрек айну, құсу
-
бас ауыруы, бас айналуы, жүйке ширығуы
-
қатты терлеу, тері бөртпесі
-
бұлшық еттердің (көбінесе қол білезіктерінің) ұсақ дірілі, бұлшық еттің түйілуі
-
жүректің жиі қағуы, гипотензия, коллапс, шеткергі тамырлардың кеңеюі
-
гипокалиемия
-
жоғары сезімталдық реакциялары, бронхоспастикалық реакциялар, ангионевротикалық ісіну, есекжем
-
нефролитиаз
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық
-
порфирия
-
3 жасқа дейінгі балалар
-
фенилкетонурия, тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Терасил-СТМ препаратын моноаминоксидаза тежегіштерін немесе үшциклді антидепрессанттарды қабылдап жүрген емделушілерге, сондай-ақ осы препараттармен емделуді тоқтатқаннан кейін 2 апта бойы айрықша сақтықпен қолданған жөн, себебі сальбутамолдың тамыр жүйесіне әсер етуінің күшеюі мүмкін.
Бета-адренергиялық рецепторлар блокаторлары сальбутамол сияқты бета-агонистердің өкпеге әсерін бөгеп қана қоймайды, сонымен бірге бронхтық демікпеден зардап шегетін емделушілерде ауыр бронх түйілуін туындатуы да мүмкін, сондықтан оларға бета-блокаторларды тағайындамайды.
Бета-агонистерді диуретиктермен (калий жинақтамайтын) бірге сақтықпен қолданған дұрыс.
Дигоксин мен сальбутамолды бір мезгілде қабылдағанда дигоксиннің плазмдағы деңгейіне қатаң бақылау жасау қажет.
Терасил-СТМ препаратын антибиотиктермен (амоксициллин, цефуроксим, эритромицин, доксициклин, азитромицин және т.б.) бірге тағайындағанда антибиотиктердің әсері күшейеді.
Айрықша нұсқаулар
Терасил-СТМ препаратын гипертиреозы, жүрек жеткіліксіздігі, артимиясы, электрокардиограммасында QT аралығының ұзаруына бейімділігі, артериялық гипертензиясы және қант диабеті бар (соның ішінде, глюкоза деңгейін бақылаған жөн, өйткені кетоацидоздың дамуы ықтимал) емделушілерге сақтықпен тағайындайды. Препараттың порфириясы бар емделушілер үшін қауіпсіздігі жоқ емес, жануарларға тәжірибелерде ол аурудың үдеуіне ықпал еткен. Дәрілік препараттың 5 мл құрамында 3500 мг сахароза бар, осыны қант диабетімен емделушілер ескеруі керек.
Ауыр бронх демікпесінде гипокалиемия туындататын жай-күйлерден аулақ болған жөн, ол гипоксия кезінде немесе басқа да демікпеге қарсы дәрілерді бір мезгілде қолданғанда күшеюі ықтимал, сондай-ақ плазмадағы калий деңгейін бақылаған жөн. Шәрбаттың құрамында аллергиялық реакцияларды туындатуы ықтимал қосымша заттар бар.
Жүктілік пен лактация кезеңі
Жүктілік пен лактация кезеңінде Терасил-СТМ өмірлік көрсетілімдер және дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.
Бета2-рецепторлар агонистерімен емдеу жүргізілетін мерзімінен ерте босанатын әйелдерде препаратты бірден тоқтату және өкпе ісінуінің алғашқы белгілері дамуы кезінде диуретиктерді тағайындау керек.
Препараттың автокөлікті басқару немесе қозғалыстағы механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері
Терасил-СТМ дірілді, жүйке ширығуы мен бас ауыруын туғызуы мүмкін болуына байланысты препаратпен емделу кезеңінде автокөлікті басқару және қозғалыстың дәл бағытталуын қажет ететін жұмыстарды жүргізу ұсынылмайды.
Артық дозалануы
Симптомдары: жағымсыз реакциялардың күшеюі (тахикардия, қозу, діріл, гипокалиемия, гипергликемия).
Емі: симптоматикалық, демеуші ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы алюминий қақпақпен тығындалған янтарь түсті шыны құтыға 100 мл препараттан салынған.
1 құты дозалаушы қалпақшамен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құты ашылғаннан кейінгі қолдану кезеңі – 2 аптадан аспауы керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Plethico Pharmaceuticals Ltd/ Плетхико Фармасьютикалз Лтд
Орналасқан мекенжайы:
Дхаравара, Калария – 453 001, Индор, Үндістан
Заңды мекенжайы:
37/37А, Индастриал Истейт, Полограунд, Индор (М.П.), 452 015, Үндістан
Тіркеу куәлігінің иесі
Plethico Pharmaceuticals Ltd., Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Резлов Лтд» ЖШС
100009 Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 116 үй
Тел.: /7212/ 44 22 20, 44 22 21;
Тел./факс: /7212/ 44 22 27;
e-mail rezlov@mail.ru