Тенотен детский

МНН: Антитела к мозгоспецифическому белку S-100
Производитель: Материа Медика Холдинг НПФ ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие анксиолитики
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021288
Период регистрации: 14.04.2015 - 14.04.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Балаларға арналған Тенотен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат: Аффинді тазартылған спецификалық ми S-100 ақуызына антиденелер – 0,003г*

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.

құрамы

Сипаттамасы

Ақтан дерлік ақ түске дейінгі жайпақ цилиндр пішінді сызығы мен ойығы бар таблеткалар. Сызығы бар жайпақ бетінде MATERIA MEDICA деген жазуы бар, екінші жайпақ бетінде TENOTEN KID деген жазуы бар.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да анксиолитиктер

АТХ коды N05BX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Заманауи физика-химиялық талдау әдістерінің сезімталдығы (газсұйықтықты хроматография, тиімділігі жоғары сұйықтықты хроматография, хромато-масс-спектрометрия) биологиялық сұйықтықтарда, ағзалар мен тіндердегі антиденелердің шамадан тыс аз мөлшерін бағалауға мүмкіндік бермейді, осыдан Балаларға арналған Тенотен препаратының фармакокинетикасын техникалық тұрғыда зерттеу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Препарат тыныштандырғыш, үрейге қарсы (анксиолитикалық) әсер етіп, гипногенді және миорелаксантты жағымсыз әсерлерді туындатпайды. Психоэмоциональді жүктемелерге төзімділігін жақсартады. Стресс-протекторлы, ноотропты, антиамнестиялық, гипоксияға қарсы, нейропротекторлы, антиастениялық, жабығуға қарсы әсерге ие.

Уыттану, гипоксия жағдайында, ми қан айналымы жедел бұзылғанда нейропротекторлы әсер етеді, зақымдану аймағын шектейді, ОЖЖ-дегі үйрену және жады үдерісін қалпына келтіреді.

Липидтердің асқын тотығу үдерісін тежейді.

Мидағы синапстық (ақпараттық) және метаболиздік үдерістердің түйісуін жүзеге асыратын S-100 ақуызының функционалды белсенділігін модификациялайды.

ГАМК-миметикалық және нейротрофикалық әсер ете отырып, стресс-шектейтін жүйелердің белсенділігін арттырып, нейрональді пластикалық үдерістерінің қалпына келуіне ықпал етеді.

Қолданылуы

- қатты қозу, ашушаңдық, үрей, мінез-құлық пен зейіннің нашарлауы, вегетативтік бұзылыстармен қатар жүретін невротикалық және невроз тәрізді бұзылыстарда

- зейін қою тапшылығы мен аса жоғары белсенділік синдромында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке. Бір рет қабылдауға – 1-2 таблетка (толығымен ерігенше ауызда ұстау керек – тамақ қабылдағанда болмайды). Қажет болғанда қайнаған судың бөлме температурасындағы аздаған мөлшерінде таблетканы ерітуге болады.

Невротикалық және невроз тәрізді бұзылыстар. 1 таблеткадан тәулігіне 1-ден 3 ретке дейін қабылдау керек, емдеу курсы – 1-3 ай. Қажет болғанда емдеу курсын 6 айға дейін созуға немесе 1-2 айдан соң қайталауға болады.

Зейін қою тапшылығы мен аса жоғары белсенділік синдромы.

2 таблеткадан тәулігіне 2 рет қабылдау керек, емдеу курсы – 1-3 ай.

Емдеуді бастаған соң 3-4 апта ішінде жағдайдың тұрақты жақсаруы болмаса, дәрігерге қаралу керек.

Жағымсыз әсерлері

Аталған қолдану көрсетілімдері мен аталған дозалары бойынша қолданғанда жағымсыз әсерлері байқалған жоқ.

Препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық

- 3 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Осы уақытқа дейін басқадай дәрілік заттармен үйлесімсіздік жағдайлары тіркелмеген.

Айрықша нұсқаулар

Препараттың құрамына лактоза моногидраты кіреді, сондықтан оны туа біткен галактоземиясы, глюкоза немесе галактоза мальабсорбциясы синдромы, не болмаса туа біткен лактаза жетіспеушілігімен емделушілерге тағайындауға болмайды.

Балаларға арналған Тенотен препаратының әсерінде белсенділендіретін қасиетінің болуына байланысты соңғы қабылдау ұйықтағанға дейін 2 сағаттан кешіктірмей жүзеге асырылуы керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде Балаларға арналған Тенотен препаратын қолдану қауіпсіздігі зерттелген жоқ. Препаратты қолдану қажет болған жағдайда қауіп/пайда арақатынасын ескеру керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Балаларға арналған Тенотен көлік құралдарын және басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Осы уақытқа дейін артық дозалану жағдайлары анықталмаған.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Соруға арналған таблеткалар. 20 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1, 2 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылу жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Препаратты қолдану кезеңі ішінде пішінді ұяшықты қаптаманы өндіруші қарастырған картон қорапшада сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ; Ресей,127473,

Мәскеу қ., 3-ші Самотечный қысқа көшесі, 9 үй. Тел./факс: (495) 684-43-33.

Тіркеу куәлігінің иесі

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ, Ресей.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ ҚР өкілдігі

Алматы қ., Жібек жолы к-сі 64, 206 кеңсе.

Тел./факс: 2734713

E-mail: kz@dep.materiamedica.ru

Прикрепленные файлы

380464511477976550_ru.doc 49 кб
839545861477977721_kz.doc 52.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники