Таурин-Фармак

МНН: Таурин
Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний глаз
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014063
Информация о регистрации в РК: 14.08.2014 - 14.08.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Таурин-Фармак

Халықаралық патенттелмеген атауы

Таурин

Дәрілік түрі

40 мг/мл көз тамшы дәрісі

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 40 мг таурин,

қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат (Е 218), инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Көз ауруларын емдеуге

арналған басқа да препараттар.

АТХ коды S01X A

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тамызған кезде Таурин-Фармак көз тіндеріне өтеді, сол жерде өзінің спецификалық әсерін көрсетеді. Емдік дозада қолданған кезде препарат іс жүзінде жүйелі қан ағысына сіңбейді.

Фармакодинамикасы

Таурин-Фармак көз торқабығының дистрофиялық сипаттағы ауруларында, көздің жарақаттық зақымдануларында, осы тіндер метаболизмінің күрт бұзылуымен қатар жүретін патологиялық процестер кезіндегі репаративтік және регенерациялық процестерді көтермелейтін амин қышқылдары препараттарына жатады. Құрамында күкірт бар қосылыс ретінде, препарат жасуша жарғақшалары функциясының қалпына келуіне, энергетикалық және алмасу процестерін оңтайландыруға, жасушалар цитаплазмасы электролиттік құрамының тұрақтылығын ұстап тұруға, синапстық берілістің тежелуіне (нейромедиаторлық рөлі) ықпал етеді.

Қолданылуы

  • тұқым қуалайтын тапеторетинальді дегенерацияны қоса, мөлдір қабықтың және көз торқабығының дистрофиялық зақымдануларында

  • қарттық, диабеттік, жарақаттық және сәулелік катарактада

  • мөлдір қабық жарақаттары кезінде репаративтік үдерістерді стимуляциялау дәрісі ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Таурин-Фармакты ересектерге тағайындайды.

Катарактаны емдеу үшін 2-3 тамшыдан күніне 2-4 рет тағайындайды. Емдеу курсы – 3 ай. Курсты 1 ай аралықпен қайталау керек.

Жарақаттар кезінде 2-3 тамшыдан күніне 2-4 рет 1 ай бойы қолдану керек.

Тапеторетинальді дегенерация және торқабықтың басқа да дистрофиялық ауруларын, мөлдір қабықтың терең жарақаттарын емдеу үшін препаратты конъюнктива астына 4 % ерітіндіні 0,3 мл-ден күніне 1 рет 10 күн бойы енгізеді.

Емдеу курсын 6-8 айдан кейін қайталау керек.

Жағымсыз әсерлері

Препарат, әдетте, жақсы көтерімді.

Сирек:

– аллергиялық реакциялар

– конъюнктива гиперемиясы

– көздің қышуы, ашуы және түйілуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тимолол көз тамшы дәрісімен бірге қолданғанда көзішілік және артериялық қысымның потенцияланған төмендеуі байқалады.

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Зерттелмеген.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары сипатталмаған

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 мл-ден қалпақшамен тығындалған полиэтилен құтыда. Құтыға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырады.

Құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 8ºС-ден 15ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құты ашылғаннан кейін препарат 28 тәулік бойы жарамды.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Фармак» ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к., 63.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармак» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050009 Алматы қ., Абай к-сі 157, 5 кеңсе

Тел/факс: +7 (727) 250 66 23, электронды поштасы: Djatlova88@mail.ru

Прикрепленные файлы

056965491477976710_ru.doc 54.5 кб
576326481477977856_kz.doc 53 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники