Таурин-Нико

МНН: Таурин
Производитель: НИКО ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний глаз
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021603
Период регистрации: 28.08.2015 - 28.08.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Таурин - НИКО

Халықаралық патенттелмеген атауы

Таурин

Дәрілік түрі

40 мг/мл көз тамшысы

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 40 мг таурин,

қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат (Е 218), инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Көз ауруларын емдеуге

арналған басқа да препараттар.

АТХ коды S01X A

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тамызған кезде Таурин – НИКО көздің ішкі ортасына өтеді, сол жерде өзінің спецификалық әсерін көрсетеді. Емдік дозада қолданған кезде препарат іс жүзінде жүйелі қан ағысына сіңбейді.

Фармакодинамикасы

Таурин - НИКО көз торқабығының дистрофиялық сипаттағы ауруларында, көздің жарақаттық зақымдануларында, осы тіндер метаболизмінің күрт бұзылуымен қатар жүретін патологиялық процестер кезіндегі репаративтік және регенерациялық процестерді көтермелейтін амин қышқылдары препараттарына жатады. Құрамында күкірт бар қосылыс ретінде, препарат жасуша жарғақшалары функциясының қалпына келуіне, энергетикалық және алмасу процестерін оңтайландыруға, жасушалар цитаплазмасы электролиттік құрамының тұрақтылығын ұстап тұруға, синапстық берілістің тежелуіне (нейромедиаторлық рөлі) ықпал етеді.

Қолданылуы

  • тұқым қуалайтын тапеторетинальді дегенерацияны қоса, мөлдір қабықтың және көз торқабығының дистрофиялық зақымдануларында

  • қарттық, диабеттік, жарақаттық және сәулелік катарактада

  • мөлдір қабық жарақаттары кезінде репаративтік үдерістерді стимуляциялау дәрісі ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Таурин - НИКО ересектерге тағайындалады.

Катарактаны емдеу үшін 2-3 тамшыдан күніне 2-4 рет тағайындайды. Емдеу курсы – 3 ай. Курсты 1 ай аралықпен қайталау керек.

Жарақаттар кезінде 2-3 тамшыдан күніне 2-4 рет 1 ай бойы қолдану керек.

Тапеторетинальді дегенерация және торқабықтың басқа да дистрофиялық ауруларын, мөлдір қабықтың ойық жарақаттары емдеу үшін препаратты конъюнктива астына 4 % ерітіндіні 0,3 мл-ден күніне 1 рет 10 күн бойы енгізеді.

Емдеу курсын 6-8 айдан кейін қайталау керек.

Жағымсыз әсерлері

Сирек:

– аллергиялық реакциялар

– конъюнктива гиперемиясы

– көздің қышуы, ашуы және түйілуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тимолол көз тамшысымен бірге қолданғанда көзішілік және артериялық қысымның әлеуеттенген төмендеуі байқалады.

Егер көзге жергілікті қолдануға арналған дәрілік заттардың бір мезгілде бірнешеуі қолданылса, қолдану арасындағы аралық 10-15 минут болуы тиіс. Көз жақпамайлары соңында қолданылады.

Айрықша нұсқаулар

Ашық бұрышты глаукома кезінде препаратты тимолол тамызғанға дейін 20-30 минут бұрын тимололмен үйлестіріп қолданады.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген, сондықтан препаратты қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі зерттелмеген.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары сипатталмаған

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 мл-ден полиэтилен құтыда.

Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құты ашылғаннан кейінгі жарамдылық мерзімі 28 тәулік.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«НИКО» ЖШҚ, Украина, 86123, Донецк обл., Макеевка қ.,

Таежная к-сі,1-1

Тіркеу куәлігінің иесі

«НИКО» ЖШҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«НИКО» ЖШҚ, Украина, 86123, Донецк обл., Макеевка қ.,

Таежная к-сі,1-1

Тел/факс: +(062) 341 46 42, электронды поштасы: office@nikopharm.com.ua

Прикрепленные файлы

359737781477976380_ru.doc 52.5 кб
927285151477977572_kz.doc 53.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники