Танфлекс Форте

МНН: Бензидамина гидрохлорид
Производитель: АБДИ ИБРАХИМ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Benzydamine
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024155
Информация о регистрации в РК: 06.06.2019 - 06.06.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Танфлекс Форте

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бензидамин

Дәрілік түрі, дозалануы

Жергілікті қолдануға арналған спрей, 0.30 %

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Стоматологиялық препараттар. Ауыз қуысы ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа препараттар. Бензидамин.

АТХ коды А01AD02

Қолданылуы

Ауыз қуысының және көмейдің қабыну ауруларын (мысалы, гингивит, стоматит және фарингит), оның ішінде консервативті стоматологиялық емшаралар нәтижесіндегі немесе ауыз-жұтқыншақ аймағына хирургиялық араласудан кейінгі, симптоматикалық емдеу.

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе 6.1 бөлімінде атап көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Препаратты ұзақ уақыт бойы қолдану организмнің қандай да бір факторларға сезімталдығы жоғарылауына әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда препаратты дереу тоқтату және дәрігерге көріну керек.

Пациенттердің шектеулі санында көмейдегі және ауыз қуысындағы ойық жаралар бұдан да күрделі аурудың белгісі болуы мүмкін. 3 күннің ішінде жақсаруы байқалмаған пациенттер дәрігерге немесе дантистке қаралуы тиіс.

Салицил қышқылына немесе басқа ҚҚСП аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге бензидаминді қолдану ұсынылмайды.

Танфлекс Фортені бронх демікпесі бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек, өйткені бронх түйілуі пайда болуы мүмкін.

Спрейді көзге тигізіп алмау керек. Препараттың құрамында метилпарагидроксибензоат бар, ол баяу типтегі аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.

Спортпен шұғылданатындар үшін: құрамында этил спирті бар дәрілерді пайдалану кейбір спорт федерациялары көрсеткен қандағы алкоголь концентрациясының шегіне қатысты антидопинг тесттерінде оң болып анықталуы мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген.

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік немесе лактация кезінде

Танфлекс Фортені жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолданбау керек.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпалын тигізбейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалану режимі

2-4 реттен бүрку

Енгізу әдісі және жолы

Жергілікті қолдануға арналған

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Күніне 2-6 рет

Қабылдау аралығы 1.5-3 сағатты құрайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: жүрек айну, құсу, іштің ауыруы және өңештің тітіркенуі, бас айналу, елестеулер, қозу, мазасыздық және ашушаңдық.

Емі: жедел артық дозаланғанда симптоматикалық емдеу ғана мүмкін болады. Пациенттер мұқият бақылауға алынуы тиіс, және демеуші ем көрсету керек. Организмдегі су тапшылығының орнын толтыру қажет.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алыңыз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 - < 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 - < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес)

Жүйелік-ағзалық жіктеме

Жағымсыз реакциялар

Жиілік санаты

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Сирек

Анафилаксиялық тическая

Белгісіз

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар

Ларингоспазм

Өте сирек

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Ауыз қуысында күйдіріп-ашытуды сезіну және құрғау

Сирек

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Фотосенсибилизация

Жиі емес

Ангионевроздық ісіну

Өте сирек

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат 3.0 мг бензидамин гидрохлориді,

қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, 37% хлорсутек қышқылы, полисорбат 80, 96% этил спирті, глицерин, натрий сахарині (Е 954), метилпарагидроксибензоат (Е 218), жалбыз эссенциясы, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Мөлдір, жалбыз иісі бар түссіз ерітінді

Шығарылу түрі және қаптамасы

Пульверизатормен жабдықталған және қорғайтын қондырмасы бар, күңгірт шыныдан жасалған құтыларға 15 мл немесе 30 мл препараттан құйылады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«ABDI IBRAHIM»

Заңды мекенжайы: Orhan Gazi Mahallesi, Tunç Caddesi No:3, Esenyurt/İstanbul, Turkey (Түркия)

Бас кеңсесі: Reşitpaşa Mahallesi Eski Büyükdere Caddesi No:4, Maslak-Sarıyer – 34467 İstanbul, Turkey (Түркия), тел.:+90 212 366 84 00, факс: +90 212 276 20 20, электронды пошта: info@abdiibrahim.com.tr

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«ABDI IBRAHIM»

Заңды мекенжайы: Orhan Gazi Mahallesi, Tunç Caddesi No:3, Esenyurt/İstanbul, Turkey (Түркия)

Бас кеңсесі: Reşitpaşa Mahallesi Eski Büyükdere Caddesi No:4, Maslak-Sarıyer – 34467 İstanbul, Turkey (Түркия), тел.:+90 212 366 84 00, факс: +90 212 276 20 20, электронды пошта: info@abdiibrahim.com.tr

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 356-11-00, 8-800-070-1100, электронды пошта: info@aigp.kz

Прикрепленные файлы

Танфлекс_Форте_ЛВ_06.2020_.docx 0.04 кб
Танфлекс_Форте_ЛВ_каз_06.2020_.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту