Тантум Роза® (500 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Тантум Роза®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Бензидамин
Дәрілік түрі, дозасы
Қынаптық ерітінді дайындауға арналған 500 мг ұнтақ
Фармакотерапиялық тобы
Несеп-жыныс жүйесі және жыныс гормондары. Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа препараттар. Қынап ішіне қолдануға арналған қабынуға қарсы препараттар. Бензидамин.
АТХ коды G02CC03.
Қолданылуы
аздаған қынаптық бөліністермен, қышынумен, тітіркенумен, күйдіріп-ашытумен және вульваның аймағындағы ауыруымен бірге жүретін кез келген этиологиядағы және сипаттағы вульвовагинит.
босанғаннан кейінгі жеке гигиена.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық.
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Тантум Роза® препараты сыртқы жыныстық мүшелерді шаю үшін тек қана жергілікті қолдануға арналған. Препаратты ішке қолдануға болмайды.
Препаратты ұзақ уақыт қолдану жоғары сезімталдыққа әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайда препаратты қолдануды уақытша тоқтатып, тиісті емдік шаралар жүргізіледі.
Қынаптан қан кеткен және/немесе лейкорея жағдайында пациентке бұл препаратты қолданар алдында дәрігерге барған жөн.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Тантум Роза® препаратының дәрілермен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ.
Арнайы ескертулер
Тантум Роза ішке қабылдауға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік және лактация кезеңінде бензидаминді жергілікті қолдану үшін қарсы көрсетілімдері жоқ.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараты көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Сыртқы жыныстық мүшелерді шаю үшін күніне бір немесе екі рет 7 күнге дейінгі мерзімде қолданады.
1-2 сашенің ішіндегісін 1 литр суда ерітеді.
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар
Тантум Роза тек қынапты шаю үшін қолданылады. Препаратты дұрыс қолданған кезде артық дозалану жағдайлары тіркелмеген.
Тантум Роза ішке қабылдауға болмайды.
Уыттану тек бензидаминнің көп мөлшерін кездейсоқ жұтқан жағдайда (> 300 мг) күтіледі.
Жұтып қойған бензидаминнің артық дозалануына байланысты негізгі симптомдар, асқазан-ішек симптомдары және орталық жүйке жүйесінің симптомдары. Ең жиі асқазан-ішек симптомдары - жүрек айнуы, құсу, іштің ауруы және өңештің тітіркенуі. Орталық жүйке жүйесінің симптомдарына бас айналу, галлюцинация, қозу, мазасыздану және тітіркену кіреді.
Жедел артық дозаланғанда тек симптоматикалық ем көрсетіледі. Пациентті мұқият бақылау және демеуші ем тағайындау қажет. Пациенттің тиісті гидратациясын қамтамасыз ету керек.
Егер сіз дәріні кездейсоқ жұтып қойсаңыз, дереу дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну қажет.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Кейде, әсіресе препаратты ұзақ қолданған жағдайда, терінің тітіркенуі болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір сашенің ішінде
белсенді зат - 500 мг бензидамин гидрохлориді;
қосымша заттар - триметилцетиламмоний пара-толуолсульфонаты, повидон, натрий хлориді.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Кесек түйірлері және бөгде бөлшектері жоқ біртекті ақ түстен ақ дерлік түске дейінгі біркелкі түйіршіктер
Шығарылу түрі және қаптамасы
9,44 г ұнтақты қағаздан және полипропиленнен жасалған, термотәсілмен баспаланған сашеге салады.
10 сашеден медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
Азиенде Кимике Риуните Анжелини Франческо А.K.Р.А.Ф. С.п.А., Италия/ Aziende Chimiche Riunite Angelini Francesco A.C.R.A.F. S.p.A., Italy
Мекенжайы: Виа Веккио Дел Пиноккио 22, 60100, Анкона, Италия/ Via Vecchia Del Pinocchio 22, 60100 Ancona, Іtaly
Телефон: 0039 0691045 270
Факс: 0039 0691045 299
Электронды пошта: t.picotti@angelini.it
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Азиенде Кимике Риуните Анжелини Франческо А.K.Р.А.Ф. С.п.А., Италия/
Aziende Chimiche Riunite Angelini Francesco A.C.R.A.F. S.p.A., Italy
Мекенжайы: Виале Амелия 70, 00181 Рим, Италия/ Viale Amelia 70, 00181 Rome, Іtaly
Телефон: 0039 0691045 270
Факс: 0039 0691045 299
Электронды пошта: t.picotti@angelini.it
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік зат жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«МЕРЛИН КЭПИТАЛ ИНВЕСТМЕНТС ЛЛП»/ «MERLIN CAPITAL INVESTMENTS LLP» Серіктестігінің өкілдігі, Достық даңғ., 105, 050051, 301А кеңсе, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Тел/факс: +772 731 71464
Электронды пошта: gulmira.pharm@yahoo.com
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Registrarius» ЖШС. Қазақстан Республикасы, 050036, Алматы қ., Мамыр-1 ықшам ауданы, 29 үй, 159 пәтер. Тәулік бойына телефон: +7-717-272-72-31; e-mail: pv.kz@biomapas.eu