Таксим-О (таблетки, 200 мг)

МНН: Цефиксим
Производитель: Алкем Лабораториз Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Cefixime
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004563
Информация о регистрации в РК: 22.05.2018 - 22.05.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 4 250.4 KZT
Предельная цена реализации в РК: 5 653.04 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Таксим-О

Халықаралық патенттелмеген атауы

Цефиксим

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 200 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - цефиксим тригидраты 200 мг цефиксимге баламалы

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий лаурилсульфаты, коллоидты кремнийдің қостотығы, тазартылған тальк, магний стеараты,

қабық: гидроксипропилметилцеллюлоза, полиэтиленгликоль, титанның қостотығы (E 171), тазартылған тальк.

Сипаттамасы

Екі жағы дөңес, дөңгелек пішінді, ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Бактерияға қарсы бета-лактамды басқа да препараттар. Үшінші буынды цефалоспориндер. Цефиксим

АТХ коды J01DD08

 

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі және таралуы: цефиксимді ас қабылдауға байланыссыз ішке қабылдағанда оның биожетімділігі 40-50% құрайды, алайда препаратты тамақпен бірге қабылдағанда цефиксим сарысудағы ең жоғары концентрациясына 0,8 сағатқа жылдамырақ жетеді.

Препаратты қабылдағанда қан сарысуындағы ең жоғары концентрациясына 4 сағаттан кейін жетеді және 2 мкг/мл, 400 мг доза қабылдағанда – 3,5 мкг/мл құрайды.

Плазма ақуыздарымен, негізінен альбуминдермен байланысуы 65% құрайды.

Шығарылуы: дозаның 50% жуығы несеппен өзгермеген түрде 24 сағат ішінде, дозаның 10% жуығы өтпен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі дозаға байланысты және 3-4 сағатты құрайды.

Бүйрек қызметі бұзылуы бар емделушілерде креатинин клиренсі 20-40 мл/мин жағдайында жартылай шығарылу кезеңі 6,4 сағатқа дейін ұлғаяды, креатинин клиренсі 5-10 мл/мин - 11,5 сағатқа дейін ұлғаяды.

Фармакодинамикасы

Таксим-О – ішке қабылдауға арналған кең ауқымда әсер ететін III буынды жартылай синтетикалық цефалоспориндік антибиотик. Бактерицидті әсер етеді. Әсер ету механизмі қоздырғыштың жасуша жарғақшалары синтезін бәсеңдетумен шартталған. Таксим-О грамоң және грамтеріс бактериялардың көбімен өндірілетін бета-лактамазалардың әсеріне төзімді.

Таксим-О грамоң бактерияларға: Streptococcus agalactiae, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes; грамтеріс бактерияларға: Haemophilus parainfluenzae, Haemophilus influenzae, Escherichia coli, Moraxella (Branhamella) catarrhalis, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Klebsiella pneumoniae, Klebsiella oxytoca, Pasteurella multocida, Providencia spp., Salmonella spp., Shigella spp., Citrobacter amalonaticus, Citrobacter diversus, Serratia marcescens, Neisseria gonorrhoeae қатысты белсенді.

Препаратқа Pseudomonas spp., D серотобының Enterococcus (Streptococcus), Listeria monocytogenes, Staphylococcus spp көпшілігі (метицилин-резистентті штаммдарын қоса), Enterobacter spp., Bacteroides fragilis, Clostridium spp төзімді.

Қолданылуы

Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған жұқпалы-қабыну аурулары:

  • фарингитте

  • тонзиллитте

  • синуситтерде

  • жедел және созылмалы бронхитте

  • ортаңғы отитте

  • несеп шығару жолдарының асқынбаған жұқпаларында

  • гонококктық жұқпаларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге және 12 жастан асқан, дене салмағы 50 кг жоғары балаларға тәуліктік доза 400 мг (тәулігіне 1 рет немесе тәулігіне 2 рет 200 мг) құрайды.

Емнің ұзақтығы аурудың ауырлығына қарай жеке тағайындалады.

Емнің ұзақтығы және препараттың дозалануы

Жұқпа

Дозалануы

Емдеу ұзақтығы

Несеп шығару жолдарының немесе жоғарғы тыныс жолдарының асқынбаған жұқпалары

400 мг бір рет немесе 200 мг әрбір 12 сағат сайын

  • – 10 күн

Ортаңғы отит

400 мг бір рет немесе 200 мг әрбір 12 сағат сайын

  • – 14 күн

Гонококктық жұқпалар

400 мг

Бір реттік доза

Жағымсыз әсерлері

  • Жиі ( ≥1/100-ден <1/10-ға дейін)

  • диарея

  • Жиі емес ( ≥1/1 000-ден <1/100-ге дейін)

  • бас ауыруы

  • іштің ауыруы, ас қорыту бұзылуы, жүрек айнуы, құсу, іш қатуы

  • эритема, бөртпе

  • қан плазмасындағы бауыр ферменттерінің (трансаминазалар, сілтілік фосфатазалар) қайтымды ұлғаюы

  • Сирек ( ≥1/10 000-ден <1/1 000-ға дейін)

  • бас айналуы, құлақтағы шуыл

  • тәбет жоғалуы және метеоризм

  • эозинофилия; қан сарысуындағы мочевина жоғарылауы

  • шырышты қабық қышынуы және қабынуы

  • төзімді бактериялармен немесе зеңдермен асқын жұқпа (ұзақ және көп рет қолдануда)

  • ауырлығы әртүрлі дәрежедегі өте жоғары сезімталдық реакциялары, анафилактикалық шок, дәрілік қызба

  • Өте сирек (<1/10 000)

  • лейкопения, агранулоцитоз, панцитопения немесе тромбоцитопения, қан ұюының бұзылуы, қан сарысуындағы креатинин жоғарылауы, гипербилирубинемия

  • транзиторлық өте жоғары белсенділік, құрысу дамуы мүмкін

  • тоқ ішектің антибиотиктік-астасқан қабынуы (мысалы, жалған жарғақшалы колит, дисбактериоз)

  • мультиформалы эритема, Лайелл синдромы, сарысулық-ұқсас реакциялар, Стивенс-Джонсон синдромы, Квинке ісінуі, бет ісінуі, уытты эпидермалдық некролиз

  • гемолитикалық анемия, апластикалық анемия

  • интерстициальді нефрит, бауыр қызметі бұзылуы

  • гепатит, холестатикалық сарғаю

  • генитальді кандидоз, генитальді қышыну, вагинит

  • В гиповитаминозы

  • ентігу

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • цефалоспориндерге және пенициллиндерге жоғары сезімталдық

  • сыртартқысында қан кетудің болуы

  • тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

  • құсу және диареямен қатар жүретін асқазан-ішек жолдарының ауыр аурулары

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кальций өзекшелері блокаторы нифедипин Таксим-О препаратының биожетімділігін шамамен 70% ұлғайтады.

Таксим-О потенциалды нефроуытты заттармен (аминогликозидтер, колистин, полимиксин, виомицин сияқты) немесе әсері күшті диуретиктермен (этакрин қышқылы немесе фуросемид сияқты) біріктірілгенде бүйрек жеткіліксіздігі дамуының жоғары қаупі бар.

Таксим-О және варфаринді немесе басқа да антикоагулянттарды қоса қолданғанда кейде қан кетуге алып келетін протромбиндік уақыт ұлғаюы анықталды.

Таксим-О карбамазепинмен бірге үйлестіре қабылдау карбамазепин деңгейінің жоғарылауына алып келеді.

Препаратты гамма-аминомай қышқылымен қолданғанда нейроуыттылық даму қаупі бар.

Таксим-О жоғарыда көрсетілген препараттармен абайлап тағайындау керек.

Айырықша нұсқаулар

Таксим-О препаратын егде жастағы емделушілерге, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі немесе жалған жарғақшалық колиті (оның ішінде сыртартқысында) бар емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.

Таксим-О препаратын қабылдаған жағдайда ішектің қалыпты микрофлорасының бұзылуы, бұл Clostrіdіum dіffіcіle өсуіне және ауыр диарея мен жалған жарғақшалық колиттің дамуына әкеп соғуы мүмкін.

Сыртартқысында пенициллиндік қатардағы препараттарға аллергиялық реакциялары бар емделушілер цефалоспоринді антибиотиктерге жоғары сезімталдық байқатуы ықтимал.

Әсіресе Таксим-О аминогликозидтермен, В полимиксинмен, колистинмен, виомицинмен немесе ілмекті диуретиктермен жоғары дозаларда біріктірілгенде (мысалы, фуросемидпен), әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде бүйрек қызметін мұқият бақылау керек.

Емдеу кезінде тікелей Кумбстың оң реакциясы мен несептің глюкозаға жалған оң реакциясы байқалуы мүмкін.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: нейроуытты синдром (нистагм, мінез-құлықтың бұзылуы, елестеулер, құрысулар) және басқа да жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: асқазанды шаю, белгілеріне қарай және демеуші ем жүргізіледі, ол қажет болған жағдайда антигистаминдік препараттарды, глюкокортикоидтарды, прессорлық аминдерді, оксигенотерапияны, инфузиялық ерітінділер құюды, өкпенің жасанды желдетілуін қамтиды.

Гемодиализ бен перитонеальді диализ тиімсіз.

Шығарылу түрі

Пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан. 1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Препаратты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу тәртібі

Рецепт арқылы

Өндіруші

Alkem Laboratories Limited (Алкем Лабораториз Лимитед)

Alkem House «Devashish», Senapati Bapat Marg, Lower Parel, Mumbai – 400 013

Тіркеу куәлігінің иесі

Alkem Laboratories Limited, Үндістан

Alkem House «Devashish», Senapati Bapat Marg, Lower Parel, Mumbai – 400013, India

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Алкем Лабораториз Лимитед» өкілдігі

Алматы қ., Мәметова к-сі, 67

Телефон нөмірі (727) 266-39-90

Факс нөмірі (727) 266-39-90

Электронды поштасы viral.parikh@alkem.com

 

 

Прикрепленные файлы

630834361477976889_ru.doc 60.5 кб
729290051477978055_kz.doc 69 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники