Тайсабри

МНН: Натализумаб
Производитель: Биоген Айдек (Дания) Мануфактуринг АпС
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Натализумаб
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020175
Информация о регистрации в РК: 11.06.2018 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 700 000 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Тайсабри

Халықаралық патенттелмеген атауы

Натализумаб

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 300 мг/15 мл

Құрамы

Сипаттамасы

Фармакотерапиялық тобы

Иммунодепрессанттар. Селективті иммунодепрессанттар. Натализумаб.

АТХ коды L04AA23

Фармакологиялық топтары

Фармакокинетикасы

Шашыраңқы склерозы бар емделушілерге 300 мг дозадағы натализумабты көп рет көктамыр ішіне енгізгеннен кейін қан сарысуындағы ең жоғары концентрациясының орташа көрсеткіші 110±52 мкг/мл құрайды. Енгізу кезеңінде натализумаб концентрациясының орташа көрсеткіші – 23-тен 29 мкг/мл дейін. Тұрақты концентрациясына жеткенше болжанатын кезеңі шамамен 36 апта құрайды.

Фармакодинамикасы

Тайсабри құрамында белсенді зат ретіндегі рекомбинантты ДНҚ технологиясы арқылы тышқан миеломасының жасушалық өсіріндісімен өндірілетін α4-интегрин интегриндері класына жататын рекомбинантты гуманизирленген антиденелер - натализумаб бар.

Натализумаб - адгезивті молекулалардың селективті тежегіші, ол адам интегринінің α4-суббірлігімен байланысады, нейтрофильдерді қоспағанда, негізінен барлық лейкоциттер беткейінде экспрессияланады. Едәуір дәрежеде натализумаб α4β1 интегринімен байланысып, сәйкесті рецептормен, тамыр жасушаларының адгезивті молекуласымен (VCAM -1) және остеопонтин лигандымен, баламалы сплайсинг нәтижесінде дәнекер сегмент-1 (CS-1) арқылы түзілген фибронектин доменімен өзара әрекеттесуді бөгейді. Натализумаб α4β7-интегриннің шырышты қабық адгезиясының молекуласы - адрессинмен-1 (MadCAM-1) өзара әрекеттесуді бөгейді. Осы молекулалық байланыстардың бұзылуы нәтижесінде эндотелий арқылы орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) паренхимасының қабыну ошағында мононуклеарлы лейкоциттер көшін кедергілейді. Натализумабтың қосымша әсер ету механизмі α4-экспрессиялаушы лейкоциттердің олардың жасушадан тыс заттағы және паренхима жасушаларындағы лигандтарымен өзара әрекеттесуін бәсеңсіту нәтижесінде өзінің тіндердегі қабыну реакцияларын бәсеңдету қабілетімен жүзеге асады. Осындай әсер ету механизмі есебінен натализумаб ошақтық қабыну реакцияларын бәсеңдетуге және әріқарай иммундық жасушалардың қабынған тіндерге түсуін тежеуге қабілетті.

Қолданылуы

Үдемелі ремиттирлеуші склерозы бар емделушілердің мынадай топтарын емдеу үшін монотерапия ретінде:

  • Бета-интерферонмен емдеуге қарамастан, ауру белсенділігі жоғары емделушілер. Бұл - бета-интерферонмен емделудің (әдетте, кемінде бір жыл емделу) толық және талапқа сай курсына жауап беруге қабілетсіз емделушілер. Емделушілерде, ең болмағанда, алдыңғы жыл ішінде емделу кезінде бір қайталану, әрі, кем дегенде, Т2-сараланған магнитті-резонансты томографиясында (МРТ) 9 ошақ, немесе, тіпті болмаса, гадолиний жинақтаған 1 ошақ болуы тиіс. «Емдеу курсына жауап бермегендерді», сондай-ақ, алдыңғы жылмен салыстырғанда, қайталанулар деңгейі өзгермеген немесе үдей түскен емделушілер ретінде де анықтауға болады.

немесе

- Алдыңғы жылы кемінде екі өршуі байқалған ремитирлеуші склероз қайталануының ауыр түрі тез дамыған және МРТ жүзінде гадолиний жинақталған 1 немесе одан да көп ошағы әлде алдыңғы МРТ-мен салыстырғанда, Т2-ошақтарының саны жағынан мидың ошақтық зақымдануының жалпы көлемінің едәуір ұлғаюы анықталған емделушілер.

Қолдану тәсілі және дозалары

  • Тайсабри емін қазіргі заманға сай магнитті-резонансты томография түсіру мүмкіндігі бар медициналық мекемелерде, неврологиялық ауруларды диагностикалау және емдеуге маманданған дәрігердің қадағалауымен ғана жүргізген жөн.

  • Тайсабри препаратын қолданатын емделушілерге қауіпсіздігі туралы ақпарат бар сақтандыру карточкасы беріліп, жағымсыз әсерлері жөнінде қажетті ақпарат ұсынылу керек. Емделушілерді 2 жыл емделуден соң Тайсабри емінің қатерлері жайында, әсіресе, үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатияның (ҮМЛ) жоғары даму қаупі жөнінде қайтадан мәлім ету қажет, сондай-ақ, емделушілер мен олардың қамқоршыларына ерте сатыдағы болжамды ҮМЛ симптомдары туралы нұсқау берілуі тиіс.

  • Медициналық мекемелерде аса жоғары сезімталдық реакциялары туындаған жағдайда қажет болатын барлық құрал-жабдық және МРТ түсіретін құрылғы болуы тиіс.

  • Интерферон бетамен немесе глатирамер ацетатымен ем қолданған емделушілерді емдеумен байланысты асқынулар, мысалы, нейтропения болмаған жағдайда натализумабпен емдеуге көшіруге болады. Бұзылулар орын алғанда натализумабпен емдеуді олар қалпына келгеннен кейін ғана бастайды.

  • Кейбір емделушілерге иммуносупрессорлармен (мысалы, митоксантрон, циклофосфамид, азатиоприн) ем жүргізуге болады. Бұл дәрілік заттар, тіпті оларды тоқтатқаннан кейін де сақталатын иммундық жүйенің ұзақ уақыт бәсеңдеуін туындатуға қабілетті. Осыған орай, Тайсабри препаратымен ем жүргізуді бастар алдында дәрігер емделушіде иммундық тапшылықтың жоқ екеніне көз жеткізуі тиіс.

  • 6-айлық емдеу курсынан соң оң әсері болмаса, емді жалғастырудың мақсатқа сай болуын тиянақты бағалау қажет.

  • Натализумабты 2 жылдан көп қолданған кездегі препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ. Препаратпен әріқарай емдеу жөніндегі шешім пайдасы мен қаупін мұқият бағалағаннан кейін қабылданады.

  • Дозалануы

  • Ересектер: ұсынылатын дозасы 4 аптада 1 рет инфузия түріндегі 300 мг Тайсабри құрайды.

    Егде жастағы емделушілер: препаратты осы жас тобында қолдану деректерінің болмауына орай, 65 жастан асқан емделушілерде препаратты қолдануға болмайды.

    Балалар мен жасөспірімдер: Тайсабри 18 жасқа толмаған балаларға қарсы көрсетілімді.

    Бүйрек және бауыр қызметі бұзылған емделушілер: бүйрек немесе бауыр қызметінің бұзылуы кезіндегі препарат тиімділігін бағалау жүргізілмеген. Препаратты шығару механизмі мен фармакокинетикалық зерттеулер нәтижелері препаратты емделушілердің осы тобында дозаны түзетпей-ақ тағайындауға болады деп жорамалдауға мүмкіндік береді.

  • Қолдану тәсілі:

Айрықша нұсқаулар

  • Препаратты болюсті енгізуге рұқсат етілмейді.

  • Ересектер: ұсынылатын дозасы 4 аптада 1 рет инфузия түріндегі 300 мг Тайсабри құрайды.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлері

жиі (≥1/100, <1/10), кейде (≥1/1000, <1/100).

Жиі

- бас ауыру, бас айналу

- жүрек айну, құсу

- артралгия

- несеп шығару жолдарының жұқпалары

- назофарингит

- қалтырау, ысыну, дімкәстану, бөрту, есекжем, гиперемия

Кейде

- жоғары сезімталдық реакциялары, артериялық гипотензия, гипертензия, төс артындағы ауыру, төс артының жайсыздануын сезіну, ентігу, ангионевротикалық ісіну, диарея

- жұқпалар, үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия мен оппортунистік жұқпаларды қоса

- бауыр қызметінің ауыр бұзылулары, бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, гипербилирубинемия

- лимфоциттер, моноциттер, эозинофильдер, базофильдер, эритроциттердің ядролық түрлері мөлшерінің жоғарылауы, гемоглобиннің төмендеуі

 

Жағымсыз құбылыстар сипаттамасы

Инфузияға реакциялар.

Шашыраңқы склерозы бар емделушілер қамтылған 2-жылдық бақыланатын зерттеулер деректері бойынша, препарат енгізу кезіндегі реакциялар, егер олар инфузия кезінде және ол біткеннен кейін 1 сағат ішінде пайда болса, жағымсыз құбылыстар ретінде бағаланған. Аталған реакциялар натализумаб қабылдаған 23,1% емделушіде байқалды (плацебо тобы: 18,7%). Натализумаб қолданған емделушілерде ең көп таралған жағымсыз реакциялары: бас айналу, жүрек айну, есекжем, қалтырау.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары.

Шашыраңқы склерозы бар емделушілер қамтылған 2-жылдық бақыланатын зерттеулер деректер бойынша, жоғары сезімталдық реакциялары 4% емделушіде байқалды. Тайсабри препаратын қолданған 1%-дан аз емделушіде - анафилактикалық/анафилактоидтық реакциялар. Жоғары сезімталдық реакциялары  негізінен инфузия енгізу кезінде немесе ол аяқталғаннан кейін 1 сағат ішінде болды. Постмаркетингтік зерттеулер жүргізілгенде бір немесе одан да көп мынадай симптомдармен қатар жүрген жоғары сезімталдық реакциялары тіркелген: гипотензия, гипертензия, төс артындағы ауыру, төс артында жайсыздық сезіну, ентігу, ангионевротикалық ісіну және олардың ең жиісі, бөрту және есекжем.

Иммуногенділік.

2-жылдық бақыланатын зерттеулер деректер бойынша, натализумабқа антиденелер шашыраңқы склерозы бар 10% емделушіде анықталған. Натализумабқа персистирлеуші антиденелер (біріншісінен кейін кемінде 6 аптадан соң тексеру өткізілген талдау нәтижелерімен расталған екі реттік оң нәтижесі) шамамен 6% емделушіде анықталған. Бір реттік оң нәтижесі - 4% емделушіде. Персистирлеуші антиденелердің болуы Тайсабри препараты тиімділігінің едәуір төмендеуіне себеп болады және аса жоғары сезімталдық реакциялар жиілігін арттырады. Персистирлеуші антиденелер болуымен шартталған инфузия кезіндегі ең жиі жағымсыз реакциялар қалтырау, жүрек айну, құсу және гиперемия сияқты симптомдармен қатар жүрген.

Препаратпен емдеу басталған соң шамамен 6 ай өткенде персистирлеуші антиденелер барына күдік туындағанда немесе препараттың тиімділігі төмендегенде немесе инфузияға жағымсыз реакциялар пайда болғанда алғашқы оң нәтижесінен кейін 6 апта өткен соң екінші талдауды жасау қажет. Емделушілерде персистирлеуші антиденелер болғанда емдеу тиімділігі төмендейтінін және жоғары сезімталдық реакцияларының немесе инфузияға реакциялардың туындау жиілігі артатынын ескеріп, препарат қабылдауды тоқтату қажет.

ҮМЛ және оппортунистік жұқпаларды қамтитын жұқпалар.

Шашыраңқы склерозы бар емделушілер қамтылған 2-жылдық бақыланатын зерттеулер деректері бойынша, жұқпалар жиілігі натализумаб қабылдайтын топта да, плацебо тобында да жылына 1,5%-ға жуық емделушіні құрады. Жұқпалар табиғаты, негізінен, натализумаб қабылдайтын топта да, плацебо тобында да ұқсас болды. Криптоспоридиум туғызған диарея туындаған жағдайлар бар. Басқа клиникалық зерттеулер жүргізілгенде оппортунистік жұқпалар туғызған аурулардың пайда болуы жөнінде деректер алынған, олардың кейбіреулері өліммен аяқталуға әкелді. Клиникалық зерттеулер жүргізілгенде герпестік жұқпалар (Varicella zoster, Herpes simplex вирустары), плацебо тобымен салыстырғанда, натализумаб алғандар тобында жиірек болды. Постмаркетингтік бақылау кезеңінде герпестік энцефалит салдарынан өліммен аяқталған 1 жағдай тіркелген.

Жұқпалардың даму кезеңінде натализумабпен емделуді тоқтатпаған емделушілердің көпшілігі қатарлас емделгенде сауығып шықты.

Клиникалық зерттеулер кезінде күрделі мүгедектікке немесе өлімге әкелген ҮМЛ жағдайлары тіркелген.

Бауыр тарапынан жағымсыз реакциялар.

Постмаркетингтік зерттеулер жүргізгенде бауыр қызметінің ауыр бұзылулары, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, гипербилирубинемия туралы дербес хабарламалар тіркелген.

Қатерлі жаңа түзілімдер.

2 жылдан астам уақыт бойы натализумаб қолданған топта және плацебо тобында қатерлі жаңа түзілімдердің пайда болу жиілігіне қатысты өзгешеліктер анықталмаған. Қатерлі жаңа түзілімдердің пайда болу жиілігіне натализумабтың ықпал етуін жоққа шығару үшін ұзақ уақыт зерттеу қажет.

Зертханалық көрсеткіштер өзгерістері.

Тайсабри препаратымен емделу кезінде қандағы лимфоциттер, моноциттер, эозинофильдер, базофильдер және эритроциттердің ядролық түрлерінің саны көбейеді. Нейтрофильдер деңгейінің жоғарылауы болмаған. Бұл жекелеген жасушалар деңгейінің артуы, бастапқы деңгеймен салыстырғанда, 35%-140%-ға жетеді, бірақ жасушалардың жалпы саны қалып шегінде қалады. Тайсабри препаратымен емделу аясында гемоглобиннің (орташа төмендеуі - 0,6 г/дл), гематокриттің (орташа төмендеуі - 2%), эритроциттердің (орташа төмендеуі - 0,1·106/л) мардымсыз төмендеуі байқалды. Негізінен, Тайсабриді соңғы қабылдаудан кейін 16 аптадан соң барлық гематологиялық көрсеткіштер бастапқы қалпына оралған және клиникалық симптомдармен қатар жүрмеген.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • натализумабқа немесе препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия

  • емделушіде оппортунистік жұқпалардың болуы, иммунитеті әлсіреген емделушілер (соның ішінде, иммуносупрессиялық ем, мысалы, митоксантрон немесе циклофосфамид қолданатын немесе қолданған емделушілер)

  • интерферон-бетамен немесе глатирамер ацетатымен үйлескен ем жүргізу

  • белсенді қатерлі жаңа түзілімдердің болуы, терінің негізгі жасушалық карциномаларын қоспағанда

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тайсабриді басқа дәрілік заттармен араластыруға болмайды.

Тайсабриді интерферон бетамен немесе глатирамер ацетатымен біріктіру қарсы көрсетілімді.

Иммунизация

Рандомизирленген ашық зерттеуде РС қайталанған 60 емделушінің алдамшы антигенге (сіреспелік токсин) берілген гуморальді иммундық жауабынан ешбір елеулі айырмашылық табылмаған, ал ем қабылдамаған бақылау тобымен салыстырғанда, 6 ай бойы Тайсабри емінен өткен емделушілерде неоантигенге (моллюска фиссурелла гемоцианині) гуморальді иммундық жауаптың аздап қана баяу төмендеуі байқалды. Тірі вакциналар зерттелмеген.

Айрықша нұсқаулар

Үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия (ҮМЛ)

Тайсабри қолдану өліммен аяқталуға немесе мүгедектіктің ауыр дәрежесіне әкелуі мүмкін ҮМЛ даму қатерін арттырады. ҮМЛ даму қаупінің артуына орай, препаратпен әріқарай емдеу жөніндегі шешім емдеуші дәрігер мен емделушінің өзі пайда мен қатерді мұқият бағалағаннан кейін қабылданады.

Емделушілер мен олардың қамқоршыларына ерте сатыдағы болжамды ҮМЛ симптомдары туралы нұсқау берілуі тиіс.

Мынадай тәуелсіз қауіп факторларының әрбірі ҮМЛ даму қатерінің артуымен байланысты:

- Емдеу ұзақтығы, әсіресе, 2 жылдан кейін. 3 жылдан астам Тайсабри емін алған емделушілердің шектеулі ғана саны бар, сондықтан ҮМЛ даму қаупін қазіргі уақытта бағалау мүмкін емес.

- Тайсабри емінің алдында иммуносупрессанттар қолдану.

- Анти-JCV антиденелердің болуы.

Антиденелердің анти-JCV статусы емделушілерде Тайсабри емі кезінде ҮМЛ даму қаупінің әртүрлі деңгейлерін айқындайды. Анти-JCV антиденелерге оң реакциясы бар емделушілер, анти-JCV антиденелерге реакциясы теріс емделушілермен салыстырғанда, ҮМЛ жоғары даму қатеріне ұшырайды. ҮМЛ дамуының үш қауіп факторының бәрі бар емделушілерде (яғни, Тайсабримен емделу ұзақтығы 2 жылдан көп және бұрын иммунодепрессанттар емінен өткен және анти-JCV антиденелерге оң реакциясы бар), 1000 емделушінің шамамен 9 жағдайында ҮМЛ дамуының ең жоғары қатері болады. Емделушілер 2 жылдан кейін емді жалғастырғанша ҮМЛ дамуының жоғары қаупі жөнінде хабардар болуы тиіс.

Қауіп топтарын айқындау үшін Тайсабри препаратымен емделуге дейін немесе емделу кезінде анти-JCV антиденелерінің бар-жоғын анықтау тестісі көмекші ақпарат ұсына алады.

Емдеуді бастар алдында МРТ нәтижелерін бағалап (ең көбі 3 айдан бұрын өткізілген), әріқарай оларды жыл сайын жүйелі негізде жаңартып отыру қажет. Емделушілер жүйелі уақыт аралықтары сайын бақылануы тиіс. 2 жылдан кейін емделушілер Тайсабри емі кезінде ҮМЛ пайда болу қаупі жөнінде қайта ақпараттануы тиіс.

ҮМЛ күдік тудырған жағдайда препаратпен емдеуді әріқарай жүргізуді тоқтату қажет, осы диагноз жоққа шығарылғаннан кейін ғана ем жалғастырылады.

Дәрігер неврологиялық бұзылулардың болжамды симптомдарын анықтау мақсатында емделуші ахуалын қадағалауы – осы симптомдар шашыраңқы склероз көріністеріне жата ма немесе ҮМЛ даму белгілері болып табыла ма, сол жағын айқындауы тиіс. Күдік тудыратын жағдайларда әріқарай диагностикалау, контрастылы зат енгізумен МРТ түсіру (алдыңғы МРТ зерттеуінің нәтижелерімен салыстыру үшін), ми-жұлын сұйықтығын вирустық ДНҚ бар-жоғы тұрғысынан зерттеу және қайтадан неврологиялық тексеруден өткізу қажет, осы ақпарат дәрігерлерге арналған әдістемелік нұсқауларда және дәрілік препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықта берілуі тиіс (Оқу құралын қараңыз). ҮМЛ жоққа шығарылған бойда (қажет болған жағдайда, егер клиникалық күдік қала беретін болса, клиникалық, томографиялық және/немесе зертханалық зерттеулерді қайталау) Тайсабриді жаңғыртуға болады.

Дәрігер ҮМЛ дамуын айғақтайтын симптомдарға ерекше ұқыпты болуы тиіс, өйткені олар емделушінің өзіне байқалмай қалуы мүмкін (мысалы, когнитивтік және психикалық бұзылу симптомдары). Емделушінің жақындарын науқастарға бақылау жасау мақсатындағы емдеу жөнінде хабардар ету ұсынылады.

Егер емделушілерде ҮМЛ дамыса, Тайсабримен емдеу тоқтатылуы тиіс.

Иммундық жүйе қызметін қалпына келтіргеннен кейін ҮМЛ салдарынан оның әлсіреуі бар емделушілерде жағдайдың тұрақтануы мен жақсаруы болады.

ҮМЛ және иммунитетті қалпына келтіру кезіндегі қабыну синдромы (IRIS)

Тайсабримен емделуден кейін немесе емді тоқтатқаннан кейін ҮМЛ бар емделушілерде барлық дерлік жағдайларда, мысалы, плазма алмасуынан кейін иммунитетті қалпына келтіру кезіндегі қабыну синдромы (IRIS) пайда болады. Иммунитетті қалпына келтіру кезіндегі қабыну синдромы (IRIS) күрделі неврологиялық асқынуларға немесе тіпті өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін ҮМЛ бар науқастарда иммундық қызметті қалпына келтіру нәтижесінде пайда болады деп жорамалданады. Тайсабримен ем алатын ҮМЛ бар емделушілерде плазма алмастырудан кейін даму мерзімі бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін созылатын IRIS дамуын бақылап, ҮМЛ-ден қалыпқа келу кезінде қабынудан айығу үшін тиісінше емдеу шарасын қолға алу қажет (толығырақ ақпаратты дәрігерлерге арналған әдістемелік нұсқаулардан қараңыз).

Басқа оппортунистік жұқпалар

Тайсабри қолданылатын ем аясында өзге де оппортунистік жұқпалардың дамуы, негізінен, Крон ауруына шалдыққан, иммундық жүйесі әлсіреген емделушілерде және ауыр сипатты басқа да аурулары болғанда байқалды, алайда қандай да бір ауыр аурулары жоқ емделушілерде Тайсабри препаратын қолдану аясында оппортунистік жұқпалардың даму қатері жоққа шығарылмайды. Оппортунистік жұқпалар туғызған аурулардың дамуы Тайсабри препаратымен монотерапия кезінде шашыраңқы склерозы бар емделушілерде де байқалды. 

Тайсабримен емдеу аясында жұқпалы ауруларға дифференциялық диагностика жасалғанда дәрігер оппортунистік жұқпалардың дамуы мүмкін екенін ескеру қажет. Оппортунистік жұқпалардың болуынан күдіктенгенде тиянақты зерттеу нәтижелері бойынша диагноз жоққа шығарылғанша препаратпен емдеуді тоқтату қажет.

Емделушіде оппортунистік жұқпалар туғызған аурулар дамыған жағдайда Тайсабри препаратымен ем жүргізуді тоқтату керек.

Оқу құралы

Тайсабри препаратын тағайындайтын дәрігерлердің бәрі дәрігерлерге арналған әдістемелік нұсқаулармен және препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысып шығуы тиіс.

Дәрігер емделушіні Тайсабри препаратымен емдеудің пайдасы мен онымен байланысты ықтималды қатері жайында хабарландырып, емделушіге қауіпсіздік жөніндегі ақпарат бар арнайы сақтандыру карточкасын беруі қажет. Емделушілерді жұқпалы аурулар дамыған жағдайда олардың Тайсабри препаратын қолдануға қатысты дәрігерге мәлім етуі керектігін ескерту қажет.

Дәрігер Тайсабримен емдеу курсын, әсіресе, емделудің алғашқы айларында үздіксіз жүргізудің маңыздылығын емделушіге мәлімдеуі тиіс (жоғары сезімталдық реакцияларын қараңыз).

Жоғары сезімталдық реакциялары.

Тайсабри препаратымен емдеу аясында, күрделі жүйелі реакцияларды қоса, аса жоғары сезімталдық реакцияларын байқауға болады.

Әдетте, ондай реакциялар препаратты инфузиялық енгізу кезінде немесе инфузия аяқталғаннан кейін алғашқы сағат ішінде пайда болады. Препаратпен емдеудің басында және емдеу курсы препаратты 1-2 енгізуден кейін ұзақ мерзімге (3 ай немесе одан көп) үзіліп қалған емделушілерде емді қалпына келтіргенде жоғары сезімталдық реакцияларының даму қатері өте жоғары. Алайда аса жоғары сезімталдық реакцияларының даму қатерін әрбір инфузияны жүргізгенде ескеру қажет.

Инфузия жасау кезінде және ол біткеннен кейін 1 сағат ішінде емделушіні мұқият қадағалау қажет.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары дамыған жағдайда емделушіге кезек күттірмейтін жәрдем көрсетуге арналған дәрілер құзырда болуы тиіс.

Емделушіде препаратқа жоғары сезімталдық реакциялары болса, Тайсабри препаратымен емдеуді әріқарай жүргізуді тоқтату қажет.

Иммунодепрессиялық әсер ететін препараттар қолданумен үйлестірілген және бұрын жүргізілген ем.

Иммунодепрессанттарды Тайсабри препаратымен қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Осындай үйлестірілген ем қолдану, оппортунистік жұқпаларды қоса, жұқпалы аурулардың даму қаупін арттырады, сондықтан мұндай біріктірілім қарсы көрсетілімді.

Иммунодепрессанттармен бұрын емнен өткен емделушілер ҮМЛ пайда болуының жоғары қаупіне ұшырауға бейім. Бұрын иммунодепрессанттар алған емделушілерде сақтық танытып, иммундық қызметті қалпына келтіру үшін жеткілікті уақыт беру керек. Дәрігерлер Тайсабри препаратымен емдеу басталғанша иммундық жүйенің әлсіреуіне түрткі болатын белгілер бар-жоғын анықтау үшін әрбір жеке жағдайды бағалауы тиіс.

III фазадағы клиникалық зерттеулер нәтижелері бойынша, Тайсабридің қайталануларды емдеуге арналған қысқа курстармен қолданылатын глюкокортикостероидтармен (ГКС) үйлестірілген емінің жұқпалы аурулардың даму қаупін арттырмайтыны анықталған. Осылайша, Тайсабридің ГКС-мен үйлестірілген қысқа мерзімді емін жүргізуге болады.

Иммуногенділік.

Ауру ағымы ауырлығының артуы немесе препаратты енгізген жердегі реакциялар натализумабқа антиденелер болуын айғақтауы мүмкін. Антиденелер табылған жағдайда және 6 апта өткен соң антиденелердің болуын растайтын тиісті тест өткізілгенде емдеу тоқтатылуы тиіс, өйткені айналымдағы антиденелер Тайсабри тиімділігін едәуір төмендетеді және аса жоғары сезімталдық реакцияларының пайда болу жиілігін арттырады.

Тайсабриді қысқа курстармен қолданып, артынан емделуді ұзақ кезеңге үзіп тастаған емделушілер қайта енгізуден кейін аса жоғары сезімталдық қатеріне көбірек ұшырауға бейім, антиденелер анықталса, әрі егер 6 апта өткен соң олардың болуы тиісті тестімен расталса, ем жаңғыртылмауы тиіс.

Бауыр тарапынан реакциялар.

Постмаркетингтік зерттеулер жүргізілгенде бауыр тарапынан күрделі жағымсыз реакциялар туралы дербес хабарламалар тіркелген. Бауырдың зақымдануын, препаратпен ем жүргізудің кез келген кезеңінде, тіпті алғаш қолданудан кейін байқауға болады. Кейбір жағдайларда осы реакциялар Тайсабримен емдеу курсын қалпына келтіргеннен кейін байқалды. Сыртартқысында бауыр қызметінің бұзылуы бар емделушілерде препаратпен емдеу аясында бауыр көрсеткіштерінің нашарлауы болды.

Бауыр қызметі бұзылған емделушілерде тиянақты мониторинг жасау қажет. Бауыр зақымдануын айғақтайтын алғашқы симптомдар, мысалы, тері жабындарының сарғаюы немесе құсу болғанда дереу дәрігерге қаралу қажет. Бауыр қызметі едәуір бұзылған жағдайларда Тайсабри емін тоқтату керек.

Тайсабри емін тоқтату.

Дәрігер натализумабпен емдеуді тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда натализумабтың қанда сақталатынын және препаратты соңғы енгізгеннен кейін 12 аптаға жуық уақыт бойы фармакодинамикалық әсер көрсетуін (мысалы, лимфоцитозға әкелуі мүмкін) жалғастыратынын есепке алған дұрыс. Осы кезеңде басқа препараттар тағайындау натализумабпен үйлестірілген ем ретінде қарастырылу керек. Клиникалық зерттеулер нәтижелері бойынша интерферон немесе глатирамер ацетаты сияқты препараттармен бір мезгілде қолдану қауіпсіз болып табылмайды. Иммунодепрессанттармен үйлестірілген ем жөнінде деректер жоқ. Тайсабри емін тоқтатқаннан кейін иммунодепрессанттар қолдану емделушінің иммунодепрессиялық жағдайын нығайта алады. Бұл мүмкіндік, организмнен натализумабты шығаруға ыңғайлы кезеңді таңдаумен, әрбір жағдайда жекеше бағалануы тиіс. Клиникалық зерттеулер деректері бойынша, шашыраңқы склерозы бар емделушілерде қайталануларды емдеу үшін стероидтар қолданылатын қысқа мерзімді курс жұқпалы аурулардың даму қаупінің артуына алып келмейді.

Тайсабридегі натрий мөлшері.

Тайсабри дәрілік зат құтысының ішінде 2,3 ммоль (немесе 52 мг) натрий бар. 9 мг/мл (0,9%) 100 мл натрий хлоридінде сұйылтқан соң дәрілік зат құрамында дозасына 17,7 ммоль (немесе 406 мг) натрий бар. Осы ақпарат натрий бақыланатын емдәм ұстанатын емделушілерде назарға алынуы тиіс.

Жүктілік.

Әйелдердегі жүктілік және лактация кезеңінде натализумаб қолдану жөнінде деректер жоқ. Жүктілік кезінде натализумаб пайдалануға болмайды.

Лактация кезеңі

Тайсабри препаратының емшек сүтімен бөлінуіне қатысты деректер жоқ. Натализумабтың жаңа туған нәрестеге/сәбиге ықпал етуі анықталмаған. Осыған орай, препаратты бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Натализумаб әсерінің фармакологиялық механизмдерін негізге алғанда, Тайсабри қолдану көлік құралдарын басқару немесе күрделі механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал етпейді немесе мардымсыз ықпал етеді.

 

Пайдалану және жою кезінде алдын ала сақтандырудың айрықша шаралары

Қолданылуы бойынша нұсқаулар:

  • Сұйылтуға және қолдануға дейін Тайсабри құтысында бөлшектер бар-жоғын қарап тексеріңіз. Егер құтыда бөлшектер бар болса және/немесе ерітінді түссіз, мөлдір сәл бозаңданған болмаса, пайдалануға болмайды.

  • Көктамырішілік инфузияға арналған Тайсабри ерітіндісін дайындау кезінде асептикалық техниканы пайдаланыңыз. Құтының флип-офф қалпақшасын алып тастаңыз. Құтыға резеңке тығын ортасынан өткізіп, еккіш инесін кіргізіңіз де, инфузияға арналған ерітіндіні дайындау үшін 15 мл концентратты сорып алыңыз.

  • Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 15 мл концентратты инъекцияға арналған 100 мл 9 мг/мл (0,9%) натрий хлориді ерітіндісіне қосыңыз. Толық араластыру үшін Тайсабри ерітіндісін ұқыпты төңкеріңіз. Шайқауға болмайды.

  • Тайсабриді өзге дәрілік заттармен немесе еріткіштермен араластыруға болмайды.

  • Пайдалануға дейін әзірленген препарат бөлшектерінің немесе түс өзгерісінің бар-жоғын қарап тексеріңіз. Егер препараттың түсі өзгеше болса немесе бөгде бөлшектері болса, пайдалануға болмайды.

  • Даярланған препарат мүмкіндігінше жылдам және ерітінді әзірленгеннен кейін 8 сағат ішінде пайдалануға арналған. Егер дайындалған препарат 2°С-8°C температурада сақталса (мұздатып қатыруға болмайды), инфузияны бастар алдында ерітіндіні бөлме температурасына дейін жылытып алуға болады.

  • Дайындалған ерітінді көктамыр ішіне 1 сағат бойы 2 мл/минутқа жуық жылдамдықпен енгізілуі тиіс.

  • Әр құты бір рет пайдалануға ғана арналған.

  • Кез келген пайдаланылмаған өнім немесе қалдықтар жергілікті талаптарға сәйкес жойылуы тиіс.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары тіркелмеген.

Шығарылу түрі және қаптамасы

300 мг/15 мл концентраттан түссіз шыны құтыларға салады. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 2оС-ден 8оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Тікелей күн сәулесі түспейтін жерде, қаптамасында сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Дайындалған ерітіндіні 2°С - 8°С температурада 8 сағаттан асырмай сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы

Biogen Ideс Denmark Manufacturing ApS

Biogen Ideс Alle 1, DK-3400 Hillerod, Дания

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Ген Илач ве Саглык Урунлери Санаи ве Тиджарет» АҚ

Мұстафа Кемаль Мах., 2119. Сок., №3, Д:2-3, 06520, Канкая/Анкара/Түркия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы “Ген Илач ве Саглык Урунлери Санаи ве Тиджарет ” АҚ өкілдігі

Алматы қ., 480051, Достық даңғ., 180, 111 кеңсе

тел.: 8 (727) 3900757, 3900773, 3900674, 3900768

тел./факс: 8 (727) 3900674

maral.ordabaeva@genilac.com

 

Прикрепленные файлы

857111651477976846_ru.doc 100.5 кб
754774411477978005_kz.doc 145 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники