Тагансорбент®

Производитель: Сорбент ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие кишечные адсорбенты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011460
Период регистрации: 28.05.2015 - 28.05.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Тагансорбент®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

1 г ұнтақ

Құрамы

белсенді зат - 1 г таган саз балшығы *

* - табиғи минерал натрий-кальций-магний монтмориллониті болып табылады.

Сипаттамасы

Ақшыл қызғылттан күңгірт сұр түске дейінгі, иіссіз, сәл тұтқыр дәмі бар майда ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Диареяға қарсы препараттар. Ішек адсорбенттері. Басқа да ішек адсорбенттері.

АТХ коды А07ВС

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тагансорбент® сіңбейді, өзгеріссіз күйде шығарылады.

Тагансорбенттің® меншікті беткейі (800 мг2/г астам), электрокинетикалық қуаты (теріс, оң зарядты) үлкен, ұсақ дисперсті (75%<0.001мм) және иондар бойынша алмасу сыйымдылығы: Nа+, Са++, Мg++, К+ (300 мг/г дейінгі уытты заттарды шығару қабілеті), pH - 7.2 - 8.0.

Тагансорбентті® суда еріткенде бөлшектерінің заряды теріс, Nа+, Са++, Мg++, К+ катиондарымен қаныққан суспензия түзіледі және сол күйінде асқазан-ішек жолы бойымен тасымалданады.

Nа+ катиондары ішек саңылауынан жасуша ішіне оңай енеді. Тагансорбент® суспензиясының бөлшектерінің (натрий-кальций-магнийлі монтмориллонит) көлемі үлкен, соның салдарынан қантамыр жүйесіне сіңбейді және енбей қалады, ал өз беткейіне сіңдірілген бактериялармен, вирустармен және басқа да уытты агенттермен бірге организмнен нәжіс массаларымен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Тагансорбент® - табиғи минерал натрий-кальций-магнийлі монтмориллонит, сіңіргіштік әсер береді. Монтмориллониттің (белсенді затының) кристалл торының құрылымына негізделген басты ерекшелігі түрлі иондарды, негізінен, катиондарды сіңіруге, сондай-ақ иондық алмасуға қабілеттілігі болып табылады. Монтмориллониттың меншікті беткейі (600-800 м2/г дейінгі) катиондық алмасудың айтарлықтай сыйымдылығын (80-150 ммоль экв/100 г) қамтамасыз етеді.

Тагансорбенттің® бастапқы затының дисперстілігінің жоғарылығының арқасында, ол суға түскенде ісінеді және ішектің шырышты қабығын бүркемелеп және қорғай отырып жауып тұрады. Тагансорбенттің® меншікті беткейі шығу тегі биологиялық және химиялық уытты заттарды сіңіреді. Тагансорбент® шырыш гликопротеиндерімен поливалентті байланыстар түзеді, сол арқылы, асқазан-ішек жолын (АІЖ) Н + иондарының, тұз қышқылының, өт қышқылдарының, микроорганизмдер мен олардың токсиндерінің, радионуклидтердің, ауыр металл тұздары мен басқа да тітіркендіргіштердің теріс әсерінен қорғай отырып, гастропротективті қасиеттерін арттырады.

Тагансорбенттегі® pH асқазан-ішек жолындағы рН түрлі мәндері кезінде сақталады және сондықтан да, асқазан мен ішектің шырышты қабығының тітіркенуін туғызбайды.

Тагансорбенттің® жоғарыда атап көрсетілген параметрлері организм жүйелеріне түсетін уытты жүктемені төмендетуге және гемолимфоциркуляцияны жақсартуға, табиғи уытсыздану жүйелерін көтермелеуге мүмкіндік береді.

Тагансорбентті® қолданғанда сұйықтық ішудің күндізгі нормасын азайтпау ұсынылады.

Тагансорбент® организм үшін индифферентті деуге болады.

Қолданылуы

Монотерапияда:

- жедел және созылмалы диареяда

Кешенді ем құрамында:

- ішек жұқпаларында (сальмонеллез, дизентерия, тырысқақ)

- гипербилирубинемияда (вирустық гепатит және басқа да сарғаюларда)

- тағамдық токсикоинфекцияда (соның ішінде, ботулизм)

- асқазан-ішек жолының қыжылмен, метеоризммен және диспепсиямен қатар жүретін ауруларында

- тағамдық және дәрілік аллергияда, поллинозда

- экзогендік және эндогендік токсикоздарда (диффуздық және уытты зоб, бүйрек жеткіліксіздігі, химиялық және сәулемен емдеу кезіндегі эндотоксикоз)

- рентгенологиялық және ультрадыбыстық зерттеулерге дайындауда

Алдын алу

химиялық кәсіпорындар жұмысшылары, экологиялық жағымсыз аймақтардағы тұрғындар үшін ауыр металдардың тұздарымен, қорғасын шаңымен, иондаушы сәулеленуден және басқа да зиянды агенттермен уланудың алдын алуда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке

Ересектерге: күніне 3 рет 1 г.

1 г ұнтақты 1/2 стақан суда сұйылтады. Басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданғанда Тагансорбентті® басқа дәрілік препаратты қабылдаудан 2 сағат бұрын немесе кейін қолдану ұсынылады.

Ауыр жағдайларда дозасын тәулігіне 9 г дейін арттыруға болады. Алдын алу мақсатында - жылына 4 рет бір ай бойы ұйықтар алдында 2 г-ден.

Балаларға: жаңа туғаннан 1 жасқа дейін - ұнтақты 50 мл суда ерітеді және күні бойына 4 қабылдауға бөледі.

1 жастан 2 жасқа дейін 2 қабылдауға 1 г.

2 жастан асқандарға күніне 2 рет 1 г.

Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

  • дозасын төмендеткенде басылатын іш қатулар

  • іштің кебуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ішек бітелісі

- препаратқа жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фармацевтикалық тұрғыдан – химиялық тұрғыдан үйлесімсіз біріктірілімдері анықталмаған.

Фармакодинамикалық тұрғыдан – Тагансорбент® басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде ішке қабылданғанда оларды байланыстырады және оларды организмнен шығарады.

Айрықша нұсқаулар

Егер препаратты қабылдағаннан кейін 5-7 күн ішінде жақсару болмаса, сондай-ақ іштің ауыруы температурамен немесе құсумен қатар жүрсе, емделуші дәрігерге қаралуы тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде көрсетілімдер бойынша қолданылады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 грамм ұнтақтан төрт қабатты каширланған фольгадан жасалған пакеттке мөрмен және мөрсіз «буфлен».

Мемлекеттік және орыс тілдерінде медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге 30 пакеттен картоннан жасалған қораптарға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 250 С-ден аспайтын температурада, иісі өткір және уытты заттардан алыс жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ерлитос» ЖШС, Қазақстан

Өндіруші

«Сорбент» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Сорбент» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Өскемен қ., К.Либкнехт к-сі, 21.

тел/факс: 8 (7232) 252973

e-mail: sorbent_uk@ yahoo.com

www.tagansorbent.kz

 

Прикрепленные файлы

870116211477976505_ru.doc 52 кб
907327921477977678_kz.doc 60 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники