Тавипек

Производитель: Монтавит Гес. м.б. Х
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016231

Инструкция

Саудалық атауы

Тавипек

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

150 мг-ден капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - 150,00 мг спиктік лаванда майы,

капсула қабығының құрамы: желатин, глицерин, сарғыш-қызғылтсары бояғыш (Е 110), сары хинолин (Е 104),

қышқылға-төзімді қабық жабынының құрамы: эудрагит, пропиленгликоль, полисорбат, глицерол моностеараты.

Сипаттамасы

Құрамында лаванда иісті түссіз немесе ашық-сарғыш түсті майлы сұйықтық бар, дәнекер тұсы көрініп тұратын, сопақша, мөлдір сары түсті желатинді капсулалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тұмау және жөтел симптомдарын қайтаруға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар.

АТХ коды R05CА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Спикті лаванда майының негізгі компоненті цинеолдың сіңуі 92,3%-ға тең. Митролдың ең жоғарғы концентрациясы, спикті лаванда майының белсенді ингредиенті, қан плазмасында - 72,4 нг/мл-ге 2,3 сағаттан соң жетеді. Жартылай шығарылу кезеңі – шамамен 1,5 сағат.

Фармакодинамикасы

Спикті лаванда майы шырышты сұйылтудың және бронхтың шырышты қабығының эпителийлі кірпігінің жиі тербелуінің арқасында муколитикалық әсер етеді және мукоцилиарлық клиренстің жоғарлауы арқасында қақырықтың шығуына ықпал етеді.

Спикті лаванда майы лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігін арттырады, сондай-ақ бактериялық уыттылықты (альфа-гемолизин және стрептолизин) белсенсіздендіреді. Спикті лаванда майы компоненттерінің синергиялық әсері ішек микрофлорасын бұзбастан көптеген бактериялық және зеңдік штаммдардың өсуін бәсеңдетуді (микобактериялық туберкулезді қоса) қамтамасыз етеді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

- жөтелмен қатар жүретін жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының ауруларында (жедел және созылмалы бронхиттерде, ларингобронхитте, өкпе эмфиземасында, туберкулезде, шылымқорлардың жөтелінде, бронхоэктаздық ауруларда, бронх демікпесінде)

Қолдану тәсілі және дозалары

Капсуланы тағам қабылдауға дейін 30 минут бұрын аздаған мөлшердегі сұйықтықпен бүтіндей жұту керек.

Ересектерге Тавипекті күніне 3 рет 2 капсуладан тағайындайды. Ең жоғарғы бір реттік доза – 2 капсула, ең жоғарғы тәуліктік доза – 6 капсула.

Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер жеке анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

- кекірік

- жүрек айнуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың кез-келген компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары туралы хабарлар жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 капсуладан салынған.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылуы

Рецептісіз

Өндіруші

“Монтавит Гес.м.б.Х“, Австрия

Тіркеу куәлігінің иесі

“Монтавит Гес.м.б.Х“, Австрия

Тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Sabipharm» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы, әл-Фараби даңғ. 19, 1Б блогы, 202 кеңсе, тел/Факс: 8(727)311 05-91, email: sabipharm@yandex.ru

Прикрепленные файлы

770112071477976265_ru.doc 46.5 кб
432088291477977470_kz.doc 56 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники